- •Рекреациялық туризм және оның туристік жүйедегі орны
- •Еңбекші халықтың тәуліктік-жиындық уақытының құрылымы
- •Қазіргі туризм жүйесіндегі рекреациялық туризм орны
- •3 Рекреациялық қажеттіліктер
- •2.2 Рекреациялық туризмнің негізгі түрлері мен құрылымы
- •2.3 Халықаралық рекреациялық ағымдардың ерекшеліктері мен тенденциялары
- •Емдік-сауықтыру туризмнің ерекшеліктері
- •Еуропадағы демалыс пен ойын-сауық мақсатындағы туризм географиясы
- •Қорытынды
Қазіргі туризм жүйесіндегі рекреациялық туризм орны
Саяхатшылар жолға шыққан кезде алдарына әр түрлі мақсаттар қояды. Рекреация мен туризм негізгі мақсатына қарай үш функцияға бөлінеді – танымдық, спорттық-сауықтыру және емдік . Сонымен қатар, танымдық функциясына барлығы да зор мән береді. Танымдық функциясы туристердің табиғатты, мәдени-тарихи орындарды, этнографиялық шаруашылық және басқа да ауданның көңіл қоятын, көз тартарлық көрікті орындарын білуге тырысуынан туады.
Табиғи-климаттық көрікті орындармен жағдайларға қо-лайлы климаттық жағдай, желсіз ашық күндер, орман, тау, теңіз, көл, өзендер және тағы басқалар жатады. Мәдени-тарихи орындар – сәулетті ескерткіштер, мұражай, көркем галереялар, театр және тағы басқа объектілердің жиынтығы. Оларға туристерді ынтықтыратын этнографиялық жақтары – әдет-ғұрып, киімдер, фольклор және басқа да халық шығармашылықтары – жатады. Шаруашылық жағынан ең көрнектісі – шаруашылықты жүргізудің өзінше бір түрі немесе аудандар бойынша оның жоғары көрсеткіштері.
Туризм арқылы сауықтыру – адамның өндірісте, физикалық және психологиялық шаршауын басудың бірден-бір жолы болып саналады. Туризмнің бұл функциясының әлеуметтік-экономикалық түпкі мәні өте жоғары, себебі ол миллиондаған адамдардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған, олай болса, ол адамның еңбек қабілетін көтереді. Туристік жорықтарда адамда өзінше бір психо-физиологиялық қасиеттер және пайдалы біліктіліктер қалыптасады. Туризмнің ондай қасиетінің практикалық маңызы зор. Туризм ұйымшылдыққа, бір-біріне өзара көмек көрсетуге, алған мақсатты орындауға тәрбиелейді.
Қазір рекреация іс-әрекеттің таңдаулы түріне жатады, ол адамның күнделікті дұрыс өмір сүру жағдайына айналып отыр. Қоғамдық көзқарас жағынан оның негізгі мақсаты – қоғамның әрбір мүшесінің физикалық және психологиялық күш-қуатын қалпына келтіру, оның рухани дүниесін жан-жақты дамыту. Рекреация дегеніміз дамыған қоғамның айырылмас бір бөлігі, казіргі өмір салтының элементтері.[5 -39 .б]
Рекреацияның функциясы бес негізгі топқа бөлінеді :
- медико-биологиялық;
- мәдени-әлеуметтік;
- экономикалық;
- саяси;
- экологиялық.
Медико-биологиялық функциясы санаторлық-курорттық ем мен сауықтырудан тұрады. Туризм арқылы сауықтыру – адамның өндірістегі немесе өндірістен тыс уақыттағы психологиялық шаршауын басудың бірден-бір жолы болып отыр.
Мәдени талғам – бұл қоршаған ортаны, дүниені біліп-түсіну. Туризм еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі табиғаттың тарихи-мәдени және әлеуметтік байлықтарымен адамның рухани түрде танысуына үлкен мүмкіндіктер туғызады. Рекреацияның экономикалық функциясының ішіндегі бастысы – жұмысшы күшін қалпына келтіру. Рекреацияның арқасында адамның еңбекке деген құштарлығы және ұзақ жұмыс істеу қабілеті артады.
Тауар-ақша қатынасында рекреация басқа да эконо-микалық функциялар атқарады. Мысалы:
- елдің белгілі бір бөлігінің шаруашылық құрылымын жедел дамыту; 2) еңбек сферасын ұлғайту, яғни рекреациялық қызмет көрсету арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
- рекреациялық аудандардың пайдасын көздеп, халықтың ақша кірісі мен шығын балансының құрылымына үлкен әсерін тигізеді;
- шетелдік валютаны алудың көзі болатын шетелдік туризмді көтеру.
Туризм халықаралық байланысты күшейтеді, адамдарды бір-бірімен жақындатады.
Туризмнің экологиялық функциясы халықтың денсаулы-ғын сақтау мен жақсартуға байланысты. Демалыс пен туризм халықтың денсаулығы мен сапасына әсерін тигізетін қоршаған табиғи ортаны қорғау және оны қалпына келтіру үшін өте қажет. Рекреациялық сұраныстың арқасында курорттар, демалыс зоналары және туризм желілері ұйымдас-тырылып, туризм жүйесі реттелінеді.
Басқа жағынан қарасақ, туризмнің жылдам дамуы, курорттық-туристік аудандарда туристердің тым көп шоғырлануы рекреациялық табиғатты оңтайлы пайдалануды және табиғи кешендерге түсетін салмақты реттеуді керек етеді. Туристердің табиғатты пайдалануы табиғатты қорғаудың түрлерін дамытады. [2-25.б].
