Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломка 2015 үлгісі.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121 Кб
Скачать
☆

Белгілер мен қысқартылған сөздер

АВС

- ннннннннн

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің территориясы құнарлығы аз жерлерінің басым болуымен сипатталады. Табиғи ресурстарды интенсивті қолдану және жер шаруашылығының экстенсивті технологиялары улы заттармен ластануға, деградацияға, территорияның көп бөлігінің шөлденуіне және тұздануына әкеліп соқты.

Ғылыми жаңалығы. Топырақтың құнарлылығын қайта қалпына келтіретен әдістердің бірі микоризаны қолдану болып табылады. Өсімдіктердің 80% - ға жуығы саңырауқұлақтармен симбиотикалық қарым-қатынасқа түсіп, микориза түзетіндігі белгілі. Сол себепті, көптеген өңделетін культураларды тұрақтылығы мен түсімін арттыру үшін микоризалы саңырауқұлақтармен бірге ассоциативті жүйе ретінде өсіруге болады. Жарлыланған топырақ үшін микоризалы саңырауқұлақтардың рөлі едәуір артады.

Практикалық маңыздылығы. Алынған мәліметтерді өсімдіктердің өнімділігін арттыруға және топырақ құнарлылығын қайта қалпына келтіру биотехнологияларын дайындауда қолдануға болады.

Ғылыми мәселенің қазіргі таңдағы бағалануы. Сол себепті, көптеген өңделетін культураларды тұрақтылығы мен түсімін арттыру үшін микоризалы саңырауқұлақтармен бірге ассоциативті жүйе ретінде өсіруге болады. Жарлыланған топырақ үшін микоризалы саңырауқұлақтардың рөлі едәуір артады.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Богарная - 56 сортты бидайының кейбір физиологиялық және биохимиялық параметрлеріне микробалдырлар және Glomales туысының микоризалы саңырауқұлақтар культураларымен инокуляцияның әсерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Жапырақ ұзындығы мен өсімдіктің құрғақ салмағына микробалдырлар және Glomales туысының микоризалы саңырауқұлақтар культураларымен инокуляцияның әсерін зерттеу;

2. Бидай жапырағы мен тамырындағы жалпы белок мөлшеріне микробалдырлар және Glomales туысының микоризалы саңырауқұлақтар культураларымен инокуляцияның әсерін зерттеу;

3. Бидай жапырағы мен тамырындағы нитратредуктазаның белсенділігіне микробалдырлар және Glomales туысының микоризалы саңырауқұлақтар культураларымен инокуляцияның әсерін зерттеу.

Зерттеу объектісі ретінде Экoлoгия прoблeмaлaры бойынша ҒЗИ экoлoгиялық биoтeхнoлoгия зeртхaнacының альгологиялық коллекциясының Chlorococcum sp. жасыл микробалдыры, Anabaenopsis sp., Anabaena cylindrospora , Anabaena laxa, Pseudoanabaena sp. көк жасыл микробалдырлары, Glomus туысының эндомикоризалы саңырауқұлақтары: G. etunicatum, G. intraradices, G. Claroideum және Богарная - 56 сортты күздік бидай өсімдігі алынды.

Теориялық және әдістемелік негізі. Вегетатициялық тәжірибе, «құмыралы дақыл» әдісі, өсімдіктердің микосимбиотрофимін зерттеу әдісі, физиологиялық параметрлерін анықтау әдістері (жапырақ пен тамыр ұзындығы, құрғақ салмақ), Лоури бойынша жалпы белок мөлшерін фотоколориметриялық әдісі, нитратредуктаза белсенділігін анықтау әдісі.

Практикалық базасы. Дипломдық жұмыс Экoлoгия прoблeмaлaры бойынша ҒЗИ экoлoгиялық биoтeхнoлoгия зeртхaнacында орындалды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ