- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті «өнер» факультеті «бейнелеу өнері» кафедрасы
- •Жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар
- •Безендіру талаптары
- •1 Кесте Оқушылардың оқуға қызығушылықтарын арттырудың көрсеткіштері, %
- •Курстық жұмыстар тақырыптары
- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті «бейнелеу өнері» кафедрасы курстық жұмыс
Безендіру талаптары
Жұмыс компьютерде теріліп орындалады, қолжазба жұмыстар тексеруге қабылданбайды.
Негізгі мәтінді (текст) безендіру. Шрифт 14 Тimes New Roman. Жоларалық интервал 1,5. Теңестіру жалпақтығынан. Абзац – 10 мм. Жиектері: жоғарыда – 20 мм, төменінде – 20 мм, сол жағында – 30 мм, оң жағында – 10 мм.
Атауларды безендіру. Бірінші деңгейдің атаулары (тараулар атаулары) шрифт 14 Тimes New Roman, қалың, қара бас әріппен жазылады. Параграфтардың атауларын да қалың әріппен көрсетеді, бірақ бас әріппен емес. Жоларалық интервал 1,5. Теңестіру ортадан, абзацсыз.
Мысалы:
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ КІЛЕМ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп оқушыларының оқуға қызығушылықтарын арттыру мәселелері
Назар аударыңыздар: бірінші деңгей атауларында тыныс белгілері жоқ (қажетті үтірлерден басқа) нөмір мен атаудан кейін нүкте қойылмайды.
Тарауларға бөліп қою (рубрикация – бөлімдерге, тарауларға және параграфтарға бөлу). Жұмыста тек 2 деңгей атауларын пайдаланған жөн. Демек, мазмұнға тек 1-ші және 2-ші деңгей атаулары еңгізіледі, ал «кіріспе», «қорытынды», «пайдаланған әдебиеттер тізімі» атты атаулар 1-ші деңгей атаулары (тарау атаулары) сияқты жазылады.
Қажет! Алдыңғы тарау мәтіні қалай аяқталғанына байланыссыз әр тарау жаңа беттен басталуы тиіс!
Парақтарды нөмірлеу. Нөмір парақтың төменгі оңжақ бұрышына қойылады, титул бетте нөмір қойылмайды.
Кестелерді безендіру. Кесте негізгі текстен 1 интервал төмен келтіріледі. Кестелерді толайым нөмірлеген дұрыс болады (1, 2, 3… n). Қажет болса кестенің өлшем бірлігін келтірген жөн (мысалы, мың теңге немесе мың адам). Кестеде пайдаланған мәліметтер көздерін атап өту қажет. Мысалы:
1 Кесте Оқушылардың оқуға қызығушылықтарын арттырудың көрсеткіштері, %
Көрсеткіштер |
Сабақ басында |
Сабақ ортасында |
Сабақ соңында |
Көрнекіліктерді ұтымды пайдалану |
10 |
60 |
30 |
Репродуктивті оқыту әдістерін тиімді пайдалану |
5 |
75 |
25 |
Суреттерді (схемаларды) безендіру.
Сурет (схема) негізгі текстен 1 интервал төмен келтіріледі. Кестені қолдан қалың қара қаламмен де жасауға болады.
Мысалы:
1 сурет. Кілем өнері сабақтарында оқушылардың оқуға қызығушылықтарын арттыру әдістерін жіктеу схемасы
Суреттің атауы мен нөмірі оның астында көрсетіледі. Суреттерді де толайым нөмірлеген дұрыс болады (1, 2, 3… n). Суретте пайдаланған мәліметтер көздерін атап өту қажет.
Қажет! Жұмыстың тарауы немесе параграфы (негізгі текст) кесте немесе суретпен аяқталмайды! Кестеден немесе суреттен кейін міндетті түрде түсіндірме, талдау мәтіні болуы тиіс!
Сілтеме (түсірме) безендіру. Бұлар екі түрде болады. Қажет! Жұмыста сілтеменің тек бір түрі қолданылады.
Техникалық сілтемелер пайдаланған цитатадан кейін шаршы жақшаның ішінде келтіріледі. Шаршы жақшаның ішіндегі бірінші цифр – пайдаланған әдебиеттер тізіміндегі сол көздің нөмірі, екінші цифр – алынған цитаттың көздегі парағының нөмірі. Мысалы: [2, б. 23].
Жолма-жол (гуманитарлық) түсірме парақтың төменгі жағында келтіріледі, шрифт 10. Мысал:
__________________
1 Ералин Қ.Е. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. Түркістан: Тұран, 2009. – с 17.
Жұмыста сілтемелердің болуы міндетті! Сілтемелердің жоғы – плагиат деп есептеледі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімін безендіру. Тізім автордың тегі немесе пайдаланған көздің атауы бойынша алфавиттік тәртіппен құрастырылады. Қазақ және орыс тіліндегі көздерден кейін шетел көздері (шетел тілінде) латын алфавитімен келтіріледі.
Безендіру мысалдары.
Заңнамалар, білімді дамыту тұжырымдамалары
Назарбаев Н.Ә. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 2010.
Қазақстан Республикасының “Білім беру” Заңы. //Егемен Қазақстан, 1999.-11 маусым.
Арнайы ғылыми зерттеулер, оқулықтар, оқу-құралдары
Маргулан А. М Декоротивное искусстро Казахстана 1-2-3 тона А 1986 г
Арғынов Т. Киіз үй ата мұра А Өнер 1981
Ералин Қ.Е. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. Түркістан: Тұран, 2009. – с 17.
Балкенов Ж. Традиции народного творчества в системе навыков изобразительной деятельности младших школьников: автореф... канд. дисс. пед. наук. -1987. -30 с.
Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. Алматы, Мектеп.1992.
Редакциялықпен жарық көрген шығарымдар.
Рисунок. Живопись. Композиция. Хрестоматия. /сост. Н.Н.Ростовцев и др. -М., Просвещение. -1989. 207 с., 18-19 с.
Арнайы жинақтан алынған мақалалар.
Шацкая В.П. О соотношении возростных и индивидуальных особенностей в зрительно-пространственных функциях. Учебные записки ЛГУ. Выпуск ІІ. -1980.
Журналдардан алынған мақалалар.
Жұбаназарова Н. Мектеп ұжымының қарым-қатынасындағы мұғалім тұлғасы. // ҚазҰУ хабаршысы, 2006, № 3. 30-б.
Таубаева Ш.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. Бастауыш мектеп. №3, 1999. 5-9 б.
Е.Әуелбеков. Бейнелеу өнері және балалардың танымдық белсенділігі. Бастауыш мектеп. №3. 2005. 11-12 б.
Интернет-шығарымдар.
Лурия А.Р. Психология мышления и восприятия. /www.narod-da.ru/…… html/
Пайдаланған әдебиеттер тізіміндегі зерттеу көздерінің саны 15-тен аз болмауы тиіс.
Қосымшаларды безендіру.
Қосымшаның нөмірі парақтың жоғарғы оңжақ бұрышында бас әріптермен белгіленеді (Ә, А, Б, В және т.б.). Мысал: ҚОСЫМША А
Тексте қосымшаларға сілтеме болуы тиіс (мысалы, А қосымшаны қараңыз).
