- •А)Тапшылық анемиясы
- •А)Темірдің және микроэлементтердің тағаммен жеткіліксіз түсу
- •В)Шала туылған нәрестенің ерте анемиясы
- •D) Белокты, глюкозаны, майларды парентеральды енгізу
- •В) II дәрежелі гипотрофия
- •D) II дәрежелі гипотрофия
- •D) Пилороспазм
- •В) артериялық қан қысымы с.Б. 100/50 мм
- •С) өсу зонасының үзік-үзік тығыздануы
- •D) қандағы кальций деңгейі төмен, фосфор деңгейі қалыпты
- •D) фгдс
- •А) Сиыр сүтін адаптациялық қоспаларға ауыстыру
D) Пилороспазм
Е) Лактаза жетіспеушілік
84.Невропатологтың қабылдауына психомоторлық дамуы тежелген 6 айлық ұл бала анасымен келді. Анамнезінде: созылған транзиторлық сары аурумен ауырған, кіндік жарасының ұзақ уақыт жазылуы, туған кезде және қазіргі кездегі артық дене салмағы, іш қатуы анықталған. Жалпы қарау кезінде дәрігер баланың дауыс тембрінің төмендігіне, шаштарының қаттылығына, тері және тері асты шел-май қабатының ісінуіне назар аударады. Дене салмағы 25%-ға артық.
Бұл баладағы паратрофияның дамуына қандай мүшелер мен жүйелердің патологиясы әсер етеді.?
А)Орталық жүйке жүйесі
В) Бүйрек үсті безі
С) Қалқанша безі
D) Гипоталамус
Е) Жыныс бездері
85. Аймақтық дәрігер мерзімі жетіп туылған баланы қарады. Баладағы қандай көрсеткіш патологиялық болып табылады?
А) артериялық қан қысымы с.б.70/36 мм.
В) жүректің тұйық шекарасының жоғарғы шегі - 2 қабырға
С) жүрек соғу жиілігі минутына 140 рет
D) ырғақтың жоғарғы жиілігі мен тұрақсыздығы
Е) жүрек ұшындағы систолалық шу
86. Дәрігер емізулі кезеңдегі баланы профилактикалық тексеру кезінде балалар үйіндегі жүрек-қан тамырлар жүйесінде ешқандай патологияларды анықтамады.
Зерттелген балада жүректің тұйық шекарасы қай жерде анықталады?
А) 1-қабырға
В) 1-қабырға аралық
С) 2-ші қабырға
D) 2-ші қабырға аралық
Е) 3-ші қабырға
87. 9 жастағы ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келеді, баспамен жиі ауырады. Қараған кезде қандай белгі жүрек-қан тамырлар жүйесінің бұзылысын көрсетеді?
А) пульс минутына 120 рет соғады
В) артериялық қан қысымы с.б.100/60 мм
С) жүректің сол жақ шегі ортаңғы бұғана сызығында
D) жүрек ұшының түрткісі V-қабырға аралықта
Е) жүректің жоғарғы шегі III-қабырға
88. Балалар ауруханасының кардиоревматологиялық бөліміне 5 жасар ұл бала түсті. Қарағанда: жүрек ұшының түрткісі 3-қабырға аралықта, сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан 2 см сыртқа естіледі, шашыраңқы, әлсіз, жүректің сол жақ қыры сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан сыртқа 2,5 см шығыңқы. Жоғарғы қыры 2-қабырға, оң жақ қыры төс маңы сызығымен, жүрек тондары бәсеңдеген, жүрек түрткісінде үш жақты ырғақ, жүрек негізінде ұзақ емес орташа қарқынды систолалық шу естіледі. Артериялық қан қысымы с.б. 100/50 мм.
Қандай көрсеткіш жасына сай болып бағаланады?
А) пульс минутына 130 рет
В) артериялық қан қысымы с.Б. 100/50 мм
С) жүрек түрткісінің сипаттамасы
D) жүрек шекараларының сипаттамасы
Е) аускультация мәліметтері
89. Балалар ауруханасының кардиоревматологиялық бөліміне 5 жасар ұл бала түсті. Қарағанда: жүрек ұшының түрткісі 3-қабырға аралықта, сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан 2 см сыртқа естіледі, шашыраңқы, әлсіз, жүректің сол жақ қыры сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан сыртқа 2,5 см шығыңқы. Жоғарғы қыры 2-қабырға, оң жақ қыры төс маңы сызығымен, жүрек тондары бәсеңдеген, жүрек түрткісінде үш жақты ырғақ, жүрек негізінде ұзақ емес орташа қарқынды систолалық шу естіледі. Артериялық қан қысымы с.б. 100/50 мм.
Бұл жағдайда сіздің болжам диагнозыңыз?
А) миокардит
В) эндокардит
С) перикардит
D) жүрек ақауы
Е) ревматизм
90. 10 жастағы ұл бала миокардитке күдіктенумен ауруханаға жатқызылды. Анамнезінде ЖРВИ-мен ауырған.
Қандай көрсеткіш жасына сай бағаланады?
А) пульс минутына 196 рет
В) артериялық қан қысымы с.б. 95/60 мм
С) жүректің сол жақ қыры ортаңғы бұғана сызығымен
D) жүрек ұшының түрткісі әлсіз, шашыраңқы
Е) жүрек негізіндегі систолалық шу
91. 7 жасар ұл бала стационарға түсті. Баланың шағымдары: дене қызуының фебрильді жоғарылауы, жүрек тұсының ауыруы, жүректің жиі соғып кетуі. Қарағанда: тері жамылғысы бозарған, жүрек шекаралары сол жаққа қарай ұлғайған, тахикардия, транзиторлы экстрасистолия, жүрек тондарының бәсеңдеуі, 5-ші нүктеде қарқынды емес, систолалық шу естіледі.
Бұл балада қандай патология?
А) жүректің функционалды өзгеруі
В) эндокардитке тән өзгерістер
С) миокардитке тән өзгерістер
D) перикардитке тән өзгерістер
Е) панкардитке тән өзгерістер
92. 6 жасар ұл бала аймақтық дәрігерге диспансерлік бақылауға келді. Қарағанда: жүрек ұшының түрткісінде орташа қарқынды систолалық шу естіледі және оны дәрігер функциональды шу деп бағалады.
Шудың функциональды екендігін не дәлелдейді?
А) ұзақ емес, әлсіз
В) жүктемеден кейін күшейеді
С) тік бағытта азаяды
D) мойын тамырларына берілмейді
Е) жүктемеден кейін азаяды
93. 6 айлық қыз бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. АҚДС вакцинасын алу алдында қараған кезінде қай көрсеткішті паталогиялық деп бағалады?
А) пульс минутына 120 рет
В) артериялық қан қысымы с.б. 100/60 мм
С) жүрек ұшы түрткісі IV-қабырға аралықта
D) жүректің сол жақ қыры ортаңғы бұғана сызығымен
Е) жүректің жоғарғы жиілігі мен тұрақсыздығы
94. 3 жасар ұл бала аймақтық дәрігерге анасымен келді. Анамнезінде 4 күннен бері ЖРВИ-мен ауырады. Қарағанда: жүрек-қан тамырлар жүйесіндегі өзгерістерді анықтады.
Қандай симптомдар жүректің зақымдануын көрсетеді?
А) жүрек соғу жиілігі минутына 150 рет
В) артериялық қан қысымы с.б. 90/60 мм.
С) жүректің сол жақ қыры ортаңғы бұғана сызығымен
D) ырғақтың жоғарғы жиілігі, лабилділігі
Е) жүрек негізіндегі систолалық шу
95. 5 жасар ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. 4 күннен бері ЖРВИ-мен ауырады. Қарағанда: дене қызуы 36,7°С, жүрек қан-тамырлар жүйесіндегі өзгерістерді анықтады.
А) жүрек ұшының түрткісі V-қабырға аралықта
В) артериялық қан қысымы с.б. 100/65 мм.
С) жүректің сол жақ қыры ортаңғы бұғана сызығымен
D) жүректің соғу жиілігі минутына 132 рет
Е) жүрек негізіндегі систолалық шу
96. 3 айлық қыз бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Емгеннен кейін 20 минуттан соң дәрігер қарағанда қандай көрсеткіш жүрек қан тамырлар жүйесін бұзылысын айғақтайды?
А) пульс минутына 100 рет
В) артериялық қан қысымы с.б. 76/45 мм.
С) жоғарғы қыры екінші қабырға аралығында
D) тондардың бәсеңдеуі
Е) ырғақтың жоғары жиілігі мен лабилділігі
97. 7 жасар ұл бала аймақтық дәрігерге анасымен келді. Бұл балада систолалық шу бар екенін анықтады.
Шудың қандай ерекшеліктері оның функционалды екендігін дәлелдейді? А) ұзақ емес сипатта
В) жүктемеден кейін азаяды
С) тік бағытта күшейеді
D) мойын тамырларына таралмайды
Е) тік қалыпта азаяды
98. Стационарда баспамен ауырған 13 жасар қыз баланы кардиоревматолог тексергенде ревматизмнің бар екеніне күдіктенді.
Эндокардтың зақымдалуына қандай көрсеткіштер жатады?
А) артериялық қан қысымы с.б.110-65 мм
В) пульсі минутына 80 рет
С) жүрек ұшының түрткісі 5-қабырға аралықта
D) жүрек ұшындағы систолалық шум
Е) жоғарғы қыры 3-қабырғада
99. Аймақтық дәрігер жаңа туылған дені сау баланы үй жағдайында қарады.
Тыныштық күйде жаңа туылған нәрестенің 1 минуттағы жүрек соғысының жиілігі?
А) 80
В) 90
С)100
D)O110
Е)140
100. 7 күндік шала туылған нәрестені аймақтық дәрігер қараған кезде келесі белгілерді анықтады: құсу, жоғары жүйке-рефлекторлық қозғыштық, іріңді омфалит. Дене қызуы 37,2С. Аускультация кезінде I және II тондардың тең арақашықтықтағы бірдей дыбысты естілетін жүректің маятник тәрізді ырғағы естіледі.
Бұл кардиальды феноменді қалай бағалайды?
А) ОЖЖ-нің перинатальды зақымдалуы
В) қызба әсерінен болған зақымдалу
С) токсикалық іріңді инфекциялық ошақтың болуы
D) эмбриокардия, қалыпты варианты
E) асқорыту жүйесінің дисфункциясы
101. Балалар емханасының аймақтық дәрігері өзінің қабылдауында 10 жасар қыз баланы дизуриямен тіркеді. Зәр шығару кезінде ауырсынуға, (зәрі бұлыңғыр) және жедел энурезге шағымданады.
Бұл симптоматика қай ауруға тән?
А) Гломерулонефрит
В) Пиелонефрит
С) Цистит
D) Нефролитиаз
Е) Бүйрек рагы
102. Қыз бала 12 жасынан бастап нефрологта диспансерлік тізімде тіркеуде тұрады. Анализінде бактериурия, лейкоцитарлы цилиндрлері бар және лейкоциттер саны көру алаңында 20-ға дейін жоғарылаған, зәр реакциясы - сілтілі.
Бұл қыз балада қандай диагноз?
А) созылмалы пиелонефрит
В) созылмалы цистит
С) созылмалы гломерулонефрит
D) бүйрек тас ауруы
Е) интерстициальды нефрит
103. Балалар емханасында 3 айлық ұл балаға профилактикалық егу жүргізуге дайындау барысында, баланың жалпы зәр анализінде көру алаңында 6-8 лейкоцит анықталды.
Баланы тексеру кезінде қандай зәр анализі бірінші ретте алынады?
А)Нечипоренко зәр анализі
В)Зимницкий зәр анализі
С)зәр анализінің егіндісі
D)Амбурже пробасы
Е)Шварц пробасы
104. Стационардың қабылдау бөлімшесіне 6 жасар ұл бала жедел гломерулонефритпен түсті. Диурезді өлшеу тағайындалды.
Дені сау осы жастағы балаға қандай диурез сәйкес келеді? А) 600
В) 800
С) 900
D) 1100
Е) 1400
105. Жоспарлы тексеру кезінде гломерулонефритпен түскен 10 жасар ұл балада: зәр тұнбасының көру алаңында лейкоциттер 5-6, эритроциттер 2-3. Зәрдің түсі ашық-сары, зәр тығыздығы 1007-1021, денеге шаққан кезіндегі шумақтық фильтрация минутына 60 мл.
Зәрдің қандай көрсеткіштерін қалыптыдан ауытқу деп қарастыруға болады?
А) зәрдің тығыздығы
В) зәр тұнбасындағы эритроциттерсаны
С) зәр тұнбасындағы лейкоциттерсаны
D) шумақтық фильтрацияның көлемі
Е) зәрдің түсі
106. 5 жасар қыз бала стационарға жедел пиелонефрит диагнозының асқынуымен түсті.
Қандай көрсеткіштер осы диагнозды дәлелдейді?
А) Бактериурия
В) Анурия
С) Макрогематурия
D) Зәрдің қышқыл реакциясы
Е) Микрогематурия
107. Емханада 7 жасар қыз балада респираторлы инфекция жұқтырғаннан кейін, зәр анализінде: лейкоцитурия және лейкоцитарлы цилиндрлер анықталған.
Қандай ауруға осы симптомдар тән?
А) Гломерулонефрит
В) Цистит
С) Пиелонефрит
D) Уретрит
Е) Вульвовагинит
108. Стационарға 6 жасар ұл бала созылмалы пиелонефритпен түсті. Зәрді Зимницкий тәсілімен зерттеу тағайындалды.
Зимницкий сынағында не анықталады?
А)несепте бактерияның болуы
В)несептің түсі
С)несепте эритроциттің болуы
D)бөлінген зәрдің тәуліктік мөлшері
Е)несепте цилиндрдің болуы
109. Аймақтық дәрігерге 3 жасар қыз бала анасымен келді. Туылғаннан бері транзиторлы лейкоцитурия, кейде «себепсіз» қызудың көтерілуі, іштің ауырсынуы анықталған.
Науқасқа бірінші кезекте қандай инструментальды зерттеу өткізу орынды?
А) Радиоизотопты ренография
В)Бүйрек УДЗ
С) Цистоскопия
D) Динамикалық нефросцинтиграфия
Е) Цистография
110. 6 жасар ұл бала мектепке қабылдану үшін диспансерлік тексеруден өтті. Зәр анализінде оқшауланған протеинурия анықталды.
Бірінші кезекте несептің қандай зерттеуін жүргізу керек?
А) Нечипоренко зерттеу тәсілі
В) Тәуліктік белок жоғалуды анықтау
С) Шварц пробасы
D) Бүйрек УДЗ-сы
Е) Экскреторлы урография
111. Созылмалы пиелонефритпен ауырған 3 жасар балаға бүйректің функциональды қызметіне қатаң диспансерлік бақылау жүктелді.
Бұл жастағы балаларда зәрдің меншікті салмағының ауытқуын анықтау үшін қандай тәсіл тиімді?
А)ықтиярсыз несеп шығару
В)өздігінен несеп шығару
С)несеп қабылдағышты пайдалану
D)қуық катетеризациясы
Е.қуық пункциясы
112. Перзентханада 5 күндік қыз балада зәр шығару кезінде жаялыққа қызғылт дақтар қалып отырды. Жиналған несептің түсі лайқы, сақтау барысында қызғылт-қоңыр тұнбалар пайда болды. Бірақ эритроциттің мөлшері жоғарыламаған, көру алаңында 1-2.
Жаңа туылған нәрестеде зәр шығарудың бұл ерекшелігінің себебі неде?
А)Жыныстық криз
В)Несеп қышқылды диатез
С) Геморрагиялық диатезге тән макрогематурия
D) Нефролитиаз
Е) Бүйрек рагі
113. 2 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Анасы баласының тәулігіне қалыпты салмақта 17 рет дәрет сындыратынын байқады.
Несеп шығару жолдарының жиілігін қалай бағалаймыз?
А)физиологиялық норма
В)цистит
С)уретрит
D)нефролитиаз
Е)зәр қышқылды инфаркт
114. Емханада 5 айлық ұл бала іріңді отитпен қабылдауға келді. Тексеру кезінде зәр анализінде: сілтілі несеп реакциясы, ізді протеинурия, лейкоциттер көру алаңында 20- ға дейін, препаратта эритроциттер 1-2, аз мөлшерде эпителиальды клеткалар анықталды.
Қандай ауру іріңді отиттің салдарынан пайда болды?
А) жедел пиелонефрит
В) жедел цистит
С) жедел гломерулонефрит
D) несеп қышқылды диатез
Е) уретрит
115. Емханада 10 жасар ұл баланың лагерьге барар алдында зәр анализі тексерілді. Зәр анализінде: тығыздығы 1019, мөлдірлігі толық, қант пен белоктар жоқ, лейкоциттер саны көру алаңында 1-3, эритроциттер 2-3, аз мөлшерде эпителиальды клеткалар анықталған.
Қандай зәр анализ көрсеткіші қалыптыдан ауытқуды көрсетеді?
А)эпителиальды клеткалардың болуы
В)лейкоциттер саны
С)эритроциттер саны
Д)зәрдің тығыздығы
Е)толық мөлдірлігі
116. Емханада 3 жасар қыз бала бала-бақшаға барар алдында тексеруден өтті.
Тексеру барысында анықталған зәр анализінің қандай көрсеткіші жасына сай емес?
А) белок 0,66 г/л
В) Реберг пробасы
С) Нечипоренко тәсілі
D)зәр анализінің егіндісі
Е) Шварц пробасы
117. Бала 7 жастан бастап спорт секциясына қатысады. Емханада кезекті профилактикалық тексеру кезінде зәр анализінде эритроцитурия (көру алаңында 4-6) анықталды.
Бірінші кезекте қосымша зәрді қандай тәсілмен зерттеу керек?
А) Зимницкий тәсілі
В) Реберг пробасы
С) Нечипоренко тәсілі
D) зәр анализінің егіндісі
Е)Шварц пробасы
118. 10 айлық бала ішек бұзылысының 2-ші күнінде стационарға келіп түсті. Кезекші дәрігер қарағанда: баланың дене температурасының 38-С-қа градуска көтерілуін, соңғы тәулікте 4 рет дәрет сындырғанын байқады. Осы уақытқа дейін 8 рет сұйық нәжіс байқалған.
Осы жастағы сәбиде зәр шығару мөлшері (ретпен) бір тәулікте қанша болу керек?
А) 3-4
В) 7-8
С) 9-10
D) 11-12
Е) 15-16
119. 10 айлық бала ішек бұзылысының 2-ші күнінде стационарға келіп түсті. Кезекші дәрігер қарағанда: баланың дене температурасының 38-С-қа градуска көтерілуін, соңғы тәулікте 4 рет дәрет сындырғанын байқады. Осы уақытқа дейін 8 рет сұйық нәжіс байқалған.
Бұл баланың зәр шығару мөлшерінің жиілігіне не себеп болды?
А) зәрдің рефлекторлы кедергісі
В) сусызданудан диурездің төмендеуі
С) гемодинамикалық бұзылыс
D) жедел бүйрек жетіспеушілігі
Е) зәрдің келуіне кедергі келу
120. Балалар емханасына шала туылған 4 апталық нәрестені сары ауру болғандықтан анасы
қан анализін тексертуге алып келді.
Қандай көрсеткіш жасына сәйкес келеді?
А) Гемоглобин - 102 г\л
В) ЭТЖ- 10 мм/ч
C) Эритроциттер - 4,1х1012/л
D) Лимфоциттер - 57%
Е)Лейкоциттер -7,8х109 /л
121. Аймақтық педиатрдың қабылдауына 7 жасар ұл баланы анасы алып келді. Қарағанда: мойын лимфалары ұлғайған, көлемі грек жаңғағы тәріздес, лимфа түйіндерімен байланыспайды, ауырсынбайды. Дене температурасы субфебрильді. Лимфогранулематоз анықталды.
Қандай көрсеткіш қанның қалыптыдан ауытқығанын көрсетеді?
А) Гемоглобин - 110 г/л
В) Лейкоциттер - 12,1х109/л
С) Эритроциттер - 3,0х1012/л
D) ЭТЖ - 37 мм/ч
Е) Лимфоциттер - 48%
122.Стационарға ауруханадан жедел пневмония диагнозы қойылған 4,5 жасар ұл бала келді.
Қанның қандай көрсеткіші жедел процесті анықтайды?
А) Лейкоциттер - 11,8х109/л
В) Эритроциттер - 3,0х1012/л
С) Гемоглобин - 120 г/л
D) Моноциттер- 4%
E) Лимфоциттер - 50%
123. Аймақтық педиатрдың қабылдауына 10 жасар ұл бала анасымен келді. Шағымы: аяқ ауырсынуы, мұрнынан қан кету. Тексеру кезінде ұл балада гепатолиенальді синдром анықталды.
Қан анализінде қандай көрсеткіштің ауытқығаны анықталды?
А) Эритроциттер - 2,6х1012/л
В) Лейкоциттер - 8,8х109/л
С) Моноциттер- 4%
D) Лимфоциттер - 50%
Е.ЭТЖ - 11 мм/ч
124. 3 жасар ұл баланы анасы аденотомия жасату үшін ЛОР бөлімшесіне қан анализін тексертуге алып келді. Отоларинголог дәрігер операция жасамай, науқасты педиатрға жолдады.
Дәрігер қанның қандай көрсеткішінен күдіктенді?
А) Тромбоциттер - 219,8х109/л
В) Лимфоциттер - 49%
С) Қан кету уақыты – 2- 4мин
D) Қан кету уақыты – 13 мин
Е) ЭТЖ - 11 мм/ч
125. Стационарға 5,5 жасар ұл бала қайталамалы сол жақ тізе буынының қан кетуімен келді. Қарағанда: кеуде терісінің төменгі бөліктерінде тері асты қан құюлулар бар.
Геморрагиялық синдромға қанның қандай көрсеткіші тән?
А) Қан ұю ретракциясы - 0,4
В) Қан кету уақыты – 4мин
С) Тромбоциттер - 211,0х109/л
D) Қан ұю уақыты – 13 мин
Е) ЭТЖ - 11 мм/ч
126. Емхананың қабылдау бөліміне 7 айлық ұл баланы анасы алып келді. Шағымы: мұрыннан қан кету, терінің қанталауы.
Қан кету синдромына қандай көрсеткіш тән?
А) Қан кету уақыты – 4 мин
В) Қан ұю ретракциясы - 0,4
С) Қан ұю уақыты - 12мин
D) Тромбоциттер– 205 х109/л
Е) ЭТЖ - 11 мм/ч
127. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 8 жасар ұл бала анасымен келді. Шағымы: соңғы кездері терісі көп қанталайды, мұрыннан қан кету байқалады.
Қандай көрсеткіштер қан кету синдромын көрсетеді?
А) Тромбоциттер -264 х109/л
В)Қан ұю ретракциясы - 0,32
С) Қан кету уақыты – 4мин
D) Қан кету уақыты – 10 мин
Е)ЭТЖ - 11 мм/ч
128. Жұқпалы аурулар ауруханасына 8 жасар қыз келді. Қызылшамен ауырған, бөртпенің 2-ші күні қан анализі тексерілді.
Қандағы қай көрсеткіш ауытқыған?
А) Базофилдер - 0,5%
В) Эозинофилдер - 3%
С) ЭТЖ - 8 мм/ч
D) Лейкоциттер - 3,1х109/л
Е) Тромбоциттер- 219,8х109/л
129. Стационардың қабылдау бөлімшесіне 10 жасар қызды анасы алып келді. Шағымы: соңғы 1 айдың көлемінде қыз балада дене қызуы, әлсіздік байқалады. Жалпы қарау кезінде: теріде және шырышты қабаттарда қан құюлулар көрінеді, көкбауыр қабырға доғасынан 2см-ге шығыңқы. Қан анализі жасалды.
Қанның қандай көрсеткіштері қалыпты?
А) Тромбоциттер - 72,3х109/л
В) Лейкоциттер - 8,3х109/л
С) ЭТЖ - 8 мм/ч
D)Қан кету уақыты - 8 мин
Е)Қан кету уақыты - 4 мин
130. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 5 жасар қыз бала анасымен келді. Шағымы: соңғы 4 ай ішінде анорексия, шаршағыштық байқалады, үнемі жата беруді жөн көреді. Соңғы аптада өңінде айқын бозғылттану, теріде қан құюлулар анықталды. Дене температурасы қалыпты.
Жалпы қан анализі құрамында 1-ші рет қандай зерттеуді жүргізу керек?
А) Иммуноглобинді анықтау
В) Сүйек кемігін зерттеу
С) Белок фракциясының электрофорезі
D) Сарысудағы темірдің деңгейі
Е) Эритроциттердің осмотикалық тұрақтылығы
131. Балабақшаға бару үшін аймақтық дәрігердің қабылдауына 4 жасар 11 айлық бала анасымен келді. Қанның қандай көрсеткіші дәрігердің назарын аударуы тиіс?
А) Сегмент ядролы нейтрофилдер - 44%
В) Лимфоциттер- 46%
С) Моноциттер - 4%
D) Эритроциттер - 3,0 х1012/л
Е) Тромбоциттер -264 х109/л
132. 6 күндік ұл баланың дене салмағы 3550г. Ұл балаға қан анализі жасалынды.
Қанның қай көрсеткіші баланың жасына сәйкес келмейді?
А) Лимфоциттер - 46%
В) Таяқшалы нейтрофилдер - 2,5%
С) Сегментядролы нейтрофилдер - 39%
D) Гемоглобин - 111 г/л
Е) ЭТЖ – 7 мм/ч
133. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 5 жасар баланы анасы алып келді. Шағымдары: бала тәбетінің төмендеуі, тез шаршағыштығы. Қан анализі жасалды.
Қанның қандай көрсеткіші дәрігердің назарын аударуы тиіс?
А) Эритроциттер - 4,0х1012/л
В) Сегментядролы нейтрофилдер - 44%
С) Гемоглобин - 91 г/л
D)Лимфоциты - 40%
Е) ЭТЖ – 8 мм/ч
134. Стационардағы 5 жасар баланың дене температурасының 38,00С-ге дейін жоғарылады. Қарағанда: лимфоаденопатия, гепатоспленомегалия. Осы белгілерге байланысты қан ауруына күдік бар.
Қанның қандай көрсеткіші қалыптыға сәйкес емес?
А) Лейкоциттер - 9,2х109/л
В) Лимфоциттер - 44%
С) ЭТЖ - 47 мм/ч
D)Таяқшалы нейтрофилдер - 1,5%
Е)Моноциттер- 5%
135. Стационардың қабылдау бөліміне 1,5 жасар ұл баланы ата-анасы алып келді. Баланың кеуде терісінде іріңді бөртпелер бар, субфебрильді температура анықталды. Соңғы уақытта салмақ қосуы аз.
Қанның қандай көрсеткіші дәрігердің назарын аударуы тиіс?
А) Таяқшалы нейтрофилдер - 12%
В) Сегментядролы нейтрофилдер - 40%
С) Гемоглобин - 150 г/л
D) Эозинофилдер - 2%
Е) Моноциттер- 7%
136. Стационардың қабылдау бөліміне 2,5 айлық ұл баланы ата-анасы алып келді. Дене температурасы 390С-қа дейін жоғарылауы анықталды. Қарағанда мұрынмен демалудың қиындауы, пероральді (ауыз аймағының) цианозы анықталды. Қан анализі жасалды.
Қанның қандай көрсеткіші дәрігердің назарын аударуы тиіс?
А) Лейкоциттер - 16,8х109/л
B) Лимфоциттер - 44%
С) ЭТЖ – 8 мм/ч
D) Эозинофилдер - 3%
Е) Моноциттер - 7%
137. Стационардағы 2,5 жастағы ұл балада нейродермиттің көріністері байқалады. Қан анализі жасалды. Қанның қандай көрсеткіші қалыптыдан ауытқыған?
А) Лейкоциттер - 8,7х109/л
В) Гемоглобин - 94 г/л
С) Моноциттер - 5%
D) Эозинофилдер - 7%
Е) ЭТЖ – 8 мм/ч
138. Амбулаториялық емделу кезінде 9 жасар ұл бала респираторлық ауруға байланысты бисептол қабылдаған. Емнің 3-ші күнінде афтозды стоматит пайда боған,
Қанның қандай көрсеткіші дәрігердің назарын аударуы тиіс?
А) Лейкоциттер - 2,3х109/л
В) Лимфоциттер - 44%
С) ЭТЖ - 12 мм/ч
D) Эозинофилдер - 2%
Е) Моноциттер- 5%
139. Емханада жетіліп туылған 1,5 айлық балада ұзаққа созылған сарғаюға байланысты қан анализін жасаған.
Қанның қандай көрсеткіші баланың жасына сәйкес келмейді?
А) Гемоглобин - 115 г/л
В) Эритроциттер - 4,6х1012/л
С)Ретикулоциттер - 35%0
D) Лимфоциттер - 57%
Е) Моноциттер - 5%
140. Лор бөлімінде 6 жасар ұл баланы тонзиллоэктомияға дайындау үшін қан анализі жасалды. Дәрігер-отолоринголог операция жасамай баланы педиатрға жолдады.
Дәрігер-отолоринголог қанның қандай көрсеткішінен күдіктенді?
А) Тромбоциттер - 249,6х109/л
В) Лимфоциттер - 36%
С) Қан кету уақыты – 6 мин
D) Қан ұю уақыты - 10 мин
Е) Қан ұю ретракциясы -0,4
141. Емханада 1 жас 7 айлық баланы атопиялық дерматиттің өршуіне байланысты қан анализі жүргізілді.
Қанның қандай көрсеткіші аурудың өршуін көрсетеді?
А) ЭТЖ - 8 мм/ч
В) Лимфоциттер - 52%
С) Лейкоциттер - 8,3х109/л
D) Эозинофилдер - 11%
Е) Моноциттер - 5%
142. Жұқпалы аурулар бөліміне 7 жасар қыз балаға көкжөтел, спазматикалық кезеңі деп диагноз қойылды. Ұстамалардың саны күніне 10-12 рет, өкпеде құрғақ сырылдар естіледі.
Қанның қандай көрсеткіші осы аурудың көрінісі деп бағалану керек?
А) Лимфоциттер- 58%
В) Базофилдер - 0,5%
С) Лейкоциттер - 17х109/л
D) ЭТЖ - 9 мм/ч
Е) Моноциттер - 5%
143. Емханада біраз уақыт бұрын пневмониямен ауырған 4 айлық ұл балаға бақылау мақсатында қан анализі жүргізілді.
Қанның қай көрсеткіші қалыптыдан ауытқыған?
А) Гемоглобин - 100 г/л
В) Эритроциты - 4,1х1012/л
С) Түс көрсеткіші – 1,0
D) Моноциты - 5%
Е) Лимфоциттер-58%
144. Аймақтық дәрігер 15 күндік баланы кіндік жарасының жазылмауына байланысты үй жағдайында қарады. Баланың іш терісінде жеке іріңді элементтер анықталады. Емуі нашар, 50 г салмақ жоғалтқан.
Қанның қай көрсеткіші баланың жағдайын көрсетеді?
А) ЭТЖ - 9 мм/ч
В) Моноциттер - 5%
С) Лейкоциттер - 19х109/л
D)Эритроциттер - 4,8х1012/л
Е) Лимфоциттер - 58%
145. Аймақтық педиатрдың қабылдауына 7 жасар ұл бала анасымен келді. Анасы баласының әлсіздігіне шағымданады. Балада субфебрильді температура және барлық топтағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталады.
Қанның қандай көрсеткіші дәрігер назарын аударды?
А) Гемоглобин - 120 г/л
В) Лимфоциттер - 48%
С) ЭТЖ - 41 мм/ч
D) Моноциттер - 5%
Е) Ретикулоциттер - 8%
146. Амбулатория жағдайында емделу кезінде 3 жастағы қыз бала зәр шығару жолдарының инфекциясына байланысты левомицетин қабылдаған. Қанның бақылаулық анализі жасалды.
Қанның қандай көрсеткіші дәрігер назарын аударды?
А) Эритроциттер - 2,9х1012/л
В) Моноциттер - 5%
С) Лейкоциттер - 6,1х109/л
D. Лимфоциттер - 48%
Е) Ретикулоциттер - 8%
147. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 1 жасар 2 айлық ұл балаанасымен келді. ЖРВИ-мен ауырған. Шағымдары: жабысқақ жөтел, тұрақсыз дәрет. Дәрігер қарау барысында: себорея, строфулюс, «географиялық тіл», лимфаденопатия, тері асты шел май қабатының бос және ісіңкі болуы, моторлы дамуда артта қалған, бауыр мен талақ біршама үлкейген. Зәр анализінде көп мөлшерде эпителий анықталды.
Осы аталған симптомды қалай бағалайсыз?
А) созылмалы бронхөкпелік процес
B) конституция аномалиясы
С) рахиттің өршу кезеңі
D) зәр шығару жолында инфекцияның болуы
Е) энтероколит
148. Аймақтық дәрігерге 6 айлық ұл бала анасымен келді. Дәрігер қарау барысында: балада артық салмақ, шап аймағының баздануы, гиперемия, беттің қабыршақтануы, «географиялық тіл» анықталды. Ата-анасының айтуы бойынша тұрақсыз дәрет, қайталамалы ринит, тершеңдік байқалады. Қан анализінде: диспротеинемия, гипохолестеринемия, гипергликемия анықталды.
Көрсетілген симптомдар қандай ауруға тән?
А) рахиттің өршу кезеңі
В)ішек инфекциясы
С) экссудативті–катаральді диатез
D) жеңіл диспепсия
Е) қант диабеті
149. Аймақтық дәрігерге 4 айлық ұл бала анасымен келді. Бала ананың сүтімен, алма пюресімен тамақтанады. Дәрігер тексеру барысында: баланың мұрнынан шырышты бөлінділердің пайда болуын, гиперемия, беттің қабыршақтануын, мойын лимфа түйіндерінің гиперплазиясын, дәретінің сұйық болғанын байқады. Анасы соңғы күндері бірнеше апельсин жеген. Анасында катаральді белгілер пайда болды.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
А) энтероколит
В)экссудативті-катаральді диатез
С) лимфатико-гипопластикалық диатез
Д) жедел респираторлы вирусты инфекция
Е) невртік-артриттік диатез
150. Стационарға 10 айлық ұл бала анасымен түсті. Дәрігер тексеру барасында: бұлшықеттік гипотонияны, тимомегалия, барлық лимфа түйндерінің гиперплазиясы, бос, тері асты шел май қабатының баздануын, респираторлы инфекциямен ауырғанын анықтады. Ауруы ауыр түрде токсикоз белгілерімен, коллаптоидты реакциямен өткен. Гидрокортизонды енгізгеннен кейін тез басылған.
Бұл балада қандай фон токсикоздың және коллаптоидты реакцияның дамуына әсерін тигізеді?
А) экссудативті-катаральді диатез
В) гипотиреоз
C) лимфатико-гипопластикалық диатез
D) нервтік-артриттік диатез
E) созылмалы бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі
151. Аймақтық дәрігерге 5 айлық бала анасымен тексерілуге келді. Анасының айтуынша тамақтану барысында жарма ботқасын енгізгеннен кейін бетінде гиперемия, қабыршақтануы, құрғауы пайда болды.Тілінде ірі дұрыс емес пішінді ақшыл қызыл түсті аймақтар ақ түсті аралшықтармен алмасады.
Осы пайда болған өзгерістерді қалай атаймыз?
А) себорея
В) «сүтті қабыршақ»
С) ауыздың уылуы
Д) «географиялық тіл»
Е) «таңқурай» тіл
152. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 2 жасар ұл бала анасымен келді. Шағымы: жиі жөтелу, тұрақсыз дәрет. Тексеру барысында: себорея және құрғақ тері, универсалды лимфаденопатия, тіндердің бос баздануы, статикалық дамудың артта қалуы, бауыр мен талақтың үлкеюі анықталды. Рентгенограммада біршама тимомегалия байқалды. Зәр анализінде: көру алаңында 5-6 лейкоциттер және зәр шығару жолында эпителий анықталды.
Осы көрсетілген симптомдар қай ауруға тән?
А) лимфатико-гипопластикалық диатез
В) экссудативті-катаральді диатез
С) нервтік-артриттік диатез
D) зәр шығару жолында инфекцияның болуы
Е) энтероколит
153. Стационарға 2 жасар қыз анасымен түсті. Ол респираторлы вирус инфекциясымен жиі ауырады және круп синдромымен жиі аяқталады. Баланың бет терісі сұр түсті, құрғақ, қабыршақты. Жеңіл дизуриялық көріністер және лейкоцитурия анықталды.
Осы вирустық инфекцияның ауыр өтуіне не себеп?
А)цистит
В) экссудативті-катаральді диатез
С) нервтік-артрикалық диаатез
D)синусит
Е)лимфатико-гипопластикалық диатез
154. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 6 айлық бала анасымен келді. Жарма ботқасын жегеннен кейін баланың терісінде экссудативті-катаральді диатездің белгілері пайда болған.
Осы жағдайдағы дәрігердің тактикасы?
А) 2-3 аптаға тамақты тоқтату
В) ботқамен ауыстыру
С) гипосенсибилизация терапиясы
D) «Адвантан» жақпасын қолдану
Е) шынықтыру
155. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 1 жарым жасар қыз бала анасымен келді. Эксудативті-катаральді диатезбен жиі ауыратын болғандықтан бала-бақшаға бара алмайды.
Мұндай балада қандай ауру жиі кездеседі?
А) қайталамалы ОРВИ
В) жедел бронхит
С) конъюнктивит
D) жедел стенозды ларингит
Е) отит
156. Бала-бақшада диспансерлік бақылау жүргізілді. Тексеру барысында бірнеше балада эксудативті-катаральді диатездің белгілері анықталды.
Осы диагнозды қоюға терідегі қандай өзгерістер себеп болды?
А) «сүтті қабыршақтану»
В) «географиялық тіл
С) везикулезді бөртпе
D) ауыздың уылуы
Е) «таңқурай тәрізді» тіл
157. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 2 айлық ұл бала анасымен келді. Ана сүтін емеді. Дәрігер экссудативті-катаральді диатез диагнозын қойды.
Қандай симптомдар осы диагнозды қоюға негіз болды?
А) беттегі «сүтті қабыршақтану», «гнейс», строфулюс
В) туылған кезде дене салмағының артық болуы
С) шапта базданудың пайда болуы
D) шамадан тыс қозғыштық және тәбеттің төмендеуі
E) ауыздың уылуы, ұсақ бөртпелердің болуы
158. Педиатрдың бақылауына ана сүтімен қоректенетін 6 айлық баланы анасы алып келді. Дамуы жақсы, салмақ қосуы да қарқынды. Жарма ұнтағымен қосымша тамақтандырады. Ата-анасы баланы қала сыртына шығарған. Мазасыздана бастаған, бетінде, иегінде гиперемия пайда болған. Қастарының аймағы қабыршақтанған, аяқтарында қышыған бөртпелер бар. Қабақтары гиперемияланған, конъюнктивит, тілінде тегіс емес жабындылар байқалады. Нәжісі жиілеген, сұйық.
Аталған өзгерістер қандай ауруға тән?
A)Крапивница
B) Экссудативті-катаральді диатез
C)Лимфатико-гипопластикалық диатез
D)Респираторлық инфекция
E)Ішек инфекциясы
159. Анасы 6 жасар баласының салмақ қосуы азая бастағандықтан дәрігерге көрінген. Бала қозғалғыш, тез қозады, тәбеті нашар, ұйқысы мазасыз, құсады. Анамнезінде: зәрінде өзгеріс байқалмайтын дизурия, терісінде нейродермиттің көрінісі байқалады.
Аталған клиникалық көрініс қандай ауруға тән?
A)Экссудативті-катаральді диатез
B)Мойын аймағындағы жұлын жарақаты
C)Гастродуоденит
D)Лимфатико-гипопластикалық диатез
E)Нервті-артриттік диатез
160. Аймақтық педиатрдың бақылауына анасы 3 айлық баланы көрсетуге алып келді. Бала құрғақ қоспалармен жасанды тамақтандыруға ауыстырылған. Мазасыз, ұйқысы нашар, терісінде эритематоздық бөртпелер және қышымалар пайда болған. Нәжісі сұйық, патологиялық қоспалар жоқ.
Аталған жағдайда қандай емдік тактиканы қолданған жөн?
A) Құрғақ қоспаларды алмастыру
B) Валериана тұнбасын беру
C)Антибиотиктер қолдану
D)2 апта бойы преднизолон енгізу
E)2-3 аптаға дейін қосымша тамақтандыруды тоқтату
161. Диспансерлік бақылау кезінде балабақшадағы балалардың бірнешеуінде беттерінің қабыршақтануы, қолдың сырт бөлігінде, аяғында, бөксесінде түйін тәрізді қышитын бөрпелер анықталған.
Аталған жағдай қандай патологияға тән?
A)Лимфатико-гипопластикалық диатез
B)Скарлатина
C)Нервті-артриттік диатез
D)Терлегіштік
E)Экссудативті-катаральді диатез
162. Аймақтық дәрігердің бақылауындағы 1 жасар 2 айлық балада экссудативті-катаральді диатездің негізгі белгілері анықталған. Қазіргі кезде баланың терісінде бөртпелер жоғалған, нәжісі де жақсарған. Бірақ таңға жақын әсіресе орнын ауыстырған кезде пайда болатын, ылғалды, құрғақ жөтел мен мұрнымен тыныс алуының қиындауы мазалайды. Жалпы қарағанда: араны бозғылт, бадамшалары гипертрофияланған, жұтқыншақтың артқы қабырғасынан жасыл түсті шырыш байқалады. Артқы және шүйделік лимфа түйіндері ұлғайған.
Жөтелдің негізгі себебі қандай?
A)Респираторлық инфекция
B)ыныс алу жолдарының обструкциясы
C)Аденоид гиперплазиясы және аденоидит
D)Созылмалы бронхит
E)Көкжөтел
163. Үй жағдайында қараған жетілген 10 күндік жаңа туылған нәрестені аймақтық дәрігер қандай белгі физиологиялық екенін білуі керек?
А) бүгуші бұлшықет гипертонусы
В) бұлшықеттік дистония
С) қол мен аяқтың гипотониясы
D) жазушы бұлшықеттік гипертонусы
Е)барлық бұлшықеттердің гипертонусы
164. Қыз баланы педиатр тексеру барысында мына белгілерді анықтады: айқын бір затқа тіке карап тұрады, бірнеше секунд қозғалып тұрған затқа қарайды. Ішпен жатқан кезде басын ұстай алады.
Осы даму қай жасқа сәйкес келеді?
А)2 апталық
В)1,5 айлық
С) 2,5айлық
D) 3 айлық
Е) 4 айлық
165. Нәресте 9-ші күні перзентханадан мына симптомдармен стационарға түсті: арқа мен қолдың жазғыш бұлшықеттердің гипертонусы, көздің бір орында тұрмауы, иек треморы, «батқан күн» симптомы, Бабкин, Галант, Перес рефлекстерінің болуы.
Бұл балада қандай симптом физиологиялық болып табылады?
А)«батқан күн»симптомы
В)арқа мен қолдың жазғыш бұлшықеттердің гипертонусы
С)көздің бір орында тұрмауы
D) Бабкин, Галант, Перес рефлекстері
Е)Иек треморы
166. Емханада дәрігер диспансерлік бақылауға келген баланың картасына келесі мәліметтерді толтырды: ішпен жатқанда бала басын ұстай алады, иық белдеуін көтере алады, күледі, үздік-үздік гулейді, шартсыз рефлекстердің – ұстап алу, еңбектеу, алақан-ауыз, Галант, Перес рефлекстері біршама төмендеген.
Бұл баланың дамуы қандай жасқа сәйкес келеді?
А) 2 айлық
В)3 айлық
С)5 айлық
D) 6 айлық
Е)8 айлық
167. Аймақтық дәрігерге 1 жасар 3 айлық қыз бала анасымен қабылдауға келді. Қыз бала нәрестенің гемолитикалық ауруымен ауырған.
Қарау кезінде қандай симптомдар патологиялық болып табылады?
А) қолдың треморы
В)бүгуші саусақтардың гипертонусы
С) қолдың көмегімен тұру
D) туа біткен шартсыз рефлекстің жоқтығы
Е)жеке сөздерді айта алады
168. Аймақтық педиатр қыз баланы қарау кезінде келесі даму белгілерін анықтады: бөлек буындарды айта бастаған, өздігінен отыра алады, еңбектегісі келеді.
Бұл баланың психомоторлық дамуы қай жасқа сәйкес келеді?
А)4 айлық
В)5 айлық
С)6 айлық
D)7 айлық
Е)9 айлық
169. Жаңа туылған нәрестені тексеру барысында дәрігер қорғаныс рефлексінің бар екендігін анықтады. Осы мақсатта қандай тәсілдер қолданылады?
А)көзге жарық түсіру
В)алақанды басу
С)шпательді жұтқыншақтың шырышты қабатына дейін жеткізу
D)қолмен ішті басу
Е)дыбыс тітіркендіргішін қолдану
170. Жаңа туылған нәрестені дәрігер қарау барысында қорғаныс рефлекстерінің бар екендігін тексерді. Егер жаңа туылған нәрестеде қорғаныс рефлексі болса, қандай жауапты реакция анықталады?
А) көзді жұму
В)жөтелу
С) сору қозғалысы
D) басты бір жағына қарай бұру
Е)мазасыздану, жылау
171. 5 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге қабылдауға келді. I жүктілік, мерзімі өтіп, ұзаққа созылған босанудан туылған бала. Апгар шкаласы бойынша бағалау 5 балл. Алғашқы күндері жағдайы тым ауыр болған. Үйге өмірінің 19-шы күні шығарылды. Кейінгі дәрігерлік бақылау болмаған.
Қарау кезіндегі қандай белгілер осы жасқа сәйкес келеді?
А) өздігінен отыра алмау
В)қол және аяқ бұлшықеттерінің гипертонусы
С)аяқтың қиылысу үрдісі
D) алақан-ауыз рефлексінің болуы
Е) ұстап алу рефлексінің болуы
172. Стационарда 8 айлық ұл бала ОЖЖ-нің зақымдалуына байланысты тексерілді. Постгеморрагиялық гидроцефалиясы бар.
Анықталған симптомдардың қайсысы жасына сәйкес келеді?
А) туа біткен шартсыз рефлекстің болмауы
В) аяқ бұлшықетінің гипотониясы
С) үлкен еңбек 1,0*1,0см
D)өздігінен тұра алмауы
Е)өздігінен еңбектей алмауы
173.1 ай 5 күндік ұл бала дәрігердің жолдамасымен ауруханаға келді. Жолдама құжатта белгіленген мәліметтердің қайсысын жасына сәйкес ерекшелейміз?
А) үлкен еңбектің ісініп шығуы
В)тремор иегі
С)Грефе симптомы
D) қол мен аяқтың бүгуші гипертониясы
Е)қолдың ұсақ құлашты треморы
174. 27 күндік ұл баланы аймақтық дәрігер үй жағдайында тексерді. Амбулаториялық картада тіркелген қай белгілерді патологиялық белгі ретінде қарастыруға болады?
А) қатты жылау
В)қолдын жане аяқтың хаотикалық қимылдары
С)Галанттың тұрақты рефлексі
D) жазушы бұлшықеттің гипертонусы
Е)бүгуші бұлшықеттердің гипертонусы
175. Аймақтық дәрігер 7 күндік ұл баланы үй жағдайында қарады. Мерзіміне жетіп туылған, ата-анасының дені сау, жас. Туылған кездегі баланың салмағы - 3200гр. Өмірінің 5-ші күнінде - 3100гр болған.
Осы балаға қандай жағдай физиологиялық болып табылады?
А) барлық уақытта ұйықтайды
В)тұрақты қатты айқай
С)қол треморы
D) жазушы бұлшықеттердің гипертониясы
Е)иек треморы
176. Аймақтық дәрігер жаңа туылған нәрестеге (қыз балаға) үй жағдайында патронаж жасады.
Қарау кезінде қай бұлшықеттердің тонусы анықталды?
А)жазушы бұлшықеттердің гипертонусы
В)жазушы бұлшықеттердің гипотониясы
С)бүгуші бұлшықеттердің гипертонусы
D)бүгуші бұлшықеттердің гипотониясы
Е)бұлшықет тонусының тұрақсыздығы
177.Аймақтық дәрігер туылғанына 25 күн болған ұл балаға үй жағдайында тексеру өткізді.
Патология ретінде нені бағалаймыз?
А) көздің горизантальды ойнауы
В)Галант рефлексі
С) бұлшықеттің гипотониясы
D)Перес рефлексі
Е)бүгу бұлшықеттерінің гипертонусы
178. Аймақтық дәрігер амбулаториялық картаға баланың психомоторлы дамуы туралы мәліметтерді тіркеді: бала үздік-үздік гуілдейді, басын жақсы ұстайды, бір затты қадағалайды.
Осы психомоторлы даму баланың қандай жасына сәйкес келеді?
A) 9 айлық
В)7 айлық
С)5 айлық
D) 3 айлық
Е)1 айлық
179. Аймақтық дәрігер баланы қараған кезде келесі белгілерді анықтады: өсіп-жетілуі дұрыс, жүре алады, жеке сөздерді айта алады (20 сөзден артық), өзіне бағытталған сөзге жауап қайтарады, жеңіл тапсырмаларды орындай алады, өзінің дене мүшесін тани біледі.
Баланың жасы нешеде?
А) 9 айлық
В)10 айлық
С) 1 жас 6 айлық
D)2 жас 6 айлық
Е) 3 жас 6 айлық
180. Аймақтық дәрігерге қыз бала анасымен келді. Дәрігер қараған кезде мына белгілерді анықтады: қыз бала алғашқы қадамын жасай алады, жеке сөздерді айта алады (10 сөзден артық), рұқсат етілмейтін сөздерді, жақсы қылықтарды түсінеді.
Бұл баланың жасы нешеде?
А) 8 айлық
В) 9 айлық
С) 12 айлық
D)1 жас 6 айлық
Е) 2 жас 6 айлық
181. 8 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге Д3 витаминін алу мақсатымен келді. Бала күзде туылған. Қарағанда сүйектердегі деформацияны, бұлшықет гипотониясын, бақа тәрізді «ішті» анықтады. Қан анализіндегі кальций деңгейі - 2,12ммоль/л, фосфор деңгейі – 1,71 ммоль/л.
Рахиттің қай кезеңі туралы ойлауға болады? А)өршу
В)бастапқы кезеңі
С)шиеленіс
D)қалдық көріністері
Е)реконвалесценция кезеңі.
182. 8 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге Д3 витаминін алу мақсатымен келді. Бала күзде туылған. Қарағанда сүйектердегі деформацияны, бұлшықет гипотониясын, «бақа» тәрізді ішті анықтады. Қан анализіндегі кальций деңгейі - 2,12ммоль/л, фосфор деңгейі – 1,71 ммоль/л.
Білезік сүйектерінің R-графиясы кезінде рентгенограммада не көреміз?
А) өсу зонасының үзік-үзік тығыздануы
В)өсу зонасының ұлғаюы, оның көрінбеуі
С)өсу зонасының артық тығыздалуы
D) сүйектену, ядро санының өсуі
Е)периостың қалыңдауы
183. 4,5 айлық ұл бала тамыз айында туылған. Дене салмағы 6800 гр. Аймақтық дәрігер рахит бар екенін анықтады, бастапқы кезеңі.
Қандай лабораториялық көрсеткіштер аурудың осы кезеңіне тән?
А) қан сарысуындағы кальцийдің деңгейі - 2,5ммоль/л
В)қан сарысуында фосфордың деңгейі – 1,25ммоль/л
С)қан құрамының сілті жағына қарай ығысуы
D)сілітілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы
Е)қан құрамының қышқыл жағына қарай ығысуы
184. Аймақтық дәрігерге 9 айлық ұл бала анасымен келді. Желтоқсанда туылған. Қарағанда бұлшықет гипотониясы, «бақа» тәрізді іш, бас және кеуде сүйектерінің деформациясы анықталды. Қан анализінде кальций деңгейі 2,61- ммоль/л, фосфор деңгейі - 1,80 ммоль/л.
Рахиттің қандай кезеңін айтуға болады?
А) бастапқы кезеңі
В)өршу кезеңі
С)реконвалесценция кезеңі
D) қалдық көріністері
Е)шиеленіс
185. Аймақтық дәрігерге 9 айлық ұл бала анасымен келді. Желтоқсанда туылған. Қарағанда бұлшықет гипотониясы, «бақа» тәрізді іш, бас және кеуде сүйектерінің деформациясы анықталды. Қан анализінде кальций деңгейі 2,61- ммоль/л, фосфор деңгейі - 1,80 ммоль/л.
R-графия кезінде қандай белгілер анықталады?
А) өсу зонасының артық тығыздалуы
В)сүйектену ядросы санының өсуі
