1.2 Оғыздар мемлекетінің түркі дүниесіндегі саяси рөлі
8 ғ. ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғ. бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғарпеченег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғ. соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады. Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен АралКаспий далаларының үндіевропа, финнугор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды. 9 ғ. соңы мен 11 ғ. басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы деректер 9-10 ғ. б. араб деректерінде мысалы, әл Якубидің еңбегінде айтылады. [13, 59 б ].
Орта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10ғ. оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы - түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге - «иналамиға» - беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, ел ішінде бақсы балгерлер ықпалын жүргізді. Біртіндеп ислам діні де ене бастады. 10-11 ғғ. Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алымсалыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11- ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Европа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны ДештіҚыпшақ тайпаларына араласып кетті. [25, 47 б.]
Оғыздар ІХ ғасырда Жетісу арқылы Сырдарияның төменгі ағысына қоныстана бастағанда олардың сандық және сапалық тұрғыдан құрамдары өзгеріп кетті. Х ғасырдан бастап оларды араб географтары Ғұздар деп атай бастады. Махмұд Қашқаридың еңбегінде көрсетілген 22- Оғыздар тайпалары осы бірлестікке кіргендердің бір бөлігі ғана екендерін ұмытпаған жөн. Тарихи деректер Оғыз тайпаларының Учук және Бузук деп аталатын екі топқа бөлінгендерінен хабардар етеді. Каспий мен Арал теңіздерінен солтүстікке қарайғы аймақта Оғыздар күшті мемлекет құрды. Алайда солтүстікшығыстан келген Қыпшақтар Х ғасырда оларды ығыстыра бастады. Оғыздардың біраз тайпалары Еділ өзеніне дейін барып, осында печенегтермен қақтығысса, ал екінші үлкен бөлігі Орта Азиядағы мұсылман иеліктеріне басып кіріп, Жерорта теңізіне дейін барды. Олардың 1065 жылы Дунайдан өтіп, Балқан түбегіндегі халықтарды тонап, Элладаға дейін барғандары белгілі. Қазіргі Осман түріктерінің біразы – солардың ұрпақтары. Бірақ олар қазір «түрік» атанып кеткен.
«Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук). 8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.
Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамынаСырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдіңхаладжылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.
9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы деректер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады.
Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағықарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святославтын арасында хазарларға қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Киев Русінің оғыздармен әскери-саяси одағы олардың саяси және сауда-экономикалық мүдделерінің бір болуынан туындады. Хазариямен бәсекелес болған ежелгі орыс мемлекетіне одақтас керек болды; екінші жағынан, феодалданып келе жатқан көшпелі оғыз шөнжарлары ездерінің малына жайылымға, Дон және Қара теңіз маңындағы далаларға оөе мұқтаж болды, ал оған жетуге Хазария бөгет жасады. Оғыздарды Еділ бойынан, Маңғыстаудан, Үстірттен өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды жолдар барынша қызықтырды. Бұл сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ертедегі орыс мемлекеті де мүдделі болатын. Хазарияның талқандалуы орыс көпестеріне Шығыс елдерініңбай рыногына жол ашты. Осының бәрі оғыз жабғуларын сыртқы саяси бағытында орыс князьдерімен одақ жасасуға бағдар алуға итермеледі.
965 жылы Хазария жеңілгенге дейін оғыздар хазар қағандарымен ұзақ уақыт күрес жүргізді. Оғыздардың хазарлармен қан төгіс шайқастары, Маңғыстауға батыс жағынан іргелесетін далаларда өткен болса керек. X ғасырдың орта кезінде Каспий теңізінін солтүстік-шығыс жағасына дейін жеткен Хазар державасының шекарасы осы жерден басталатын еді. Хазар қағанатының талқандалуы оғыз державасының саяси қуатынын өсуіне себепші болды. X ғасырдың аяғында оғыз жабғулары орыс князьдерімен біріге отырып, Еділ Бұлғариясын да күйрете женді. Орыс шежірешілері 985 жылы князь Владимирдің торқтармен (оғыздармен) одақтаса отырып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтады. Князь әскерлері Еділмен немесе Камамен қайықпен жүзді, ал тұрқтар жағамен өздерінің жауға мінетін аттарымен жүріп отырды. X — XI ғасырлар шегінде оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым -салықтардың жыртқыштыкпен жиналуына наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістері жиілей түседі. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұл көтерілістер өкімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның басқаруына қарсы жүргізіледі.Ертедегі оғыз тобының орныға бастауы Батыс Жетісумен байланысты. Оғыздардың тарихи аңыздары да осы пікірді қуаттайды, оларда оғыздардың алғашқы ата-бабаларының бірінінде Ыстықкөл маңында болғаны айтылады. Бұл арада жетісулық (ежелгі оғыздық) рулық-тайпалық бөліністер еске алынып отырса керек, олар кейін калыптасқан оғыз тайпалар одағына кірген болатын. Атақты Оғыз ханның Таластан Еділге дейінгі аралықтағы жерлерді жаулап алғаны туралы тарихи аңыздарда, онын әскерлерінде өздерін «октуғра-оғызбыз» деп атайтын бірнеше мың үйдің болғаны айтылады. Бұл атаудағы «оқ» деген термин назар аудартады, ол «жебе», «ру», «тайпа» деген ұғымдарды білдірген. Айтарлықтай бір жай сол, неғұрлым кейінгі кезде жебе белгісі ұшұктардың — оғыз әскерінің сол қанатына жататын бір фратрияның эмблемасы болды.Махмуд Қашғари оғыздар алғашында 24 тайпадан құралған дейді. Алайда неғұрлым кейінгі авторлар оның ішінде Марвази оғыздардың 12 тайпасы жөнінде ғана айтады. Деректемелердің айырмашылықтарын оғыздардың екі экзогамиялық фратрияға: тиісінше олардың әскерлерінің оң және сол қанатына кірген бұзұктар мен үшұқтарға бөлінуімен түсіндіруге болар. Әрбір топта 24 тайпадан болды, бұлардың өзі де тепе-тең екіге бөлінеді.
Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұзұқтар оң қанатқа, «аға» тайпалар қатарына жатады да, ал ұшұқтар сол канаттың «кіші» тайпаларына жатады. Жоғарғы ханды «сайлағанда» бұзұктардың (ұшұқтарға қарағанда) көп артықшылықтары болған. Жалпы алғанда оғыз мемлекеті этникалық құрамы жөнінен ала-құла болып ерекшеленбеген.
Оғыз мемлекерінің астанасы – Янгикент немесе Жаңа Грузия деп аталатын қала болды. Ол Қимақ даласы арқылы Сарысу, Есіл және Нұра бойларына баратын керуен жолдары осы қаланың үстінен өткен. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік тұрмысы жағынан көне феодалдық мелекет болды. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз жабғыарының орынбасарларын Көл еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мұрагерге беріліп отырған. Оғыз хандарын сайлау кеңестерде өткізілген, бұл әлгі әскери демократия дәуіріндегі халық жиналыстарының өзгертілген түрітәрізді. Жабғудың «инал» деген атағы бар өз мұрагерлері болған. Жас (атабектер) тағайындалған. [29, 92 б]
Оғыз жабғыларының әйелдері сарай маңындағы өмірде айтарлықтай рөл атқарған. Оларға «қатын» деген атақ берілген. Сарайда әскери кеңеске сүйенетін оғыз әскерінің бастығы (Сюбашы) маңызды орын алған. Әскер басылары елдегі саяси оқиғаарға араласып, кейде тіпті жабғуға да қарсы шығып отырған. 965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святослав пен одақтасып хазарларды талқандады. Киев русьтары өздеріне бәсекелес хазарлрдың жеңілгеніне қуанса, оғыз шонжарлары Дон және Қара теңіз жағасындағы тамаша жайылымға ие болды. Хазар қағанатының талқандалуы Оғыз мемекетінің саяси қуатының өсуіне себепші болды. 985 жылы оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Булғариясын күйрете жеңді. Оғыздар Еділ бойынан, Маңғыстаудан /оғыздар Манкишлак деп атаған үстірттер/ өтіп, Еуропаның Азиямен жалғастыратын аса маңызды сауда және әскери стратегиялық жолдарды басып алғысы келді, бірақ оған қол жеткізе алмады. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік даму жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды. Онда әскери демократиялық құрылыстың жалғасы ретінде ел билеу институттары сақталды. Ал жабғудың билігін ірі әскери тайпалық ақсүйектердің кеңесі шектеп отырды. ІХ-Х ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық тайпалық институттардың тез ыдырауы жағдайында патриархаттық феодалдық қатынастар дамыды.
Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі орын алды, бұл – мемлекетте тұрақты басқару аппараттарының құрылғанын көрсетеді. Жабғының салық жинаушылары мың адамға дейін жететін арнаулы отрядтардан құрылды. Оғыздардың қоғамындағы феодалдық жеке меншік түрі қалыптасып дамыды, сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен бірге қауымның қатарындағы мүшелері: кедейлер мен құлдар бұқарасы тіршілік еткен. Оғыздардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелілер маусымдық жайылымдардың бірінен соңбіріне ауысып, ұзақ уақыт көшіп жүрді. Олар өздерінің белгілі өткелдерінен, қолайлы тау асуларынан өтіп, суы мол, шөбі қалың жайлауларға ауысып отырды. Оғыз тайпаларының бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспий маңындағы далаға көшкен. Оғыздар негізінен жылқы, қой, ешкі, сиыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіресе, қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған. Сондай ақ оғыз бай феоделдары жер қайыстырған қалың жылқы үйірлерін ұстаған. Көшпелі оғыздр түйе де оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыздар аңшылықпен де айналысты, терісі қымбат түлкі, сусар, құндыз сияқты аңдарды аулаған. Оғыз кедейлері Арал теңізінен, Сырдариядан, тағы басқа да өзендерден балық аулап кәсіп қылған. Тарихи деректемелер оғыздардың арасында отырықшы егіншілер мен қала халықтарының едәуір көп болғандығын көрсетеді. Қалалардағы үйлер көбіне тастан, ағаштан, қамыстан тұрғызылды. [29, 72 б]
Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, жент, Жуара, ал Сырдарияның орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ және Сауран т. б. қалалары болған. Оғыз көшпенділері Мәуренахр, Хорезм және Жетісу сияқты егіншілігі дамыған елдермен тығыз байланыс жасап тұрған. Оларда қолөнер кәсібі, соның ішінде мал өнімдері мен шикізаттарды өңдеу дамыды. Малдың терісінен әр түрлі аяқ киім, ыдыс садақтың қаптамасы, қорамсақ, ер тұрман әбзелдері, торсықмес секілді заттар жасалды. Киіз үйге керекті заттар дайындлды. Киім, сондай ақ жабайы жануарлармен аңдардың терісінен де тігілді. Оғыздарда құмырашылық өндірісі де өркендеді. Олар мекендейтін аумақтарда темір, күміс, алтын, мыс және асыл тастар өндірілді. Шеберлер олардан сәнсалтанат және әсемдік бұйымдар дайындады.
Оғыздар табиғи күштерге табынып, бақсыбалгерлерге сенген. Сонымен бірге олардың арасында бірте бірте ислам діні де ене бастайды. Оғыздар Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарады.
ХІ ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Оған алымсалықты жыртқыштықпен аяусыз жинауға наразылық білдірген оғыз тайпаларының көтерілісі себеп болды. Бұл жағдай Х ғасырдың екінші жартысында өкімет басына келген Әлиханның билік құрған кезіне жатады. Жабғының өкіметіне қарсы халық наразылығын, Жент маңына келіп қоныстанған салжұқтардың көсемдері пайдаланды. Салжұқ көсемдері Янгикенттегі оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жент қаласын басып алды, бірақ оны ұзақ ұстап тұра алмады. Осы кезде ел басына Әлиханның мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір күшейеді. 1041 жылы оғыздар Хорезмді жаулап алады. Оның құрамына Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы тұрғындары, Сырдария аңғарында, Арал маңындағы және Каспийдің солтүстігіндегі басқа дала тайпаларының біразы кірді. Сондайақ оған Жетісу мен Сібірдің жартылай көшпелі және көшпелі рулары мен тайпалары енді. Бұл одаққа енген тайпалар Қазақстанның далалы аймақтары мен өзендерінің жағасында, көлдердің маңында көшіп қонып жүрді. Истахри жазып қалдырған «Китаб месалик әлмемалик» кітабының дерегі бойынша, Оғыз елі хазаралар мен қимақтар арасындағы жерлерді қамтып, Қарлұқ пен Бұлғар және мұсылман елдері Джурджана, Фараб, сондайақ, Исхиджабпен шектесіп жатқан.
Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады. IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді. Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Сырдарияның Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін дейін жеткен. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында, Арал өңірі мен шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоныс тепті. Оғыздар жер иеігі отырықшы Хорезммен , Мәуренахрмен және Хорасанмен шектесіп жатқан. Х ғасырда сонау Харазияға дейін созылып жататын ұлан дала, сол сияқты Солтүстік Каспийдің құла түзі, оңтүстік шығыс Қарақұм шөлі мен Арал аймағының Қызылқұмы Оғыз сахарасы деп аталған. Оғыздардың түрік тайпалары қарлұқтармен, тоғыз оғыздармен, қимақтармен жүргізген соғыстары жөніндегі мәлімет тарихи деректерде сақталмаған. Х ғасырда Оғыз мемлекерінің астанасы – Янгикент немесе Жаңа Грузия деп аталатын қала болды. Ол Қимақ даласы арқылы Сарысу, Есіл және Нұра бойларына баратын керуен жолдары осы қаланың үстінен өткен.
Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік тұрмысы жағынан көне феодалдық мелекет болды. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз жабғыарының орынбасарларын Көлеркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мұрагерге беріліп отырған. Алайда, арада екі жыл өткеннен кейін оғыздардың соңғы жабғысы Шахмәлік салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Салжұқтармен жүргізілген ұзақ жылғы соғыстар Оғыз мемлекетін қатты әлсіретті. Аяғында келіп жабғымемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан біржолата құлады. Оғыздардың бір сыпыра топтары осыдан кейін Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға қоныс аударды. Енді біразы Орта Азияға, Оңтүстік Қазақстандағы Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына көшті. Ал ХІ ғасырдың ортасында қыпшақтар талқандаған оғыздардың кейбір қалдықтары кейін келе Дешті Қыпшақтардың түркі тілдес тайпаларына сіңіп кетті.
Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарын қалыптастырушы бөлшектердің бірі болды. Оғыз этнонимдері Кіші жүз бен Орта жүздегі қазақ рулары мен тайпаларының аттарында сақталған. Оғыздардың саяси бірлестігі – оғыздардың 911 ғасырдардағы феодал мемлекеті. Шамамен 8- ғасырдың ортасында Оғыз тайпалары түп аталарының тобы Жетісудан кете бастады. Бұл, сірә, Батыс Түрік және Түркеш қағандықтары құлағаннан және Жетісуда Қарлұқ федерациясы тұрақтағаннан кейін арасындағы күреске байланысты болса керек. Жетісу түріктерінің бір бөлігі Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі ағысы бойына қоныс аударды. Олар кенгарпеченек бірлестігімен ұзақ жылдар қақтығысып, соғысып (9-10 ғ. ), Арал теңізінің батысы мен Каспий теңізінің солтүстігіндегі жерлерді басып алды. Бұл соғыстар Оғыз тайпаларының саяси жағынан топтасып қалыптасуына жағдай жасады. Оғыздар бірнеше тайпаға, ал тайпалар көптеген ру тармақтарына бөліндіОлар Ырғыз, Жайық, Ембі, Ойыл өдерінің алқабында, Аралсор көлінің жағалауы мен Сырдария Қаратауының бөктерінде көшіпқонып жүрді. Арал теңізі маңында, Каспийдің солтүстігіндегі жерлер мен Сырдарияның төменгі ағысы алқабын мекендеді. 8 ғасырдың 2жартысы мен 9ғасырдың соңында Оғыз тайпаларында мемлекет ұйым нышандары пайда болып, нығая түсті. Орта Азияға, Шығыс Еуропаға, Шығыс Қазақстан мен Монғолияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жеріне орналасқан Янгикент қаласы 10 ғасырда Оғыздардың саяси бірлестігінің астанасы болды.
Мемлекет басында жоғарғы әкім (билеуші, құрметті лауазымы «жабғу») тұрды. Олардың орынбасарлары күлеркіндер деп аталды. Жабғу сөз жүзінде хан болып сайланғанымен, іс жүзінде мемлекет билігі атадан балаға мирас болып қалып отырды. Оғыздардың бас хандары әскери демократия кезіндегі халық жиналыстарының қайталанған түрі іспеттес кеңестерде сайланды. Жабғу мемлекетінде оғыз әскерлерінің бас жетекшісі (лауазымы «сюбашы») үлкен рөл атқарды. Ол мемлекеттің саяси өміріне араласып, кейде жоғары әкімге де қарсы шығып отырды.
9-10 ғасырдағы Оғыздардың саяси бірлестігі өзінің саяси және әлеуметтік құрылымы жағынан феодал қоғамға дейінгі дәуірден ертедегі феодал қоғамға өту дәуіріндегі мемлекет болды. Мұнда ескі рутайпалық институттар жойылып, патриархалдыфеодал қатынастар дамыды. 10 ғасырдың аяғы – 11 ғасырдың басында Сырдария жабғулары мемлекетінде тұрақты салық жүйесі қолданылды. Бұл мемлекетте белгілі бір басқару аппараты қалыптасқанын көрсетеді. Сондықтан 11 ғасырдағы Оғыздардың саяси бірлестігін ертедегі қарапайым феодал мемлекет бірлестік деп атауға болады. 965 ж. оғыздар Киев Русымен одақтасып, Каспий теңізінің солтүстікшығыс жағалауларындағы жерлерді иемденген Хазар қағандығын талқандады. 986 ж. оғыздардың Жабғуы орыс князьдарымен бірге ВолгаКама бұлғарларын күйрете жеңді. Мұның бәрі Оғыз мемлекеті саяси қуатының артуына жағдай жасады. Алайда шамадан тыс ауыр салыққа наразы, тайпалар арасындағы көтерілісті және феодалдана бастаған ақсүйектердің езгісі мен зорлықзомбылығына қарсы халық қозғалыстары нәтижесінде 10-11 ғасырда Оғыздардың саяси бірлестігі дағдарысқа ұшырап, төмен құлдырады. Ішкі қайшылықтар жегідей жеп, әлсіреген Жабғу мемлекеті Қыпшақ тайпалары көсемдерінің соққысынан біржолата құлады. Оғыздардың едәуір бөлігі қыпшақтардың қысымымен Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға ығысты, енді бір бөлігі Мауараннахрдағы Қарахан әулеті мен Хорасандағы Салжұқ әкімдерінің билігіне көшті. 9-10 ғғ. Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. "Оғыз" деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған.
Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т. б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар бузук және үшүк (учук). Орта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғ. оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы түркі және иран тілінде сөйлеген.
"Жабғы" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күлеркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге "иналамиға" беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің "сюбаши" деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, ел ішінде бақсыбалгерлер ықпалын жүргізді. Біртіндеп ислам діні де ене бастады. Түркі мемлекеттігінде мызғымас дәстүрге айналған
Ашына әулетінен хан сайлау жүйесін ұйғырлардың Яғлақар тайпасының көсемі Құлбойла (Л. Гумилевте – Пейло) келмеске жіберді. Ол 745 жылы тақта отырған Басмыл тайпасының ханының басын кесіп алып, Тан императорының астанасы Чананьға жіберді және өзін Құтлық Білге деген лауазыммен хан ретінде мойындауды ұсынды. Тақтан қуылған Ашына әулетіне ілескен түріктердің бір бөлігі қытайға қашып, ақыры сонда табғачтарға араласып, ассимиляцияға ұшырап, жойылып кетті. Яғлақар тайпасы бастаған Онұйғыр рулары тарихи сананы мүлде жойып жіберу үшін Ашына әулетінен қалған тарихи ескерткіштерді талқандауға кірісті. Осы зобалаңның барысында атақты Күлтегіннің де мүсіні талқандалып, оның басы денесінен бөлініп қалды. Осындай бүліншілікке басқа түрік ақсүйектерінің мүсіндері де ұшырады. Адамзат үшін аса құнды асыл мұралар осылайша надандықтың құрбандығына айналды. Яғлақар ақсүйектері кезінде өздері бағынышты болып бас иген және өздеріне бауырлас түркітілдес халықтарды қудалауға түсірді. Енді мемлекет атауы болып келген «Түрік» этнонимін «Ұйғыр» этнонимі ауыстырды. Ұйғыр атанғандар о бастанақ түркітілдес Оғыздардың тайпалық бірлестіктері аясында өсіпөнген рулар мен тайпалардан құралды. Сондықтан да белгілі түркітанушығалым М. Жолдасбеков олар құрған мемлекетті Біріккен Түркі қағанаты деп атауды ұсынды. «Ұйғыр» этнонимі төңірегінде әртүрлі пікірлер бар. Олардың ішінде, біздің ойымызша, Әбілғазының түсіндіруі шындыққа әлдеқайда жақын. Ол «Ұйғыр» этнонимінен «сүттей ұйыған» (біріккен) деген мағынаны қабылдап, мұндай атауды рутайпалар бірлестігіне атақты Оғызханның бергенін атап көрсеткен еді. Шындығында да, Ұйғырлардың Тоғыз оғыздар одағынан бөлініп шыққандарын ескерер болсақ, бұл айтылғандардың тіптен де негізсіз еместігін байқар едік. О баста ұйғыр руларының бабалары ежелгі Чиди, Динлин тайпалық бірлестіктері құрамында көшіпқонып жүрді. Бұлардың байырғы ғұндардың да аталары екендіктерін ескерер болсақ, ұйғырлардың кім екендігі әйгілене түседі. Ғұндардың билігі ыдыраған соң, Орхон аймағында Теле тайпалар одағы ұйымдасты. Енді Ұйғырлар бабалары осы конфедерация құрамында көшіпқонып жүрді. V ғасыр ортасында Ашына бастаған Алтынтаудағы (Алтайдағы) түркілер осы Телелердің 40 мың үйлік бірлестіктерін бағындырып, солардың күшімен өздерінің атажаулары Жужандарды (Аварлардың бабаларын) жеңіп, Түрік қағанатын құрған болатын. Қағанат екіге бөлінгенде Телелер Шығыс түріктеріне қарады. Алғашқы Шығыс түркі қағанаты ыдыраған соң Телелер одағын Қыпшақтардың байырғы бабалары Сір Ендалар (Л. Гумилевте – Сеянто) биледі. Бұл ұлыс аса қуатты болып, қытайды жиі мазалады. Осы VІ ғасырдаақ бірде Телес, бірде Гаогұй атанған төрт ру (Юаньхе, Бугу, Тоңра, Баегу) топтасып, Хұйхе (Хұйғыр) деген атпен атала бастады.
Сір Енда ұлысы ыдырап, Сегіз оғыздар (Наймандардың бабалары) мен Тоғыз оғыздардың (Керейлердің бабалары) Байырқу конфедерациясы құрылғанда Хұйхелер (Хұйғырлар) Тоғыз оғыздар құрамында болды. Сондықтан да кейбір зерттеушілер Тоғыз оғыздарды Ұйғырларға жатқызып шатаса береді. Шын мәнінде, Байырқу конфедерациясы ыдыраған соң Тоғыз оғыздардың кейінгі қазақ Арғындарының арғы бабаларын құраған Басмылдарды және Қарлұқтарды басып алып, Он бір оғыз атанған кездері де болды. Яғни Тоғыз оғыздарға Хұйғырлардан басқа да түркі тайпалары кіргенін ұмытуға болмайды. Бұл жерде тағы бір ескерте кететін мәселе, «Құйғыр» атауы «жауынгер» деген мағынаны білдіріп, Яғлақар тайпасының атына балама ретінде қолданылса, ал «Ұйғыр» атауы, жоғарыда атап кеткеніміздей, «біріккен» деген мағынада Яғлақар тайпасы төңірегіне топтасқан Онұйғыр руларының тайпалық бірлестігінің аты ретінде айтылып келді. Мұны ежелгі қытай тілін жетік меңгерген Тұрсынхан Қайыркен бауырымыз өзінің докторлық диссертациясында айқындап берген еді. Құйғырлардың, яғни Яғлақар әулетінің Екінші Шығыс түрік қағанатының тағын басып алуын осы тайпа көсемі Құлбойла ұйымдастырды. Ол бұл істе Шығыс Қарлұқтарының, Басмылдардың және өзіне бағынатын Ұйғырлардың Қағанатқа қарсы бас көтерулерін тиімді пайдалана білді және өзін қолдап Телелер бірлестігінен бөліне көшкен алты тайпаға (Бугу, Хұн, Байырқу, Тоңра, Сыға, Киби) сүйеніп, байырғы түркілер астанасы орныққан Ханғай тауы мен Орхон өзені аралығында хан ордасын тікті. Жаңа қағанаттың аумағы шығыста Батыс Манчжуриясын қамтыса, оңтүстікте Гоби шөлінің солтүстігінен басталып, батыста Қара Ертіске дейін барды. Әртүрлі соғыс жанжалдарынан шаршаған қағанатты басқарған Құлбойла қытаймен бейбіт қарымқатынасты жолға қойды.
Осы саясатты оның орнына 747 жылы таққа отырған баласы Мойыншор онан ары жалғастырды. Өздері талқандаған Көк түріктерге әрқашан еліктеген Ұйғырлар төңірегіндегілерді жаулау арқылы мемлекетті нығайтпақ болды. 756 жылы олар Чиктерді (Шектілердің бабаларын), 758 жылы Қидандарды (Қарақытайлардың бабаларын) күшпен бағындырды. Мойыншордың белсенді жорықтары Ұйғырларды күшейте түсті. Ол қайтыс болған соң таққа отырған Идиган хан бұрынғы түріктер тәрізді қытайдың солтүстік аймақтарына басып кіріп, тонаушылықпен айналысты. Азамат соғысы жүріп жатқандықтан бұл тұста қытай Ұйғырларға тойтарыс бере алмады. Осыны пайдаланып, Идиган қытайға ауқымды жорық жасамақ болды. Алайда Тоғыз оғыз одағына кіретін және Ұйғырлардың негізгі күшін құрайтын тайпалар қытаймен соғысты қаламады.
Нәтижесінде ақсүйектер көтеріліс ұйымдастырып, соғысқұмар Идиганды өлтірді. Енді қағанат тағына кездейсоқ адамдар отыратын кезең басталып, Ұйғырлар билеген қағанат сайланбалы монархияға айналды. Осылайша саяси тұрғыдан әлсірей бастаған қағанат 783 жылдан бастап қытайдың вассалына қалай айналғанын да білмей қалды. [30, 52 б].
Ұйғырларды өздерінің жағына шығару атты әскерлері аз және іргедегі Тибетпен ылғи да қырғиқабақ жағдайда отырған қытайға аса тиімді болды. Тибеттіктер Ұйғырларға амалсыз құл болған шығыс Қарлұқтарын, Енесай қырғыздарын қолдайтындықтан және т. б. түркітілдес тайпалар жағында болғандықтан, Ұйғырлар қытайлықтармен бірігіп, ал қытайлықтар арабтардың халифы ХарунарРашидпен келісіп, ортақ жаумен соғысқа аттанды. Бұл соғыс ұзаққа созылып, ақыры 821 жылы Тибет пен Қытайдың келісімімен аяқталды. Алайда бұдан Ұйғырлар ештеңе ұтқан жоқ. Қағанатқа бағынған тайпалар Ұйғыр ақсүйектерінің өзара айтысты әдетке айналдырған мансапқорлық ісәрекеттерінен жери бастады. Осылайша 794 жылы олардан Гоби шөлінің оңтүстікшығысындағы Шато түріктері (Уақтардың бабалары) бөлінсе, ал 835 жылы шығыстағы Татабылар кетті. Тибеттіктердің қолдауымен Қырғыздар қағанатқа қарсы екі рет көтерілді. Әсіресе, олардың 818 жылғы көтерілісі Ұйғырлардың үстемдігін шайқалтып жіберді. Шешесі Түргеш, ал қызы Тибеттің белгілі қолбасшысына тұрмысқа шыққан қырғыз Ажо өзін тәуелсіз хан жариялаумен шектелмей, Ұйғыр қағанының өзіне бағынуын да ашық талап етті. Тақ үшін тартыстан қалжырап, билікке заңсыздықпен, күштілер ғана қол жеткізетін келеңсіз заманға тап болған, аштықтан әлсіреп қыстан зорға шыққан Ұйғырларға Қырғыздар 840 жылы кенеттен бас салды. Ұйғыр ханы Күлүгбек өлтіріліп, Ұйғырлар бас сауғалап жанжаққа қашты. Олардың бір бөлігі Жоңғариядағы Қарлұқтарға қосылса, ал екінші бөлігі тибеттіктерді барып сағалады. Ал Ұйғыр ханының төңірегін құраған 13 рудың қалдықтары Манчжуриядағы татарлардан пана іздеді.
Алайда оң мың әскермен мұнда жеделдете келіп жеткен Қырғыз ханы Ажо оларды қуалап жүріп, біртіндеп қырды. Ал Жоңғарияға қашып барып Қарлұқтарды паналаған Ұйғырлар екіге бөлініп, олардың бір бөлігі Күче төңірегіне орнықса, ал екіншісі Бесбалықтың айналасын паналады. 866 жылы Тибетті қытайлықтардың біржолата талқандауы осы ұйғырларды мүлде жойылып кетуден құтқарып қалды. Осы аймақта, Лобнор көлінің солтүстігінде, Бугу Цзун қашыппысқан Ұйғырлардың бір бөлігін біріктірді. Мұның өзі хандық деп айтуға келмейтін шағын ғана ұлыс еді. Оны билеуші сондықтан да «идықұт» лауазымын иемденді. Дегенмен де дәл осы шағын ұлыс «Ұйғыр» этнонимін сақтап қалып, болашаққа жеткізді. Бүгінгі Ұйғырлардың арғы бабалары осы ұлыстан бастау алады. Осылайша кезінде бүкіл Орта Азияны тітіреткен Көк түріктерді жойып жіберген Ұйғырлар да тарих сахнасынан кетті. Түркітілдестердің ауыз бірлігі орнықпай, олардың бір орталыққа біріккен мемлекетінің де орныға қоймайтынын тарих тағы дәлелдеді.
10-11 ғғ. Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алымсалыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Европа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.
11 ғасырдың ортасында оғыздардың қыпшақтар талқандаған соңғы бөлігі Дешті Қыпшақтың түрік тілдес тайпаларына біртебірте сіңісіп кетті. Оғыздардың басым көпшілігі негіздерінен экстенсивті көшпелі мал шаруашылығымен (қой, жылқы, түйе, сиыр, ішінара ешкі) шұғылданды, аң аулады. Көшпелілермен қатар отырықшы және жартылай отырықшы оғыздар да болды. Олар Сырдария алқабындағы қалаларды (Махмуд Қашғаридың айтуынша - Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығнақ) мекендеді. Түрлі әлеуметтік экономикалық себептерге байланысты малынан айырылған көшпелі оғыздар отырықшылардың қатарын толықтырды. Отырықшы оғыздар негізінен егіншілікпен және қолөнерімен айланысты. Түрлі аяқ киім тікті, ыдыс, әшекей бұйымдар жасады, оғыздардың шаруашылығында зат айырбасы мен сауда маңызды орын алды. Жетісу, Хорезм, Мауараннахрмен сауда жасауды. Сырдария алабындағы қалалар (Янгикент, Сабран) елеулі рөл атқарды. Оғыздар шетке мал, ет, тері, аң терісін, малахит шығарып, соғыс кезінде қолға түскен адамдардан құл саудасын өрістетті. Оғыздармен жауласқан тайпалар мен халықтар өз кезегінде қолға түскен оғыздарды да құлға айналдырып, сатып отырды. 9 ғасырда Хорасан билеушілері жылмажыл Бағдад халифтеріне 2000 құл (оғыз) жөнелтіп тұрды. Орта ғасырлардағы деректемелерде оғыздардың әлеуметтік жіктерге бөлінгені айтылады. Ибн Фатлах (10 ғ. ) 10000 жылқысы бар оғыз ақсүйектерінің болғанын жазады. Байлар да, кедейлер де, құлдар мен қатардағы қауым мүшелері де болды. Оғыздардың көпшілігі – мәжусилер болды, бақсыбалгерлерге табынды. Сонымен бірге оғыздар арасында біртебірте ислам діні тарады. Сырдария алқабындағы, Арал теңізі, Каспий теңізінің солтүстігіндегі жерлерді мекендеген Оғыз тайпалары қазақтардың этникалық тарихында елеулі орын алды. Тарихи аңыздарда олар қазақ халқының арғы аталарының бірі ретінде аталады. Оғыздар – тарихи тұрғыда түрікмендердің, өзбектердің, қарақалпақтардың түпкі аталарының бірі. Оғыздардың солтүстікбатыс бөлігі кейін төменгі Еділ бойы татарлары мен Оңтүстік Орал башқұрттарының құрамына қосылды. 11-13 ғасырдарда Закавказье мен Кіші Азияға кеткен оғыздардың оңтүстік тобы Әзірбайжан және түрік халықтарының қалыптасуына үлес қосты [32, 78 б].
