- •2.Студент пен оқытушы арасында жанжал туындады.Жанжалға қатысушшылардың құрамына байланысты жанжал қалаай аталады?Анықтама бере отырып түсіндіріңіз.
- •19.Өтпелі кезеңдегі жанжалдың ерекшелігі
- •20.Жанжалды бейбіт түрде шешудің әдістері барма оларды атаңыз және сипаттама беріңіз.
- •21.Еңбек жанжалдардың пайда болуы мен себептерін атаңыз
- •23.Жасөспірімдердің өтпелі кезеңдегі ата-аналар арасында туындайтын жанжал
- •24. Жанжалсыз қоғам дамымайды дегенді қалай түсінесіз. Неліктен, нақты мысал келтіре отырып, анықтама беріңіз
- •25.Ұйымда жанжал орын алатын болса, басбасшының оны шешудегі рөліне нақты дәлелдер келтіріңіз
- •26.Келіссөз-жанжалды бейбіт жолмен шешудің әдісі ретінде.
- •28.Делдалдық немесе үшінші жақтық тұлғааралық жанжалды шешудігі рөлінек мысал келтіріңіз
- •19 Ғасырдағы қақатығыстану ілімінің дамуы
- •33.Жанжалдың қазіргі таңдағы бағыттарын атаңыз және талдау жасаңыз
- •36. Жанжалдың туындауына әсер етуші тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін атаңыз және талдау жасаңыз
- •37.Халқыаралық жанжалдарды зерттеудің негізгі бағыттары және оны реттеу жолдары
- •38. Жанжалды шешудің стратегиялары
- •52. Этникалық жанжалдың мәні мен сипатын түсіндіріңіз
- •56. Әлеуметтік жұмыстағы жанжал ғылым ретінде дамуына сипаттама беріңіз
- •59.(46) Ұйымдағы билік мәселесіне байланысты жанжалдың туындауы түсіндіріңіз және оны шешу жолдарын атаңыз.
- •60(50) Саяси жанжалдардың құрылымы мен субъектісін атаңыз және сипаттама беріңіз
19.Өтпелі кезеңдегі жанжалдың ерекшелігі
Ресей ғалымдары А.Я.Анцупов және А.И.Шипилов былай деп айтқан: "Өмір-бұл күрес, ал күрес-бұл конфликт".
"Конфликт", яғни «Шиеленіс» термині көптеген құбылыстарға таралған. Әлеуметтік конфликт барлық жағынан адамдармен байланысты. Әлеуметтік конфликтте аз дегенде екі қарама-қарсы жақ болу керек. Олардың әрекеттері өз қызығушылықтарына бағытталған, осыдан екі жақтық қақтығыс пайда болады. Сондықтан да барлық конфликтке адамдарды қоздыратын қысым тән.
Жасөспірімдердің мінездерінде кездесетін шиеленістердің стильдерін К.Томас 5 түрге бөлген: ынтымақтастық, келісімге келу, қашу, бейімделу және бәсекелестік.
Ынтымақтастық стилі- бағындырушының іс-әрекетіндегі жетістікке жетуіндегі белсенділікке талпынумен сипатталады. Бәсекелестік стиліне қарағанда, ол тек өзінің қызығуына қайшылықты пікірлерден қашып, көбіне бағынушылардың пікірін ескереді. Ынтымақтастық стилі мына жағдайларда нәтижелі болып келеді:
- мәселені шешу екі жақ үшін де маңызды болса;
- тығыз өзара байланысты қатынас бар болса;
- тең билік бар болған жағдайда.
Келісімге келу стилі - бұнда бағындырушы бағынушылардың ой-пікірімен қатынаста нормализацияға жетуге ұмтылады, олардың пікірлерімен санаса отырып, өз жағына тартуға тырысады. Келісімге келу стилі келесі жағдайларда нәтижелі болып келеді:
- екі жақ та бірдей билікте болса;
- шешімді тез қабылдағыңыз келсе;
- уақытша шешімге келіссеңіз;
- жақсы қарым-қатынасты сақтағыңыз келсе;
- алдын-ала қойған мақсатыңызды өзгерте алсаңыз.
Қашу стилі- қойылған мақсатты жүзеге асыруда жауапкершіліктен қашумен сипатталады, яғни жауапкершілік пен жазадан қорқады, өз бетінше шешім қабылдағысы келмейді, іс-әрекетте табысқа жету мотивациясы жоқ. Қашу стилі келесі жағдайларда нәтижелі болып келеді:
- шиеленісушілік, өте жоғары және оны төмендету қажет жағдайда;
- шығын өте маңызды емес және өз күшіңізді жоғалтқыңыз келмесе;
- уақыт ұтқыңыз келсе;
- жағдай пайда әкелмейтінін білсеңіз;
- билік аз, қарама-қарсы жақтың мүмкіндігі көп екенін білсеңіз.
Бейімделу стилі- басқару мақсатында оң нәтижеге жетуге қызықпайды, белсенділік танытпайды. Бұл стильдегі бағындырушылар қайшылық жағдайынан және жауапкершіліктен қашуға тырысады. Ал бейімделу стилі келесі жағдайларда:
- болған жағдай ерекше толғандырса;
- қарым-қатынасты жақсы сақтағыңыз келсе;
- билік сіз жағыңызда болмаса;
- билік аз және жеңіске жету ықтималдығы аз болған жағдайда.
Бәсекелестік стилі- ол әрекетте бағындырушы өте белсенді болады, қойылған мақсатқа жету үшін тез шешім қабылдайды. Бәсекелестік стилі келесі жағдайларда нәтижелі болып келеді:
- белгілі бір билікті иеленсеңіз;
- шығын сіз үшін өте маңызды болса;
- шешімді тез қабылдау қажет болса;
- сіз үшін жоғалатын еш нәрсе жоқ, басқа таңдау жолы жоқ жағдайда;
- сіз неғұрлым шешім қабылдауды талап ететін дағдарыс жағдайында тұрсаңыз;
- сіз таныс емес шешімді қабылдауыңыз керек және сізде билік бар болған жағдайда.
Адамдармен қарым-қатынас барысында жанжалдан қашқақтаудың көптеген ережелері бар. Олардың ішіндегілер: 1. Егер адамды өзіңнің жауыңа айналдырғың келмесе, оның ойлау қабілеті мен дарындылығына ешқашан күмән келтірме. 2. Адамда өзіне-өзі деген сенімін нығайту керек. 3. Адамдармен сөйлесу барысында қарама-қарсы пікірлеріңіз болған жағдайда, сөзді бұдан бастамаңыз. Адам қорғанысқа дайын болу мүмкін де, барлық қарсы сөздер агрессияның күшүюіне әкелуі мүмкін. Немесе адамның жақсы көңіл-күйін сіздің қарсы сұрақтарыңыз бұзып, конфликт туындауы мүмкін. 4. Адамды сендіруге ұмтыла отырып, оған өз пікірін айтуға мүмкіндік беру керек. Әрине, бұл үлкен шыдамдылықты талап етеді, бірақ өте эффективті.
