Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тима жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27 Кб
Скачать
☆

55. Жөнсілтеушіні құрастыру тәсілдерін көрсетіңіз

Жөнсілтер (мұрағаттағы, мұрағаттардағы) мұрағат қоры туралы жүйеленген түрде мәліметтер бар және қолданушының оның құрамы және мазмұнымен танысуы үшін бағытталған мұрағаттық анықтама) мұрағат қоры және анықтамалық аппарат деңгейіндегі сипаттамалық мақалалардан тұрады.

Жөнсілтердің түрлері болып мұрағат (мұрағаттар) қоры бойынша жөнсілтер; мұрағат (мұрағаттар) қоры бойынша қысқаша анықтамалық; мұрағат (мұрағаттар) қоры бойынша тақырыптық жөнсілтер есептеледі. Жөнсілтерлер мұрағаттық (мұрағат ішіндегі) және мұрағатаралық болып бөлінеді.       Жөнсілтердің түрі және құрылым жүйесі оның мақсаттық бағытына қарай анықталады.       368. Мұрағат (мұрағаттар) қоры бойынша жөнсілтерде барлық ашық мұрағат қорлары туралы мәліметтер болуы тиіс.       Қор дәрежесіндегі сипаттама берілген қордың жеке сипаттамасында (аннотациясында) жүзеге асырылады, қорлардың тобын сипаттаған уақытта – топтық сипаттамасында (қорлар тобының аннотациясы) жүзеге асырылады.       Көп қырлы ақпаратты сақтайтын құрылымы күрделі қорлар үшін жөнсілтерде аса құнды құжаттарды сипаттау дәрежесін, тізімдеменің нөмірін, оның көлемін және құжаттардың, жеке құжаттың хронологиялық шегін көрсете отырып, қордың (тізімдеменің) құрылымдық бөлімдерін де сипаттауға дейін кеңейтуге болады.

Қор тобының деңгейіндегі сипаттау мынадай жағдайларда қолданылады:       бір әкімшілік-аумақтық бірлікте қызмет ететін және бір-бірін ауыстырып отыратын функциясы жағынан туыстас ұйым қорларында;       функциялары жағынан ұқсас, біреуі немесе басқасы жоғары тұратын, бір саладағы ұйымның қорларында;       бір әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберінде қызмет ететін бір саладағы ұйымның қорларында.       Бұл ретте, тек құжаттар қорының аннотациясы (құрамының және құжаттар қоры мазмұнының сипаттамасы) топтық тәсілмен жасалады, ал әрбір қор туралы анықтамалық деректер толығымен беріледі.       Кейбір мұрағат қорлары аннотацияланбаған мұрағаттық қор тізімінде көрсетілуі мүмкін және онда қордың аты (қор топтамасы), қордың нөмірі (қордың нөмірі немесе саны), құжаттардың көлемі және алдыңғы және соңғы күндері көрсетіледі. Бір тұрпатты қорларда жалпы қордың, істің саны және ортақ алдыңғы және соңғы күндері көрсетіліп, ортақ атаумен келтірілуі мүмкін.       369. Мұрағат (мұрағаттар) қоры бойынша қысқаша анықтамалықтың негізгі бөлімі мұрағат қорларына немесе мұрағат қоры топтамасына сипаттама мақалалардың жүйеленген тізбесінен тұрады.       Қысқаша анықтамалықтар аннотацияланған және аннотацияланбаған деп бөлінеді.      Барлық түрдегі жөнсілтердің анықтамалық аппаратына мыналар кіреді: титулдық парақ, мазмұны, алғы сөз, қысқарған сөздердің тізімі, қосымша (бар болған жағдайда), көрсеткіштер. Жөнсілтерге жалпы библиография жасалады.       Көп томды жөнсілтерлердің барлық басылымдарына, сонымен қатар бөлек томдарына анықтамалық аппарат жасалады.

56. Мемлекеттік мұрағаттардағы ғаа жүйесінің принциптерін көрсетіңіз

Мұрағат пайдаланушыға мұрағаттық құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппаратты (анықтамалық-іздестіру құралы) (әрі қарай – ҒАА) (мұрағаттық құжаттарды және ондағы ақпараттарды іздеуге бағытталған, мұрағаттық анықтамаларда көрсетілген, мұрағаттық құжаттар сипатының жиынтығы) пайдалануға мүмкіндік жасайды.       320. Мұрағаттық құжаттардың құрамы мен мазмұны туралы (мұрағаттың ҒАА-ы жүйесі) өзара байланысты және өзара бірін-бірі толықтыратын бірыңғай ғылыми-әдістемелік негіздегі мұрағаттық құжаттар жиынтығына міндетті түрде мұрағатта жүргізу үшін мұрағаттық анықтамалар (істер, құжаттар тізімдемесі; жөнсілтерлер; жүйелік каталог) және қосымша мұрағаттық анықтамалар (көрсеткіштер; шолулар) кіреді.

Мұрағат құжаттарының ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесіне мұрағат құжаттары мен хабарламаларын тиімді пайдалану мақсатында оларды іздестіру үшін бірыңғай әдістемелік негізде құрылған мұрағат құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы бірін-бірі толықтыратын және өзара байланысты мұрағат анықтамаларының кешені кіреді.

Мұрағаттан алғашқы құжаттық ақпаратты жеңіл әрі жылдам табу үшін ол алдымен аналитикалық-синтетикалық өңдеуден өтеді. Де, мейлінше қысқа немесе кеңейтілген тұрпатқа ие болады. Аоғашқы құжаттық ақпарат негізінде алынған мұрағат құжаттары мен қолралының құрамы, мазмұны мен мекен-жайы туралы құжаттық ақпарат тұрағаттардың екінші құжаттық ақпараты болып табылдаы.

Құжаттық ақпаратты суреттейтін барлық мұрағат анықтамалары міндетті және қосымша болып бөлінеді.

Міндетті анықтамалар барлық мемлекеттік мұрағаттарда болады. Оған мұрағат тізімі мен мұрағат каталогтары, шолу құжаттары мен басқа да осылар тақілеттес мұрағат құжаттары жатады.

Қосымша анықтамалар жасалған кезде мұрағат құжаттарының ерекшеліктері ескеріледі. Оларға бірқатар көрсеткіштер, шолулар, тақырыптық тізімдемелер, т.б. жатады.

Принциптері ; Мұрағаттық анықтаманың негізі сипаттау мақаласы болып табылады және онда төмендегі міндетті мәліметтер көрсетіледі:       1) ақпаратты сәйкестендіруші (мұрағат қорының, сақтау бірліктерінің/есепке алу бірліктерінің, мұрағаттық құжаттардың атаулары мен анықтамалық мәліметтері);       2) ақпараттың мазмұны мен құрамы туралы;       3) ақпаратқа қол жеткізу шарттары және оны пайдалану шарттары туралы;       4) мұрағаттық қордың тарихы туралы (мұрағаттық қордың деңгейі үшін).