Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
454-512.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

17.1.1.4. Гепатит а вирусы (агв-нау)

Гепатит А-фекальды-оральды жолмен берілетін, бауыр жасушалары зақымданып, морфологиялық бұзылыстар туындап, жедел гепатит белгілері дамитын жұқпалы вирусты ауру. Алғашқы рет бұл кеселдің жұқпалы екендігі туралы мәліметті С.П. Боткин баяндаған, сондықган оны "Боткин ауруы" деп атайды. Бауыр зақымдануы нәтижесінде дене сарғаюы болатындықтан, тұрғындар арасында бұл індетті «сары ауру» дейді. Гепатит А вирусын 1973 жылы С.Фейнстон ашқан.

Таксоиомиясы.

Тұқымдастыгы- Рісоrnaviridae

Туыстастыгы: Нерatovirus

Түрі: Нераtovirus А

Құрылымы. Вирионы сфера пішінді, мөлшері 25-27 нм, өте ұсақ вирустар тобына жатады. Геномы сегменттелмеген +РНҚ молекуласынан тұрады. Нуклеокапсиді 4 ақуыздардан (УР-1-4) тұратын капсомерлерден құрылған, куб типтес симметриялы. Суперкапсиді жоқ..

Антигендік құрылымы -гепатит А вирусы бір антигендік типтен тұрады (НА-антиген).

Резитенттілігі. Гепатит А вирусы сыртқы орта жағдайына төзімді, 21° С- та бірнеше апта бойы сақталады, 85° С-та белсенділігін толық жояды. Төменгі температурада жақсы сақталады. Хлордың әсеріне төзімді, сондықган тазартылған ауыз суларда сақталу қабілетгілігі бар. Формалиннің және УКС әсеріне сезімтал.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі - індеттің айқын немесе симптомсыз түрімен ауырған адамдар. Жұғу механизмі-фекальді-оральды, яғни ластанған тағамдар, су, тұрмыстық заттар, қол, ойыншықтар арқылы жұғады. Вирустың су және тағамдар арқылы таралып эпидемиялық бұрқетпелер қоздыру қабілеттілігі бар. Гепатит А вирусы тұрғындар арасында едәуір деңгейде айналымда болады. Жазғы және күзгі айларда науқастанушылық деңгейі көтерілетіні байқалады. Көбінесе балалар жиірек ауырады. Жасырын кезеңнің соңында және ауру басталған кездің алғашқы күндерінде (дене сарғаюы басталғанға дейін) науқас адамның айналасындағыларға жұқтыру қаупі өте күшті. Себебі, бұл кезде вирус нәжіспен мол бөлінеді.

Патогенезі, клиникалық көріністері. Гепатит А вирусының гепатотроптық қасиеті бар. Вирус асқазан-ішек жолдарына ас тағамдары немесе су арқылы түседі де, жіңішке ішектің шырышты қабаттарында және регионарлық лимфа түйіндерінде өсіп-өніп көбейеді (реплицирленеді). Сонан соң, қысқамерзімді вирусемия фазасы басталады. Қанда вирустың ең жоғарғы деңгейде концентрациялануы инкубациялық кезеңнің соңында және сарғаюалды кезеңінде байқалады. Бұл кезде қоздырғыш (вирус) нәжіспен сыртқа шыға бастайды. Цитопатогендік әсер ету нысанасы негізінде гепатоциттер болып табылады. Вирустың бауыр жасушаларының цитоплазмасында репродукциялануы гепатоциттерді бұзылысқа ұшыратады. Гепатоциттерді зақымдануына NN-жасушалар (табиғи киллерлер) да қатысады. Вирустың әсерінен индуцирленген интерферонмен өзара эсерлесу нәтижесінде NК жасушалардын белсенділігі артады. Гепатоциттердің зақымдануы дене сарғаюының дамуына және қан сарысуында трансаминаза деңгейінің артуына әкеледі.

Аурудың жасырын кезеңі 15-тен 50 күнге дейін, көбінесе 1 ай шамасында болады. Кесел жылдам басталады, температурасы көтеріледі, асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылады(лоқсу, құсу т.б.). Кеселдің 5-7 күндері дене саргаюы байқалуы мүмкін. Ауру көбінесе жеңіл түрде,асқынуларсыз өтеді, 5 жасқа дейінгі балаларда симптомсыз түрде кездеседі. Ауру 2-3 аптаға созылады, асқынулар байқалмайды.

__________________________________________________________________________________________459

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін (айқын, және де симптомсыз түрімен) өмірбақилық гуморальды иммунитет қалыптасады. М-иммундыглобулиндер (ІgМ) ауру басталғаннан кейін 3-4 айдан соң қан сарысуында азайып жойылады, ал О көп жылдар бойы сақталады. Нәрестелердің қан сарысуында 1 жасқа дейін анасынан плацента арқылы берілген вирусқа қарсы антиденелер табылады. Гуморальдық иммунитеттен басқа ішек жолында жергілікті иммунитет (s' Іg А) дамиды.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу заттары:қан сарысуы және науқастың нәжісі. Гепатит А вирусының антигендеріне қарсы пайда болған антиденелер (ІgМ және ІgG) және вирустық РНҚ вирус репликациясының маркерлері болып табылады-ИФТ, РИТ, ИЭМ-мен анықтайды.

Емдеуі-жалпы симптоматикалық. Вирусқа қарсы бағытталған химиялық препараттар қолдану тәсілі жасалмаған. Құрамында интерферон, оксолин бар жақпалар қолданылады.

Алдын алу шаралары. Ішек инфекцияларына қарсы жалпы медициналық бейспецификалық профилактикалық шаралар жүргізіледі.Спецификалық алдын алу мақсатында вакцина егу қолданылады. Ол үшін инактивацияланған және рекомбинантты яғни гендік-инженерлік (ГАВ геномы шешек вакцинасы вирусының геномына интеграцияланған) вакциналар пайдаланылады:

ГепА-ин-Вак-инактивацияланған, концентрацияланған, тазартылып адсорбцияланған дақылдық сұйық вакцина (Ресей).

ГепА-ин-Вак-Пол-инактивацияланған, концентрацияланған, тазартылып адсорбцияланған, полиоксидон қосылған, дақылдық сұйық вакцина (Ресей).

Аваксим -инактивацияланған вакцина (Франция).

Хаврикс 720 (балалар үшін) және 1440 (ересектерге арналған) инактивацияланған вакцина (Англия).

Вакта ( 50 ЕД, 25 ЕД)-инакгивацияланған вакцина (АҚШ).

Енжар (пассивті) иммунитет қалыптастыру ішін донорлардың қан сарысуынан дайындалған иммундыглобулин қолданылады.

' 17.1.1.5. Риновирустар

Риновирустар - жоғарғы тыныс алу жолдарында катаральды қабыну симптомдарымен сипатталатын жедел респираторлы аурулар (ЖРВИ) қоздыратын РНҚ-құрамды вирустар. Алғашқы рет вирус 1960 жылы жедел ринитпен ауырған науқастан бөлініп алынған.

Таксономиясы.

Тұқымдастыгы: Рісогnaviridae.

Туыстастыгы:Rhinovirus.

Түрі: риновирустарды екі топқа (Н және М) бөледі.

Морфологиясы. Риновирустардың вириондары сфера пішінді, симметриясы куб типтес, диаметрі - 20 - 30 нм. Олар энтеровирустарға ұқсас, бірақ айырмашылығы сол-риновирустар қышқыл ортада инфекциондылығын (жұқпалылығын) жоғалтып алады. Төменгі температурада жақсы сақталады.

Дақылдандыру. Риновирустарды өсіп - өндіріп көбейту үшін адам эмбрионының өкпесінің фибриобластарынан немесе адам кеңірдегінің эпителиясынан дайындалған жасуша дақылдарын пайдаланады.

Антигендері, Риновирустар антигендік құрамы бойынша біркелкі емес, олардың 100-ден астам серотиптері бар. Риновирустардың гемагглютинациялаушы қабілеттілігі жоқ, серологиялық айқас (перекрестный) реакцияларға жауапты антигендері болады.

Эпидемиологиясы. Риновирустар барлық жерлерде кездеседі, олар кең таралған. Риновирустық инфекциялар жыл бойы тіркеліп отырады, бірақ суық маусымда жиірек байқалады. Негізгі берілу жолы - ауалы-тамшылы (тұрмыстық- жанасу жолымен де берілуі мүмкін), резервуары, яғни инфекция көзі - ауру адам. Қоздырғыш науқас организмнен симптомдар көрініс бере бастағанға дейінгі 1-2-тәулікте және ауру белгілері басталғаннан кейін 2-3-тәулікте бөлініп шығады. Риновирустар суық тиюден туындаған аурулардың негізгі себепкері болып табылады

.__________________________________________________________________________________________460

Патогенезі және клнннкалық көріністері. Вирус организмге мұрынның, ауыз қуысының, коньюктиваның, бронхының шырышты қабаттары арқылы еніп, сол жерлердің эпителиялық жасушаларында шоғырланады. Жасырын кезеңі - 2-5 тәулік, содан соң жалпы ЖРВИ-га тән ауру белгіліері, яғни мұрын бітелуі (ринит), бронхит және бронхопневмония (әсіресе балаларда) дамиды.

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін ұзаққа созылмайтын (2жылға дейін) типтік - спецификалық иммунитет пайда болады. Иммунитет қан сарысуындатүзілген вирусбейтараптаушы антиденелермен ғана емес, секреторлық иммундыглобулиндермен (ІgА) тікелей байланысты.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін зат: мұрын қуыстарының бөліндісі. Вирусты бөліп алу (индикациялау) - жасуша дақылдарына жұқтыру - ЦПӘ бойынша анықтау. Вирусты идентификациялау - БР, КБР. Серологиялық диагноз цою - БР, КБР (науқастан алынған қос қан сарысуларымен).Жедел диагноз қою - ИФР (шырышты қабаттардың эпителиялық жасушаларының цитоплазмасындағы вирустық антигендерді анықтауға мүмкіндік береді).

Емдеуі - симптоматикалық.

Алдын алуы - жалпы медициналық профилактикалық шаралар, спецификалық профилактикасы

жоқ.