- •49)Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
- •Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
- •Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
- •Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер):
- •Мазмұны
- •[Жасыру]
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары: қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту); ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: жұмыс күшінің санының өсуі; капиталдың көлемі өсуі.
3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
2. адамның бос уақытының көбеюі;
3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер.
Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.
Экономикалық өсудің факторлары:
58) Меншік қатнастары реформалау мемлекет қарамағынан алу немесе жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекет қарамағынан алу бір жағынан басшылықты экономикалық әдіспен жүргізуді, екіші жағынан – нысанның және мешік қатнастарының өзгергенін білдіреді.
Жекешелендіру – меншік құқығын азаматтарға немесе меншіктің мемлекеттік нысаны қағидасында өндіріс жүргізуші, жеке тұлға беру үдерісі. Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың соңғы мақсаты болып табылмайды – бұл тек меншік қатнастарын қайта құрудың әдісі.
Жекешелендірудің тәсілдері
1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу. |
2. Кәсіпорын капита-лының үлесін сату (акцияларды) |
3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.
|
Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.
1. Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
2. Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.
3. Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.
Бірінші кезең төмендегілерді қарастырады:
· Мемлекет қарамағынан алу және сауда, қоғамдық тамақтандыру тұрмыстық қызмет көрсету және камуналдық шаруашылық, өндірістің ұсақ кәсіпорындарын, құрылыс, автокөлік, ауыл шаруашылығы және басқа да экономиканың салаларын, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорларын жекешелендіру;
Пайдасы аз және зиянды кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру.
ІІ кезеңнің негізгі нәтижелерін келесі жағдайда қорытындылауға болады: кіші жекешелендіру шеңберінде 11 мың объекті сатылған, бұл кіші жекешелендіруге жататын , барлық объектілердің 2/3 бөлігін құрады, оның ішінде саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету аясында жаппай жекешелендіру негізінен аяқталады.
Үшінші кезең Мемлекеттік меншікті қайта құрлымдау мен жекешелендіру бағдарламасында әзірленген шеңберде жүзеге асты. Оның негізгі мақсаты – экономикада жеке секторды басым болуын бекіту мен жекешелендірудің негізгі үдерісін аяқтау болатын
.59) Монополияға қарсы саясат нарықтағы субъектілердің шаруашылық әрекеттерін бәсекеге негіздей отырып, оларға біркелкі нарық жағдайларын тудыруға, сонымен қатар нарықтағы монополистердің үстемдік жағдайын асыра пайдалануға тосқауыл қоюға бағытталатын мемлекеттік шараларды іске асыруымен маңызды.
Монополияға қарсы күрес саясаты да экономика мен саясаттың өзара ықпалдасуының, өзара тәуелділігінің жалпы заңдылықтарына бағынады. Монополияға қарсы реттеу саясатын экономикалық саланың еншісіндегі құбылыс деп бір жақты қарау дұрыс емес. Монополияға қарсы саясат алдымен билік институттарының қызметі. Билік қызметі бұл салада экономикалық нарықтық қатынастарды мемлекет пен халық мүдделеріне сәйкес реттеуге бағытталған. Монополияға қарсы саясат билік қатынастары және билік субъектілерінің тікелей қызметі. Бұл саясаттан саяси процеске нақты тән саясаттың, биліктің, мемлекеттің бизнес пен қызметтерінің арқасында нарықтық модернизацияның іске асуының куәсі боламыз. Демек, монополияға қарсы саясат саясаттың субъектілері болып табылатын билік институттарының объективті экономикалық және қаржылық процестерді реттеу болып табылады. Монополияға қарсы саясатсыз экономиканы дамытушы факторлардың бірі бәсекелестік те іске қосылмайды. Монополияға қарсы саясаттан саясаттың нақты қолданбалы сипатын көре аламыз.
Монополия (гр. monоs – жалғыз және poleo – сатамын) —
бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы;
салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі, өзіндік, топтық немесе акционер меншіктегі және өнім өндіру мен өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер (картельдер, синдикаттар, концерндер, консорциумдар, т.б.) болып табылады. Өндіріс пен капиталды жоғары деңгейде шоғырландыру негізінде Монополия көп пайда табу мақсатымен бағаны белгілеп, бақылап отырады. Өндірісті Монополияландыру нарықтық экономиканың бәсекелестік әлеуетін тұншықтырады, бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетеді, Монополияға қыруар пайда түсіреді. Тәжірибеде шығарылатын өнімнің 80%-ына монопол. бақылау жасау қалған өндірушілерге бағаны өктемдікпен таңу үшін жеткілікті. Дамыған елдердің бәрінде, оның ішінде Қазақстанда да монопол. өктемдікке қарсы Монополияға қарсы заңдар қабылданған; 3) бір немесе бірнеше кәсіпорын бақылау жасайтын нарық түрі; монопсония не олигополия түрінде де көрініс табуы мүмкін. Жасырын Монополия, яғни заңды тұрғыда салынған тыйымдар мен шектеулердің көмегімен бәсекеден қорғалған (көбінесе мемлекеттік Монополия), табиғи Монополия, яғни мұндай монополиясыз ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізуге болмайтын қажеттіліктен туған ашық Монополия, яғни бір фирма жағдайлардың тоқайласуы себепті тауарды бірден-бір өндірушіге айналатын Монополия түрлеріне бөлінеді.[1][2]
Монополия түрлері[өңдеу]
Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:
Табиғи монополия - сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға - су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар ).
Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.
Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады. [3]
60)Практикада қорлану күрделі қаржыны (инвестиция) тартумен жүзеге асады. Күрделі қаржы (инвестиция) –бұл жаңа құрлысқа, жабдықтауға. жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға , тұрғын-үй, мәдени тұрмысқ құрлысқа кеткен шығындар.
«Инвестиция» кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыдан инвестициялау күрделі қаржыға қарағанда кең мағна береді.
Инвестицияның қайнар көзіне -өнеркәсіп кәсіпорындарының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры, яғни мемлекеттің табыстарынан (салық, кеден салығы және т.б.) оның барлық шығындарын алып тастау.
Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғайуына,өндіріске қосымша жұмыс күшін тартуға ықпал етеді,яғни жұмыссыздықты жояды.
Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нәтижемен салыстыру қажет. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қсу табылады. Ал,инвестицияның түпкі нітижесі ұлттық табыстың ұлғайуына болмақ.
Инвестицияның қайнар көзі бәрімізге белгілі - жинақ болып табылады. Жинақтар бір ғана шаруашылық агентімен асырылса, инвестицияны тіптен бөлек адамдар немесе бөлек шаруашылық субъектілері жүзеге асыра алады. Сондықтан, оқымыстылар бұл ұғымда анықтау барысында оның мазмұнынан гөрі, бағытталуына мән береді. В. Бочаров инвестиция ұғымын - қолданысқа пайдалана алмайтын табыстың бір бөлігі ретінде қарастырады. Инвестициялық ресурстар инвестициялық қызметтегі нақты объектілерге ауыстырылуы және сол жерде капиталдық бағаның табыс түрінде өсуі /6/.
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнстік теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы әртүрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салуларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі - жинақ. Мәселе мынада - жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық жүргізуші субъектілер жүгізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады. Алайда, бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тағы басқа да кәсіпорындардың жинағы болып табылады. Мұнда “жинақшы” мен инвестор сәйкес келеді, алайда, бір мезгілде жұмыскер де кәсіпкер де бола алмайтын жалдамалы жұмысшының жинағының ролі едәуір үлкен, сондықтан жинақ пен инвестициялау процестерінің сәйкес келмеуі экономикалық тепе-теңдіктен ауытқуына әкелуі мүмкін.
Инвестиция ұғымы латын сөзі “investise” – “қаржы жұмсау” деген мағына береді. Инвестиция дегеніміз – бизнеске жұмсалатын күрделі қаржы. Ол негізінен бизнестің материалдық жағына жұмсалады. Сондай-ақ кәсіпорынның материалдық жағына негізгі және айнымалы қорларды жатқызуға болады.
61) Күнделікті экономиклық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашан да белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды. Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қогамда жүзеге асады. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі: 1. Меншік типтері бойынша; 2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша; Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі: а) дәстүрлі экономика; ә) әкімшілдік - әміршілдік экономика; б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық эконмика; в) қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика. Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық. а) дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделелі. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі. ә) еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. «Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін қолмен, мақсатқа қарай бағыттайды және оның ойында бұл боғандай емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды – ақ жиі қызмет жасайды». Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін (либералды) нарықтық экономиканың негізін қалаушы А.Смит болды. Ол нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес серігі – артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып келеді. Экономикалық дағдарыстар тарихын зерттеуі көрсеткендей, олар 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8 – 10 жылда қайталанып отырады. Дағдарыс кезінде саудада тоқырау басталады, нарыққа өтпейтін өнімдер мөлшері көбейіп кетеді, қолма – қол ақшалар айналымнан жойылады, зауыт пен фабрикалар тоқтатылады және жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға созылады және экономика бүлінеді. б) әкімшілдік - әміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілдік - әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етті. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: «Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық – жоспарлы реттеумен алмастырылады».
62)Қазақстан Республикасы да халықаралық еңбек бөлінісі процесіне енген. Оның орны мен рөлі дамуымен, сонымен қатар табиғи және жасалынған артықшылықтармен, әсіресе біздің еліміз минералды шикізатқа маманданған және олардың техника-экономикалық көрсеткіштерімен анықталады. Осының негізінде біздің еліміздің сыртқы саудасы құрылады: шикізат экспорты, дайын өнімдер импорты. Бірақ егер Қазақстан экономика деңгейін көтергісі келсе, дайын өнімдер өндірісін көтеру қажет, ол елдің халықаралық экономикалық қатынаста орнын көтерер еді, ал қазір біз өнеркәсібі дамыған елдердің шикізат көзі болып отырмыз. Ол үшін экспорт-импорт саясатына реформа жүргізу қажет, сонымен қатар ұлттық өндіріс деңгейін көтеру тиіс.
Біріккен кәсіпкерлік Қазақстан сыртқы экономикалық қызметінің жаңа механизмінің дамуы мен қалыптасуында үлкен рөл атқарады және бірқатар мәселелерді шешеді: біріншіден, батыс технологиясы мен техникасын өндіріс процесі кезінде біріктіреді және экономикаға шетел қаржыларын таратады; екіншіден, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруда ТҰҚ тәжірибелерін пайдаланады; үшіншіден, табыстың нақты валюта көзі рөлін атқарады; төртіншіден, сыртқы нарыққа ену мәселелерін шешеді; бесіншіден, тұрғындарды жұмысбастылықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Осыған байланысты біріккен кәсіпкерлік даму процесін және республикадағы экономикалық механизмдерін зерреу өте маңызды мәселе болып табылады.
63)Кәсіпкерлік тәуекелі әлеуетті қауіп-қатерлі болады. Ресурстарды жоғалту немесе ресурстарды тиімді пайдалану жолымен белгілегенге қарағанда табысты кем алу қаупімен сипатталады. Былайша айтқанда, тәуекелділік кәсіпкерлерге белгіленген жоспарға, жобаға қарағанда қосымша шығын жұмсау қаупінің төнуі.
Егер тәуекелділік ресурстарды жоғалту немесе кірісті азайту қаупімен анықталатын болса, онда абсолютті түрде анықтаумен, оны материалдық-заттай формасында немесе ақша формасында да өлшеуге болады.
Сөзсіз, тәуекелділік ықтималды категория, бұл мағынада алғанда ғылыми тұрғыдан неғұрлым негізделген және белгілі деңгейде шығын болуы ықтимал, сонымен қатар оны өлшеуге де болады.
Тәуелділікті жан-жақты талдап, бағалағанда абсолютті және салыстырмалы түрде мүмкін болатын шығындар көлемінің әрқайсысының пайда болуының ықтималдығын жеке қарастырған жөн.
Ықтималды қисық сызықты сызу — тәуекелділікке баға берудің алғашқы сатысы. Бірақ та шамамен мұны кәсіпкерлікке келтіру аса күрделі міндет болып табылады.
Тәуекел – айтып өткендей кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.
Тәуекел – жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы. Тәуекелдің бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, пайыздық.
Енді тәуекелділіктің кейбір негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтелік. Осы мақсатпен шығын көлеміне байланысты тәуекел жасау аймағын бөлу қажет.
Егер шағын қуат болмайтын болса, онда оны тәуекел жасалмайтын аймаққа жатқызуға болады. Ал, тәуекел жасау аймағына – кәсіпкерлік қызмет түрінің экономикалық жағынан пайдалылығының болуын жатқызуға болады. Мұнда, әрине, шығын болады, бірақ, оның мөлшері алынатын пайдадан аз.
Келесі неғұрлым ең қауіпті болатын – қиын-қыстау аймағы.
Мұнда шығын көлемі алынуға тиісті пайдадан асып кетуі де мүмкін, тіптен бұл аймақта кәсіпкерлік іске жұмсалған барлық шығындардың орыны толмай қалу жағдайына жетуі де мүмкін Мұндай жағдайда кәсіпкер өз ісінен зиян шегіп, барлық шығынды өз мойнына алады.
Жоғарыда аталған мүдделерге байланысты шағын кәсіпкерлікке қатысты мемлекет саясаты екі бағыттан тұрады: бірінші – дамуды қолдау, екіншісі – мемлекеттік мүдде аясына жанама реттеуді қосу.
Шағын бизнесті елеулі көтермелеуге Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру шаралары туралы» Жарлығы оң ықпал етіп отыр. Соған сәйкес мынадай кезек күттірмес мәселелер ауқымы айқындалған:
— шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік институттар құру;
— шағын кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын және оны құру тәртібін қарапайымдандыратын, несие бөліп, кадрлар дайындайтын және т.б. мәселелер жөнінен қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылдау;
— шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау (өндірістік ғимарат, жер учаскесін бөлу және т.б.);
— шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жөніндегі мәселелерді шешу – ол үшін кәсіпкерлікті дамыту қорын құру, шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер жасау жүйесін қарастыру.
Қазіргі уақытта Ақмола мен Қостанай облыстарынан басқа барлық аймақта іс жүзінде шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнінен құрылымдық бөлімшелер ұйымдастырылған.
«Жеке кәсіпкерлік туралы», «Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдар дайындалып, қабылданды. Ол құжаттарда фермерлік және шаруалар қожалықтарын қамтый отырып, жеке және отбасылық кәсіпкерліктердің даму кепілдігіне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың араласуынан қорғайтын кепілдік секілді нормалар көрсетілген.
Осы заңдар бойынша шағын кәсіпорынды дамыту оның барлық қызметтері салаларында ынталандырылуы тиіс.
Шағын кәсіпорындардың кейбір салаларындағы қызметтерді экономикалық талдау нәтижелеріне қарағанда статистикалық есеп бойынша қонақ үйлер, мейрамханалар, қозғалмайтын мүліктер мен операциялар, жалдау және кәсіпорындарға көрсетілетін қызметтер, яғни жалпы ұғым бойынша өте рентабельді деп саналатын барлық салалар табысты болып келеді екен.
Кәсіпорындардың және оларда жұмыс істейтін жұмыскерлер санының тұрақтамауы, шағын бизнестің тиімсіз салалық және аймақтық құрылымдарының құрылуы және оның қылмысқа баруы, ұсақ кәсіпкерлердің өндірістен және инвестициядан «қашуы» сияқты шағын кәсіпкерлік аясында соңғы кездері көрініс берген дағдарыстық процестер, қазіргі Қазақстан экономикасының маңызды секторының басқаруға келмейтіндігі, оның ұйқы-тұйқы қалыптасқандығы туралы тұжырым жасауға негіз болады. Мәселен, оның жетілген инфрақұрылымының жоқтығы шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қаржылық қаражаттың шектеулігінде ғана емес, сонымен бірге шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының, тиісті салалық, аймақтық және басқадай артықшылықтың айқындалмауы, кәсіпкерлік құрылымдармен кері байланыстың болмауы, өтіп жатқан процестерді бақылау және оларды теңестірудің жоқтығында болып отыр. Шағын бизнес аймақтық, жергілікті ұлттық экономиканың айрықша секторы түрінде бүтін секілді өмір сүріп, дамып келеді, сонымен бірге нақтылы кәсіпорын болып әйгіленген.
Шағын кәсіпкерліктің бірсыпыра сапалық ерекшеліктері бар, ол ерекшеліктер оны экономиканың өзіндік сипаты ретінде бөлектеп көрсетуге мәжбүр етеді. Оларға мыналар жатады:
— меншіктік құқықтың бүтіндігі және кәсіпорынды тікелей басқару, бір жағынан, менеджерлерді бақылаудың қажеттілігін жояды, екінші жағынан – басшының табысқа жетудегі рөлі мен мәнін күшейтеді;
— кәсіпорын ауқымының шектеулілігі және қожайын мен жұмыскердің арасындағы тікелей байланыс, бір жағынан, басқару тиімділігін арттырады, екінші жағынан — өндіріске тұлғалық қатынас ықпалын күшейтеді;
— кәсіпорын мүмкіндігі мен ресурстардың шектеулілігі, бір жағынан, оған тауар түріне (жұмыс, қызмет) берілген бағаға және тауарлы нарық жағдайына айтарлықтай ықпал ету мүмкіндігін тудырады, екінші жағынан – қызметтің түрін тез өзгертуге жағдай жасайды;
— тұтынушылар шеңберінің шектелінуі және жергілікті нарыққа бағдарлануы, бір жағынан, сатуды кеңейтуді шектейді, екінші жағынан – тұрақты сұранымды қалыптастырады және қызмет көрсету сапасын көтеруге ынталандырады;
— қаржылық ресурстарға жол ашуды шектеу, бір жағынан өндірісті кеңейту мүмкіндігін шектейді, екінші жағынан, қаржылық ресурстардың бытыраңқы нарықтарын (жеке жинақ, таныстар мен туысқандардың қаражаттарын, өсімқорлар капиталын) пайдалануға итермелейді.
Шағын кәсіпкерлік — өміршеңдік деңгейі төмен және тәуекелшілік деңгейі көтеріңкі қызмет түрі болып саналады. Себебі ол:
— өте беймәлімділігімен, белгісіздігімен және стихиялығымен сипатталынатын жергілікті, бір маңайдың аумағынан аспайтын нарықта кәсіп етеді. Бұл – ондай рнарықтарға кірудің көп капиталды қажет етпейтіндігіне және іс жүзінде реттелмейтіндігіне байланысты;
— мемлекетпен қатынас жүйесінде, ірі және орташа бизнестермен, қаржы-несие институттарымен, ұйымдасқан қылмыспен объективті түрде «әлжуаз» позицияда тұрады, мұны оның экономикалық әлсіздігі мен әлеуметтік ұйымдаспағандығымен түсіндіруге болады;
— өзінің айтарлықтай ішкі резерві болмағандықтан ол сыртқы ортаның әсеріне өте сезімтал келеді.
Шағын кәсіпкерлікті қамтыған дағдарыс елдегі экономикалық жағдайлардың өзгерулерімен байланысты болады. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және экономиканың мемлекеттік секторының оралымсыздығын пайдалана отырып, ойдағыдай табысты жұмыс істеп кетті. Инфляцияның асқынуы және айналым аясындағы операциялардың үлкен тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл осы саласына қайтадан бағдарлап жіберді.
Мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру, инфляция деңгейін төмендету, төлей алатын сұранымды жалпы қысқарту, капитал айналымының аясын толтырып жіберу және осы аядағы күшейе түскен бәсекелестік шағын кәсіпкерлікті айтарлықтай дағдарысқа ұшыратты. Қатал бәсеке, ең алдымен, бағасыздану және таза табыс мөлшерінің төмендеуі шағын кәсіпкерлікті өз табысын өсіріп немесе сақтау үшін «көлеңкелі» экономикаға кетуге, салық төлеуден жалтаруға мәжбүр етуде.
Шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше секторы ретінде өмір сүріп келді және әрқашанда өмір сүре береді. Оны тікелей шектеу, реттеу және бақылау жөнінен мемлекеттің мүмкіндігі діттегеннен гөрі бір мысқалдай кемдеу шығады. Шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселесі – салыстырмалы түрдегі нашар өміршеңдігі оның жоғары әрекетшілдігімен, қаржылай ресурстармен және халықтың барша топтарынан алынған кадрлармен тұрақты қамтамасыз етілуімен толықтырылады.
Экономиканың бұл секторына мемлекеттің мүдделі болуында экономикалық, саяси және әлеуметтік сипаттар бар. Шағын кәсіпкерліктің мүддесі мынаған саяды:
— ел экономикасының құрамдас бөлігі болып, экономиканың дамуы мен тиімділігі деңгейіне айтарлықтай ықпал етеді, мұның өзінде орталықсыздандырылған қаржы көздерін пайдаланады;
— бюджетке салық төлеуші болып саналады, мұның өзінде экономиканың басқа секторынан өзгешелігі – оның салық төлеу мүмкіндігі оңтайлылық деңгейге жеткен жоқ;
— орташа және ірі бизнестер үшін қай жерде кадрлар мен капитал жинақталса, экономиканың сол секторы болып шығады;
— қай жерде мемлекет әрекеті немесе ірі және орташа бизнес тиімсіз болса, нарықтың сол секторындағы тауарға, жұмысқа және қызметке деген сұранымдарды қанағаттандырады;
— қай жерде бәсекелі орта тұрақты сақталса және негізгі азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлардың бәсекелі бөлшек сауда бағасының деңгейі қалыптасса, экономиканың сол секторы болып саналады;
— еңбектің қоғамдық бөлінуін тереңдетеді және болымсыз шығынмен нарықтық инфрақұрылымды жасауға мүмкіндік туғызады.
Шағын кәсіпкерліктің саяси мүддесі мынаған саяды:
— болашақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі ретінде, орташа топты қалыптастыратын көздердің бірі болып саналады;
— көрсеткен қолдауынан бүгінгі күні бір нәтижеге жетіп, оны болашақта ұлғайтуға үміттенетін әлеуметтік топ секілді, нарықтық экономикаға қолдауды қамтамасыз етеді.
Шағын кәсіпкерліктің мүддесі мынаған саяды:
— еңбекке жарамды халықтың айтарлықтай бөлігін жұмысқа тартады және олардың экономикалық дағдарыс жағдайында тіршілік етуіне қол ұшын береді;
— халықтың ең белсенді бөлігінің ділін өзгертіп, олардың өз бизнестерін жасайды және олардың табысқа жетулеріне мүмкіндік туғызады.
Кәсіпкерлік- осы инициативті шаруашылық қызметінің барлық қатысушылары пайда табу мақсатында өзіндік және басқа да мүліктер есебінен тәуекелге баратын іс-әрекет. Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі белгілерге мыналар жатады: өз еркіндік, өзін өзі қаржыландыруы, инициативы, белсенді ізденіс, серпінділік (динамика), мобильдік(жұмылдыру) Кәсіпкерлік – жалпыға бірдей ортақ қызмет түрі. Кәсіпкер болып жұмыс істеу қабілеті бар Қ.Р-ның кез келген азаматы бола алады. Кәсіпкерлік қызметтін негізгі басқа коммерциалық емес құрылымдардан ерекшелігі болып табыс пен шығын арасындағы айырмашылық ретінде пайда табу саналады. Кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторларға мыналар жатады: 1. өндіріс ресурстары 2. өндірісті қалыптастыру мен дамыту 3. кәсіпкерліктін өсімін нарыққа шығару тиімді коммерциялық байланыстарды қалыптастыру. 4. нәтижесінде пайда табу. Кәсіпкерлік процесс ретінде негізгі мынадай 4 кезеңнен тұрады: 1. жаңа идеяны іздену мен бағалау – идея құндылығының өзектілігімен протенциалды зерттеу; жана идея кәсіпкердін көз қарасы мен жеке сапаларына ықпал етуі. Кәсіпкердін жана өнімінің бәсекелестердің өнімімен салыстырғанда басымдылығын бағалау. 2. бизнес планды құрастыру – бизнес жоспар нарық сегментін сипаттайды: өндірістік, қаржылық, маркетингтік және басқа да жоспарлар жасайды. 3. қажетті рес-рды іздестіру: қаржылық, еңбек, өндірістік және басқа ресурстар көздерінің тиімділігін қарастыру. 4. қалыптастырылған кәсіпорынды басқару – бұл кезенде басқару стилі құрылымды ұйымдастыру, женіске жету факторларын анықтау, кемшіліктерді анықтап олардың жою жолдарын қарастыру және бақылау. Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңірек алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады. А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзегс асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады. Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліклік жауапкершілігі негізінде жузсгс асыратын ынталы қызметі. Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады, Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысаныи бөліп қарайды. Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады. Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылык қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдаддық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады. Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлеріге бөлінеді: Өндірістік кәсіпкерлік — тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік, кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады Коммерідиялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар кұрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болады. алз.шсатарлық болып есептелмейді Қаржылық кәсіпкерлік — коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдеделі жактардың басын қосатын қызметте керінеді Бұңдай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады. Сақтандыру кәсіпкерлік — кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жариалардан қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды. Керіп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қарастырып пайдалануға үйрену керек. Кәсіпкерлік түрлерін келесідей көрсетуге болады: Өнд-к, коммерциялық, қаржылық, делдалдық, сақтандырушылық 1. Өндірістік кәсіпкерлік – сауда ұйымдарының сатып алушыларға, тұтынушыларға сату үшін еңбек құралдарын, еңбек күштерін факторларға қолдана отырып тауарлар мен қызметтер өндіретін кәсіпкерлік қызметі. 2. Коммерциялық – тауарларды ақшалай, тауарлы айырбас операциялар мен байланысты кәсіпкерлік түрі. Кәсіпкер саудагер рөлінде болады. 3. қаржылық — бұл кәсіпкерлік ерекше формасы. Сатып алу, сату құралы ретінде: ақша, бағалы қағаздар, құнды қағаздар ретінде жүреді. 4. серіктестік кәсіпкерлік – тауарлы ақшалай операциясындағы тауарлы айырбас процесінде кәсіпкер тек серіктес ретінде ғана қызмет атқарады. Олар тауар тауарларды өндірмейді және сатпайды. Негізгі мақсаты: қызығушылық танытқан екі жақты байланыстырады. 5. сақтандырушылық – кәсіпкер қандай да бір төлем ақы көлемінде сақтандырушыға мүлікті жоғалту және нұқсан келтіру кезінде төлем ақыны ( компенсация) кепіл етеді. (гарантирует). Меншік қатысушылардын санына байланысты кәсіпкерлік келесідей формаларға бөлуге болады: 1. жеке (индивидуалды) заңды тұлға құрусыз кәсіпорын жеке кәсіпкерлікке жатқызылады. 2. ұжымдық ( колективтік) меншік иелері болып бір уақытта бірнеше субъектілер табылады. Яғни әр адам өзінің үлесін қосады, оларға: акционерлік қоғам кооперативтері. Серіктестік – екі немесе одан жда көп серіктестерінің құралымен құралады. Серіктестілік басымдылығы – қосымша капитал тарту мүмкіндігі және фирма ішінде бір неше серіктестердің білімдері мен ілімдеріне негізделе отырып мамандарды жүзеге арттыр Серіктестіктің кемшілігі. Әр бір қатысушы тең материалды жауапкершілікті атқарады ( салымына байланысты емес). Бір серіктестің әрекеті қалған барлығына міндетті болады. Серіктестің келесідей топтары бар: толық серіктестік, коммандитті серіктестік Коммандитті серіктестік – серіктестердің бір бөлігі шектелінбеген, ал екінші бір бөлігі шектелінген болады. Ол ЖШС бір түрі болып саналады. Қоғам – келісім б-ша екі азаматтан кем емес немесе заңды тұлғ-рң бірігу мақс-нда жү.ас-тын шар. қызметі. Жауапкершілігі шектеулі қоғ-ң қатысушылары міндеті б-ша жауап бермейді, салым салған көлеміне ғана жауап береді. Қосымша жауапкершілігі бар- қоғам қатысушылары өздерінің барлық мүліктері бойынша жауапты. Бағалы қағаздар шығару жолымен қосымша қажетті құралдарды тартушы қоғам акционерлер болып табылады. Акционерлік қоғамның қатысушылары қорларында бар акция көлемінде ғана жауапты. Кооперативтер — пайлық салым негізінде өндірістік немесе басқа да шаруашылық қызметін біріге отырып құрылған топ немесе кәсіпорын. Басты мақсаты: бір біріне өзара көмек көрсету.
