Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гулжайна Г-11 ++++.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464 Кб
Скачать
☆

Мазмұны

Кіріспе ................................................................................

6

1

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ МҮМКІНДІКТЕРІН ДАМЫТУ................................................................................

9

1.1

География пәндеріндегі оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру жолдары.............................................................

9

1.2

Оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары.................

11

1.3

Жаңа ғасыр мектебінде география сабағына қойылатын талаптар........................................................................................

17

2

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІРЕТІН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР........................

20

2.1

Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері.......

20

2.2

Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.................

23

2.3

География пәніндегі ғылыми-теориялық және практикалық тәсілдер...............................................................................

28

2.4

Өлкетанудағы зерттеушілік іс-әрекетте оқушылардың белсенділігін арттыру.................................................................

31

3

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ...............................................................

39

3.1

Сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру......................................................................

39

3.2

Оқушылардың ақыл-ойын дамытудағы ұйымдастырылатын танымдық іс-әрекет формасы.....................................................

42

3.3

География сабағында оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру.................................................................................

47

Қорытынды..............................................................................

57

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................

59

Кiрiспе

Жұмыстың өзектiлiгi: Біз табиғат құбылыстарының, көріністерінің сан қилы екендігін айта отырып, пәндердің соншалықты екендігіне немесе тек пәндерге ғана сүйенуге тиістіміз. Сонымен бірге, пәнаралық сипаты бар мәселелерге, құбылыстарға сүйенуіміз керек. құбылыстардағы ойластыру «Адам табиғат аясында» концепциясынан шығу және білім мен ақпараттың зор көлеміне сүйену. Жаратылыстанудың принципті позициясы оқытудың құралдарымен сәйкес келетін және теориялық деңгейде білімдерді интеграциялауды қамтамасыз ететін, жан-жақты, ассоциативті, жүйелі, абстракті түрде дамыта білуден тұрады. Абстракілі ойлау дегеніміз-қасиеттерін анықтау мақсатымен қарастырылып отырған құбылыстардың сәттерін тыс ойлпу, оның мәнін жан-жақты ашатын дерексіз ойлау, яғни нақтылықты тереңірек тануға келтіреді. Абстрактілі түрде ойлау пәнді немесе құбылысты жақсы білуге негізделеді. Алайда, абстрактілі ойлау әр ғылымда әртүрлі. Сондықтан да жаратылыстану туралы абстракті түрде әңгіме жүргізу үшін география ғылымдарынан жақсы теориялық білім деңгейін талап етеді. Материалды баяндау кезінде дедуктивті әдіс жиі қолданылады. Сонымен бірге, таным тұрақты түрде ойлаудың «масштабты ойынымен» жүруі тиіс. Сондықтан да әр түрлі пікірсайыс, конференция ұйымдастыру, ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс жасауды ұйымдастырудың зор маңызы бар.

Бұдан шығар қорытынды оқушылардың дұрыс дүниетанымына және табиғатқа табиғи-ғылыми тұрғысынан келуіне жеке пән ретінде география пәнінің маңызы зор.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «...біздің республиканың білім жүйесі әлемдік деңгеймен үндеспей отырғандығына көңіл бөлініп, білім жүйесінің алдына биік міндеттер жүктейді.

Оқушыға білім, білік дағдыларын беріп қана қоймай, ол өзгеріп тұратын нарық жағдайына тез бейімделе алатын, түрлі ақпараттарды өзі іздеп тауып, оны тиімді пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның маңызды талабы. Мұғалімдер съезінде еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген еді.

Ендеше бүгінгі мектеп партасында отырған оқушыларға ғылыми білім беру оларды әлемдік мәдениет жетістіктерімен сусындату шығармашылық қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастыру мұғалімдерге жаңа талаптар қояды. География ғылымы өте қызықты да күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып, сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника заңдылықтарын, яғни, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.

Олай болса, ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры десек, бұл география ғылымына да қатысты. Ендеше география пәнінің мұғалімі де басқалар сияқты информатикадан хабары болуы қажет. Олай болмаған жағдайда, мына ақпарат ғасырында ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда әлемдік даму кешінен қалып қоярымыз сөзсіз. Сондықтан қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенді болып өздігінен шығармашылықпен білім алуы керек. Ол үшін бүгінгі таңда қолданылып жүрген мультимедиялық электронды оқулықтың алатын орны ерекше деп айтуға болады.

Бұл оқулық география пәні бойынша Білім стандарты мен оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес келеді. Көптеген мектептерде 8– 10 сыныптарға арналған электронды оқулықтар бар. Электронды оқулық өз қолымыздағы оқу құралдарын толықтырады, дидактикалық материалдары жеткілікті. Бұл оқу үрдісінің сапасын және тиімділігін арттыратын жаңа оқу құралы. Мультимедиялық электронды оқулықтарды оқи отырып 8–сынып оқушылары Қазақстанның физикалық географиялық жағдайын оқып, өз біліктілігін арттыратын ақпараттармен таныса алады.

География пәнінің ұраны: «Мың рет естігенше, бір рет көр» деп есептесек, бұл оқулық арқылы Қазақстанның табиғат жағдайлары мен заңдылықтарды, түрлі процестерді өз көздерімен көріп таныса алады. Сонымен бірге электронды оқулықты пайдалану арқылы оқушының шығармашылығын дамытып, іскерлікке, өздігінен білім алуға баулиды. Электронды оқулықтың тиімді жағы өте көп. Қазіргі нарық жағдайларда география пәні бойынша карталардың жетіспеушілігі, ғалымдар жайлы мағлұматтар. Олардың суреттерін алу қиындық келтіреді. Мұндай жағдайда сізге электронды оқулық көмекке келеді. Электрондық оқулықта ғалымдар, саяхатшылар өмірі, географиялық атаулар мен терминдер, анықтама сөздіктер, түрлі карталардың баорлығын пайдалануға болады.

Ақпаратты оқыту технологиясына сонымен бірге теледидар арқылы көріністер көрсетіп отырып, оқыту үрдісіне жатады.

Қорыта келгенде, мультимедиялық электронды оқулықпен оқыту арқылы, білім берудің интенсивті, автоматты үрдісін, ойын түрінде пайдалануға (іскерлік бақылаушы) оқушының жеке қабілетін есепке алуға, білім алу үрдісін түбегейлі өзгертіп, оқушының өздігінен білім алуға, пәнге қызығушылығын арттыруға болады.

Өзектiлiгi: біз яғни оқушыларға география пәнiнен сыныптан тыс өткiзiлетiн жұмыстар мазмұнымен таныстыру, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, көптеген осы тұрғыдан іс-шаралар өткiзу болып табылады. Яғни сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру қажет.

Жұмыстың зерттелу деңгейі немесе тарихнамасы: Дипломдық жұмысында Әбенбаев С., Ахметова Г. Дәстүрлі емес сабақ турасында», Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. «Педагогика» Сүлейменова А. География сабағында инновациялық әдістерді пайдалану», Әлібекова Э. «Озық технология өрге басар» және т.б. оқу - әдістемелік газет, журналдан мақалалар қамтылды.

Жұмыстың мақсаты: Жұмыстың мақсаты, яғни оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру, өз бетiнше жұмыс істеу қабiлеттiлiгiн арттыру, педагогикалық-психологиялық жағынан ой өрiстерiн дамыту болып табылады.

Жұмыстың мiндетi: Жұмыстың мiндетi оқушыларды географиядан сыныптан тыс өткiзiлетiн жұмыстарға мiндеттi түрде қатыстыру, өз беттерiнше жұмыс жасату, сыныптан тыс жоспарлар құру шартын үйрету, сонымен қатар олардың теориялық-тәжiрибелiк белсендiлiгiн арттыру.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кiрiспе бөлiмнен, негiзгi екi маңызды бөлiмнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.