Қарт науқастың бөлме күтімі.
Жас келген сайын пайда болатын сақтыққа қарамастан қарт адамдардың қауіпті жағдайлар жиі болады. Бөлмеде артық жиһаздар болмауы тиіс. Қарт науқастың рұқсатынсыз бөлмедегі жиһаздардың орнын ауыстыруға болмайды. Себебі, науқастар көзбен көргендеріне емес, өздерінің қалыптасқан әдеттеріне қаттырақ сенеді.Олардың бөлмесі таза,тыныш болып көзге жылы көрінуге тиіс.Ол жердегі қариялар жиһаздардың ретсіз,үйлесімсіздігінен жүрегі қысылып,өзін нашар сезінбеуі керек.
Төсек орынның дұрыс күтімі.
Науқастың төсек орнына да ерекше көңіл бөлу керек. Төсек- орындың 60 см-ден аспауы қажет. Мүмкіндігінше науқастың отырып тұруына тамақ ішуіне және басқа да істермен айналасуына қажетті төсекүстілік үстел болғаны дұрыс. Төсекте бір үлкен жастықтан гөрі екі кішігірім жастықтың болуы, денеге ыңғайлы эластикалық матрац болуы қажет. Төсек тым қатты немесе керісінше болмауы керек.Төсекті уақтысында ауыстыру,оны қағып-тазалау керек.
Бөлме ауасының құрғақтылығы мен ылғалдылығы.
Бөлмедегі ауаның қандай болуы науқастардың ауру түріне байланысты болады.Мысалы:
Төсек режимінде жатқан науқас үшін бөлменің қалыпты температурасы 20 градус, ал палаталық режим үшін 22-23 градус. Орталық жылумен қамтамасыздандырылған бөлмедегі ауа құрғақтылығы өкпе ауруымен ауыратын науқастар үшін қауіпті.
Сондықтан да ауа ылғалдылығын арттыру үшін батарея жанында суы бар ыдыс қою қажет.бөлме өз уақтысына желдетіліп тұрылуы,және бөлме температурасы қалыпты болуы керек.
Қарт науқастың гигиенасы.
Қарт науқастың ваннадан гөрі су сепкішті отырған күйде қабылдауы дұрыс. Су температурасы 36-37 градус болып,үйдегілердің қатысуы жөн. Ваннаның жанында резеңкелі кілем төселінуі қажет. Дәретхана мен ваннада тіреуіш қондырғы қою керек. Көптеген қауіпті жағдайлар ваннаның тайғанақ және еденнің сулы болуынан болады.Сонымен қатар науқастар жуынар кезде өздерінің қалауы бойынша,өздеріне ыңғайлы болған кісіні медбикенің қасына көмекке кіргізуге болады.(қызы,немересі,баласы т.с.с.)
Науқастың терісін күтіп бақылау.
Денені сипап сылау және массаж науқасқа жақсы әсер етеді. Терінің құрғақ бөліктерін минералды маймен, эмульсиямен немесе иіс маймен жағу қажет. Сонымен қатар аяқ терісіне де көңіл бөлу керек. Себебі, аяқ терісі перифериялық қан айналу жүйісінің бұзылуынан өзгереді.Жинақы шаш, күнделікті қырыну, таза киім науқастың көңіл күйін көтеріп жалпы жағдайды жақсаруына әкеледі.
Қорытынды
Соңғы онжылдықтарда барлық тірі организмдердің оның ішінде адамның қартаю құбылыстарын зерттейтін ғылым табысты дамып отыр. Бұл ғылым геронтология деп аталады да қартаю белгілерін механизмін заңдылықтарын зерттейді. Қарттық – заңды түрде болатын соңғы жас кезеңі. С.П.Боткин мен И.И.Мечников физиологиялық және уақытынан бұрын қартаю болатыны туралы түсінікке сүйенді. Уақытынан бұрын қартаю жасына байланысты өзгерістердің,атап айтсақ басынан өткерген аурулардың салдарынан немесе организмнің икемделгіш мүмкіндіктерін төмендететін немесе керісінше өзгертетін және ертерек қартаюға жағдай жасайтын сыртқы ортаның қолайсыз факторларының әсерінен неғұрлым ертерек қартаю процесі сипатталады. Физиологиялық қартаю ой және ой саулығының, белгілі бір дәрежеде жұмыс қабілетінің қатынасы мен ықыласы сақталуымен сипатталады. Жасына қарай адам организмімен барлық физиологиялық жүйелерде біртіндеп өзгерістер бола береді де икемделудің төменгі мүмкіндігіне жетеді. Мысалы, жасы ұлғайған сайын көру, есту, ткандердің жұмсақтығы, зат алмасу көрсеткіштері, қан тамырлары қабырғаларының жұмсақтығы т.б. өзгереді.
Біздің елде егде адам қоғамның масылы емес – сол қоғамның ілтипаты мен құрметіне бөленетін мүшесі. Елімізде халықтың әл – ауқатын, жалпы және санитарлық мәдениетін көтеру, мемлекетіміз бен қоғамымыздың қамқорлығы халқымыздың денсаулығын сақтап, оның ұзақ белсенді өмір сүруіне мүмкіндіктер беріп отырғанын біз көріп отырмыз.
