Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсавой МАТЕМАТИКА АЙДАНА.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
211 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен. Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр.

Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айналған қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті жаңаша ойлайтын, жан – жақты білімді « Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр

Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесімен оның қыр – сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу керек. Жаңа заман баласы – бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Баланы нәрестеден тұлғаға жеткізу қазіргі бағдарламаның мақсаты.

Қазіргі таңда баланы дамыту мен тәрбиелеудегі әлемдік озық тәжірибеге негізделіп жасалған баланың жас ерекшеліктерін, қабілетін, есін дамыту, дарыны мен талантын ашуға және жан-жақты дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізу қажет.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық – педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жастың зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын анықтайтын шарт екендігін дәлелдеді. Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл – ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясы мен үздіксіз байланыста екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, балаларды жан жақты жеке тұлға ретінде қалыптастыруда есін дамыту қажеттілігі туындайды.

Балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту кезеңі - мектепке дейінгі жас. Баланы мектепке дайындауда бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытуда шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы зор. Осы мәселені шешуде шығармашылық саласы аясында жүргізілетін сабақтар негізінде мектепке дейінгі жастағы балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында оқу- тәрбие процесі ұйымдастырылды.

Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметтің әр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту басты міндет.