- •1. Полимер туралы негізгі ұғымдар, мономер, буын, тізбек, макромолекуланың анықтамаларын атап көрсетіңіз.
- •2. Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуін атап және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •3. Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз.
- •4. Макромолекулалардың конфигурациялық изомериясын мысалмен түсіндіріңіз.
- •5. Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •6. Полимердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •7. Полимердің иілгіштік қасиетін түсіндіріңіз, Кун сегменті туралы түсінікті келтіріңіз.
- •8. Полимер ерітінділерінің ерекше қасиеттерін келтіріңіз және түсіндіріңіз.
- •9. Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз.
- •10. Полимерлердің сұйытылған ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •11. Полимерлердің концентрлі ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •12. Полиэлектролиттер, олардың түрлері, негізгі қасиеттерін келтіріңіз, графиктермен түсіндіріңіз.
- •13. Полимердің еру термодинпмикасы формуласын жазып, мысалдармен анықтаңыз.
- •14. Полимер-еріткіш жүйесінің фазалық диаграммалары графиктерін келтіріп түсіндіріңіз.
- •15. Полимер-еріткіш жүйесінің бір-біріне ынтықтығы, осмос қысымы арқылы түсіндіріңіз.
- •17. Полимерлердің негізгі физикалық қасиеттерін келтіріңіз, аморфты және кристалды полимерлер жөнінде түсініктерді келтіріңіз.
- •18. Аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтар түрлерін келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •19. Кристалды полимерлер туралы түсінік, кристалдану механизмін келтіріңіз.
- •20. Полимерлердің кристалдану дәрежесі мен жылдамдығын келтіріңіз, мысалмен түсіндіріңіз.
- •2 1. Аморфты полимерлердің шыны тәрізді күйінің физикалық қасиеттерін графиктер арқылы түсіндіріңіз.
- •22. Аморфты полимерлердің жоғары эластикалық күйінің теорияларын анықтап, түсіндіріңіз.
- •23. Аморфты полимерлердің тұтқыраққыш күйіндегі деформациясын түсіндіріңіз.
- •24. Полимерлерді синтездеудің негізгі жолдарын анықтаңыз, реакцияларын келтіріңіз.
- •26. Радикалды полимерлеудің қарапайым сатыларының механизмін мысалмен келтіріңіз, кинетикасын
- •27. Ионды полимерлеудің анықтамасын, әдістерінің түрлерін мысалдармен келтіріп түсіндіріңіз.
- •28. Катионды полимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •29.Катионды полимерлеу реакцияларына әсер ететін факторларын келтіріп, мысалдармен түсіндіріңіз.
- •30. Анионды полимерлеу реакцияларын, катализаторларын, механизмін және кинетикасын мысал арқылы келтіріп, анықтаңыз.
- •31.(32) Ионды-координациялық полимерлеу реакциясының механизмінің сызбанұсқасын келтіріп анықтамасын беріңіз.
- •33. Радикалды сополимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •34. Радикалды сополимерлеу реакциясының кинетикасы формуласын келтіріп, шекті жағдайларын график арқылы түсіндіріңіз.
- •35. Полимерлердің химиялық реакцияларына әсер ететін факторларды мысалдармен түсіндіріп анықтап беріңіз.
- •36. Радикалды сополимерлену реакциясының кинетикасы, Майо-Льюис теңдеуін шығарып беріңіз.
- •37. Полимерлену дәрежесін төмендететін реакция түрлерін, теңдеулерін түсінік арқылы жазып беріңіз.
- •38. Полимерлерді поликонденсациялау әдісімен алу жолдарын мысалдар арқылы көрсетіңіз. Анықтамасын,жалпы реакциясы теңдеуін түсіндіріп анықтаңыз.
- •39. Полимерлену дәрежесін өзгертпейтін реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •40. Полимерлену дәрежесін ұлғайтатын реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •41) Поликонденсациялау реакциясының механизмі мен кинетикасы формулаларын жазып, әсер ететін факторларды келтіріңіз
- •43) Полимерлерді химиялық түрлендіру анықтамасын және модификациялау әдістерін келтіріп беріңіз.
- •44) Бір бірімен әрекеттесе алатын бифункционалды мономерлер, олардың реакцияларын жазып беріңіз
- •47(57) Полимерлеуді практикада жүргізу әдістерін келтіріп артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңіз.
- •48) Полимерлеу мен поликонденсациялау әдістерінің айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •49) Полимерлердің ішкі молекулалық реакцияларын келтіріңіз.
- •50) Резолды негіздік ортада алу реакциясы, резитті алу реакцияларын жазыңыз.
- •51) Гексаметилендиамин мен адипин қышқылын поликонденсациялау реакциясын жазыңыз.
- •52) Үш өлшемді полимерді алу жолы, мысал келтіріп, реакциясын жазыңыз.
- •53) Глифталь шайырын алу жолын көрсету, реакциясын жазыңыз, кинетикасын анықтау жолын көрсетіңіз.
- •54) Полимерлердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •55) Анионды полимерлеу әдісіне түсетін мономерлер, олардың формуласын жазыңыз.
- •56) Полимерлерді түрлендіру реакцияларына әсер ететін факторларды келтіріп, мысалдарының формулаларын жазыңыз.
- •58) Синдиотактикалық, изотактикалық және атактикалық полимерлерге мысал келтіріп, формулаларын жазып көрсетіңіз.
- •59) Полимергомологты реакциялар, мысал келтіріп жазыңыз.
- •60) Полиэтиленнің алу технологиясы мен қолдану салаларын көрсетіңіз.
8. Полимер ерітінділерінің ерекше қасиеттерін келтіріңіз және түсіндіріңіз.
Полимерлердіңеріткішмолекулаларыменәрекеттесуініңмаңызы зор. Полимерлерді синтездегенде, оларды өңдеп бұйымдарға әртүрлі сұйық ортада пайдаланғанда еріткішпен макромолекулалардың арасында әрекеттесу болады. Полимерлер төмен молекулалы еріткіштермен әрекеттескенде шын ерітінділермен коллоидты жүйелер түзуі мүмкін.
Шын ерітінділер белгісі:
1. Компоненттер ынтықтығы
2. Өздігінен пайда болады
3. Молекулалық немесе
Иондық дисперстілік
4. Термодинамикалық тұрақтылық
5. Дисперстік дәрежесі уақытқа
байланысты өседі
6. Агрегаттық тұрақтылық
7. Бір фазалық
8. Беттік бөліну жоқ
9. Қайтымды
Коллоидты жүйелер белгісі:
1.Ынтықтық жоқ
2.Мәжбүр түрде пайда
3.Коллоидтық дисперстілік
4. Термодин.тұрақсыздық
5.Уақытқа байланысты емес
6.Агрегатты тұрақсықдық
7. Екі фазалық
8. Беттік бөліну бар
9. Қайтымсыз
Компоненттер арасында ынтықтық болған жағдайда сыртқы энергияның қатысынсыз араласу басталады. Бұл процесс тұрақты температура мен қысымда жүреді де, еркін энергияның кемуімен G<0, ал энтропияның артуымен жүреді. Шын ерітінділерде еріген заттың макромолекулаларының әрекеттесуінен ассоциаттар пайда болады, бұл ассоциаттар жылу қозғалысының нәтижесінде қайтымды бұзыла алады. Сондықтан шын ерітінділерді қыздыруға, суытуға, сұйылтуға, концентрлеуге болады. Полимер әрі шын ерітінді, әрі коллоид жүйе бере алады. Мысалы: Табиғи каучук алифатты еріткіштерде, Полистирол - бензолда шын ерітінді береді, ал суда немесе метанолда коллоид жүйе береді.
Шын ерітінділер - полимер макромолекулалық деңгейге дейін ыдырап, қасиеттері уақытқа тәуелсіз бір фазалы ерітінділер.
Коллоидты ерітінділерге уақыт өткен сайын біртіндеп екі фазаға бөлінетін тұрақсыз жүйелер жатады.
Полимерлердің шын ерітіділерінің өздеріне тән ерекшіліктері бар. Ол ерекшілітердің басты себебі полимердің молекуласы мен еріткіш молекулаларының өлшемдерінің айырмашылығынан.
Ерекшіліктер:
Ерудің ісіну процесі арқылы жүруі;
Полимер ерітіндісінің тұтқырлығының жоғары болуы;
Классикалық термодинамика заңдылықтарына ауытқу.
Ісіну. ТМҚ ерігенде екіжақты диффузия болады. Макромолекулалардың өлшемдері өте үлкен болғандықтан, олардың қозғалу жылдамдықтары өте төмен болады. Еріткіш молекулалары полимердің ішіне еніп, полимер ісіне бастайды. Ісіну - полимердің төмен молекулалы сұйықты сіңіру немесе сору процесі. Ісінгенде полимердің құрылымы өзгереді, массасы мен көлеміөседі. Полимер молекулалары мен еріткіш молекулаларының арасындағы әрекеттесу – сольваттану болады. Ісіну полимер үшін маңызды қасиет болғандықтан, оның әртүрлі шамалары болады. Шекті ісіну мен шексіз ісіну. Шексіз ісіну кезінде полимердің молекуласы жеке-жеке бөлініп, шын ерітінді түзілгенше сұйық молекулаларымен араласа береді. Бұл сызықты және тармақталған полимерлерге тән. Ісіну дәрежесі Q уақытқа тәуелді болады τ. Ісіну дәрежесі массалық және көлемдік болады және пайызбен есептеледі.
Шекті ісіну – еріткіш молекулаларының полимермен әрекеттесіп, полимердің сұйықты жұтуымен шектелген процесс. Полимер мен сұйық өзара ерімейді. Полимер макромолекулалары тек қана жазылады. Екі фаза түзіледі: таза төменгі молекулалы сұйық және төмен молекулалы сұйықтың полимердегі ерітіндісі. Фазалар бөліну бетімен бөлінген. Торланған құрылымды полимерлерге тән. Ісінудің көрсеткіштері: ісіну дәрежесі, ісіну жылдамдығы, ісіну қысымы т.б. Ісінген кезде жүйе көлемінің азаюы контракция деп аталады.
Полимердің еруі және ісінуі мынадай факторлармен анықталады:
Полимер мен ТМҚ табиғаты;
Макромолекула тізбегінің қозғалғаштығы мен иілгіштігі;
Полимердің мол.массасы және полимерлену дәрежесі;
Полимердің молекуладан үлкен құрылымы;
Макромолекуланың көлденең химиялық байланысының болуы;
6.Жүйенің температурасы және компоненттердің концентрациясы.
