Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАХА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58 Кб
Скачать
☆

Көрнекі материал

Қорытынды

Қорыта келгенде дәнерек тінінен сипат алатын аурулар организм үшін қауыпті болып келеді. Өйткені дәнекер тінінің организмде көптеген қызмет атқарады. Дәнерек тінінің ауруларын әртүрлі ықпалдар тудырады. Сондықтан ең алдымен жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмірсалтын, жеке гигиенасын сақтап жүруі керек.

Фиброзды мембраналарда фасциялар, апоневроздар, диафрагманың сіңірлі орталықтары, ішкі мүшелердің капсулалары, периост жатады. Оларды коллаген талшықтары белгілі тәртіппен орналасады. Бірінің үстіне бірі орналасқан шоғырлардың талшықтарының бағыты бір-бірімен сәйкес болмайды. Олар әр бағытта болады.

Тығыз пішінделмеген дәнекер тінде жасушалар мен жасушааралық зат ажыратылады. Ол дерманың торлы қабатында, көптеген мүшелердің капсуласында анықталады. Жасушалары негізінен – фиброциты, аздаған фибробластылар болады. Ұлпалық базофильдер, лейкоциттер, макрофагтар кездеседі. Жасушааралық заты әр түрлі бағытта жатқан коллаген талшықтарынан және негізгі аморфты заттан тұрады. Тығыз талшықты дәнекер тіннің ішімен өтетін тамырлардың сыртында БТДТ орналасады. Тығыз талшықты дәнекер тіні борпылдақ дәнекер тінінен айырмашылығы онда талшықтар көбірек болады. Бұл талшықтардың орналасуына байланысты тығыз пішінделген және тығыз пішінделмеген дәнекер тіндерге бөлінеді.

Тығыз пішінделмеген дәнекер тіні әр бағытта орналасқан жуан коллаген талшықтарынан, аздаған эластин талшықтарынан тұрады. Дәнекер тінінің жасушалары көп емес, оның көп бөлігін фибробластылар және фиброциттер құрайды. Негізгі заттың мөлшері көп емес. Тығыз пішінделмеген дәнекер тіннің мысалы ретінде тері дермасының торлы қабатын атауға болады. Тығыз пішіделген дәнекер тінде коллаген шоғырлары белгілі бір тәртіппен орналасқан, мысалы: сіңір, байлам, тарамыс, фиброзды мембраналар.

Сіңір (сухожилие) жуан параллельді орналасқан коллаген талшықтарының шоғырынан тұрады. Олардың арасында негізгі зат және фиброциттер болады. Сіңірде әрбір коллаген шоғыры көршілес орналасқан шоғырлардан сіңір жасушаларымен бөлінген. Бұл шоғырлар І ретті шоғырлар деп аталады. Бірнеше І ретті шоғырларды дәнекер тіні қоршап ІІ ретті коллаген шоғырларын құрайды. Ал бірнеше ІІ ретті шоғырлар ІІІ ретті шоғырды құрайды. Ең сыртқы дәнекер ұлпа эпитеноний деп аталады. Әрбір шоғырдың сыртындағы дәнекер тіні эндотеноний деп аталады. Ол трофикалық және камбиальдық қызмет атқарады , 2 реттік шоғырдың сыртында перитеноний анықталады.

Пайдаланылған әдебиет:

  • Справочник педиатра.

  • Внутренние болезни – Харрисон.

  • “Патофизиология” Ә.Нұрмұхамбетұлы. Алматы 2007 ж.

  • “Молекулалық биология және генетика” Әбилаев С.А. Шымкент 2008 ж.

  • www.google.ru