Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26 Мб
Скачать
☆

10.5. Иммунологиялық есте қалу (жадында сақтау)

Организм антигенмен қайталап кездескенде шапшаң және белсенді иммундьг реакция, яғни екіншілік иммундық жауап құрьгладьг. Бұл көрініс иммунологияльгқ есте қалу деп аталды.

Иммунологиялыц есте қалудың белгілі антигенге жогаргы дәрежелі спецификалыгы болады және В-, Т-лимфоциттермен негізделіп, иммунитетің гуморалдық және жасушалық түрлерінде бащалады. Тәжірибе жүзінде ол әр кезде пайда бола отырып жылдарга, не ондаган жылдарга созылады. Сонының арцасында адамның организмі антитгендер шабуылының кайталануынан сенімді цоргай алады.

______________________________________________________________________________236

Қазіргі заманда иммунологиялық есте қалудың құрылу механизімі туралы шындыққа жуық екі көзқарас бар. Біріншісі - антигендердің ағзада ұзақ уақытқа дейін сақталынады дегенге негізделіп болжанған. Оны дәлелдейтін мысалдар: капсуламен қоршалған туберкулез таяқшалары, қызылшаның, полиомиелиттің, шешектің персистенілген вирустары мен тағыда организмде көп уақыт, кейде өмір бойы сақталып, иммунитеттің күш дәрежесінің бір деңгейде болуын қолдайтын микроорганизмдер. Сонымен қатар, үзақ өмір сүріп антигенді оңдейтін антидене синтездейтін дендритгі жасушалардың болуы мүмкін.

Екінші механизімнің түсінігі бойынша организмде жемісті иммундық жауап жүру кезінде антигенреактивті Т-, не В-лимфоциттердің бөлімі «тыныштық» жағдайдағы кіші жасушаларға, немесе иммунологиялық есте қалу жасушаларына айналады. Ол жасушалар антигендік детерминантқа, жоғарғы деңгейлі специ-фикалыққа ие және өмір сүру уақыты өте үзақ (10 жыл және одан астам). Олар тіндер мен органдарда қонақтап, айналып жүреді, бірақ өздерінің мекендік рецепторларының қолдауымен өзінің щыққан тегіне үнемі қайта оралады.

Иммунологиялық есте қалу феномені вакцинациялау тәжірибесінде, жоғары деңгейлі иммуңитет қүрып, оны үзақ уақыт қорғау деңгейінде сақтау үшін кең колданылады. Ол мақсатты іске асыру үшін ревакцинациялау жүргізіледі, яғни вакцинаны бірінші еккеннен кейін 2-3 рет қайталау және де мезгіл- мезгіл вакцина егуді жүргізу.

Сонымен қатар иммунологиялық есте қалудың теріс көрністері де бар. Мысалы, ауыстырылған органдар (трансплантант) орнықпай өздігінен бөлінсе, оны қайталап орнықтыру әрекетінде органдарда тасқынды реакция қоздырып бөлініп шығарылу дағдарысына соқтықтырады.

10.6. Иммунологиялық толеранттық

Иммунологиялық толеранттық иммунды жауаппен иммунологиялық есте қалуға кері көрініс. Ол организмнің антигенді «танып», жемісті спецификалық иммунды жауап қайтара алмауының себебінен болады.

Иммунологиялық толеранттықтың иммундысупрессиядан айырмашылғы иммундыкомпетентгі жасушалардың тиісті антигенге бастапқыдан жалпы жауап бере алмауына негізделген.

Иммунологиялық толеранттықтың феномені 1953 жылы бірінен бірі тәуелсіз чех ғалымы М. Гашек және П. Меадвар бастаған ағылшын ғалымдарынның тобымен ашылған еді. Олар көрністі жануарлаға тәжірибе қойған кезде ашқан.

Имунологиялық толеранттықты толерогендер деп аталатын антигендер туғызады. Тәжирибеде толергендер барлық органикалық заттардың қатарынан табылады, бірақ көбінесе олар полисахаридтер болып келеді.

Иммунологиялық толерантгық туа біткен және жүре пайда болған болып бөлінеді. Туа біткен толеранттыцтың мысалы ретінде иммундық жүйенің организмнің меншікті антигендеріне жауап бермеуін келтіруге болады. Жүре пайда болган иммунологиялыц толернаттыцтьі организмге иммунитгі тежейтін заттарды (иммунодепрессанттар) еңгізіп, эбрионалдық уақытта, не туғаннан кейінгі алғашқы күндерінде перзентке антигендерді еңгізіп қүруға болады. Жүре пайда болған иммунологиялық толеранттық белсенді және енжарлы болып бөлінеді. Белсендіі толеранттыц организмге спецификалық толеранттықты қүратын толерогенді еңгізгенде пайда болады. Енжарлы толеранттыц иммун- дыкомпетентті жасушалардың биосинтетикалық, не пролиферативтік белсенділігін тежейтін затгар (антилимфоцитарлық сарысу, цитостатиктер т.б.) әсерімен туғызуғаболады. Иммунологиялықтолеранттық жоғары деңгейлі спецификалық қасиетке ие, сондықтан тек қана бір белгілі антигенге бағытталған. Көлем дәрежесіне сәйкес толерантгық поливалентгік және моновалентгік болады.Политваленттік толеранттыц бір мезгілде антигеннің қүрамына кіретін барлық детерминаттарға қарсы пайда болады. Моноваленттік толеранттыц антигендердің кейбір таңданылған детерминанттарын кабылдамайтындығымен сипатталады.

______________________________________________________________________________237

Толеранттықтың көрніс дәрежесі макроорганизммен мен толерогеннің көптеген қасиеттеріне байланысты. Мысалы, толерогендіктің көрінісіне организмніңжасы мен иммундыреактивтігініңжагдайы әсер етеді. Иммунологиялық толеранттықгы эмбрионалдық кезеңде, немесе жаңа туған кезде жеңіл іске асыруға болады.

Толеранттыққа әсер ететін антигеннің ерекше сипаттарына олардың ағзаға бөгделігінің дәрежесі, шығу тегі, өлшемі және әсер ететін уақытының ұзақтылығы жатады. Бөгделік қасиеті әлсіз, молекулалық салмағы жеңіл, гомогенді антигендердің организмге жоғарғы дәрежелі толерогендігі бар.

Иммунологиялық толеранттықтың пайда болуына антигеннің өлшемі мен әсер ететін уақытының ұзақгылығы өте маңызды. Соның негізіде жоғарғы және төменгіөлшемдітолеранттықдепажыратылады. Жогаргы өлшемділік толеранттық - концентрациясы жоғары антигенді еңгізгенде пайда болады. Сонымен қатар заттың өлшемі мен оның тудыратын көрнісінің арасында тікелей тәуелдік бар. Төменгі өлшемдік толеранттық, керісінше, жоғарғы гомогенды молекулалық антигеннің аз өлешмімен туады және де бұл жағдайда «өлшем-биімділік теңділігі» керісінше тәуелді.

Тәжірибеде иммунологиялық толеранттық толерогенді еңгізгеннен кейін бірнеше күннің, кейде сағаттың арасында пайда болып, толерогеннің ағзада сақталған уақытына дейін созылады. Толеранттық тиімділігі толероген ағзадан шығарылғаннан кейін бәсеңдейді немесе доғарылады. Әдетте иммунологиялық толеранттық көпке созылмай бірнеше күннен аспайды. Оны үзарту үшін толерогенді қайталап егу қажет.

Толеранттықтың механизімі әр-қилы, бірақ толығынан анықталмаған. Оның негізіне иммундық жүйені реттейтін қалыпты процестердің жататыны нақты әйгілі. Иммунологиялық толеранттықтың көптеген себебінің арасынан шындыққа жуық үшеуін атай кетуге болады:

Лимфоциттің антиген спецификалық клондарының ағзадан шығарылуы (элиминациялануы).

Иммундыкомпетентті жасушалардың биологиялық белсенділігін тежеу (блокадалау).

Антигендердің антиденелермен шапшаң бейтарапталуы.

Әдетте онтогенездің ертерек кезінде Т- және В-лимфоциттердің клондары элииминациялануға, не делециялануға түседі. Жетілмеген лимфоцимтгердің антигенспецификалық рецепторларын (ТСR, не ВСR) белсендіру апоптоздың басталуына себепкер болады. Организмде аутоантигендерге бейреактивтікті камтамасыз ету феномені орталыц толеранттыц деп аталды.

Иммундыкомпетенті жасушалардың биологиялық белсенділігін тежеуде басты рөлді иммундыцитокиндер атқарады (ИЛ-4, 13, гамма ИФН т.б.).

Донордан алынған иммундыкомпетентті жасушалар арқылы иммунологиялық толеранттықты дені сау жануарға көшіруге болады. Сонымен қатар иммунологиялық толеранттықгы жасанды түрде тоқтатуға болады. Ол үшін иммундық жүйені адъюванттармен, интерлейкиндермен белсендіру керек. Оның басқа тәсілі ретінде спецификалық антигендердің комегімен организмді толерогеннен тазарту, не иммунды- сорбция жүргізу колданылады.

Иммунологиялық толеранттықтың тәжірибелік маңызы зор. Бүл көрініс медицинаның көптеген өзекті мәселерін шешуге, мысалы орган, не тін ауыстырғанда, аутоиммундық процестерді тежегенде, аллергияны емдегенде, тағы басқа бірталай иммундық жүйенің агрессиялық көрінісімен байланысты жағдайларында пайдаланылады.

__________________________________________________________________________________238

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]