- •1.2 Құнды қағаз түрлері
- •2.1 Қаржы және валюта нарықтары, негізгі мәліметтері
- •2.2 Қор биржасы.
- •Қазақстан Республикасындағы валюта нарығының қалыптасу мәселелері
- •3.1 Валюталық нарықтар
- •Telerade dj. Intеl Ltd компаниясы арқылы өтетін тапсырыстар қозғалысының сызбасы
- •3.2 Қазақстан Республикасының валюталық саясаты
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды
Қорытындылап айтатын болсақ валюта нарығы шет ел валютасымен (сатып алу, сату, айырбастау) және шетел валюталарындағы төлем құжаттарымен (чектер, вексельдер, телеграф және пошта аударылымдары, аккредитивтер) жасалатын операциялардың жүзеге асырылуына байланысты экономикалық қарым-қатынастардың айрықша саласы. Түрлі елдер банктерінің арасындағы корреспонденттік байланыстар арқылы құрылатын валюта рыноктары солардың көмегімен сыртқы саудаға, инвестицияларға, туризмге, басқа да қатынастарға байланысты халықаралық ақша есеп айырысуы жүргізілетін тұтқа болып табылады. Қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорынын жиынтығы. Еуропалық рынок валютаны шетелдерде жүргізілетін опеацияларға қатыстыруға негізделген қысқа және орта мергімді несиелердің халықаралық рыногы. «Еуро » сөзі тек Батыс Еуропа шеңберіндегі рынок дегенді ғана білдірмейді, ол шетел банктерінің есебіндегі валюталардың (доллар, марка, цена) қарызға беру үшін қолданылады. Валюталық жүйенің басты элементі – валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететін факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әртүрлі түрлері мен баға белгіленімдері берілген. Валюталық бағам – басқа елдің ақша бірлігіне қатысты сол елдің ақша бірлігінің катысты сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Валюталардың баға белгіленімі айырбас үшін ұсынылған екі ақша бірлігінің шекті қатынасын анықтауға мүмкіндік жасайды. Валюталық баға белгілеу түрі валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта бағамының мәні қалады, ал оның формасы өзгереді.
Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында ең бастысы банктік және несиелік айналыс құралдары – телеграфтық және пошталық аударымдар, чектер, тратталар түрінде болады. Әр түрлі елдердің валюталарынын салыстырылуы олардың өндіріс және айырбас процесінде қалыптасатын объективті құндық қатынастарына негізделеді.
Сауда-өнеркәсіптік клиенттер үшін валюталар баға белгілеу кросс-багам негізінде бекітіледі, ол екі валютаның өзара қатынасының үшінші валютаға қатысты анықталуын сипаттайды.
Мемлекеттің валюта бағамына әсер ету шаралары валюталық интервенция, диконттық саясат және протекционистік шаралар болып табылады.
ҚР Ұлттық Банкі валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негізгі валюталық реттеу органы. ҚР Үкіметі және басқа да мемлекеттік органдар ҚР заңдарына сәйкес валюталық реттеуді жүзеге асыра алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. О. Баймұратов «Қазақстан қаржы нарығы». Алматы «Экономика» 2007 ж
2. Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү. Байжомартов «Нарықтық экономика негіздері» Алматы 1994 ж
3. К.З.Хамитова «Экономика және кәсіпкерлік негіздері» Астана 2007 ж
4. Н.Қ. Мамыров, М.Ә.Тілеужанова «Макроэкономика» Алматы «Экономика» 2003 ж
5. Н. Г. Мэнкю «Макроэкономика» МГУ
