- •1. Сыйлау, кұрметтеу мәнді жұрнақтар
- •3. Еркелету, әрі кішірейту мәнді жұрнақтар
- •4. Кемсіну, қомсыну мәнді жұрнақтар
- •6. Кішірейту мәнді жұрнақтар
- •6. Дерексіз заттық ұғым атауларын жасайтын жұрнақтар
- •1. Адам сынын білдіретін жұрнақтар
- •2. Жансыз заттардың белгісін білдіретін жұрнақ
- •4. Сындық мәнді қимыл атауының жұрнақтары
4. Кемсіну, қомсыну мәнді жұрнақтар
Кемсіну, қомсыну, менсінбеу мәнін білдіретін жұрнақтар . -сымақ, -шығаш, -шігеш, -бай, -ек.
1) -сымақ жұрнағы жанды, жансыз зат есім сөздерге жалғанып оған кемсіну, қомсыну, менсінбеу мәнін қосады. Олар: батырсымақ ,өзенсымақ, таусымақ, ғалымсымақ, келсымақ. Бұл жұрнақ жіңішке сөзге де, жуан сөзге де бір тұлғада жалғанады яғни буын үндестігіне ' бағынбайды. Мысалы, Әрбір жыра, шұканақ, немесе өзенсымақ өңірлермен жол жүрген сайын, сол күдігін айтады (М.Әуезов). Бұл жымда ол ел бүлігі атқамінерді, жеміт болыс, ұлықсымақты сан рет әділ ашумен жазалаған (М.Әуезов).
2) -шығаш, -шігеш жұрнағы да кемсіну мәнін береді. Ол –сымақ жұрнағымен синонимдес. Мысалы, жекелеген байшігештердің арманы - байлыққа жету (С.Мұқанов). Өзін батыр санайтын ершігештер де жоқ емес (С.Мұқанов).
3) -бай жұрнағы кекету, кемсіну мән береді. Мысалы, Бұл үйде жеңіл мінезді бір желпекбайлар тұрады екен деп ойламаңыздар (С.Адамбаев). Сартабан өмірі малмен өткен адам көрінеді, оны жұрт барып тұрған салпақбай деп те атайды (С.Мәуленов).
4) -ек жұрнағы да кемсіну мәнін біддіреді. Мысалы, Жәлелдің артында калған екі жетімекпен бірге шырылдап мен де қала бердім (С.Жүнісов).
5. Ұрғашы мәнді жұрнақ
Ұрғашы мәнін білдіретін -жын, -жін жұрнағы бар. Ол санаулы сөзге ғана жалғанады: құнажын, дөнежін. Мысалы, Бәубек тай, жабағы, құнажын, дөнежіндердің семізін карастырып жүргенде, Қазанқап көк қасқа биеге нұсқады (Ғ.Мүстафин). Күлаш еңбек еткен ферманың сауын сиырлары "алатау" тұқымдас дөнежін сиырлармен толықтырылды (газеттен). Ал 3 жас 8 айлық дөнежін інгендердің салмағы сақ інгендерден 19 кг. артык тартқан (И.Жұмағүлов). Бұзауын сағынған кұнажындар жіңішке даусымен мөңіреп, мен келе жатырмын деп хабар беріп қойды (Б.Соқпақбаев).
6. Кішірейту мәнді жұрнақтар
Кішірейту мәнінде тілде қолданылатын жұрнақтар бірсыпыра-Олар: -шық, -шік, -қал, -ша, -ше, -шақ, -шек, -ес, -қа, -пан, -анақ, -паң, -қалаң. Бұл мәндегі жұрнақтардың көп болу себебі бар, олар адаммен байланысты да, үй жануарларымен байланысты да, басқа жансыз заттармен байланысты да қолданылады яғни олардың қолданылу аясы кең.
1) -шық, -шік жұрнағы жанды, жансыз зат атауларына жалғанып, ол заттың атауына кішірйту мәнін қосады. Олар: үйшік> қалашық, төбешік, көлшік, кіршік, адыршық, қапшық, қылшық, ойыншық, тығыншық, дорбашық, талшық, түйіршік, боташық, шиыршық т.б. заттың атын жасаған ірімшік, ойыншық сөздеріндегі -шық, -шік жұрнағының да түп негізі осы жұрнақпен бір болуы мүмкін.
Кішірейту мәніндегі -шық, -шік жұрнағының тілдегі колданысы аз емес, бірсыпыра. Мысалы, Бүлдырап, бүлт ішінен беріп елес, Адыршық арал сынды белес-белес (А.Тоқмағамбетов).Өзім өсірген текешігім өз басыма секірді (мәтел).
2) -шақ, -шек жұрнағы жанды, жансыз зат атауларына жалғанып, оларға кішілік мән қосады: інішек, құлыншақ, жұтқыншақ, тоқтышақ, бөктеріншек, салпыншақ т.б. Мысалы, Танакөз қанжығасына қаранып, бөктеріншегін түгелдей береді (Ғ.Мүстафин), - Інішек, жол көрсетіп жіберші (С.Мүқанов).
Келіншек, шынашақ сөздерінің құрамындағы —шақ, -шек жұрнағы осы кішірейту мәндегі жұрнақпен төркіндес деуге болады.
3) -ша, -ше жұрнағы жансыз зат атауларына жалғанып, оларға кішілік мән қосады. Кейде жекелеген жанды зат атауларына жалғанып, оларға да кішілік мән қосуы кездеседі. Олардан кітапша, сандықша, көрпеше, қобдиша, өзенше, тұмсықша, өгізше сөздерін атауға болады.
Сын есімдердегі ұзынша, сұрша, бозша, көкше сөздердегі — ша, -ше жұрнағы мен зат есім жұрнағының арасында байланыс бары байқалады. Олардың мағынасы жақын. Сын есімдегі —ша, -ше жұрнағы да түстің бәсендігін, солғындығын яғни аздығын білдіреді. Сондықтан олар төркіндес болуы ықтимал.
Кішірейту мәндегі өнімсіз жұрнақтар
1) -пан жұрнағы зат есімге қосылып, оған кішілік мән береді. Ол кіші мәнді бала сөзіне жалғанып, кұстың баласының атын жасаған. Ол - балапан. Бұл өнімсіз жұрнақ.
2) -ес жұрнағы жансыз зат атауларына жалғанып, оған кішірейту мән береді. Өнімсіз жұрнақ. Белес, дөңес сөздерінде ғана кездеседі. 3) -қа жұрнағы да кішірейту мән береді, өнімсіз жүрнақ.
4)-анақ жұрнағы зат атауына жалғанып, оған кішірейту мәнін береді. 5) -паң жұрнағы да кішірейту мағынасын береді, өте өнімсіз. 6) -пат жұрнағы кішірейту мән береді. Ол -пат жұрнағымен мағыналас. Мысалы, Олар ойпатта жылтыраған көп отты көрді (І.Есенберлин). Қазанкөл - тау үстіндегі ойпат, кәдімгі қазанға ұқсаған шұқыр (Б.Нүржекеев).
7) -қалаң жұрнағы да кішірейту мән береді, өнімсіз жұрнақ. Мысалы, Еркіндігі көп пе, әуре-сарсаң өкініші көп пе, оны болжар жай жоқ, әйтеуір бір шатқалаңы көп жолға түскендей, жүрегім орныға алмайды (Ғ.Мүсірепов). Таудың шатқалаңына кезіктік (С.Мұқанов).
8) -қал жұрнағы да кішілік мәндегі өнімсіз жұрнақтарға жатады. Мысалы, Қысаң шатқалдан бұлқына шыққан асау өзен ұрымтал жерге жете бергенде, солтүстік батысқа қарай тартты (С.Омаров). Жиырма шақты адам шатқал ішімен жылжып келеміз (З.Иманбаев).
Кішірейту мәндегі өнімсіз жұрнақтар көбіне жалғыз-жарым сөзде сақталған, қолданылу аясы өте тар.
Етістіктен зат атауын жасайтын жұрнақгар
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын туынды түбір атауларға етістік те негіз сөз болады, ондай туынды түбір атаулар етістік негізді туынды түбір деп аталады. Тілімізде етістік негізді туынды түбір атаулар көп. Зат есім сөзжасамының бұл өнімді жолы болып саналады, өйткені тілде етістіктен зат атауларын жасайтын жұрнақтар көп және олар түрлі мағыналы зат атауларын жасайды. Олардың негізгілері төмендегідей:
1. Тамаққа қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар
-мал: саумал
-ма. -ме: жарма, салма, кеспе, сүзбе
-дақ: қуырдақ
-маш, -меш: қуырмаш, көмбеш
-м: жем
-іс: жеміс
-іт: іркіт
-мақ кұймақ
-қы: ашытқы, ұйытқы, іріткі
-мық: быламық
-пақ: қойыртпақ
2. Құрал-сайман атауын жасайтын жұрнақтар
-ғы, -гі: бұрғы, шапқы, шалғы, сүргі
-ақ, -ық, -ік: орақ, қармақ, қайрақ, күрек
-у: көсеу, қашау
-ма,-ме: шалма
-кіш: кескіш
-нда: бұранда
-уыш, -уіш: керуіш, тырнауыш
-уік: тістеуік
-кыш, қаш: қысқыш, түтқыш
-уыр: шымшуыр
3. Табиғат, мезгілге байланысты атау жасайтын жұрнақтар
-й: қурай
-а: жыра
-шы, -ші: тамшы
-н: боран, толқын, ағын, құйын, жауын
-сын, -сін: күресін, борасын
-па: оппа, ықтырма
-қақ: қатқақ
-гі: тебінгі
-ыс: батыс, шығыс, жаратылыс, өріс
-мық: қыламық
-у: қылау.
-ашақ, -ешек: болашақ, келешек
4. Дене мүшелері атауын жасайтын жұрнақтар
-шақ, -шек: емшек, құйымшақ -ін: пішін
-пір: кеспір.
-ақ, -ек: тырнақ, білек, жүрек
5. Нақты зат атауын жасайтын жұрнақтар
-дақ: қидақ. Мысалы, Матаның ұсақ қидақтарынан көрпеше жасайды (Диалект).
-ым, -ім: киім, өнім, тізім, соғым, күзем
-н: қорған
-л: қамал
-уіш: желпуіш, түйреуіш, өлшеуіш
-у: тұсау, тіреу, құрсау, қадау
-ма, -ме: түйме, қаптырма, кездеме, керме, тартпа, қойма
-мақ, -мек: сырмақ, шақпақ, суыртпақ, піспек
-кек, -гек: ескек, кескек.
-қы, -кі: сыпыртқы, бөктергі, кергі, қондырғы
-к, -қ: төсек, ұлтарақ, таяқ, тамызық
-ынды, інді: жуынды, шайынды, үйінді
-ғыш, -гіш: отырғыш, қыздырғыш, өшіргіш, кескіш, ескерткіш, басқыш, желдеткіш, тыңайтқыш
