- •7. Бренстед Лоури теориясы тұрғысынан тұздар ерітінділеріндегі протолиттік тепе теңдіктер. Орта тұздар ерітінділерінің рН-ын есептеу формулалары.
- •2. Ерітіндінің иондық күшінің әсері.
- •3.Потенциалға ерітіндінің рН әсері.
- •10. Протолиттік тепе теңдіктер. Күшті және әлсіз қышқылдар мен негіздердің рНтары, Ка және Кв константалардың өзара байланыстарын көрсететін өрнек.
- •11. Вольтамперметрлік талдау әдісі. Полярография әдісін сапалық және сандық талдауда қолдану. Шекті диффузиялық ток пен жартылай толқын потенциалы нені анықтауда қолданылады?
- •18. Эквиваленттік нүкте және титрлеудің соңғы нүктесі. Қышқылды негіздік титрлеудің индикаторлық қателер түрлері, есептеулері.
- •20. Кристалды және аморфтық тұнбалар, оларды алу жағдайлары. Түнбалардың ластану түрлерін атаңыз. Кристалдық және аморфты тұнбалар түзілу жағдайлары.
- •Панет-Фаянс-Ган заңы.
- •22. Қышқыл негіздік титрлеу индикаторлары, индикаторлық көрсеткіші, индикаторлардың түсі ауысу аралығын анықтау.
- •21. Комплексонометрлік титрлеу әдісінің мәні. Комплексондар, олардың ерекшеліктері, эквиваленттері, сутек иондарының әсері. Мысал келтіріп жазыңыз.
- •23. Потенциометрлік титрлеу әдісінде эквивалентті нүктені әртүрлі графикалық тәсілдермен анықтау.
- •24. Амперметрлік титрлеу әдісін талдауда қолдану.
- •25. Амперметрлік титрлеу қисықтарының түрлері. Анықтауларға мысалдар келтіріп жазыңыз.
- •29. Титриметрлік анықтаулар түрлері: тура, кері және орын басу.
- •Химиялық анализдің қателері. Қателер классификациясы
21. Комплексонометрлік титрлеу әдісінің мәні. Комплексондар, олардың ерекшеліктері, эквиваленттері, сутек иондарының әсері. Мысал келтіріп жазыңыз.
Комплексометриялық әдісте анықталынатын зат пен титрант арасында комплексті қосылыс түзілу реакциясы пайдаланады. Комплексометриялық титрлеу әдісте пайдаланылатын реакцияларға титриметриялық анализде реакцияларға қойылатын шарттар қойлады. Ең негізгісі – реакция нәтижесінде белгілі стехиометриялық құрамға сәйкес қосылыс түзілу керек. Комплексонометриялық титрлеу әдістері органикалық титранттарды, швейцар химигі Шварценбах ұсынған аминополикрабон қышқылдарын металл иондарын анықиауға пайдаланды. Мысалы аминополикарбон қышқылдары комплексондар, ал оларды пайдаланып титрлеу комплексонометриялық титрлеу д.а. Комплексондардың ең қарапайым өкілдері: иминодисірке қышқылы – HN(CH2COOH)2 , нитрилоүшсірке қышқылы – N(CH2COOH)3, этилендиаминтөртсірке қышқылы – ЭДТА (HOOCH2C)2N-CH2-CH2-N(CH2COOH)2. ЭДТА – ның екі натрийлы тұзы трилон Б деп аталады. ЭДТА су ерітіндісінде карбоксил топшаларындағы төрт протонның беріп ионданады. Егер оны H4J деп жазатын болса, келесі протолитикалық тепе-теңдікте орын алады. ЭДТА- ның формуласын H2[H2J] түрінде жазуға болады, ал оның тұзын – Na2H2J, ол төрт негізді әлсіз қышқылдың тұзы. Судағы ерітіндісінде келесі тепе-теңдіктер орын алады:
Н4У ↔ Н+ + Н3У- Ка1 =1.10-2
Н3У-↔ Н+ + Н2У2- Ка2 =2,1.10-3
Н2У2-↔ Н+ + НУ3- Ка3 =6,9.10-7
НУ3- ↔ Н+ + У4- Ка4 =5,5.10-11
Сондықтан ерітіндінің рН-на байланысты иондардың мольдік улестері (α) өзгеріп отырады. ЭДТА координациялық саны 4,6 және одан да көп металл иондарының координациялық сферасын түгел толтырады. Пайда болған комплекстің құрамы метал-ионының зарядына тәуелсіз M:L = 1:1 болып табылады.Метал иондырының зарядтарына тәелсіз Na2ЭДТА мен комплекстүзу реакция теңдеуі бірдей жазылады:
Mn+
+ Y4-
= MYn-4
β
=
Комплексондар
көпдентатты болғандықтан метал-иондарымен
хелатты циклдар түзеді. Хелатты циклдердің
саны артқан сайын комплекстік қосылыстың
тұрақтылығы да артады. ЭДТА метал
иондарымен комплекс түзген кезде әр
метал иондары әрекеттескенде ерітіндіге
екі Н+
протон бөлініп шығады. Сондықтан буферлі
ерітінділер пайдаланылады, мысалы
аммиакты буфер ерітіндісі. Ал аммиак
көптеген металдардың өзі де комплекс
түзеді, сол себептен термодинамикалық
βМУ
орнына β/МУ
– шартты тұрақтылық константасын
қолданамыз. Y4-
нің мольдік үлесі
ескерсек,
Cонда
, ал
-
шартты тұрақтылық константа, ол
ерітіндінің рН-на тәуелді өзгеріп
отырады. Сондықтан αУ
рН-қа байланысты өзгереді. Қышқыл
ортада αУ
мәні
өте азаяды. Осы себептен Cd2+,
Mg2+,
Sr2+
иондарын комплексонометриялық әдіспен
негіздік ортада анықтайды, ал өте тұрақты
комплекс түзетін иондарды (Bi3+,
Fe3+)
қышқылдық ортада титрлеуге болады.
Комплексонометриялық титрлеудің дәлдігі
жоғары болу үшін β/МУ
мәні ≥107
сәйкес болу керек.
22. Қышқыл негіздік титрлеу индикаторлары, индикаторлық көрсеткіші, индикаторлардың түсі ауысу аралығын анықтау.
Титрлеуге
қажетті индикаторды таңдау. Бейтараптану
реакциялары жүрген кезде сырттан
көрінетін өзгерістер байқалмайды.
Сондықтан эквиваленттік нүктені анықтау
үшін тиісті индикаторлар қолданады (рН
индикаторлар). Индикаторлар негізгі
реакция бітісімен жүйе түсін өзгертеді
немесе өзге түрде хабар сездіреді
(мысалы : тұнба түзіледі). Индикатордың
диссоциациялануын сипаттайтын константа
КInd
және индикатор
көрсеткіші pKInd
өз ара байланыста болады. Индикаторлар
қышқылды-негіздік, тотығу-тотықсыздану,
комплекс түзу, адсорбциялық және арнаулы
(спецификалық) болып бөлінеді.
Қышқылды-негіздік индикаторлар суда
әлсіз протолиттік қасиет көрсететін
органикалық қышқылдар мен негіздер.
Әрекеттесуші заттарға қарағанда бұл
индикаторлар өте әлсіз қышқылдық немесе
негіздік қасиет көрсететіндіктен,
олардың түсінің өзгеруі белгілі бір рН
мәнінде ғана орын алады.
Индикатордың
ионизацияланбаған түрінің түсі мен ион
түріндегі бөлшектерінің түсінің арасында
айырмашылық болады. Егер
қатынасы бірге тең болса рКА
= рН + lg1 = pH = pT титрлеу көрсеткіші деп
аталады. Яғни, титрлеу көрсеткіші
индикатордың екі түрі бір-біріне тең
жағдайда сәйкес рН-пен анықталады.
Индикатор өзінің түсін рН = pKJnd
± 1 аралығында өзгертеді. Егер, жүйенің
сутектік көрсеткіші рН ˂ рКInd
– 1 болса, онда ерітіндінің түсі
индикатордың қышқылдық түрімен
анықталады. рН ˂ рКInd
+ 1 . Бұл рН аралығын индикатордың түсін
ауыстыру аралығы деп атайды.
Көп
қолданыс табатын қышқылды-негіздік
индикаторларға келесі индикаторлар
жатады: метил қызылы, метил қызғылт-сарысы,
лакмус, фенолфтфлеин, фенол қызылы,
тимолфталеин.
Органикалық
заттардың түстері олардың құрамындағы
ерекше атомдар топтары «хромофорлар»
(түс көрсеткіш зат) болуынан
байқалады.түстердің интенсивтілігін
ауксохромдартоптары әсер етеді
(күшейтеді). Ионды – хромофорлы теория
қағидалары бойынша ерітінділердің
рН-мәнінің өзгеруіне байланысты, молекула
ішінде атомдардың қайта топтануы жүреді.
Бұл атомдардың қайта топтануы қайтымды
процесс және таутомерлік изомерия деп
аталады.
Қышқылды-негіздік
индикаторлар келесі талаптарға жауап
беруі тиіс:
өте сезімтал
түсі анық және қанық болуы шарт
ерітінді түсін өзгертетін рН мәнінін аралығы жақын
Егер титрлеуде индикатор дұрыс таңдалмаса титрлеудің индикаторлы қателігі өте жоғары болуы мүмкін.
