- •Жүрек-қантамырлар жүйесінің патофизиологиясы Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігі
- •Жүрек алдылық жүктеме артуының маңызы
- •Жүрек соңылық жүктеме артуының маңызы
- •Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері
- •Оңжақ жүрекше мен қуыс веналардың қанға артық толуы
- •Симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты артуы
- •Жүрек қуыстарының диастола кезінде қанға артық толуы
- •А Ағзалардың қызметтері бұзылуы ғза қызметтерінің бұзылуы Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігін (жқсж) емдеу шаралары
- •Жүректің ишемиялық ауруы (жиа)
- •Жүректің ишемиялық ауруының түрлері
- •Миокард инфарктының патогенезі
- •Жүректің ишемиялық ауруын емдеу негіздері
- •Миокард инфарктынан сауығу кезеңінде мүмкін болатын асқынулардың патофизиологиялық сипаттамалары
- •Жүрек аритмиялары
- •Номотоптық аритмиялар
- •Гетеротоптық аритмиялар
- •Шүріппелік белсенділік артып кетуі
- •Ұстамалы тахикардия
- •Өткізгіш жүйесінде серпіндердің өткізілуі өзгерістерінен дамитын жүрек аритмиялары
- •Ырғақ игерілуінің бұзылыстары
- •Cерпіндердің қалыптасуы мен өткізілуінің біріккен бұзылыс-тарынан дамитын жүрек аритмиялары
- •Жүрек аритмияларының патогенезі
- •Жүрек жыпылығы дамуының электрофизиологиялық негіздері
- •Жүрек аритмияларын емдеу негіздері
- •Артериалық гипертензиялар
- •Эссенциалық гипертензия.
- •Эссенциялық гипертензиядан алдын-ала сақтандыру мен емдеу әдістерінің патофизиологиялық негіздері
- •Әйгіленімдік гипертензиялар
Миокард инфарктынан сауығу кезеңінде мүмкін болатын асқынулардың патофизиологиялық сипаттамалары
Коронарлық артериялардың атеросклерозынан дамыған кардимио-циттердің циркуляциялық гипоксиясы, солжақ қарыншаның инфаркты митралдық қақпақшаның кемістігіне әкелуі мүмкін. Бұл кезде солжақ қарыншадан солжақ жүрекшеге түседі. Содан оның ішінде қысым көтеріліп, қан өкпе көктамырларында іркіледі, өкпеде кардиогендік ісіну дамиды.
Жүректің ишемиялық ауруы кезінде бұндай жағдай кардимиоциттерге оттегінің жеткізілуі қалпына келгенде қайтымды болады. Ал ЖИА нәтижесінде жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігі дамығанда митралдық қақпақшаның кемістігі сақталып қалады.
ЖИА нәтижесінде митралдық қақпақшаның кемістігіне:
● екі жармалы қақпақшалардың ашылып-жабылуын қамтамасыз ететін бүртікті еттерге оттегі аз жеткізілуінен олардың жиырылу күші әлсіреуі;
● жүрек қызметінің қан іркілулік жеткіліксіздігінен солжақ қарыншаның қуысы кеңеюі нәтижесінде митралдық қақпақшаның тесігі кеңуі;
● некробиоздық өзгерістерге ұшыраған бүртікті ет талшықтары үзіліп кетуі - әкеледі.
Солжақ қарыншаның екі бүртікті еттеріне қан коронарлық артериялардың алдыңғы және артқы тармақтарының ұштарымен жеткізіледі. Солжақ қарынша қабырғасынан алысырақ орналасқан бүртікті ет бөліктеріне келетін артерия тармақтары қарынша ішінде қысым көтерілуінен қысылып қалады. Осыдан жүрек қызметінің қан іркілулік жеткіліксіздігі кезінде циркуляциялық гипоксия мен ишемиясы нәтижесінде бүртікті еттердің некробиоздық өзгерістері туындайды.
Бүртікті еттер мен солжақ қарыншаның миокарды бір мезгілде жиырылуынан систола кезінде екі жармалы қақпақша толығынан жабылады. Бүртікті еттердің әлсіздігі нәтижесінде солжақ қарыншаның систоласы соңында қақпақша жармалары солжақ жүрекшенің қуысына салбырап кетеді. Содан жүрек дыбысын құлақпен тыңдағанда систола соңында систолалық шуыл естіледі.
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде солжақ қарынша кеңуінен бүртікті еттер митралдық қақпақшадан төмен және бүйіріне қарай ығысып кетеді. Осыдан бүртікті еттердің жиырылуы кезінде қақпақшалардың жармалары солжақ қарыншаның қуысында ұсталынып, олар жабылмай, қанның солжақ жүрекшеге түсуіне әкеледі. Бұл кезде жүрек дыбысын тыңдағанда систоланың барлық ұзақтығында систолалық үрлейтін шуыл естіледі. Егер жүрек гликозидтері солжақ қарыншаның кеңеюін азайтса, онда бұл келтірілгендер жоғалып кетеді.
Миокард инфаркты кезінде шеткері қан тамырларын кеңітетін дәрілерді (нитроглицерин, натрий нитропруссиді) белгілі сақтықпен көктамырға енгізу арқылы солжақ қарыншаның бүртікті еттері өлеттенуінен дамитын өкпе көктамырларында қан іркілуін азайтуға болады. Бета-1-адреномиметиктерде жүрек жиырылуын күшейтіп, өкпе ісінуінен сақтандырады.
Миокард инфарктының бұл келтірілгеннен басқа асқынуларына:
● қарыншалар аралық қалқанның жыртылуын;
● солжақ қарыншаның қабырғасы жыртылуын;
● солжақ қарыншаның аневризмасын – келтіруге болады.
Қарыншалар аралық қалқанның жыртылуы кезінде ондағы ақау арқылы қан солжақ қарыншаның систоласы кезінде оңжақ қарыншаға бұрандалып түсуінен жүрек дыбысын тыңдағанда систолалық шуыл пайда болады. Бұл шуыл төссүйектің солжақ шетінің төменгі бөлігінде ең жақсы естіледі. Солжақ қарыншадан қан оңжақ қарыншаға түсуінен соңғысында оттегіге қаныққан гемоглобиннің мөлшері көбейеді. Оның деңгейі оңжақ жүрекшенің қанынан 5%-астам жоғары болады.
Қарыншалар арлық қалқанның ақауын хирургиялық әдіспен жамау қажет. Бұл кезде минуттық қанайналым көлемінің ұлғаюын солжақ жүрекшеге келетін қан көлемін, көктамырларды кеңітетін нитроглицерин, натрий нитропруссидін енгізу арқылы, азайтып және қанның қолқа тамырына шығарылуын арттырып уақытша кемітуге болады.
Солжақ қарыншаның қабырғасы жыртылуы инфаркт дамығаннан кейін бір апта ішінде пайда болып, перикард қуысына құйылған қан көпшілік жағдайда жүректі қысып қалады. Осындай жағдайды жүрек тампонадасы дейді. Бұндай асқыну артериалық гипертензиясы бар науқастарда, әйелдерде және бейстероидтық қабынуға қарсы дәрілерді ұдайы қабылдайтын науқастарда жиі кездеседі. Бұл кезде шұғыл түрде хирургиялық жолмен жыртықты тігу операциясы жасалуы қажет.
Оңжақ қарынша қабырғасының инфаркты минуттық қан көлемінің 2,5 л/мин/м2-тан азаюымен, оңжақ жүрекшенің диастолалық қан қысымы с.б.б. 10 мм-ден жоғары болуымен байқалады. Бұл кезде солжақ қарыншада диастола соңылық қысым қалыпты немесе біршама төмен болады. Оңжақ жүрекшеде диастолалық қан қысымының көтерілуі оңжақ қарыншаның насостық қызметі жеткіліксіздігінен оның қуысында қан көлемінің артуынан байланысты болады. Содан қан көктамырлар жүйесінде іркіледі. Содан:
● мойын күре тамырының соғуы күшейіп көзге айқын көрінеді;
● демді ішке тартқанда мойын күре тамырының қанға толуы артады, осындай жағдайды Кусмауль әйгіленімі дейді;
● оңжақ жүректің үстінен тыңдағанда үшінші және төртінші үндер естіледі.
Кусмауль әйгіленімі пайда болуын демді ішке тартқанда оңжақ қарыншаның әлсіз насостық қызметі нәтижесінде көктамырлардың қанға артық толуымен түсіндіреді. Өйткені: бұл кезде өкпеқап қуысында теріс қысым артуынан кеуде қуысының қанды өзіне қарай соратын әсері күшейеді. Оңжақ қарынша миокардының инфаркты нәтижесінде оның жиырылғыштығы әлсіреуінен өкпе артерияларына шығарылатын қан көлемі қатты азаяды. Содан өкпе қылтамырларында гидростатикалық (тұрақты сұйықтық) қысым қалыпты мөлшерде болады немесе төмендейді.
Егер оңжақ қарыншаның инфаркты артериалық қысымның төмендеуін ушықтырса, онда солжақ қарыншаға келетін қанның көлемін арттыратын емшаралар қолданылуы қажет. Осы мақсатта көктамырға плазманы ауыстыратын ерітінділерді құю және онымен бірге оңжақ қарыншаның насостық қызметін әлдендіретін бета-1-адреномиметиктер үзіліссіз енгізілуі қажет. Бұл кезде солжақ жүрекше қуысында диастола соңылық қысым с.б.б. 15-18 мм-ден аспауы қадағалануы керек.
Миокард инфарктының жіті кезеңінен тірі қалған науқастарда жүрек қызметінің қан іркілулік жеткіліксіздігі дамуы, ЖИА-ның үдеп кетуінен инфарктың қайталануы, жүрек аритмиялары пайда болуы мүмкін. Содан науқас кенеттен жан тапсырады.
