Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микоздар.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
993 Кб
Скачать
☆
  • оппортунистік микоздар-иммундық қорғанысы әлсіреген ауруларда дамиды, сапрофитты және шартты-патогенді саңырауқұлақтар қоздырады.

    Беткейлік микоздардың коздыргыштары

    Беткейлік микоздарды кератомикоздар (сапрофитиялар) және дерматомикоздар (дерматофитиялар) деп екі топқа бөлу ұсынылған. Екі топқа да жататын аурулар тұрғындар арасында кең таралған, көбінесе жиі қайталанатын созылмалы тұрде өтеді.

    Кератомикоздардың қоздырғыштары

    Олар келесі ауруларды қоздырады:

    Түрлі түсті ( кебек тәріздес, шұбар) теміреткті, малассесиоз.

    Қара пьедра (пьедрамоз)

    Ақ пьедра (трихоспороз)

    Түрлі түсті теміреткі қоздыргышы –Malassezia furfur

    Malassezia туыстатығына саңырауқұлақтардың 17 тұрі жатады, солардың арасында медициналық маңызы бары Маlassezia.furfur Ол адамдардың 90% - да терінің қауіпті микрофлорасы деп саналады; Патогенділіғі төмен, микрофильді.

    Морфологиясы. Ашытқы тәріздес, бір полярлы бүршіктенетін дөңгелекше әллипс пішінді жасушалар, мицеллалық тұрге (псевдомицелиялар) айналу қабілетілігі бар.

    Колониялар сипаты (дақылдық қасиеті). Колониялары жылтыр, қоңыр тұстен сарғыш тұске дейін пигменттелген. Сабуро ортасында — колониялары майда, күңгірт түсті. Дақылдандыру нәтижесі табысты болу үшін зерттеу затын стандартты орталарға сепкеннен кейін бетіне зәйтүн майын тамызады. Бір аптадан кейін май қабатының астында өсінді тіркеледі.

    Клиникалық көріністері. Дене терісінде (кеуде, арқа, қарын, иық, мойын, кейде бас терісінде) қабынбаған қызғылт- сары, ашық-қоңыр, қызарған дақтар пайда болады. Дақтарды сүрген кезде майда қайызғақтар түседі. Кесел ұзаққа созылады.

    Ақ пьедра қоздырғышы-Trichosporon beigelli

    Саңырауқұлақтардың бұрынғы атауы - Т.cutaneum Т granulosum Т. сегebrioforme, Т. giganteum, Т.ovoides,Pbeurococcus Ьеіgеllі (справаочная микологическая лаборатория - Ғиngus Теsting Labогаtогу- ҒТL; университет штата Колумбия, США). Тгісһosporon туыстастығын мұқият қайта тексеруден кейін (Сгиеһо еt.аl., 1992 ; Нооg еt. аl., 1995 ) аурудың негізгі қоздырғышының аты (Т. Ьеіgеllі), және де беткейлік микроздарга ақ пьедраға қатысы бар саңырауқұлақтардың тұрлері (Т. cutaneum Т. оvoides, Т.linkin, Т. ) анықталды.

    Морфологиясы. Т. Ьеіgelli ашытқы тәріздес саңырауқұлақ. Гифалары септаланған, түссіз. Қалыпты жағдайда оваль пішінді, көптеген артроконидиялар және аз мөлшерде псевдогифалар, бластоконидиялар тұзеді.

    Дақылдық қасиеті. Сабуро ортасында колониялары ақ, қоңыр, сары, сұр түсті болуы мүмкін. Беті - тегіс, жіңішке, әжім тәріздес, немесе қатпарлы, немесе бархыт сияқты (штамдық айырмашылығына және өсу жағдайына байланысты) болады.

    Негізгі клиникалық коріністері. Ақ пьедра - негізінде тропикалық аймақтың тұрғындарында кездесетін ауру. Саңырауқұлақ шаш талшықтарының инфекциясын қоздырады, оларда көптеген ақ- сары тұсті жұмсақтұйіндер пайда болады, шаш ішінде оваль пішінді артроспоралар табылады. Сирек жағдайда онихомикоз тіркеледі. Диссеминирленген инфекция дамыған жағдайлар тіркелген, әдетте ол иммундық тапшылыққа шалдыққан адамдарда (қанның қатерлі аурулары, күйікке шалдығу, орган алмастыру) өліммен аяқталады.

    Қара теміреткі (Ехophiala wernekii) және қара пьедра (Рiedraia hortae) қоздырғыштары

    Оқулықтарда, медициналық әдебиеттерде (соның ішінде «Патогенді шартты-патогенді саңы- рауқұлақтар анықтауышында» 2001) аталған ауру қоздырғыштарының микроморфологиясы, дақылдық қасиеттері, қоздыратын аурулардың клиникалық симптомдары т.б. бойынша әртұрлі ұстанымдар бар, немесе мәліметтер мұлдем жоқ. Сондықтан, біз тек қана қара теміреткі және қара пьедра ауруының қоздырғыштарының атауларын келтірумен шектелдік. Және де бұл аурулар тропикалық аймақтарда кездеседі, әрі зертханалық диагноз қою, емдеу және алдын алу принциптері басқа микоздар кезіндегідей.

    Дерматомикоздардың қоздыргыштары

    Әпидермофития қоздырғыштары өте жұқпалы келесі ауруларды қоздырады: трихофития, микроспория, таз (фавус), руброфития, әпидермофитияны. Дерматомикоз қоздырғыштары шаш талшықтарының ішінде, эпидермис жасушаларында өсіп-өніп, кератинді бұзады да тері және оның тері беткейініңжарақаттануы, құрамында кератиннің көп мөлшерде болуы, тезтерлеушілік, терініңбаздануы, эпителияның баяу тұлеуі әсер етеді (1-кесте).

    Кесте1.

    Адамдарға патогенді дерматофиттер

    Микоздар

    Дерматофиттер

    Саныраукұлактардын тұрлері

    Инфекция көзі (резервуалды)

    Микроспория

    Антропофильдылар

    Мicrosporum audouinii Microsporum ferrugineum

    Адамдар

    Зоофильдылар

    Місгоsporum canis Microsporum gallinae

    Мысықтар. иттер, ұй құстары

    Геофильдылар

    Місгозрогum соокіе Місгозроrum gурsеиm Місгозрогиm fulvum Місгозроrum nanum

    Топырақ

    Трихофития

    Антропофильділер

    Тгісһорһуtоn tоnsuгаnз Тгісһорһуtоп violaseum

    Адамдар

    Зоофильділер

    Тгісһорһуtоп verrucosum

    Ірі қара мал

    Тгісһорһуton equinum Тгісһорһуtоп mentagrophytes var mentagrophytes

    Жылқылар Кеміргіштер

    Аяқ басының, тшрнактың, эпидер- мі фитиясы (о іихомикоз) шап. тырнақ

    эпидермофитиясы (онихомикоз)

    Антропофильділер

    Тгісһорһуtоп mentagrophytes vаг. Interdigitale

    Адамдар

    Еруdermophyton floccosum

    Аяқ басының және т.б. рубофитиясы

    Антропофильділер

    Тгісһорһуton rubrum

    Таз (фавус-парша)

    Антропофильділер

    Тгісһорһуton schocnleinii

    Мұндай аурулар дұние жұзінің барлық аудандарында кең таралған. Қоздырғыш су бассейндерінде, моншада, шаштаразда тұрмыстық заттар (сүлгі, тарақ, аяқ киім, жөке және т.б.) арқылы жұғады. Саңыраукұлақтардың ауру немесе ауру белгісі жоқ тасымалдаушы жануарлардан жұққан жағдайда пайда болатын кеселдің ұлесі өте жоғары.

    Эпидемиологиялық маңыздылығына қарай дерматомикоз қоздырғыштарын 3 топқа бөледі:

    Антрофильділер - адамдардың паразиттері, инфекция көзі - ауру адам. Кейде симптомсыз тасымалдаушылар да инфекция көзі болуы ықтимал.

    Зоофильділер - жануарлардың паразиттері, инфекция көзі - жануарлар (мысық, ит, ірі қара мал, жылқы, қой, шошқа, үй құстары, кеміргіштер және маймылдар).

    Геофильділер - топырақта сақталады, саңырауқұлақтармен ластанған топырақпен жанасқанда жұғады. Бұл саңырауқұлақтар, әрине, жануарлардың жұнінен, терісінен, өлігінен топыраққа тұсіп, ұзақ уақыт сақталады.

    Микроспория қоздырғыштары

    Микроспория қоздырғыштары - Місгоsporum туыстастығына жататын саңырауқұлақтар. Микроспорумдардың 20-дан астас тұрлері бар, олардың 11 адамдар ұшін патогенді. Ең көп таралған қоздырғыш М. саnis болып табылады, ол 70-80% жағдайда мысықгардан (сирек жағдайда иттерден) жұғады. Екінші кезекте эпидемиологиялық қауіп туғызатыны- М. Ғегrugineum, ол микроспорияға шалдыққан науқастардан (3-10% жағдайда) беріледі. Сонымен, жиірек кездесетіндері: М. саnis, М. Ғеггugineum, М. аudouinii 1- кесте).

    Міcrosporum canis - зооантропофил

    Микроморфологиясы. Гифалары септаланған тұссіз, көптеген микрони-диялары бар, олардың жоғарғы шетіндегі конидиясы әдетте иілген пішінді. Мицелиялары бамбук тәріздес; хламидоспоралары және алмұрт немесе тұйреуіш пішінді микроконидиялары сирек кездеседі (42- сурет).

    Дақылдық қасиеті. Картофельді немесе картофельді-декстрозды агарда колониялары әдетте ұлпілдек ақ, сұр тұсті, кейде шеңбер типті жолақтармен сарғыш-қызғылт тұсті болып келеді. Колонияны теріс жағынан қарағанда сары тұсті болады (кейбір штамдарда пигментациялану дамымайды).

    Місrosporum ferrugineum - антропофил.

    Микроморфологиясы. Мицеллиясы бұтақталған, сирек жағдайда септаланған, кейде жетілген дақылдарда тарақ пішіндес хламидоспоралары болады. Макроконидиялары және микроконодиялары жоқ (43- сурет).

    Дақылдық қасиеті. Колониялары полиморфты, тері тәріздес, радиальды қатпарланған, шамалы кұмбез пішінді. Колонияның астыңғы жағы қоңыр - сарғыш тұсті болады.

    Міcrosopum audouinii - антропофил (бұрқетпе тұрде жиі таралды).

    Микроморфологиясы. Гифалары септаланған, тұссіз. Сирек жағдайда макро- және микроконидилар тұзеді. Макроконидиялары - көлденең перделі және тікенекшелері бар, ұршық пішінді. Көбінесе интеркалярлы (гифа ішінде), немесе терминалды хламидоспоралары бар тарақ тәріздес және стерильді гифалар кездеседі.

    Дақылдық қасиеті. Картофельді немесе, картофельді- декстрозды агарда колониялары жайпақ, барқыт сияқты ұлпілденген, ақшыл-сұр немесе сары-қоңырлау тұсті. Колонияның астыңгы жагында п.тмент болмауы мұмкін, немесе бозғылт қызыл, сарғыш- қызыл немесе сары-қоңыр тұсті болады.

    Негізгі клиникалық көріністері. Инфекцияның жасырын кезеңі - 5-7 кұн. Бұл кезде саңырауқұ- лақтар протеиназалық, кератинлитикалық, липолитикалық белсенділігінің көмегімен эпидермиске енеді (бірақ бозальдық мембранадан өтіп кетпейді). Шартты тұрде микроспорияны бастың шашты бөлігі терісінің микозы және кеуденің, қол-аяқтың жатық терісінің микозы, клиникалық диагноз қою мұмкіндігі бар беткейлік және терең (ірінді - инфильтративті) микроспория деп бөледі. Зақымданған ошақтарда шаш қысқалап кесіп тастағандай ( қырықтық теміреткі) кұңгірт-сұр тұсті болады.

    Зақымданған ошақтатері сұрлау қабыршақпен жабылған, кейде асбесттәріздес тығыз қабыршақты ұлбірмен жабылады, оларды алып тастағанда шамалы қызарған жері ашылады. Зақымданган ірі ошақтардың айналасында майда ошақтар табылады. Науқастардың 5-7%- да микроспорияның тереңтұрлері дамуы мұмкін. Қазіргі кезде ірі ошақтар пайда болуы жиілеп кетті, ол тиімсіз ем-шаралар қолданумен және қосалқы аурулардың болуымен байланысты деп есептейді.

    Трихофития қоздырғыштары

    Трихофития қоздырғыштарыиа Тгіchophyton туыстастығындағы саңырауқұлақтар жатады. Трихофитондардың коптеғен тұрлері және варианттары бар, бірақ еңтаралғандары: антропофильді тұрлері

    • Т. verrucosum, Т. tonsurans және зоофильді тұрлері - Т. verrucosum (ірі қара мал), Т.equinum (жылқылар), Т. mentagrophytes, var mentagrophytes (кемірғіштер). Ауру өте жұқпалы. Ол әсіресе ауылдық жерлерде ветеринарлардың, мал шаруашылығы жұмыскерлерінің арасында кең таралған; ал қалаларда - көбінесе мысықтардан жұғу байқалады.

    Тгіchophyton tonsurans- бұл саңырауқұлақтың тұрлік атауының кқөптеғен синонимдері бар.

    Микроморфологиясы. Гифалары тұссіз, септаланған, бірнеше рет бұтақшаланған, әртұрлі пішінді (шар, тамшы, тұйреуіш тәрізді), бірнеше микроконидиялары болады. Көлденең пердесі көп, өте ірі кейде иілғен макроконидиялары сирек кездеседі. Хламидоспорасы - өте көп болады.

    Дақылдық қасиеті. Колониялары ұн сияқты, кейде майда дәнді; ақшыл, сарғыш-қоңыр тұсті, астыңғы жағынан қарағанда сарғыш-қоңыр тұстен қызыл тұске дейін пиғменттелғен.

    Тгісһорhyton violaceum

    Микроморфологиясы. Өсу фазасына қарай миңелияларының құрылысы және боялу тұсі әртұрлі болады. Алғышқыда миңелиялар жұқа, теғіс, септаланған. Макро- және микроконидиялары жоқ. Кейіннен айналмалы бұтақшаланған тұрге ауысады, хламидоспоралары болады, реңі әртұрлі сия көк тұске боялады .

    Дақылдық қасиеті. Колониялары - сия көк (фиолетовый) тұсті, тері сияқты, бұқырмалы, ақшыл радиальды қатпарланған, ұлпілдеген жерлері болады. Сабуро агарында баяу өседі. Колонияның астындағы агар өте сирек жағдайда пигменттеледі.

    Тгісһophyton mentagrophytes

    Трихофитондардың бұл тұрінің екі вариантын ажыратады.

    Антропофильділер - Т.mentagrophytes var interdigitale (аяқтың және тырнақтың созылмалы микозы

    • эпидермофитияның ең жиі қоздырғышы болып табылады).

    Зоофильділер-Т. mentagrophytes(аяқбасының,терінің, бастыңшаштыжерінің, сақалдың, тырнақтың ауыр микозға ұшыраған кезінде табылады).

    Микроморфологиясы. Гифалары септаланған, тұссіз. Гифаларда байлам немесе жұзім тәрізді шогырланып орналасқан шар тәрізді көптеген микроконидиялары бар; кейде спиральды гифалар пайда болады. Сирек жағдайда жасушасының жоғарғы жағы жұмырланған, көптеген колденең перделері бар тұйреуіш тәрізді макроконидияларды байқауға болады.

    Дақылдық қасиеті. Сабуро ортасында және картофельді агарда колония-лары ұнтақшадан дәнді тұрге дейін болады: антропофильділерде-ақ ұнтақ, жұмсақ; зоофильділерде - сарғыш-қызыл тұсті. Колонияның астыңғы жағы сары тұстен қоңыр, қызыл тұске дейін пигменттелген, пигментаңия болмауы да мұмкін.

    Тгіchophyton rubrum- аяқ басы мен тырнақтардың трихофитиясын (руброфитиясын) қоздырады. Жиі жaтдайда терінің созылмалы инфекңиясын қоздырады. АҚШ-та Т. rubrum- ды адамдардың дерматоmикоздарының негізгі қоздырғышы деп санайды.

    Микроморфологиясы. Гифалары тұссіз,септаланған, гифаларда жағалай («масақ») тәрізді орналасқан тұйреуіш пішінді микроконидиялары болады. Макроконидиялары өте ірі, сигар пішінді, септаланған. Хламидоспоралар, артроспоралар сирек кездеседі, бірақ пайда болган жағдайда олар өте ауқымды жинақталады.

    Дақылдық қасиеті. Колониялары әртүрлі болады, көбінесе ақтүсті үлпілдеген, колонияның астыңғы жағы қызыл шарап түсті пигменттелген. Штамдарына байланысты пигмент әртүрлі болады (сары, қызгылт, қызғылт- қоңыр, көкшіл), кейде пигменті жоқ. Жетілген колонияның беткейі қабырғалы болып келеді.

    Trichophyton schoenleinii негізінде балаларда терінің, шаштың (таз -фавус), тырнақтың созылмалы микозын қоздырады,буындарда, сүйекте инфекцняның лuмфогенді тәсілмен дамуымен сипатталады. Осындай саңырауқұлақтар демациялық топқа жатады, яғни олар меланин түзеді, сондықтан олардың жасушалық қабырғасы және колониялары қара қоңыр түсті болады.

    Споротрихиоз қоздырғышы-Sporothrix schenckii

    Споротрихоз Шенк ауруы деп аталады. Оның қоздырғышы диморфты саңырауқұлақ Sporothrix schenckii кең таралған. Көбінесе жұмысы топырақпен, ғұл өсірумен (раушан тікенекшелерімен зақымдану кезінде) айналысатын ауыл шаруашылық жұмыскерлер ауырады. АҚШ -тың 15 штатында (1988 ж.) сфангалық мұкпен байланысты бұрқетпе тіркелген. Sporothichum schenckii дің бұрын бірнеше атаулары болды- Sporotrichum tropicale Sporotrichum indicumт.б.

    Микроморфологиясы. Споротрихтың таза дақылының микроскопиялық сипаты өсу жагдайы мен сатысына байланысты болады. Мицелиялық сатыда гифалары тұссіз жалпақтау, септаланған және бұтақталған. Конидия ұстаушылары жіңішке, гифадан тура бұрышты бағытта пайда болады. Конидиялары екі типті:тұссіз, конидия ұстаушыда топтасып орналасады (гұл топшасы сияқты) және қалың қабырғалы қоңыр тұсті, тікелей гифаларда орналасады. Ашытқылық сатысы-дөңгелек немесе жұмыртқа пішінді, бұршіктері бар ашытқы жасушалары массасының пайда болуымен сипатталады.

    Дақылдық қасиеті. S schenckii диморфты саңырауқұлақ. Тыгыз орталарда (Сабуро, картофельді орталар) өсіп өнудің екі сатысы өтеді; мицелиялық және ашытқылық.

    Мицелиялық сатысы кезінде колониялары алғашқыда қоңырлау тұсті, 1-2 аптадан кейін қоңыр қара тұсті; беткейі жұқа қатпарланған, ылғалды. Біріншілік себіндіде ауалы мицелиялар болмайды. Ашытқылы сатысында жұрек ми тіндерінен дайындалған 5% -ды қанды агарда колонияларының беткейі ақ немесе ақшыл қоңырлау тұсті болады.

    Негізгі клиникалық көріністері. Аурудың кең таралған тұріне созылмалы терілік немесе жарқаттанған жерде біріншілік зақымдану ошағы пайда болатын тері астылық микоз жатады. Осындай ошақтардан саңырауқұлақ лимфогенді жолмен таралып организмге кең жайылып (15-20 % жағдайда) висцеральды споротрихоз қоздырады. Біріншілік өкпе споротрихозы дамуы мұмкін. Зақымданған жерлер қатайған, ауырмайды,қатайған жерлер ашық жараға айналуы ықтимал.

    Хромобластомикоз қоздырғышы

    Хромобластомикоз (хромомикоз, веррукозды дерматит, Педрозо ауруы) терінің және тері асты шелмайының (әдетте аяқтың) созылмалы грануломатозды микозы.

    Қоздырғыштары-Fonsecaea pedrosoi және Ғоnсесаеа соmракtа диморфты саңырауқұлақтар деп есептеледі. Қоздырғыштарының қатарына Сladophialophora Rhinosladediella, туыстарына жататын саңыраукұпақтар да енген болатын. Дегенмен, олардың Ғоncecaea туыстастығынан едәуір морфологиялық айырмашылығы бар, сондықтен оларды қоздырғыш ретінде тарихи тұрғыдан қарайды. Рһіаlорһога vеггисоsа- демациялық саңырауқұлақ, Жапония және Оңтұстік Америкада хромобластомикоздың негізгі қоздырғышы болып табылады.

    Микроморфологиясы. Ғ.реdгоsоі саңырауқұлағы ең жиі бөлініп алынатын қоздырғыш. Гифалары қоңыр тұсті, септаланған. Ашытқылық сатысы болмайды. Конидия ұстаушыларының вегетативті гифалардан айырмашылығы шамалы ғана болады.Конидияұстаушының ұшында алдымен 2 «тісшелер» біріншілік споралар, ал олардан қосымша екіншілік споралар пайда болады (конидиялар), нәтижесінде кұрделі конидиялық басы тұзіледі. Колонияның тізбекшелері пайда болуы мұмкін.

    Дақылдық қасиеті. Картофельдік агада, Сабуро ортасында колониялары баяу өседі. 5-10- тәулікте майда сұрлау колониялар пайда болады; 10-15-тәулікте олар көкшіл - сұр тұсті ұлпілденген колонияға айналады.Жетілген колониялары (21-30-тәуліктен кейін)- қара-қоңыр немесе қаратұсті. Колониялар асты - қара пигменттелген.

    Негізгі клиникалық көріністері. Хромобластимикоз ауруы жер шарының кез келген өңірінде кездеседі, дегенмен,бұл ауру тропикалық, субтропикалық аймақтарда жиірек тіркеледі. Әдетте аяқ- қол терілері зақымданады, бірақ зақымдану ошақтары бетте, кеудеде, қарында, ішкі ағзаларда да болуы мұмкін. Біріншілік ошақ (қоздыргыштың енген жері) - ол терідегі қызарған тұсті қайызғақтанған төмпешік (тұйін). Айлар, жылдар өткеннен кейін онымен қатар осындай ауырмайтын тұйіндер пайда болуы ықтимал,сондықтан зақымданған ошақ тұсті қырық қабат (капуста) сияқты көрініс береді. Хромобластомикоздың 5 клиникалық тұрлерін ажыратады: тұйіндік, ісіктік, веррукозды дерматит, таңдақтық және тыртықтық. Зақымданған ошақтың мөлшері ұлғайып 10-20 см-ге жетеді (бұткіл тізені немесе өкшені қамтиды). Өте ауыр жағдайларда кұпсектік (слоновость) дамиды. Кейде зақымдану ошағы организмнің басқа жерлеріне ауысуы ықтимал.

    Мицетома қоздыргыштары

    Мицетома (мадуралық аяқ, мадуромикоз) - барық елдерде, әсіресе тропикалық, субтропикалық аймақта кездесетін созылмалы инфекция. Клиникалық көрінісі бойынша хромомикозға ұқсас.

    Әртұрлі зерттеушілер және әр кезде мицетома қоздырғышына саңырау-құлақтардың бірнеше туыстастығын жәнетұрлерін жатқызған. Сондықтан, осы кезге дейін қазіргі заманғы оқулықтар мен оқу құралдарында осы мәселе бойынша бірегейлі көзқарас қалыптасқан жоқ. Және де саңырауқұпақтармен қатар мицетоманы актиномиоциттер, нокардиялар, стафилококтар, ішек таяқшасы ж.т.б. бактериялар қоздырады деп есептейді. Сондықтан мицетома қоздырғышын анықтауда арнайы микологиялық зертхананың (Д.Саттон, А.Фотергилл, М.Ринальди, 2001, «Патогенді және шартты патогенді саңырауқұлақтар анықтауышында», С.S.Нооg, J.Gиагго, М.J Ғиgпеггаs. 2001, «клиникалық саңырау- құлақтар атласында» баяндалған) мәліметтері негізге алынды.Мицетоманың негізгі қоздырғышы - көгерткіш саңырауқұлақ Рsеudоаllаsсһегіа Ьоуdіі (Ехсорһіаla jeanselmei, Рһіаlophora сгуаnеsсеns т.б. деп те атайды).

    Микроморфологиясы. Гифалары тұссіз,септаланған.Қарапайым немесе бұтақталған конидияұс- таушылардың ұшында төменгі жағы жіңішкерленген микроконидиялар пайда болады, және де олар гифадан тікелей шығыптұрады. Р.bоуdіі -дың көбеюініңжыныстық сатысы клейстотециялары (споралар ұшін ірі «қапшықгар») болуымен сипатталады. Жетілген кезде (кртофельді- декстрозды, жұгерілі агарда 2-3 аптадан кейін) клейстотециялар жарылады да көптеген қоңыр тұсті әллипс пішінді аскоспоралар босанып шығады. Осындай жағдайда Рbоуdiі- ді Аsрегgillus- тан ажыратып анықтау өте қиын.

    Дақылдық қасиеті. Колониялары алғашқыда ақ тұсті, кейінірек мақта тәріздес қою сұр тұсті болады.

    Негізгі клиникалық коріністері. Қоздырғыш шіріген өсімдіктерден, топырақтан, сарқын сулардан жұғып зақымданған тері арқылы организмге енеді. Кобінесе аяқ басы зардаптанады. Шектелген ісіну немесе жылан көз (свищ) дамыған көптеген ірің қалталар пайда болумен сипатталады. Ерекше ауыр жағдайларда бұлшықеттер, шандырлар, сұйектер зақымдану процесіне шалдығады. Микоздың бұл тұріне бактериялық инфекция қосылып әртұрлі асқынулар беруі мұмкін.

    Кейде Р.bоуdіі тыныс алу жолдары арқылы өкпеге тұседі, мұндай жағдай көбінесе суға батып кетіп, аман қалғандардың өкпесінде байқалады. Сирек жағдайда бас мидың абсцессасы, менингит дамуы мұмкін.

    Феогифомикоз қоздыргышы

    Феогифомикоз- қоздырғышы демациялық саңырауқұлақтардың әртұрлі туыстастықтары (тұрлері) болып табылатын инфекция. Мұндай уққабілетгілігі болып табылады. Бұл пигмент саңырауқұлақтың гифаларын,колонияларын қара-қоңыр тұске бояйды. Демациялық микоздар тобына феогифомикоздан баска хромобластомикоз, мицетома кіреді. Сонымен қатар бірнеше саңырауқұлақтар (Рһіаlорһога, Ехsорһіаіа, Сlаdорһіаlорһога, Сuгvіlагіа, Рһоmа т.б.) осы 3 микоздың бәріне қатысы бар деп санайды .

    Рһіаlорһога гереп

    Бұл саңырауқұлақ адамдарда болатын теріастылық феогнфомикоздың негізгі қоздырғышы ретінде саналады. Бұл саңырауқұлақ кең таралган. Табиғи жагдайда агаш қалдықтарында, шіріген өсімдіктерде кездеседі; бөренелердің, агаштық құрылыс заттардың көгеруін қоздырады.

    Микроморфологиясы. Гифалары септаланган, алгашқыда- тұссіз, кейіннен қою- қоңыр тұсті; тегіс, будалар тұзеді. Фиалидалары (конидиогенді жасуша) жұқа жага сияқты; көбінесе гифасы бірге бұрама жасайды. Конидиялары бір жасушалы, тұссіз.

    Дақылдық қасиеті. Колониялары алгашқыда ақ,ылгалды; кейіннен сұр тұсті мицелиялар будасы бар, саргыш-қоңыр, қою қоңыр тұсті болады. Колониялардың астыңгы жагы қара тұсті пигменттелген.

    Рһаlophora richardsiae

    Бұл саңырауқұлақ кең таралган, шіріген агаштарда , топырақтарда жиналады.

    Микроморфологиясы. Гифалары септаланган, тұссіз, кейде қоңырлау тұсті. Фиалидалары және конидиялары екі типті болады:1) септаланган, тұссіз; 2) қою - қоңыр тұсті, жіңішке, кейде септаланган, тыгыз қабатты, шар тәріздес.

    Дақылдық қасиеті. Колониялары әртұрлі болып келеді- жұн тәріздес, барқытша, ұнтақшатәріздес; сұр- қоңыр, қоңыр тұсті. Колонияның астыңгы жагынан қараганда қоңыр тұсті пигменттелген.

    Негізгі клиникалық көріністері. Жарақатқа топырақтан, шіріген агаштан саңырауқұлақ тұскенде теріде ауырмайтынтыгыз ісік пайда болады, ол кейіннен некрозгаұшырап теріастылық абсцеске айналады. Жарақаттану нәтижесінде кобінесе кисталар дамиды, ол іріндеп кетуі мұмкін. Зақымданган тіндерде, ірінді бөлінділерде гифалар шог.ыры (агрегатты), қоңыр тұсті ашытқы тәріздес жасушалар табылады.

    Терең жүйелік микоздардың қоздыргыштары.

    Терең микоздар тобындагы аурулар көбінесе аса қауіпті инфекцияларга жатады. Оларды эндемиялық табиги- ошақты аурулар ретінде қарастырады. Мұндай инфекциялар Оңтұстік және Солтұстік Америкада, Оңтұстік-Шыгыс Азия елдерінде, Ұндістанда, Африкада кең таралган. Соңгы жылдары АИВ- инфицир- ленгендер саны көбейіп, иммундық тапшылық жиі тіркеле бастауына байланысты дұние жұзінің басқа да елдерінде жұйелі микозбен науқастанушылық кездесе бастады.

    Терең микоздардың қоздыргыштары- Ніstoplasma, Вlаstоmусеs, Соссіdіоіdеs, Рагасоссіdіоіdез, Сгурtососсиз, Еmmоnsіа туыстастықтарына жататын диморфты саңырауқұлақтар. Терең микоздар сапроноздарга жатады. Инфекция көзі- құстардың, жарганаттардың саңгырықтарымен (помет), шіріген органикалық субстраттармен ластанган әндемиялық өңірлердің топырагы. Саңырауқұлақтардың жұқпалы мицелиялық тұрінің берілу механизмі- аәрогенді, берілу жолы- ауалы- шанды. Ауру адам жұқпалы емес (айналасындагыларга қауіпті емес), инфекция көзі бола алмайды. Әндемиялық аймақтыңтұргындарының көпшілігі жеңіл, симптомсыз тұрде ауруды басынан кешіреді. Мысалы, АҚШ-тың шыгыс және орталық штаттарында гистоплазминмен қойылган сынама тұргындардың 80%- да оң нәтижелі болганы осы жагдайды дәлелдейді. Бұл инфекцияга жаппай қабылдаушылық бар деп есептеледі.

    Гистаплазмоз қоздырғышы.

    Гистаплазмоз (Дарлинг ауруы) қоздыргышы - Ніstoplasma сарsulatum(47- сурет). Бұл саңырау- құпақтың екі вариантын ажыратады: Н. сарsulatum vаг сарsulatum және саpsulatum vаг duboisii (соңгысы тек қана экваторлық Африка аймагында кездеседі). Екі вариантының да бөлініп алынган таза дақылының морфологиялық қасиеттері бойынша бір-бірінен айырмашылыгы жоқ. Дегенмен сapsulatum vаг dиЬоіsіі варианты науқастан алынган тіндерде 3-4 есе ірілеу болады, жасушалық қабаты қалыңцау, бұршіктену кезінде пайда болатын көлденең перде қатқылдау болады.

    Микроморфологиясы. Гифалары түссіз, септаланғаи. Конидия ұстау-шылары- қысқа. Конидиялары екі типті: микроконидиялары - майда, қабаттары тегіс немесе бұдырлау; макроконидиялары- ірі (микроконидияларға қарағанда 4-6 есе ірілеу), қабаты қалың бұдырлау болады. Макроконидиялар плазмодияларға ұқсас (әсіресе гистоциттарда жасуша ішінде орналасқанда). Сондықтан Дарлинг оларды гистоплазмалар деп атаған.Ашытқылық фазасы қабаты қалың полярлық бұршіктенуі бар, оваль және дөңгелек пішінді жасушалардан тұрады.

    Дақылдык қасиеті. Колонияларының диморфизмділігі температуралық фактормен байланысты. Мицелиялық тұрі 25 °С-та ақ, ашық -қоңыр, мақта тәріздес колониялар түзіп өседі; астыңғы жағынан қарағанда пигменті сары немесе сарғыштау түсті. Өте баяу өседі.

    Ашытқылық түрі 37°С- та қоңыр, сұртүсті тегіс, кейде қатпарланған (әжімделген) колониялар түзеді.

    Негізгі клиникалық белгілері. Саңырауқұлақ мицелиялары адамға тыныс алу кезінде шаңмен тұседі. Өте жұқпалысы- микроконидиялар. Біріншілік ошақ өкпелерде қалыптасады. Ауру көбінесе озінше жазылып кетеді. Дегенмен, саңырауқұлақ организмде кең жайылып, тек қана өкпені емес, басқа да агзалар- ды (бауыр тіндерін, көк бауырды, теріні, шырышты қабаттарды) зақымдауы мұмкін. Асқазан- ішек жолда- рында, мида екіншілік ошақтар дамуы ықтимал. Диссеминирленген процесс имунды- тапшылық жағдайда және бірінші кезекте ЖИТС- ке шалдыққан науқастарда, қарттанған жасушаларда жиірек пайда болады.

    Н.сарsulatum -ның duboisii варианты сирек жағдайда өкпе ауруын қоздыратыны байқалған, бірақ бұл вариант терінің, сұйектің ошақты зақымдануы кезінде жиі кездеседі, диссеминирленген процесс өліммен аяқталады.

    Криптококкоз қоздырғышы

    Криптококкоз ауруы барлық жерде кездеседі, және де оның бірнеше атаулары бар: торулез, еуропалық бластомикоз, сахаромикоз, Буссе - Бушке ауруы. Өкпе, тері және ОЖЖ зақымданады. Қоздырғышы- Сгурtococcus пеоformans Cruptococcus туыстастығына жататын саңырауқұлақтан бұл инфекция қоздыр- ғышының негізгісі - С.пеоformans var neoformans (1аurentii, gгиЬіі, gаttі вариантының да маңызы бар екені байқалған).

    Микроморфологиясы. Бұл саңырауқұлақтың таза дақылының пішіні дөңгелек тәріздес, сирек жағдайда ірі бұршіктенген оваль пішіндісі кездеседі, ашытқылы жасушалар болып табылады. Қоздырғыштың ерекше қасиетіне ашытқылы жасушасының диаметрінен колденең мөлшері едәуір ұлкен мұғал капсуласы болуы тән. Полисахаридті капсула- криптококкоз қоздырғышы ұшін тек қана маркерлік құрылым емес, ол штамның вирулеттілік көрсеткіші, оның инвазиялық қабілеттілігі болып табылады. Капсула қоректік орталарда да, ағза тіндерінде де пайда болады .

    Дақылдық қасиеті. Криптококкоз қоздырғышы Сабуро ортасында жылдам өседі. Агар бетінде тегіс немесе әжімделген қою-қоңыр, сарғыш - қоңыр, қою сары колониялар тұзеді. Колониялардың полиморфизмділігі бір табақшаның бетінде байқалады. Капсулатұзу қабілеттілігі бар штамдар кілегейлі колониялар тұзеді.

    Негізгі клиникалық көрініістері. ЖИТС- ке шалдыққан науқастарда криптококкоз пайда болып, олардың арасында 80 % жағдайда криптококтық менингит дамитынына байланысты бұл ауру туралы көп мәлімет алынды. Негізгі жұғу жолы- ауалы- шанды.Тұрғындар арасында қабылдаушылық деңгейі төмен. Науқастың айналасындағыларға жұқпалық қаупі жоқ. Бұл микоздың жасырын кезеңі- бірнеше айдан бірнеше жылға дейін. Қоздырғыш жұққандардың көпшілігінде инфекция симптомсыз тұрде өтеді. Біріншілік зақымдану ошағы әдетге өкпеде дамиды. Көбінесе өзінше жазылып кету байқалады. Дегенмен процестің диссеминациялануы ауыр криптококты менингит дамуына әкеледі. Мұндай жағдай көбінесе иммунды - тапшылыққа шалдыққан адамдарда дамиды.

    Кокцидиоидоз қоздырғышы

    Кокцидиоидоз (кокцидиоидомикоз, Вернике - Посад ауруы) - сапроноз, конитагиозды емес жүйелі микоз. Қоздырғышы - диморфты саңырауқұлақ Соссіdioides immitis. Қоздырғыш резервуары -АҚШ, Мексиканыц шөл далалы аудандарыныц сілтілі топырағы, сол жер ұшін бұл сацырауқұлақ эндемиялық болып келеді.

    Мицелиялық тұрі - сапрофит ( дақылдық); ашытқы тәріздес тұрі - паразит (тіндік тұр). Микоздар қоздырғыштарының арасында Соссіdioides immitis ең вирулентісі болып есептеледі. Бұл саңырауқұлақтардың вирулентілігі мицелиялық тұрінің артроспора тұзуінің ұдемелілігімен байланысты, оның жұқпалы дозасы небәрі 1-ден 10 артроспорага дейін.

    Микроморфологиясы. Мицелиялық тұрінің гифалары жұқа, септаланған, тұссіз. Бұйір жағындағы қалындау бөшке тәріздес немесе тура бұрышты артроконидияларға (атап айтқанда олар жоғары вирулентті) бастама береді. Адам организміне тұскенде артроспоралар сферулаларға (қалың қабаты бар шар тәрізді жасушалар, іші дөңгелекше майда дәнді эндоспоралармен толған) айналады. Осындай сферуланы сұйық ортада (1°= 37°С, ауа құрамында С02 концентрациясы жоғары) артроспораларды өсіргенде алуға болады. Адам организмінде эндоспоралар толған сферула жарылғанда эндоспоралар бұткіл организмге таралады да, қайтадан сферулалар пайда болудың нәтижесінде (эндоспоралар) ағза тіндерінде патологиялық процестер қоздырады.

    Дақылдық қасиеті. Картофельді агарда колониялары ақ, кейде сарғыш-қоңыр, қызғылт тұсті болады, беткейі қара - қошқыл тегіс немесе ұлпілдек. Артроспорасы бар ұнтақша тәріздес колониялар 4- 15 кұндерде өседі. Ашытқы тәріздес колониялары - тері сияқты, қатпарланған, ауалық мицелиялары болмайды.

    Негізгі клиникалық көріністері. Қоздырғыш аэрогенді жолмен жұққанннан кейін 1-6 аптадан соң біріншілік инфекция дамиды. Инфекция көбінесе симптомсыз тұрде отеді (60-70%). Кейбір адамдарда тұмау сияқты көрініс бербді-жоғары тыныс алу жолдары, өкпесі зақымданады. 2-3 аптадан кейін сауығып кетеді. Қоздырғыш гематогенді жолмен таралғанда науқастардың 1%-да екіншілік зақымдану ошақтары (өкпеде, плеврада, сұйектерде, эндокардта, бас миында және басқа ағзалар мен тіндерде) дамуы мұмкін. Мұндай зақымданулар бұзылыс туғызатын созылмалы процесс сипатына ие болады. Оларды ұзақ мерзімге созылатын туберкулез ағымымен салыстырады. Инфекцияның бұл тұрін кокцидиоидты гранулема деп атайды. Ем шаралары қолданбаған жағдайда өліммен аяқталады. Екіншілік кокцидиоидоз әдетте ұш белгімен (триада) сипатталады:

    -созылмалы, ондаған жылдар бойы ремиссия асқынулармен алмасып отырады;

    -қабыну ошағы терімен жылан көз (свищ) арқылы байланысқан;

    -патологиялық материалда сферуллалар табылады.

    Бластомикоз қоздырғышы

    Бластомикоз (Д жилкрайст ауруы, солтұстік америкалық бластомикоз) - сапроноз, қоздырғышы диморфты саңырауқұлақ – Вlastomyces dermatitidis. Саңырауқұлақтың табиғи мекендейтін ортасы АҚШ-тың, Канада, Латын Америкасы, Азия, Африканың эндемиялық аймақтарының топырағы болып табылады.

    Антигендік құрамы бойынша бұл саңырауқұлақты А және В серологиялық варианттарға бөледі (А сероварының таралуы басымырақ).

    Микроморфологиясы. Мицелиялық сатысында гифалары тұссіз, септаланған. Бұйірлік конидиялары қысқа; оваль және гантель пішінді, беті тегіс, жеке-жеке орналасады. Конидия ұстаушылары қысқа. Ашытқылық сатысында жасуша-лары сфера, оваль пішінді, ірі, айқын сыртқы қабатпен қоршалған. Бұршіктерінің тірегі кеңдеу, аналық және ұрпақтық жасушалар бір-бірімен байланысқан.

    Дақылдық қасиеті. Мицелиялық сатысында колониялары ақ, сарғыш-қоңыр түсті, ауалық мицеллиясының есебінен көбінесе үлпілдек болады. Ашытқылық сатысында (жүрек-милы агарда, 1°= 37°С) колониялары қою-қоңыр түсті, дәнше төмпешіктенген немесе әжімделген.

    Негізгі клиникалық көріністері. Қоздырғыш адамдарга конидияларды және олардың ашытқылық жасушаларға айналғандарын ауамен жұтқанда жұғады. Ашытқылық жасушалар өкпе бронхиоларының шырышасты қабаиына еніп, қабыну процесін қоздырады. Инфекцияның ұдей тұсуі қоздырғыштың әртұрлі ағзалар мен тіндерге кеңжайылуына байданысты атқарылады. Бұл процесс қатерлі ісіктер және туберкулез дамуын еске тұсіреді. Бластомикоз дамуына иммундық тапшылық, қанттық диабет әсер етеді. Диссимирленген тұрі жасырын кезеңінің ұзақ мерзімділігімен (бірнеше жыл) және созылмалы тұрде өтуімен сипатталады, соның салдарынан көбінесе өкпе, тері, сұйектер, несеп-жыныс жолдары, бұйрекұсті бездері зардаптанады.

    Оппортунистік микоздардың қоздырғыштары

    Оппортунистік деп аталатын микоздардың арнайы тобы 10-15 жыл бұрын анықтыла бастады. Өйткені шартты патогенді және сапрофитті саңырауқұлақтар қоздыратын микоздар жиірек тіркелетін болды. Осындай аурулардың дамуына тұрғындар арасында ғаламдық деңгейде иммунды тапшылық таралуы себепкер болды. Осындай жағдайдың қалыптасуына әртұрлі факторлар (ЖИТС, туберкулез, ауыр инфекциялар, қатерлі ісктер, эндокринді ауытқулар, ұзақ уақыт антибиотиктерді, цитостатиктерді, гормондарды қабылдау т.б.) әсерін тигізді. Оппортунистік инфекциялардың, соның ішінде микоздардың жиілеуі, әсіресе балалар мен қарттарда қорғаныс механизмінің тоқтаусыз нашарлап келе жатқанын көрсетеді. Осындай инфекциялардың қоздырғыштары Саndіdа, Аsрегgіllиs, Реnісіllіum, Ғusагіum, Мuсог т.б. туыстастықтарға жататын саңырауқұлақтар болып табылады. Кандидалар көбінесе эндогенді жолмен жұгады, өйткені бұл саңырауқұлақ адам организмінің қалыпты микрофлорасының факультативті өкіліне жатады. Басқа саңырауқұлақтар организмге топырақтан, судан, өсімдіктерден экзогенді тәсілмен тұсіп ауру қоздырады.

    Кандидоз қоздырғыштары

    Кандида саңырауқұлақтары топырақта, суда, өсімдіктерде мекендейтін оте кең таралған микроорганизмдердің бірі болып табылады. Және де олар дені сау адамдардың организміндегі көптеген экоқуыстарында тұрақты мекендейді (теріде, ішек жолында, ауыз-жұтқыншақта, қынапта т.б.). Әр тұрлі жануарларда кандида тасымалдаушылық кең таралған. Қазіргі кездегі классификация бойынша кандида туыстастығының шамамен 150 тұрлері (варианттары) тіркелген. Дегенмен саңырауқұлақтардың токсономиялық өзара қатынасы соңына дейін анықталмаған, дәл есепке алынбаған. Қатарынан бірнеше жіктемесі (классификациясы) ұсынылып келеді, мұндай жағдайдың тәжірибелік медицинаға пайдасы жоқ. Медициналық маңызы барына Саndida albicans жатады. Кандиданың бұл тұрі ең патогенді және оппортунистік микоздардың ең кең таралған қоздырғышы деп саналады. Соңғы 10-15 жылда кез келген стационарда, әсіресе онкологиялық, хирургиялық, гинеколгиялық, гематологиялық, т.б. бөлімшелерде, яғнй айқын иммунды тапшылыққа шалдығу қаупі бар аурулар шогырланатын мекемелерде госпитальды кондидозды инфекциялар ұдемелі жиілікпен тіркеле бастады. Осындай жағдайлар ауруханалық құралдардың, аппараттардың, қызметкерлер қолыныңсаңырауқұлақтармен контаминациялануыныңжәне медициналық мекемелерде санитариялық-эпидемиологиялық ережелердің мұқият орындалмауының салдарынан кандидоздар пайда болуы экзогендік сипат алып отыр.

    С. аІЬісапз-тан басқа саңырауқұлақтардың С. Іtорісаlіs, С. kгusеі, С. guіllіегmоndіі, С. g1аbгаtа, С. Ііроlуtіса, С. Іusіtаnіае, С. рагаsіlоsіs, С. rugоsа, С. zеulоnоіdеs және 20-дан астам басқа да тұрлерінің медициналық маңызы бар екені анықталған (Осы тұрлердің көпшілігін Сапdіdа «nоn аІbісаns» (бұрын сирек кездесетін кандида тобы деп атаған) тобына жатқызады. Олар негізінде жыныссыз жолмен көбейеді (2- кесте).

    Кесте 2.

    Медициналық маңызы бар Сапіііііа туыстастығына жататын саңырауқұлақтардың

    микроморфологиялық ерекшеліктері

    Сапdіdа тұрлері

    Микроморфологиялык белгілері

    С. аІЬісапs

    Оваль пішінді бұршіктенген ашыткылык жасушалар. Псевдогифалары және/немесе бластоконидиялары бар (ара қашықтығын сактап гифалар бойымен орналаскан) бір буда тұріндегі септаланған гифалар. Бір ұшында (шетінде) хламидоспоралар тұзеді.

    С. gІаЬгаtа

    Өте ұсак овальды, бұршіктенген ашытқылы жасушалар тұзеді. Гифалар немесе псевдогифалар кұрмайды.

    С. gиіllіегmопdіі

    Бойшаң орналаскан бластоконидиялары бар, шамалы мөлшерде псевдогифалар тұзеді.

    С. кеfіг

    (С. рsеиdоtгорісаlіs)

    ¥зарган бластоконидиялары бар, жуан көбінесе қисықталған псевдогифалар

    С. krusеі

    Мол бұтақталған көптеген псевдогифалар. ¥зарган бластоконидиялар тұзуі мұмкін.

    С. Іаpolytica

    Көптеген псевдогифалар және ұзынша жасушалардың бұтақшаланған тізбекшелері

    С. Ііроlуtіса

    Көптеген псевдогифалар және олардың тармактарында өте сирек бластоконидиялар бар.

    С. Іиsіtапіае

    Бластоконидиялардың тізбекшелері сияқты сирек гифалар

    С. рагарsіlоsіs

    Кебінесе кисайған бірнеше тармақтары бар көптеген псевдогифалар. Олардың бойымен бластоконидиялардың бір будасы орналаскан.

    С. rugоза

    Бұтақшаланған көптеген псевдогифалар. Өте қысқа бір ұшында орналасқан овальды ашытқылық жасушалар

    С. Tгорісalіs

    Көптеген бұтақшаланған бластоконидиялары бар, гифалар бойымен бірен саран немесе тізбекше орналаскан псевдогифалар

    С. zеulопоіdеs

    ¥зына бойына біркелкі орналасқан бластоконидиялары бар, көптеген псевдогифалар.

    Микроморфологиясы. Таза дақылын микроскопта қарағанда кобінесе жалған гифалар және бластоконодиялар корінеді. Микроморфологиясын зертгеу ұшін әдетте Дальмау әдісін қолдана отырып Петри табақшасындағы жұгерілік агарда өсіруді пайдаланады(50,51- сурет).

    Дақылдық қасиеті. Кәдімгі Сабуро ортасында жақсы өседі. Өсу процесі 4-7 кұнге дейін созылады. Колониялары әдетте мөлдір емес, мөлшері орташа (С. lиsitаnіае, С. рагаsіlоsіs, С. tгорісаlіs-тікі-майда), ақ немесе қою-қоңыр тұсті, беткейі әдетте тегіс, ылғалды (С. кеfіг, С. kгusеі, С. lіроlуtіса-нікі-құрғақ, кұңгірттеу). Иісі- ашыған сұттің иісіндей.

    Негізгі клиникалық көріністері. Сапсіісіа туыстастығына жататын саңырауқұлақтар соңгы кезге дейін медициналық маңызы жоқ шартгы-патогенділерге жатқызылып келді. Сондықтан кандидалардың (жалпы алғандабарлықсаңырауқұлақтардың) патогенділік факторлары аз зерттеліп келді. Дегенмен, оппортунистік инфекциялардың, соның ішінде микоздардың, ғаламдық таралуын кұшейтетін факторлардың көбеюі, көптеген шартты-патогенді, тіпті сапрофитті микроорганизмдер тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретінін корсетті. Сапdіdа туыстастығына жататын саңырауқұлақтарға қатысты көзқарас өзгерді. Кандидоздардың этиологиялық агенті ретінде тек қана С. аlbісаns емес басқа да көптеген Сапdіdа «nоn аlbісаns» болатыны дәлелденді. Әртүрлі кандидоздардың саны едәуір көбейді. Клиникалық тұрғыдан «Беткейлік кандидоз» және «Терең кандидоз» деп бөледі. Беткейлік кандидоздарға кіреді: - ауыз қуысының кандидозы (ауыз ойылуы); -қынаптық кандидоз;

    Кесте 3.

    Саndida сацырауқұлақтарын клиникалық-экологиялық таралау

    Кандида тұрі

    Экология (кездеседі)

    Аурулар

    С. аlbісаns

    Адамдарда «теріде және шырышты қабаттарда) және жануарларда; гүлдерде, жапырақта, көкөністерде, топырақта, суда

    Тері, шаш, тырнак, ауыз қуысының, көз, қынаптың шырышты қабатының инфекциялары; висцеральды кандидоз: асқазан-ішек жолдарының, өкпенің, бұйректің, несеп-жыныс жұйесінің, зақымдануы,

    кандидемия,сепсис.

    С. g1аbгаtа

    Адамдарда, сұткоректілерде, кұстарда, жәндіктерде. Жеміс сіріндерінен бөлінген.

    Несеп шығар жолдарының, қынаптың шырышты қабатының созылмалы инфекциялары, сепсис. Ауруханаішідік инфекциялар.

    С. guіllіегmоndіі

    Адамдарда, сұтқоректілерде, жәндіктерде, өсімдіктерде, сыра ашыту өнімдерінде

    Тыныс алу жолдарынан, несептен, мидың абсцесінен, теріден, тырнақтан және сессис кезінде бөлінген

    С. кеfіг

    Сұт тағамдарында, дәндерде, адамдарда, сұткоректілерде

    Сирек жағдайда-сепсис, инвазиялық аурулар, несепшығар арнаның және құлақ инфекциялары.

    С. кгusеі

    Топыракта, ауада, сұт тағамдарында, адамдарда, сұтқоректілерде

    Сепсис және диссеминирленген инфекциялар (эндокардит, перитонит, уретрит, вагинит); балаларда-стоматит.

    С. lаmЬіса

    Сұт тағамдарында, жеміс сірнелерінде, суда, адамдарда, құстарда

    Қаннан, несептен, какырықтан табылған

    С. lіроlуtіса

    Адамдарда, сұтқоректілерде, дәндерде, мұнай өнімдерінде, зәйтұн жемісінде (маслина)

    Сепсис, тромбофлебит, созылмалы синусит

    С. lиsіtапіае

    Адамдарда, кұстарда, сұтқоректілерде, алмұртта, цитрустық жемістерде

    Сепсис (иммунды тапшылыққа шалдыққан ауруларда-қатерлі ісік, перитонит, несепшығар арна инфекциясы кезінде).

    С. Рагарsіlоsіs

    Адамдарда, сұтқоректілерде, суда, шәйде, жеміс сірнелерінде

    Сепсис (кұйікке шалдыкканда, эндокардитте)

    гиgоза

    Сұт өнімдерінде, нәжісте, теңіз суында, жәндіктерде

    Фунгелия (катетер пайдаланған кезде, кұйіктік жаракатта)

    С. Tгорісаlіs

    Адамдарда, сұтқоректілерде, суда, жемістерде

    Иммундык жұйесі әлсіреген адамдарда микоздар, сепсис, жарада, нәрестелерде сепсис, диссеминирленген инфекциялар.

    С. zеulопоіdеs

    Адамдарда, топырақта, балықта, етте, суда

    Сепсис, әндокардит, артрит, тері және тырнак инфекциялары.

    -тері кандидозы;

    -кандидалық паронихия және онихомикоз (тырнақ зақымдануы);

    -жаялықтық дерматит және сәбилер қатпарларының кандидозы;

    -терінің туа біткен кандидозы.

    Терең кандидозға кіреді:

    -асқазан-ішек жолының кандидозы;

    -бүйрек және несеп шығар жолдарыныңкандидозы;

    -бронхалар және өкпе кандидозы;

    -диссеминирленген (висцеральды) кандидоз (кандидемия, кандидалық септицемия, кандидалық флебиттер, кандидалық менингит т.б.). Емделмеген жағдайларда әдетте оліммен аяқталады. Сапdidа саңырауқұлақтарының клиникалық және экологиялық маңыздылығын уақтылы зерттеу оте қажет, ойткені жылдам диагноз қоюға, емдеу тәсілдерін тағайындауға және алдын алу шараларын жұргізуге мұмкіндік береді (3.- кесте)

    Аспергиллез қоздырғыштары

    Аsреrgillus көгерткіш саңырауқұлақтарының зерттелген 200-дей түрінің арасынан 10-нан астамы медициналық маңызы бар (4-кесте) Аспергиллез - сапронозды инфекция, қоздырғыш көзі (резервуары) - көбінесе топырақ, шіріген өсімдіктер, ұзақ сақталған дәнді дақылдар. Топырақтан, өсімдіктерден аспергиллалардың споралары адамдарға тыныс алу жолдары немесе жарақат арқылы тұседі. Науқастан дені сау адамдарға инфекция жұқпайды. Иммунды-тапшылық жағдайларда адамдарда әр тұрлі ағзалар мен жұйелердің инвазиялық зақымданулары дамуы мұмкін, өйткені саңырауқұлақтың кейбір тұрлерінің жоғары ангиоинвазиялық қабілеттілігі болады.

    Кесте 4.

    Аspergillus-тын тұрлері

    Экология (кездесетін жерлері)

    Қоздыратын аурулары

    А.сапdidus

    Тропикалык, субтропикалық аймактардың топырағында. Бидай, арпа, жұгері, кұріш, сорго дәндерінде; кұрғак макарондарда, спагеттиде, жаңгактарда.

    Онихомикоз, отомикоз, инвазиялық аспергиллез.

    А.flavipes

    Топыракта, шіріген өсімдіктерде. бұзылыска шалдыккан мактада.

    Остеомиелит, иммунды-тапшылықты балалардың терісін закымдау.

    А.flavus

    Топыракта, шіріген өсімдіктерде кен таралган.

    Отит, синусит, инвазиялык микоз; жогары ангиоинвазиялығына байланысты - некроз, инфаркт.

    А.fumigatus

    Топыракта. шіріген өсімдіктерде, ауада кең таралған. Космополитті.

    Адамдар мен жануарлардың коздырғышы. Аллергиялық аспергиллез (өкпеде, сұйек тінінде, жұректе, тамырларда. ОЖЖ-де, бұйректерде) қоздырады, әсіресе иммунды-тапшылық, туберкулез кезінде.

    А.glaucus

    Субтропиктагы топыракта, өсімдіктерде таралган.

    Сирек жағдайда - синусит, отит болуы ықгимал; бас-ми, окпе инфекциясы.

    А.nidulans

    Негізінде топыракта кең таралған.

    Адамдар мен жануарларда әртұрлі инфекциялар; созылмалы гранулематоз кезінде жұйелі микоздар.

    А.піger

    Топыракта, өсімдіктерде. тагамдык өнімдерде кең таралган.

    Аспергиллемалар, өкпе микоздары, бактериялык отиттер. Аллергнялық бронх-өкпелік аспергиллез.

    А restrictus

    Топыракта, шіріген өсімдіктерде кең таралған.

    Окпе зақымдануы, эндокардит, онихомикоз.

    Аsydowii

    Топырақта, шіріген өсімдіктерде кен таралған.

    Онихомикоз, инвазиялык аспергиллез, кератомикоз.

    А.terrus

    Тропикалык, субтропикалык аймактарда кең таралган; ұзак сакталған дәнді дакылдарда кездеседі.

    Аллергиялык бронх-окпелік аспергиллез, терілік және диссеменирленген микоздар. онихомикоздар.

    Аustus

    Тропикалық жане субтропикалық аймақгардың топырагында сирек кездеседі.

    Кұйікке шалдыкканда диссеменирленген инфекциялар, отит.

    А.versicolor

    Табиғаты суық аймактарда кең таралған.

    Инвазиялык аспергиллез, онихомикоз.

    Медициналық маңызы бар Аspergiilus туыстастығының экологиялық және клиникалық ерекшеліктері

    Соңғы жылдарда ЖИТС-тің соңғы сатысына шалдыққан, ағзалары алмастырылған, сүйек кемігі және бағаналы жасушалары т.б. трасплантацияланған адамдарда өте ауыр инвазиялық асперғиллез саны кұрт арта бастады. Ауруханаішілік окпе қабынуы жағдайлары да жиілей бастады (олардың 85%-да өкпе, кеңірдек, бронхалардың, мұрын қуыстарыныңт.б. пайда болады). Инвазиялықасперғиллезбен зардаптанған осындай жағдайлардан 95%-да диағноз өлімнен кейін анықталады.

    Микроморфологиясы Асперғиллюс мицелиялы саңырауқұлақ (ашытқылық фазасы болмайды). Гифалары тұссіз, септаланған. Конидиялары әдетте радиалды бағыттатізбектеліп орналасады (су құйғыш тамшылары сияқты).Конидия ұстаушылары көбінесе теғісқабатты, тұссіз немесе қоңыр тұсті. Метулалар және фиалидалармен комкерілғен жартылай шар, шар, шпатель, тұйреуіш шеті тәрізді қампиған көбіршектер тұзеді (олардың тұрлеріне қарай). Конидиялары - тұссіз немесе қоңыр, қара тұсті; беткейлері теғіс немесе бұдырлау; кейде шыны типтес дөңғелек жасушалар (саңырауқұлақтың тұріне байланысты).

    Дақылдық қасиеті Бірнеше тұрлерінің (асперғиллалардың) колонияларын сипаттау (5-кесте), олардың осу жылдамдығы, колонияларының тұсі, табанының (астыңғы жағының- реверзуласының) боялуы бойынша айырмашылығы болатынын көрсетеді. Кейбір тұрлері склероциялар - жасушалардың тығыз массасын (тыныштық сатысында), тұрлі-тұсті әкссудат тұзеді. Осындай белғілері микроморфолоғиясымен бірге саңырауқұлағыныңбіртұріне жатқызып ажырататын неғізғі сипаттамасы болыптабылады.

    Негізгі клиникалық көріністері Қазірғі кезде сапрофитті зең саңырауқұлақтары оппортунистік инфекциялар қоздыра бастауына байланысты, олар медиктердің коңіл аударатын мәселесіне айналып отыр. Мұндай саңырауқұлақтар иммундық тапшылыққа шалдыққан адамдардың арасында жиірек кездесе бастады. Осындай инфекциялардың ғаламдық таралуының болжамы - өте қолайсыз. Көбінесе өкпе асперғиллезі пайда болады, ал оның дамуына окпеде қуыстар болуы (туберкулез, бронхоэктаз, ісіктер, гистоплазмоз т.б. салдарынан) себепкер.

    Кесте 5.

    Түрлері

    Колонпяларының негізгі белгілері

    А.сапdidus

    Ұлпілдек/баркытша; сарғыштау тұсті. Склероциялары - кызғылт, кара-кошкыл.

    А.flavipes

    Ұлпілдек/дәнділі; кою коныр. кою-сары тұсті, табаны — сары-коңыр.

    А.flavus

    Ұлпілдек/макта тәріздес; сарғыш, жасыл көк тұсті. Склероциялары - кою коныр. Тұссіз немесе ашык коңыр экссудат тұзеді.

    А.fumigatus

    Ұлпілдек/макта тәріздес; тұтін сиякты, сұр-жасыл, акшыл-сарғыш, көкшіл-сұр тұсті (ескірген дакылда). Табаны - саргыш. Жылдам өседі.

    А.glaucus

    Сұрша-көгілдір, кою жасыл тұсті. Табаны - бозғылт-сары.

    А.nidulans

    Қою-жасыл, қызғылт-сары жерлері бар. Табаны - қара-кошкыл. Қоңыр- қарақошқыл экссудат тұзеді.

    А.niger

    Алғашқыда ақ тұсті, бірақ өнімді денешік тұзе басталғанда караяды. Табаны - бозғылт-сары. Жылдам өседі.

    А.геstrictus

    Өте баяу еседі. Қою-сарғыш, жасыл тұсті.

    А.sydowii

    Баяу өседі. Көкшіл-жасыл, көгілдір тұсті. Табаны - кызыл-қоныр. Экссудаты - қызыл-коңыр.

    А.terrus

    Дәнділі. Қою сары, сарғыш. Табаны - сары тұсті.

    А.versicolor

    Баяу өседі. Бозғылт-жасыл, көк-сарғыш, қызғылт-жасыл, қызғылт-сары-жасыл, кою жасыл тұсті. Табаны - боялмаған немесе кызғылттау.

    А.ustus

    Ак, сары, бұлыңғыр-сұр тұсті. Табаны - сарғыш-қоңыр. Экссудаты -тұссізден сарыға дейін.

    Аspergiillus саңырауқұлақтары колонияларының сипаттамасы

    Сирек кездесетін оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары

    Пенициллиоз қоздырғыштары

    Реnicillium туыстастығына жататын зең саңырауқұлақтары жер шарында кең таралған, ауада, топырақта, шіріген өсімдіктерде, тағамдық өнімдерде кездеседі. Жұғуы - аэрогенді. Негізінде Р. сһгysogenum және Р. marrneffei-дің медициналық маңызы бар екені анықталған.

    Бұтақшаланған септаланған мицелиялартұзілуі бұл саңырауқұлақтардың морфологиялықерекшелігі болып табылады. Олардың ең шеткі гифалары сопайып шығып тұрған конидиялар (жасыл, қызғылт, сарғыш-қоңыр, сиякөк түсті) тізбегі бар шөлмек пішінді фиалидалармен аяқталады. Реnicillium-ның тұрлеріне қарай олардың колониялары түрлі түсті болады.

    Реnicillium иммундықтапшылық жағдайында отомикоз, кератит, эндофтальмит, өкпеде гранулемалар (АИВ-инфицирленгендерде), диарея, дене қызбасын қоздыра алады.

    Фузариоз қоздырғыштары

    Fusarium туыстастыгына жататын зең саңырауқұлақтары микоздармен қатар кератит, эндофтальмит, диссеменирленген инфекция, перитонит, токсикалық агранулоцитоз, фунгемия қоздыруға себепкер болады. Медициналық маңызы барлары - Ғ. moniliforme, Ғ. охysporum, Ғ.solani. Септаланган, көптеген макроконидиялары бар (3-5 жасушаларға бөлінген бұршақ қыны тәріздес) түссіз гифаларының түзілуі, хламидоспораларының, әр түрлі пішінді көптеген микроконидияларының болуы фузарийлердің морфологиялық ерекшелігі болып табылады. Колониялары - ауалы көп мицелиялы, түйіршік тәріздес сары, қара қошқыл, қызғылт-сары, қоңыр түсті.

    Зигомикоз (фигомикоз) қоздырғыштары

    Зигомикоз қоздыргыштары - Аbsidia, Ваsidiobolus, Мuсог, Rһігориs т.б. туыстастықтарға жататын зең саңырауқұлақтары. Жыныстық және жыныссыз жолмен көбейеді. Дөңгелек ірі спорангияларда орналасқан спорангиоспоралар пайда болуы олардың ең айқын морфологиялық ерекшелігі болып табылады. Споралар толған спорангиялар жарылып кетеді де топырақты, ауаны, өсімдіктерді, жемістерді, тағамдық онімдерді ластайды. Фикомицеттер жер шарында кең таралған. Сапрофит бола тұра олар дені сау адамдарға қауіпті емес, бірақ иммунды тапшылыққа шалдыққан адамдарға өте қауіпті. Олар өте ауыр, кейде өліммен аяқталатын, өкпенің, асқазан-ішек жолының, терінің оппортунистік зақымдануын, өте ауыр рино-церебральды инфекциялар қоздырады.

    Микоздарға микробиологиялық диагноз қоюдың приициптері

    Зерттеу үшін алынатын заттар

    Диагноз қою үшін микоздардың клиникалық көріністерінің айқын полиморфизммен ерекшеле- нетініне байланысты коптеген биосубстраттарды зерттеу қажет.

    Материалдардың бәрін стерильді саймандармен алады (микробиологиялық ілмек, микологиялық кұрекше, қысқаштар, скальпель, қайшы, шприц, мақталы тампондар, өлшегіш түтікшелер, сынауықтар, центрифугалық сынауықтар, заттық әйнекшелер, жабындық әйнекшелер т.б.).

    Зақымданған ошақтардан зерттелетін заттар асептикалық жағдайда алынуы керек, және де 2 сағаттан кешіктірмей зертханаға жеткізілуі қажет.

    Беткейлік микоздар кезінде зерттеу заты ретінде алынады: шаш, тырнақ, қырындылар, тері және шырышты қабат қабыршықтары (ауыз қуысынан, несеп-жыныс жолдарынан, мұрыннан, көздерден, құлақтардан). Зақымданған ошақты жақсылап көру үшін лупаны (үлкейткіш шыны) пайдалануға болады.

    Жұйелі (терец) микоздар кезінде бөлініп алынған қоздырғышты идентификациялаумен қатар оның санын (КТБ-КОЕ/мл,г) анықтаудың маңызы зор. Абсцесса, жарақат, ойық жаралардан ірінді бөлінділер,

    биоптаттар алыиады. Сепсиске күмәнді жағдайда және жүйелі (терең) микоздарда дене қызбасы көтерілген кезде қан алады (2 сағаттан кейін қайталап алады). Криптококкоз, кандидозға кұмәнді кезде сүйек кемігін, ликвор алады. Және де зерттеу материалы ретінде қақырық, бронхалар шайындысы, несеп, нәжіс алынады.

    Зерттеу әдістері

    Микоз кезіндегі зерттеу әдістері бактериялық инфекциялар кезіндегідей - ол микроскопиялық, микологиялық, биологиялық, серологиялық, аллергологиялық әдістер. Микологиялық зертханаларда саңырауқұлақтарды идентификациялау олардың микроскопиялық және макроскопиялық (колонияларын) сипаттарын салыстырып зерттеуге негізделген. Кейде биохимиялық және басқа тесттер пайдаланылады.

    Микроскопиялық әдіс

    Микроскопиялық зерттеу екі бағытта атқарылады - клиникалық нативті материалды және боялған препараттарды (саңырауқұлақтың таза дақылынан дайындалған) микроскопта қарап зерделеу:

    1 .Науқастан алынған патологиялық материалды микроскопиялық зерделеудің мәнісі - ол боялмаган препарат - «езілген тамшы» дайындап микроскопта қарау. Ол ұшін заттық әйнекшенің бетіндегі 10- 30%-ті КОН ертіндісінің тамшысына шаштың, терінің, тырнақтың болшегін салады да жабынды әйнекшемен үстінен жабады. Кейде кератинді жақсылап еріту және препаратты түссізден-дендіру үшін препаратты қыздырады немесе диметилсульфоксид ертіндісін қосады. Люголь ертіндісін немесе метиленді көк бояу қосуға болады, ол препаратты контрасттау ұшін қажет. Алдымен кішкентай (хЮ), содан кейін орташа (х40) үлкейткішпен, конденсорды төмен тұсіріңкіреп микроскопта қарайды.

    Осындай әдіспен алғашқы (болжамдау) диагноз қоюға негіз болады, дегенмен ақырғы диагноз микологиялық зерттеулерден кейін қойылады.

    2.Дақылдандырылған саңырауқұлақтар колониясынан дайындалған жағындыны микроскопта қарау. Боялған препаратты зерттеу диагноз қою үшін ең құнды белгілерін - саңырауқұлақтардың микроқұрылымының (гифаларының, макро, микроконидияларының т.б.) сипатын анықтаумен қатар, микоздардың клиникалық ағымын асқындыратын бактериялық ілеспе флораны зерделеуге мұмкіндік береді. Саңырауқұлақ колонияларынан жағынды дайындайды, фиксациялайды, көбінесе Грам, Романовский-Гимзе, Циль-Нильсен әдістерімен бояйды. Дегенмен, саңырауқұпақтардың жасушасын, спораларын және олардың анаморфты телеморфты құрылымдарын әр түрлі бояғыштармен көруге мүмкіндік беретін көптеген бояу әдістері де (көрініс айдынының контрасты боялуын күшейтетін) қолданылады. Мысалы, Мак-Мансу әдісімен бояғанда айналасының бәрі солғын-қызғылт түске, ал саңырауқұлақтар - қоңыр-күрең түске боялады. Лактофенолды (метиленді көк бояу қосылған) қолданғанда көру алаңы ашық аспанкөк түске, ал саңырауқұлақтар - қою-көк түске боялады. Лактофуксинмен боялғанда көрініс алаңы қызғылттау, ал саңырауқұлақтар көкшіл түске боялады.

    Аравийский әдісімен бояғанда кокцидиялардың сферулалары сары-қызғылт түске, жасуша қабаты ортасында бозғылт-қызыл және айналасы қызғылт-сиякөк түске боялады.

    Хенкс әдісі бойынша саңырауқұлақтар күрең қызыл, ал көрініс алаңы - аспанкөк түске боялады.

    Криптококкозбен науқастанғандардан алынған материалды арнайы әдіспен өңдейді, ойткені олардың қалың капсуласы бар.

    Кпиникалық материалды (мысалы, жүлын сұйықтығын центрифугалап алынған тұнбаны) бояудың ең қарапайым әдісі - 1:5 есе сұйытылған тушьпен бояу. Жағындының қара-сұр тұсті көрініс алаңында ак жолақты капсула, ал оның ішінде қара түсті дөңгелек жасушалар (мүмкін бүршіктенген) көрінеді. Капсуланы басқа да кұрделі бояу әдістерімен анықтайды: РАS реакциямен, Моури, Шубичт.б. әдістерімен. Хаммершмидт, Бессоне, Сабура т.б. әдістер бар екені белгілі.

    1. Люминесцентті-микроскопиялау әдістері тиімді, олар экспресс-диагностикалық әдіс қана емес, оның арнайылыгы (спецификалығы) өте жоғары. Олар 2 топқа бөлінеді:

      1. Саңырауқұлаққұрамды зерттеу заттарын флюорохроммен өңдеп, люминесцентті микроскопта қарағанда жарқыраган саңырауқұлақтарды көруге мүмкіндік береді.

      2. ИФР әдісі (иммунды-флюоресценттік реакция) – саңырауқұлақ құрамды материалды флюорохром- мен таңбаланған моноклональды антиденелермен өндеп, люминесцентті микроскопта қарағанда арнайы жарқыраған сацырауқұлақтар көрінеді.

    2. Микроскопиялық зерттеулер тобына Гомори, Гомори-Грокот, РА8- реакция, Гридли, Мейер әдістері бойынша гистологиялық препараттарда (биопсия) тіндердегі ашытқы тәріздес Сапdіdа-дан, Сгурtососсиs nеоfоrmans, Аsрегgіllиs, Sрогоtһгіх sсһеnsкіі-ден басқа саңырауқұлақтардың туыстастығын анықтау мүмкін емес.

    Дақылдық әдіс

    1. Микоз қоздырғышын бөліп алып, оның түрін анықтаудың (идентификациялаудың) дақылдық әдісі диагноз қоюдың «алтын стандарты» болып есептеледі. Науқастардан алынған клиникалық материалды микроскопта қарап зерттегеннен кейін тиісті қоректік орталарға (жалпы қолданылатын әмбебап орталар, дифференциалды-диагностикалық, соның ішінде тек қана саңырауқұлақтар үшін қолданылатын қоректік орталар) себеді. Микологиялық әмбебап орталарға декстрозалы Сабуро ортасы (тығыз жән сұйық түрінде), солодты агар, жұрек-ми сығындысымен және дефибринделген қой қанымен байытылған агар жатады. Саңырауқұлақтар бактериологиялық тәжірибеде пайдаланылатын қанды, шоколадты, көмірлі-ашытқылы агарларда да жақсы өседі. Бактериялық флораның өсуіне жол бермеу үшін қоректік орталарга антибиотиктер (пенициллин+ стрептомицин, хлорамфеникол+гентамицин), ал жылдам өсетін саңырауқұлақтардың өсуін тоқтату үшін-циклогексамид қосады. Себінділерді термостатта 25-30 ТС-та колонияларының макроморфологиялық және микроморфологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін инкубациялайды, болжамдап туыстастығын (түрін) анықтайды.

    1. Түрін анықтап идентификациялау үшін таза дақылын боліп алып, маңызды тесттермен тексереді.

    Ол ұшін дифференциялық қоректік орталарды пайдаланады:

    • жүгерілік агар (Дальмау әдісі бойынша Сапdіdа-ны идентификациялау);

    • Тгісһорһуton rubrum-ның (қызыл пигментін анықтау үшін);

    • Чапек-Докси агары (Аsрегgіllus-ты идентификациялау);

    -картофельді агар (көгерткіш саңырауқұлақтарды идентификациялау; споруляциялануына әсер етеді);

    • кұрішті орта (пигменті, конидиялары бойынша Місгоsрогum саnіs-ті Місгоsрогum аudouinii-дан дифференцияциялау);

    • Никкерсон ортасы (Сапdіdа аlbісаns-ты Сапdidа tгорісаlіs пен Саndіdа kгusеі-ден дифференцияциялау);

    • солодты агар (сусло-агар) - Реnicillium және Аsрегgіllus-ты идентификациялау үшін пайдалы.

    Саңырауқұлақтарды идентификациялау ұшін микологиялық зертханаларда жұмыс атқарудың келесі реттілігін қолданады:

    -науқастан алынған биоматериалды микроскопиялық зерттеу (болжамдау диагноз);

    -қоректік орталарда өскен саңырауқұлақ колонияларын макроморфологиялық зерделеу;

    -«күмәнді» колонияларды микроморфологиялық зерделеу.

    Мицелиялық саңырауқұлақтарды идентификациялау үшін спора түзуге қол жеткізудің ерекше маңызы бар. Өйткені репродуктивті жасушалар (споралардың) морфологиясы ең маңызды идентификациялық белгі (негізінде-споралардың жыныссыз көбеюі - конидияларды және конидиягенез типін табу) болып табылады.

    Ашытқы тәріздес саңырауқұлақтарды идентификациялау ұшін бірнеше физиологиялық және немесе биохимиялықтесттерді жүргізуді қажет етеді.

    Осындай тесттерге жатады:

    • әр түрлі конидиялардың (артроконидиялар, аннелоконидиялар, бластоконидиялар), нағыз және жалған гифалар пайда болуын зерделеу;

    • нитратты тест (Кристенсен сорпасында 25°-30°С-та 7 тәулік инкубациялайды) - оң тест тек қана Сгурtococcus аlbіdиs және Rһоdоtогulа гиbга береді, орта сары түстен қызыл түске өзгереді;

    • уреазалық тест (мочевинаны ыдыратады - Сапdidа lіроlуtіса, Сгурtососсиs, Rһоdоtогulа гиbга, Тгісһоsрогоп bеіgе1іі) - нәтижесін 48-72 сағатган және 7 тәуліктен кейін тіркейді;

    • циклогексамидтіктест (72 сағаттан кейін өсінді бар-жоғын анықтау);

    • кандида саңырауқұлақтарының глюкозаға, галактозаға, мальтозаға, сахарозаға, лактозаға, трегалозаға (кіші қатар) немесе әр түрлі 22 ингредиенттерге (үлкен қатар) ферменттік белсенділігін тексереді. Кең таралған саңырауқұлақтардың (негізінде ашытқы тәріздестердің) ферментгік белсенділігін зерттеу үшін коммерциялық тест-жұйелерді (ВВL Мусоtubе, АРУ20С bіо Мегіеuх) қолданады.

      1. Саңырауқұлақтардың физиологиялық ерекшеліктерін зерттеу үшін бірнеше тесттерді пайдаланады, және де олар қоздырғышты идентификациялауға көмектеседі.

      2. Температуралық тәуелділігін зерттеу (37°С, 42°С, 45°С-та өсуі) - Тгусһорhyton verrucosum 37°С-та

    өседі.

    1. Пигмент түзуін ынталандыру (стимульдеу). Кейбір саңырауқұлақтарды арнайы қоректік орталарға сепкенде пигмент тұзу қабілетгілігі күшейеді. Мысалы, Тгісһорһyton rubrum Бореллидің жүгерілік агарында қою-қызыл пигмент түзеді.

    2. Күріш дәндерінде осуі. Саңырауқұлақтарды суда стерильденген күрішке себеді. Кейбір түрлерінің өсуі жақсарып, пигменттұзілуі кұшейеді. Мысалы, Місrosporum саnіs жақсы оседі, мол конидиялар, сары пигмент пайда болады. Місгоsporum audouinii баяу өседі, қоңыр пигмент береді.

    3. Саңырауқұлақтардың шашты тесіктеуі (перфорациялауы). Дистилденген судағы ашытқы экстрактасының шамалы мөлшері құйылған Петри табақшасына стерильді шаштарды салады. Шаштардың ұстіне саңырауқұлақ дақылын себеді. 4 апта бойы 26°С-та инкубациялайды. Содан кейін қандай саңырауқұлақтың шашты тескілеу қабілеттілігін микроскопта қарап зерттейді. Мысалы, Тгусһорһуton interdigitale- шашты перфорациялайды, Тгісһорһуton rubrum-ның ондай қабілеттілігі жоқ.

    Микоздарға диагноз коюдың басқа әдістері

      1. Бактериялық және вирустың инфекциялар кезінде кең қолданылатын серологиялық зерттеу әдістері микоздарға диагноз қою ұшін сирек пайдаланылады. Қоздырғыштың тіндік түрлерін бөліп алу өте қиын висцеральдық микоз жағдайында серологиялық әдістердің диагностикалық маңызы арта түседі.

    Басқаларга қарағанда РСК, ИЭФ, АР, ЕLJSА, ИФТ жиірек қолданылады. Антигендер мен антиденелерді анықтау үшін «Раstorex Aspergillus», «Рlаtеlіа Аsрегgillus», «Раstогех Саndіdа», «Рlаtеlіа Саndіdа», «Раstогех СгурtоРlus» т.б. тест-жұйелер пайдаланылады. Дегенмен, айқас иммунологиялык реакциялардың болуына, иммунды-тапшылыққа шалдыққан науқастардың иммундық жауабының төмендеуіне, тест-жүйелердің сапасының нашар болуына байланысты жалған-теріс нәтижелер пайда болады. Бір мезгілде бірнеше серологиялық әдістерді пайдаланғанда сенімді нәтижелер алынады.

      1. Аллергологиялық және биологиялық әдістерді пайдалануға болады.

      2. Тәжірибелік микологиялық зертханаларда ДНҚ-ын анықтау әдісі полимеразалық тізбектеу реакциясы (ПТР-ПЦР) енгізіле бастады. Әртұрлі молекулалық-биологиялық әдістердің көмегімен микоз қоздырғыштарының 40-тан астам тұрлерін индикациялаудың тест-жұйелері жасалған, олардың биоматериалдың микромөлшеріндегі С.аlbicans-тың - бірлі-жарым жасушаларын табу мұмкіндігі бар. Саңырауқұпақтарды, мысалы Тгісһоphyton rubrum-ды тікелей индикациялау ұшін ПТР-зондтар ұсынылған. Дегенмен, тест-жұйелер құнының қымбат болуы, кейбір жағдайларда жалган-теріс нәтижелер беруі және т.б. осындай жоғарғы сезімталды әкспресс-әдістерді енгізу шектеліп отыр.

    Микоздарды емдеу мен алдын алудың принциптері

    Емдеу үшін саңырауқұлақтардың тіршілігін тоқтататын антимикотиктердің бірнеше топтарын пайдаланады ( 6-кесте).

    Емдеу препараттарының кең спектрінің көмегімен жергілікті және жүйелі антимикоздық ем шаралары жұргізіледі. Соган қарамастан жогарыда көрсетілген препараттардың көпшілігіне едәуір резистенттілік байқалады, сондықтан препараттардың клиникалық тиімділігі зертханалық анықтаулармен сәйкес келе бермейді.

    Саңырауқұлақтардың антибиотиктерге сезімталдыгын төзімділігін анықтау әдістері бактериялық инфекциялар кезіндегідей - антимикотиктерді агарга диффузиялау (қагаздық дискалар әдісі) және сезімталдықтың сандық көрсеткішін анықтау (антимикотиктің МПК бойынша), яғни сериялық сұйылту әдісі.

    Кесте 6.

    Антимикотикалық дәрмектер

    Антнмикотиктердің негізгі топтары

    Антимикотиктердің номенклатурасы

    Полиенді антимикотиктер

    Амфотерицин В, амфоглюкамин. натамицин. нистатин. леворин. микогептин

    Азолдар

    Бифоназол, изоконазол, интроконазол (орунгал), клотримазол (канестен), миконазол (дактарин), кетоконазол (низорал), оксиконазол. флуконазол (дифлюкан)

    Аллиламиндер

    Тербинафин (ламизил), нафтифин

    Басқа антимикотиктер

    Ундецелен кышкылының препараттары. гризеофульвин, нитрофунгин, декамин, котримоксазол, калий йодиді. аморолфин, циклопироксоламин, пентамидин

    Антисептикалык белсенділігі бар антисептиктер

    Салицил, бор, бензой қышқылдары, йод ертіндісі, метиленді көк және бриллиантты бояулар.

    Микоздардың алдын алуы. Спецификалық (арнайы) алдын алу шаралары жасалмаған. Жалпы қабылданған бейспецификалық санитариялық-медициналық сақтану шаралары жұргізіледі.