Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты атт. 2 вар. 2014 - каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173 Кб
Скачать
☆

Клиникалық фармакология, қаз.

Екі жақты жасырын клиникалық зерттеу://

Дәрігер де, науқас та, тағайындалған ем жайында біледі//

Науқас тағайындалған ем жайында білмейді, зерттеуші біледі//

+ Дәрігер де, науқас та, тағайындалған ем жайында білмейді//

Дәрігер, науқас, зерттеуші тағайындалған ем жайында біледі//

Дәрігер, науқас, зерттеуші тағайындалған ем жайында білмейді

***

Әйел, жүктіліктің 18 аптасы, қол басы буындарының бір сағатқа созылатын таңертеңгілік құрысына, әлсіздікке, субфебрильді температураға шағымданады. 6 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады. Қарағанда: II-IV саусақтардың проксимальды фалангааралық буындарының симметриялы дефигурациясы, қозғалысының шектелуі. Неғұрлым тиімді тактика://

Кризанол//

Диклофенак//

Метотрексат//

+ Преднизолон//

Сульфасалазин

***

Бауыр коликасы ұсатамасымен ауруханаға жатқызылған 40 жастағы науқас әйелге, ауырсыну синдромын емдеу мақсатында антисекреторлық препараттар, спазмолитиктер және анальгетиктер тағайындалған. Неғұрлым тиімді ЕМЕС тағайындау://

Баралгин//

Новокаин//

Пантопон//

Платифиллин//

+ Морфин

***

Науқас 25 жаста, күніне 6-8 ретке дейінгі сұйық нәжіске, соңғы 2 жылда 8 кг салмақ тастауына, ірі буындардағы ауырсынуға, денен қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне шағымданады. Ректороманоскопияда: ректосигмоидальды бөліктің беткей жаралануы, контактты қанағыштық. Неғұрлым тиімді тактика://

+ Преднизолон + сульфасалазин//

Цизаприд + сульфасалазин//

Преднизолон + азатиоприн//

Дебридат + эспумизан//

Азитромицин + бускопан

***

Науқас 34 жаста, оң қабырға доғасы астындағы ауырсынуға және ауырлық сезіміне, диспепсиялық бұзылыстарға, шөлдеуге, аузындағы құрғауға шағымданады. Объективті: терісі сұрғылт-қошқыл түсті; бауыры үлкейген, пальпацияда тығыз. Қанда: сары сулық темір – 45 мкмоль/л. Неғұрлым тиімді тактика://

Лактулоза + неомицин//

Д-пеницилламин//

+ Десферал//

Преднизолон//

Азатиоприн

***

Науқас 18 жаста, тізе буындарындағы жедел ауырсынуға, дене қызуының жоғарылуына шағымданады. Бала кезінен ауырады. Объективті: буыны ісінген, үстіндегі терісі гиперемияланған, ұстағанда ыстық, қөозғалысы шектелген. АЧТВ- 90 сек, қан ұю уақыты-25 мин. Неғұрлым тиімді тактика://

Антикоагулянттар//

+Криопреципитат //

Глюкокортикоидтар//

Хондропротекторлар//

Индометацин

***

Науқас 40 жаста, шап қа берілетін бел аймағындағы ауырсынуға; зәр шығарғандағы кесіп ауырсынуға, жүрек айнуға, құсуға. Қанда: лейк-8,6 мың, ЭТЖ-24 мм/сағ, мочевина-9,2 ммоль/л, креатинин-0,120 ммоль/л. Зәр анализінде: сал. тығ.-1018, лейк. - 5-6 к/а, эр.-20-25 к/а, оксалаттар +++, фосфаттар ++. Неғұрлым тиімді тағайындау: //

Уросептиктер//

Антибиотиктер//

Стероидты қабынуға қарсы препараттар//

+ Спазмолитиктер//

Глюкокортикостероидтар

***

Науқас 18 жаста, тәулігіне 4 рет қан және шырыш аралас сұйық нәжіске, іштің төменгі бөлігінде және оң жақ мықын аймағында қатты ауырсынуға, дене қызуының 37,3оС дейін көтерілуіне шағымданады. ауырғанына 2 апта болған, ауруын қатты күйзеліспен байланыстырады. Өздігінен левомицетин 1 г/тәу және линекс қабылдаған – нәтижесіз. Неғұрлым тиімді тактика://

Смекта//

Тетрациклин//

+ Сульфасалазин//

Креон//

Лоперамид

***

Науқас 45 жаста асқазан жарасына байланысты ауруханада эрадикациялық терапия курсын өттті. ЭФГДС бақылауда: жара дефектісі толық жазылған. Ауруханадан шыққаннан кейін тағайындалатын неғұрлым тиімді сүйемелдеуші терапия://

омепразол 20 мг/тәу 4 апта//

+ омепразол 20 мг/тәу 8 апта//

омепразол 40 мг/тәу 4 апта//

де-нол 120 мг тәулігіне 3 рет 4 апта/

метронидазол 500 мг/тәу 14 күн

***

Науқас 47 жаста, кешке тамақ ішкеннен кейін пайда болатын төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну жатқан кезде күшейеді. Нитроглицерин әсер етпейді. Неғұрлым тиімді тағайындау://

Нитраттар мөлшерін жоғарылату//

+ Прокинетиктер//

Антацидтер//

Спазмолитиктер//

Антисекреторлық препараттар

***

Науқаста артериялық гипертензия және күштемелі стенокардия ІІ ФК, тәуліктік дозасы 100 мг атенолол қабылдайды. Соңғы кезде науқасты жүрген кезде пайда болатын және тыныштықта басылатын аяқтарының ауырсынуы мазалайды. Неғұрлым тиімді тактика://

Атенололдың мөлшерін тәулігіне 50 мг дейін азайту//

+ Атенололдың орнына карведилол//

Никотин қышқылын қосу//

Аспиринді қосу//

Пентоксифиллинді қосу

***

Вирусты С гепатитпен ауыратын науқас күн сайын интерферон 10 млн ЕД б/е қабылдайды. Емді бастағаннан кейін 2 апта өткенде екі жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы дамыды, қақырықта саңырауқұлақтар анықталды. ЖҚА: эритроциттер – 3,0 х 1012/л, лейкоциттер – 2,5 х109/л. Неғұрлым тиімді тактика://

Интерферонның орнына ламивудин//

Интерферонның орнына ацикловир//

Интерферонның орнына рибавирин

Интерферонның мөлшерін күн сайын 5 млн ЕД дейін төмендету//

+ Интерферонның орнына флуконазол

***