- •«Цитология және гистология» пәні бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары:
- •3.Безді эпителийге жалпы сипаттамасы. Грандулоциттердің ультрақұрылымдық ерекшеліктері, оның секреторлы циклі мен секреция типі.
- •6.Борпылдақ дәнекер ұлпаның клеткалары, оның ультрақұрылымы мен қызметі.
- •7.Шеміршек ұлпасы. Жіктелуі, құрылысы, биохимиясы, хондрогенез.
- •9.Мейоз кезеңдері, ұзақтығы және сипаттамасы.
- •11.Цитоплазманың химиялық құрамы, құрылысы және қызметі.
9.Мейоз кезеңдері, ұзақтығы және сипаттамасы.
Мейоз (грекше “мейозис” – азаю, редукция латынша “редуцерес” – кішірею, азаю) – жыныс клеткалардың редукциялық бөліну тəсілі. Клеткадағы хромосомдардың саны екі есе азайып диплоидты клеткадан екі рет бөліну нəтижесінде төрт гаплоидты клетка пайда болады. Ұрықтанғаннан кейін хромосомдардың саны қайтадан қалпына келеді. Мейоз организмде кариотиптің тұрақтылығын сақтайды жəне гендер мен хромосомдардың кездейсоқ, тəуелсіз рекомбинациясын қамтамасыз етеді.
Мейоз кезінде клетка екі рет бөлінеді, ал ДНК саны бір‐ақ рет екі есе көбейеді. Мейоздың екі бөліну арасындағы кезеңді интеркинез деп атайды. Мейоздың екі бөлінуінің нəтижесінде хромосомның саны екі есе азаяды. Кейде биваленттерде бірінші бөлінуде гомологиялық хромосомдар ажырасады да, екінші бөліну нəтижесінде хроматидтер бір‐бірінен ажырасады. Басқа жағдайда бірінші бөліну нəтижесінде хроматидтер ажырасып, екінші бөлінуде гомологиялық хромосомдар ажырасады.
Сондықтан, қазіргі кейбір ғалымдар бірінші бөлінуді редукциялық, ал екіншісін эквациялық деп айтқан дұрыс емес дейді. Мейоз циклі бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші бөлінудің кезеңдері римше I деп, ал екінші бөлінуге тəн кезеңдері II деп белгіленеді.
Бірінші бөлінудің ерекшелігі өте ұзақ жəне күрделі профаза болады. Онда 5 сатыны бөледі. 1. Лептотена ‐ жіңішке жіпшелер сатысы. Интерфазалық ядроның торлы құрылымы жойылады да, жіңішке жеке жіпшелер көріне бастайды, олар хромосомдар болып табылады. Жарық микроскоппен көрінетін жіпшелердің саны диплоидты болады.
2. Зиготена ‐ гомологиялық хромосомдар ұқсас учаскелері арқылы біріне‐бірі қосыла бастайды. Олардың жұптасып қосылуы көбінесе екі шетінен басталады. Соның нəтижесінде барлық гомологтар биваленттерді құрады. 3. Пахитена ‐ жуан жіпшелер сатысы. Бұл сатыда кроссинговер құбылысы болады. Хромосомдар жұбындағы екі сіңлілі емес хромосомдар өзара учаскелерімен алмасады. 4. Диплотена ‐ жұптанған жіпшелер сатысы. Биваленттегі гомологиялық хромосомдардың бір‐бірінен ажырасуы жəне босауы басталады. Биваленттегі сіңлілі емес хроматидтер бір‐бірімен бірнеше нүктеде қосылып тұрады да хиазма деген қиылыстарды жасайды. Хиазмалар кроссинговер нəтижесінде пайда болады. Диплотенада хромосомдар спиральданып, ядрошықтар саны азаяды. Тек қана сарыуызды көп мөлшерде жинайтын жануарлар ооциттерінде хромосомдар босап «шам щеткасы» тəріздес пішінге айналып, РНҚ, белок синтезін күшейтеді. Бұл профазаның ең ұзақ сатысы. Мысалы «шам щеткасы» тəріздес хромосомдар насекомдарда бір жылға дейін, ал адамда 12‐50 жылға дейін сақталады.
5. Диакенез ‐ хромосомдар ең күшті спиральдануға байланысты қатты қысқарып жуандайды. Биваленттер оқшауланады. Клеткада оларды санауға болады. Олардың саны гаплоидты болады. Ядрошықтар мен ядро қабығы жойылады. Осымен І профаза аяқталады.
Прометафаза І. Бөліну ұрығы қалыптасады.
Метафаза І. Биваленттер экватор аймағында жиналып экваторлық пластинканы құрайды.
Анафаза І. Гомологиялық хромосомалар мен хроматидтер ажырап қарсы полюстерге кетеді.
Телофаза І ‐ өте қысқа уақытқа созылады, үнемі цитокинез басталмайды. Бұл жағдайда екі гаплоидты ядро бір клетканың ішінде болады.
Интеркинез ‐ екі бөлінудің аралығы. Интерфазадан айырмашылығы хромосомдар екі есе көбеймейді, ДНҚ‐ның репликациясы болмайды.
Мейоздың екінші бөлінуі: профаза ІІ, метафаза ІІ, анафаза ІІ, телофаза ІІ‐ден тұрады.
Мейоздың екі бөлінуі нəтижесінде 1 диплоидты клеткадан 4 гаплоидты генетикалық жағынан төрт түрлі клеткалар пайда болады
10.Клетка және ұлпаларды зерттеу әдістері.Цитололгияда негізгі колданылатын әдістердің бірі-жарық микроскопы. Соңғы жылдары клетканы зерттеуде жарық микроскоптарының бірнеше түрлері қолданылып жүр (люминесценттік, фазасы карама-карсы, электронды микроскопты). Жарық микроскоптарының көмегімен ұлпадан алынған және әр түрлі бояулармен боялған жұқа кесінділерді (препарат) зерттеуге болады. Ол үшін кесіндінің қалыңдығы 5—7 микроннан (мк) аспау керек, сонда ғана жарық кесінділер арқылы өте алады. Жарық микроскоптары арқылы тексеретін ұлпалардан кесінділер дайындау (препарат) өте күрделі жұмыс. Цитологиялық препараттар жасау бірнеше кезеңдерге бәлінеді: материал алу және оны бекіту, ұлпаларды тығыздау, парафинге құю, кесінділер жасау, бояу, бальзамға бекіту.
Фазасы қарама-қарсы микроскоп.
Бүл микроскоптың ерекшелігі тірі клеткаларды, боялмаған объектілерді зерттеуге мүмкіндік береді.
Электронды микроскоп.
Электронды микроскоптарда жарықтың орнына электрон сәулелері қолданылады, осыған байланысты қолданылатын қуаттың күші 50—100 кВ-қа дейін барады, ал толқын үзындығы 0,056—0,035 А°-ге жетеді. Толқын ұзындығы неғұрлым қысқа болса, микроскоптың көрсеткіштік қабілеттілігі сорғұрлым артатынын физика курсынан жақсы білеміз. Осыған байланысты электроиды микроскоптардың көрсеткіштік қабілеттілігі —1—7А°-ға, ал үлкейткіштік қабілеттілігі 600 000-ға дейін жетеді. Электронды микроскопты пайдаланып қалыңдығы 400—600А° препаратты көруге болады, өйткені қалың препараттан электрондар өте алмайды, олардың өткізгіштік қасиеті нашар. Электронды микроскопқа препарат дайындайтын приборды ультрамикротом деп атайды. Осы прибордың көмегімен жұқа кесінді жасап, оны объекті торына бекітіп, арнайы бояулармен бояп, электронды микроскоппен қарайды. Электрон сәулелері препарат арқылы өткенде объектінің үлкейтілген «көлеңкесі» экранға түседі.
Авторадиография.
Бұл әдіс клеткадағы зат алмасу процесін зерттеуде қолданылады. Ол үшін фосфор- (Р32),көміртегі (С14), сутегі II'3) радиоактивті элементтер немесе олардың қосындылары пайдаланады.
Клеткаларды толық және жан-жақты зерттеуде басқа да әдістер қолданылады: ұлпалар мен клеткаларды өсіру, микрохирургия т. б.
Гистологиялық әдістер Цитололгияда негізгі колданылатын әдістердің бірі-жарық микроскопы. Соңғы жылдары клетканы зерттеуде жарық микроскоптарының бірнеше түрлері қолданылып жүр (люминесценттік, фазасы карама-карсы, электронды микроскопты). Жарық микроскоптарының көмегімен ұлпадан алынған және әр түрлі бояулармен боялған жұқа кесінділерді (препарат) зерттеуге болады. Ол үшін кесіндінің қалыңдығы 5—7 микроннан (мк) аспау керек, сонда ғана жарық кесінділер арқылы өте алады. Жарық микроскоптары арқылы тексеретін ұлпалардан кесінділер дайындау (препарат) өте күрделі жұмыс. Цитологиялық препараттар жасау бірнеше кезеңдерге бәлінеді: материал алу және оны бекіту, ұлпаларды тығыздау, парафинге құю, кесінділер жасау, бояу, бальзамға бекіту.
Микроскоптың көру қабілеттілігі қолданылып отырған жарық ағымына байланысты және жарық ағынының 1/3 бөлігіне тең болады. Жарық толқынының ұзындыры неғұрлым қысқа болса, микроскоптың көру қабілеттілігі соғұрлым артады. Егер жарық толқынының ұзындығы 0,6 милли микрон (мкм) болса, микроскоптың кәру қабілеттілігі— 0,2 мкм— 1/3 ХО, 6 мкм — 0,2 мкм. Люмиесцент микроскопы ультракүлгін жарық толқынымен жұмыс істейді, толқын ұзындығы— 0,27—0,4 мкм. Осындай толқын препаратқа түскенде ол сәулені сіңіре отырып, өзінен жарық шығарады, бүл құбылыс флюоресценция деп аталады. Шыққан жарық толқыны сінген жарық. Толқынына қарағанда әрдайым ұзын болады. Кейбір заттар түскен жарық толқынының жартысын сіңіріп, өзімен жасыл, сары, қызыл спектрді шығарады. Флюоресценция деп заттарды ультракүлгін жарығымен шағырылыстырылғанда өзінен жарық бөлуін айтады. Оларға пигменттер, витаминдер, майлар жатады. Кейбір заттарды флюрохром бояуларымен бояу арқылы флюоресценцияны көруге болады. Мысалы, ДНК-ны акридин қызыл сары бояуымен боялғанда клеткадағы дизоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) ашық жасыл сәуле береді, ал рибонуклеин қышқылы (РНҚ) ашық қызғылт сәуле береді.
