Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отбасы жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139 Кб
Скачать
☆

3. Балалар приюты немесе отбасына қайтарғанға дейін балалар қанша уақыт кризистік орталықтарда болуы керек

Қорғаншы және қамқоршы органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, осындай балалардың есебiн алуды жүргiзедi және ата-анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негiзге ала отырып, балаларды орналастырудың нысандарын таңдайды, сондай-ақ оларды асырау тәрбиелеу және бiлiм беру жағдайларына одан әрi бақылау жасауды жүзеге асырады. 

      Қорғаншы және қамқоршы органдардан басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жөнiндегi заңды және жеке тұлғалардың қызметiне жол берiлмейдi.

«Неке және отбасы» Заңының 100-бабының 1-тармағында аталған балалар туралы мәлiметтер бар мекемелердiң (мектепке дейiнгi ұйымдар, орта бiлiм беретiн ұйымдар, емдеу және басқа да мекемелердiң) лауазымды адамдары және өзге де азаматтар олар туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерiн хабарлауға мiндеттi.  Қорғаншы және қамқоршы орган осындай мәлiметтер алған күннен бастап үш күн iшiнде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жүргiзуге және ата-аналарының немесе оның туыстарының қамқорлығы жоқ екендiгi фактiсi анықталған кезде баланы орналастыру туралы мәселе шешiлгенге дейiн оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.  Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу және басқа да мекемелердiң басшылары, баланы отбасы тәрбиесiне беру мүмкiн екендiгi белгiлi болған күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде бұл туралы осы мекеменiң тұрған жерi бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға мiндеттi. 

      Қорғаншы және қамқоршы орган осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған мәлiметтер түскен күннен бастап бiр ай iшiнде баланы орналастыруды қамтамасыз етедi (осы Заңның 102-бабы) және баланы отбасына тәрбиелеуге беру мүмкiндiгi болмаған кезде орталықтандырылған есепке алу үшiн және кейiннен баланы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем көрсету үшiн осындай бала туралы мәлiметтi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бiлiм беру басқармасының органына жiбередi. 

4. Қандай отбасыларға адрестік көмек көрсетіледі

2002 жылы 1 қаңтарда біздің мемлекеттің аймақтарында «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 17.07.01 жылғы № 246-ІІ ЗРК Заңы қолданыста.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқын статусына ие адамдардың, шетелдіктердің, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

Мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек мекенжайы бойынша уәкілетті орган тарапынан тағайындалады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін мынадай құжаттарды тапсыру керек:

- отбасының құрамы туралы мәлімет;

- өтініш иесінің отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет;

- жекеменшік қосалқы шаруашылығы барлығы туралы мәлімет.

Өтiнiш берушi қажеттi құжаттарды тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға, ал ауылдық жерде - кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiне табыс етедi.

Өтініш беруші өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыстар туралы құжаттардың табыс етілуі арқылы расталады.