Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдеби тіл тарихы лекциялары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
102 Кб
Скачать
☆

XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің структуралық құрылымы

Қарастырылатын мәселелер:

  1. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамы

  2. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің сөзжасамы

  3. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің грамматикалық құрылымы

  4. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің стильдік ерекшелігі, стилистикасы

  5. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің іс-қағаздары

І. Аталған кездегі сөздік құрамы негізінен қазақтың төл сөздері мен кірме

сөздерден тұрады. Кірме сөздер араб –парсы сөздерінен тұрады.

Қазақтың төл сөздері

Жоғарыда атап кеткеніміздей бұл кезең қазақ қоғамы үшін шұбыра көшу мен қоныс аударудың заманы болды. Сондықтан көркем әдебиеттің тақырыбы да ел қорғау, мадақтау.

а)1.Сондықтан да жауынгерлік лексика кездеседі: кіреуке, сауыт,найза, оқ, берен сияқты қару-жарақ атаулары; елдік, бірлік, жаулық сияқты сөздер кездеседі.

2. Мынадай тұрақты эпитеттер кездеседі:қоңыраулы найза, болат найза, кіреуке тон.

ә) Жоғарыда атап кеткеніміздей, алдыңғы кезеңмен (әдеби тілдің сипатымен) салыстырғанда нақтылық, даралық бар. Сондықтан жалқы есімдер кездеседі.

Мысалы,Тәтіқарада:

  • Қамыстың басы майда, түбі сайда,

Жәнібек Шақшақұлы болат найза.

Алдынан су, артынан жау қысқанда

Ер жігіттің ерлігі осындайда.

Байқаймыз, тарихи тұлғаның атауы бар. Бұған қоса, аталған кезеңдегі (атауларға) тарихи жер-су атауларй кездеседі.

б) Әлеуметтік лексика кездеседі: хан,ханзада, бек, қараша, күң,т.т. Әрі бұл лексикалар сол кездегі әдеби норманы танытады.

в) Қарапайым лексика кездеседі:

Мысалы, Бұқарда:

  • Дөңгелек арба жүре алмас,

Екі арысы сынған соң.

Бұл жерде ел билеушісі, кемеңгері болмаса, елде бүтіндік болмайтыны «арба», «екі арыс» лексемалары арқылы беріліп тұр.

Немесе Ақтамбердіде:

  • Жеңіме жамау түскенін,

Жарлылық сенен көремін.

Жағама қолдың тигенін,

Жалғыздық сенен көремін.

Ғажап аналогия, параллель «жең», «жаға», «жалғыздық» сөздері арқылы беріліп тұр.

г) Аталған кезеңде әдеби тілдің лексикалық құрамында тұрмыстық ұғым атаулары кездеседі. Бұдан қазақ халқының қалай өмір сүргенін, немен айналысқанын көруге болады. Мысалы:

- Ақ сары атан еспелі,

Ел жайлауға көшкелі.

Немесе

  • Семіз жарау байда бар,

Бұйрығы бітеу қой да бар.

Жарау – күтілген,жаратылған,бапталған жүйрік ат дегенді білдіреді,заттық ұғым атауы.

ғ) Шаруашылыққа байланысты: саудагер, базар, орақ, масақ теру, т.т.

Кірме сөздер (араб- парсы сөздері)

  1. Күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер: дүние, момын, дуәлет,заман, халық, әлем, адам,құрмет, абырой,өмір,дүние, ғалам, т.т

  2. Әрі күнделікті сөйлеу тілінде қолданыла бермейтін ислам дініндегі сөздер: хикмет, қыдыр, құдай, пір, фәни, нәубат, ғайбат, т.т.

  3. Оқу –ағарту саласына қатысты: дәуіт, әлім, сауыт, сия, ғалым, т.т

Негізінен бұл сөздердің көбі фонетикалық тұрғыдан «қазақиланған» тұлғалар.

ІІ. Сөзжасамы

Сөзжасамдық амал-тәсілдердің ішінен синтетикалық тәсілдің актив қолданылғандығы байқалады.

Негізінен ең актив қолданылған жұрнақтардың қатарында: -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік.

Мысалы, билік, жақсылық, қулық, кәрілік,т.т.

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда сөзжасамдық жұрнақтардың көбейгендігі байқалады: -лы, -лі, -ты, -ті, -сыз, -ақ, -ек, -тай, -дай, -аған,- еген, -улі, -шақ, -шек, -шық, -шік, -дас, -ша, т.т.

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда -у жұрнаға активтенгендігі байқалады. Мысалы: дүниенің өлшеуі, Алланың жазуы, т.т.

ІІІ. Грамматикасы

Біз білеміз, алдыңғы кезеңдегідей әдеби тіл үлгілері ауызша сақталып, ауызша жеткен. Сондықтан XVIII ғасырдағы әдеби тілдің фонетика –грамматикалық жүйесіне жан –жақты талдау жасау қиын. Бұл әдеби тіл үлгілерінде қазақ тілінің негізгі грамматикалық категориялары қазіргі қазақ әдеби тілінің грамматикалық нормаларына жақын. Дегенмен бірді-екілі грамматикалық ерекшеліктер байқалады. Мәселен, бір грамматикалық мағынаны беруде бірнеше грамматикалық форманың қатар қолданылуы:

  1. Мақсатты келер шақтың берілуінде:

Бұқарда:

  • Келмей тұр аузым айтарға,

Келмей тұр орақ орарға.

Немесе

  • Екі көзден нұр тайса,

Бір көруге зар болар.

  1. Бұндай грамматикалық ерекшелік ауыспалы өткен шақ жасауда да көрінеді:

Мәселен, -атын, -етін, -йтін варианттарымен қатар -тұғын қолданылған.