Дәрісте қарастырылатын мәселелер:
1. Кеңес дәуірінде баспа ісінің өркендеуі
2. Қазақ тіл ғылымының қалыптасып, дамуы
3. Қазақ әдеби тілі қоғамдық қызметінің артуы
4. Поэзия тілінің дамуы
5. Көркем проза тілінің дамуы
6. Қазақ жазуын жетілдірудегі А. Байтұрсыновтың қызметі
7. Поэзиядағы мысал жанрының қалыптасуымен дамуы
8. ХХ ғасырдың басындағы ұлттық мерзімді баспасөз
9. Қазан төңкерісінен кейінгі іс қағаздары тілі
10. 1950 – 1980 жылдардағы қазақ әдеби тілі
Дәрістің қысқаша мазмұны. Қазан төңкерісі қазақ қауымының басқа да салаларымен бірге мәдени өміріне де соны жаңалықтар әкелді. Қоғамдық билік Кеңес үкіметінің қолына көшуімен байланысты өзгерістер мен жаңалықтарды жұртшылыққа жеткізетін баспасөз органдарының саны көбейе түсті. 1918 жылдың сәуірінен бастап Орынборда «Қазақ мұңы» газеті шыға бастады. Бұл Кеңес кезіндегі алғашқы қазақ баспасөзі болып саналды. Сондай-ақ, 1918 жылы «Жетісу еңбекші халқының хабаршысы», 1919 жылы «Көмек» газеті, 1921-1922 жылдары «Кедей еркі», 1922-1928 жылдары «Тілші» т.б. газеттер шығып тұрды. Кеңес дәуірінде баспа ісінің өркендеуі, қазақ тіл ғылымының қалыптасып, дамуы, қазақ әдеби тілінің қоғамдық қызметінің артуы, поэзия тілінің дамуы, көркем проза тілінің дамуы, қазақ жазуын жетілдірудегі А. Байтұрсыновтың қызметі, поэзиядағы мысал жанрының қалыптасуы мен дамуы, ХХ ғасырдың басындағы ұлттық мерзімді баспасөз, қазан төңкерісінен кейінгі іс қағаздары тілі, 1950 – 80 жылдардағы қазақ әдеби тілі жайында қарастырылады. Кеңес дәуірінде баспа ісі өркендеп, қазақ жерінде әр алуан газет-журналдар жарық көре бастады. А.Байтұрсынов И.Крыловтың мысалдарының негізінде өзінің «40 мысал» атты еңбегін өмірге әкелді. Мысал жанры қазақ халқының хайуанаттар жайлы ертегілерімен сабақтас болды. А.Байтұрсынұлынан басқа Абайда, Ыбырайда мысал өлеңдер болған еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ тілі жөніндегі басты мәселе – алфавит, емле мәселелері. Араб алфавитінің қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық бере алмайтындығынан А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялылары оған реформа жасап, қазақ тіліне икемдеді. 1926 жылы Баку қаласында өткен І түркологиялық съезде түркі халықтарын араб алфавитінен латын графикасына көшіру туралы қаулы қабылдаса да, Қазақстанда 1929 жылдан бастап қана көшті. Термин мәселелеріне байланысты 1931-1935 жылдарда «Атаулар сөздігі» жарыққа шықты. 1930 жылдарда тіл мәселесі жайында ғылыми зерттеулер жариялаған ғалым Қ.Жұбанов болды.
Бақылау сұрақтары:
Кеңес дәуіріндегі мерзімді баспасөз жайында баяндаңыз.
Қазақ тіл ғылымының қалыптасып, дамуы жайлы айтыңыз.
Қазақ жазуын жетілдірудегі А. Байтұрсыновтың қызметі туралы айтыңыз.
Поэзиядағы мысал жанрының қалыптасуы мен дамуы туралы айтыңыз.
Қазан төңкерісінен кейінгі іс қағаздары тілі жайында баяндаңыз.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Қазақ әдеби тілінің тарихы (хрестоматия).- Алматы, 2000.
Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1993.
Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1996.
ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. Астана: Елорда, 2000.
Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі.- Алматы, 2004.
Қалиев Ғ., Боранбаева Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Практикалық курс. - Алматы,2001.
Мұхамбет-Кәрім Х. Диалектология мен қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері. – Алматы, 2001.
