Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты атт. 1 вар. 2014 - каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173 Кб
Скачать
☆

Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.

Артериялық гипертензия, көлемді протеинурия, шумақты фильтрацияның төмендеуі неғұрлым тән://

Пиелонефритке//

Бүйрек поликистозына//

+ Гломерулонефритке//

Зәр тас ауруына//

Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзфыуы

***

27 жастағы науқас жүрек қағу ұстамаларына және төс артындағы қысу сезіміне, естен тану кезеңдеріне шағымданумен кардиология бөлімшесіне жатқызылды. Объективті: дене бітімі астениялық, жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ – минутына 88 рет. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ- ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі://

Эхокардиография//

Вентрикулография//

Коронароангиография//

Велоэргометрия//

+ЭКГ тәуліктік мониторлау

***

Науқас 45 жаста қалтыраумен фебрильді қызбаға; жөтелге, қан түкіруге; буындардағы және бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде - фурункулез. Қарағанда: терісі «сүт қосылған кофе» түсті, аяқтарында – петехиялы бөртпелер; «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы». Симптомдары анықталады. Тексергенде: эритроциттер - 2,9 мың, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң жақ өкпеде сына тәрізді көлеңке. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі://

Бронхоскопия//

Сцинтиграфия//

+Эхокардиография//

Буындар рентгенографиясы//

Өкпенің компьютерлі томографиясы

***

Жоспарлы электроимпульсті терапияны нәтижелі жүргізу үшін неғұрлым тиімді://

Кардиоспецификалық ферменттер деңгейін анықтау//

+ Іс-шара жүргізгенге дейін антикоагулянттар тағайындау//

Кардиоверсияға дейін 3 күн бұрын жүрек гликозидтерін тағайындау//

ЭИТ жүргізгеннен кейін антикоагулянттарды және дезагреганттарды бермеу//

Кардиоверсия жүргізер алдында бір күн бұрын антиаритмиялық препараттарды бермеу

***

68 жастағы науқас тыныштықта және аздаған физикалық күштемеде пайда болатын төс артындағы басып ауырсынуға, ентігуге шағымданады. Анамнезінде –миокард инфаркты болған. ЖСЖ – минутына 62 рет. АҚҚ – 110/60 мм. с.б.б. Тропонин I - 0 нг/мл. ЭКГ – коронарлық созылмалы жетіспеушілік белгілері. Неғұрлым тиімді тағайындау: //

Кетонал//

+Кардикет//

Дигоксин//

Коринфар//

Эуфиллин

***

А. атты, 47 жастағы науқас ірі ошақты артқыдиафрагмальды миокард инфарктымен ауруханаға түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖСЖ-минутына 110 рет. АҚҚ-150/100 мм с.б.б. ЭхоКГ: гипокинезия аймағы анықталады. Тромболитиктерді тағайындау неғұрлым тиімді://

+Алғашқы 6 сағатта//

Алғашқы 24 сағатта//

Екінші тәулікте//

тыртықтану кезеңінде//

Жіті кезеңінде

***

Науқас 34 жаста, бас ауыруына, бас айналуына, талуға шағымданады. Объективті: жүрек табанында, төстің оң жағында систоланың ортасында ең жақсы естілетін дөрекі систолалық шу, мойын тамырларына өткізіледі. Вальсальва сынамасында шу азаяды және және тыныс алғанда өзгермейді ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүректің конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді. Неғұрлым тиімді тактика://

Медикаментозды ем//

Митральды комиссуротомия//

Трикуспидальды қақпақшаның пластиксы//

+ Қолқалық қақпақшаны протездеу//

Митральды қақпақшаны протездеу

***