- •1.“Экономика” ұғымын және оны үш көзқарастық тұрғыдан анықтаңыз
- •2. Айырбас қатынасының дамуы және ақшаның пайда болуын түсіндіріңіз. Ақшаның қызметтерін атаңыз
- •3. Ақша-несие саясаты және оның құралдарын көрсетіңіз
- •5. Бәсеке мәні мен оның экономикалық рөлі
- •6. Бәсекенің түрлерн және жетілген, жетілмеген бәсеке теориясын көрсетіңіз
- •7. Бухгалтерлік және экономикалық шығындарды түсіндіріңіз
- •8. Еңбек өндіріс факторын және еңбек ақыны еңбек бағасы ретінде түсіндіріңіз
- •9. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсынысты түсіндіріңіз
- •11. Жұмыспен қамту: мәні мен түрлерін түсіндіріңіз
- •10. Жиынтық ұлттық өнім: түсінігі, түрлері, оны есептеу әдістерін түсіндіріңіз
- •12. Жұмыссыздық пен инфляцияны экономикалық тұрақсыздықтың көріністері ретінде түсіндіріңіз
- •13. Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, Оукен заңын түсіндіріңіз
- •14.Икемділік ұғымын және икемділік коэффициентін түсіндіріңіз
- •15. Инвестициялар және оның түрлерін түсіндіріңіз
- •16. Инфляция: мәнін, пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •17. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдарын, Қазақстандағы инфляцияны түсіндіріңіз
- •18. Экономикалық категориялар мен заңдарды талдаңыз
- •19. Экономикалық теорияның пәнін талдаңыз
- •20. Экономикалық зерттеу әдістерінің түрлерінің айырмашылықтарын салыстырмалы талдаңыз
- •22.Капиталдың техникалық және экономикалық ескіруін, амортизацияны түсіндіріңіз
- •23.Кәсіпкерліктің түрлері мен нысандарын түсіндіріңіз
- •24. Қазақстан Республикасының салық және фискалды саясатын түсіндіріңіз
- •26. Қоғамдық шаруашылық формаларын түсіндіріңіз
- •29.Макроэкономиканы ұлттық экономиканың негізі ретінде
- •30.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты: қажеттілігі, мәні мен мақсаттарын түсіндіріңіз
- •31.Мемлекеттің экономикалық қызметтерін талдаңыз
- •32. Меншік объектілері мен субъектілерін талдаңыз
- •33.Меншік теориясын, экономикалық меншіктің көптүрлі формаларын талдаңыз
- •34. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұнын түсіндіріңіз
- •35.Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсекені талдаңыз
- •36. Нарық тепе-теңдігін көрсетіңіз
- •37. Нарықты экономиканың ауытқымалы дамуын көрсетіңіз
- •38. Экономикалық өсу мен оның өлшемдерін көрсетіңіз.
- •39.Экономиканы мемлекеттік реттеудің теорияларын көрсетіңіз
- •40.Экономикалық теорияның қызметтерін талдаңыз
- •1.2 Кесте
- •2 Бәсекенің түрлері
- •2.1 Жетілген бәсеке
2. Айырбас қатынасының дамуы және ақшаның пайда болуын түсіндіріңіз. Ақшаның қызметтерін атаңыз
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнім, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар құны өз сатып алушының тапраса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамасы. Сондықтан да әрбір тауар қажеті тұтыну құның алу құрамы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олар мен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне суысады.Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар-барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырып түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға оның бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлісінің нәтижесінің мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал айырбас құрамына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылған туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табиғат заттарда, поэзияларда кездеседі. Төлеудің көне Тром батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланылғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарды металдан жасалынған ақшаларда «өгіз» деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пукупин» (ақша) «пекуч» (мал) сөнімен шыққан «Руна» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атуы «руним» негізінде жатыр. Ежелгі Рустарда да ақша металл ақшаларға адысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген «біздің жинаған малдарымыз ерлерден и кун, старатылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады». Ол кездегі қазынаны «малшы», қазына, қазына жинау орны – «мал ұстайтын орын» деп аталынды.
3. Ақша-несие саясаты және оның құралдарын көрсетіңіз
Ақша-несие саясаты
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағықолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:
Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
Экспанцондық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейінарттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіменбайланысты шаралар.Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын (бұдан әрі — АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстаржасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.
Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):
несиенің бағасын (Р — сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;
коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.
Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған):
ашық нарықтағы операциялар;
міндетті резервтік талаптар;
несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып
4.Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтерін атаңыз
*Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.
-Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
-Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
-Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама–қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
