Аралас сабақтың құрамы
Үй тапсырмасын сұрау (жаттығуды тексеру арқылы, ауызша сұрақ қою арқылы, диктанттың түрін алу арқылы т.б.
Жаңа сабақты түсіндіру (өткен материалмен байланыстыру, кестедегі материалды көрсету, яғни көрнекілік арқылы, мысалдар ойлату, дәлелдеу, ереже оқыту т.б.
Жаңа сабақты бекіту (барлық оқушыларға өздік жұмыс беру, жеке оқушымен жұмыс, өздік жұмысты тексерту т.б.)
Жаңа сабақты жинақтау (жазбаша жұмыс, сұрақ-жауап, бағалау т.б.)
65 - сұрақ Қазақ тілі бойынша оқушылардың білімдерін тексеру мен бақылау жолдары
Оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен біліктерін бағалау – тестілік жұмыс немесе оқушылардың ауызшв нақты жауаптары арқылы бағаланады. Жазбаша жұмыстың сапасын бағалау берілген білімді оқушылардың қаншалықты дәрежеде меңгергенін сұрау, тексеру арқылы жүзеге асып жатады. Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігінің мектептер басқармасы педагогика ғылымдарының Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми- зерттеу институтының “Қазақ тілінен 4-8 сынып оқушыларының білімін, іскерлігі мен дағдыларын бағалау нормаларында” (1998) онда атап көрсетілгендей оқушының қазақ тілінен ауызша жауабын бағалауда мынаны басшылық етуі қажет екенін көрсетеді.
Оқушының өзі оқып жүрген сыныбының қазақ тілі бағдарлама материалын толық меңгеріп, ол жөнінде қойылған сұрақтарға дұрыс, жүйелі жауап беруі қадағаланады.
Оқушы грамматикалық ереже,анықтамалардың заңдылықтарын қате жібермей , алған теориялық білімін практикада орынды қолдана біліп, оларды дәлелдеп, түсіндіре білу іскерлігі арттырылады.
Оқушы оқу материалдарын баяндауда жатық тілмен, өзіндік сөйлем, стилдік құрамын әдеби тіл нормасында қолдана білетіні аңғарылады.
Оқушы өз жауабында грамматикалық талдауларында жіберген қателерін өздері аңғарып, өзі таба білуге, өзара тексеріп, қатесін түзете білуге де дағдыландырылады,- делінген.
Содан кейін “5”, “4”,“3”, “2” деген баға қоюдың нормасы да жазылған. Бұл әдістемелік нұсқауда жазбаша жұмыс нормалары да берілген. Мұғалімдер басшылыққа алатын бұл әдістемелік нұсқаудың әртүрлі қателіктен сақтандыратыны да белгілі. Өкінішке орай, соңғы кезде қазақ тілі пәнінен сабақ беріп жүрген мұғалімдер өз ісінде мұндай талаптарды басшылыққа ала бермейді. Оқушының жауабын, ынтасын дұрыс бағаламау, кейде таныстарына артық баға қою, әйтеуір сыныптан сыныпқа көше берсін деген ниетпен сапасынан гөрі сан жағынан дәріптеу бағаланып жүр. Мұғалімнің мұндай әрекеті – білімнің нашарлығынан әдістемелік шеберліктің әлсіздігінен, оқушымен қарым - қатынастың өз дәрежесінде еместігінен пайда болады.
Ю.К.Бабанский: “Формалды жауаптың мынадай болуы мүмкін, егер оқушы өзіне берілген кез келген тапсырманы орындап шықса, оған “ өте жақсы” деген баға қойылады” дей келе, “...егер тапсырманың күрделілігін талап деңгейінен төмен уақытша төмендету қажет болса, онда баға қойылмайды, ауызша құптау жасап қана қою керек, ал оқушыға тапсырманың жаттығу сипатында болғанын, сондықтан мұғалімнің баға қоюға мүмкіндік жоқ екенін түсіндірген жөн ”- дейді. Өте төмен баға қойып оқушыны ренжітуге болмайды, байыппен , сүйіншілікпен демократиялық бағытта бағалау, түсіндіру, уйрету- білімді бағалаудың әділ жолы. Қорыта келгенде, мектептерде болып жатқан үлкен өзгерістер еліміздің болашақ алып тұлғаларына сапалы білім берумен бірге оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетін дамытып, оларды ақиқат өмірге дайындауды мақсат еткен әрбір тіл маманы формализмгежол бермеуі қажет. Оларды дайындаған оқушылар жақсы азамат болып, өз жемісін көру керек. Ы.Алтынсарин: “Оқытушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың істеріне, бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарап бағалайтынын мойындаса, оның бұған өзінің көзі де жетеді ...”деген
66 - сұрақ Қазақ тілі оқулықтарындағы (5-6 сыныптар) берілген көрнекіліктердің әдістемелік ерекшеліктері
73. Орфографияны оқыту әдістемесі. Мектепте орфографияда берілетін білім мазмұны мен көлемі, оқыту мақсаты. Орфографиялық қателер, оны болдырмаудың жолдары. Оқыту әдістері сан алуан. Солардың ішінде орфографияны оқытуға байланысты мына әдістерді қолдануға болады. 1)байқау 2)баяндау 3)әңгімелесу 4)кітаппен жұмыс істеу 5)жаттығу әдісі 6)талдау-жинақтау 7)салыстырма 8)индукция-дедукция
Мектеп қабырғасында орфография тақырыбымен қатар офоэпияны да бірге түсіндіреді. Орфография мен орфоэпияны бір-бірімен байланыстылығымен бірге олардың өзара айырмашылығын жете түсіну үшін оқушы фонетиканы жетік білудің маңызы зор. Мұғалім оқушылардың фонетика саласынан алған білімдерін сабақта сұрақ-жауап әдісі арқылы естеріне түсіруіне болады. Дыбыс пен әріптің өзара айырмашылығын, дыбыстың тілдегі сөз құрайтын фонем, ал әріптің солардың таңбасы екендігін түсіндіргеннен соң, графика, шартты таңбаның қалай болса солай емес белгілі бір қағидаға сүйеніп жазылатынын айтады. Тілдегі сөздердің жазылу нормалары 3 түрлі принципке негізделіп жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы нәтиже береді. Қазақ орфогр принциптері: Фонетикалық, морфологиялық, дәстүрлі-тарихи принцип. Орфография мен орфоэпиядан өткен білімдерін бекіту ретінде оқушыларға жеке өздік жұмыстарын жасатқызу оларды өз бетінше жұмыс жасауға төселдіреді. Мәселен, тарихи дәстүрлі принцип бойынша жазылатын сөөздерді көркем шығармалардан теріп, мысал жинатуға, орфоэпиялық заңдылықтан ауытқып айтылған сөздерді талдату т.б тапсырмаларды орындату өз нәтижесін берері сөзсіз.
Орфографиялық сауаттылық диктант, я шығарма жаздыру арқылы есепке алынып жүр. Бұл жерде ескертетін жағдай мынадай: диктант – оқушылар алдына ешқандай жаңа мақсат қоймайтын таза орфографиялық жұмыс, ал шығарма оқушылар алдына өз ойын жетік баяндап беру сияқты шығармашылық талап қояды. Сондықтан да, білімнің қаншалықты жетілгендігіне және орфографиялық дағдысының қаншалықты қалыптасқандығына нақты көз жеткізу үшін шығарма жаздыру тиімді.
Дағдының пайда болуына байланысты оқушының ойлау жұмысында ішкі өзгерістер болып отырады. Айталық, жаттығу орындау барысында белгілі бір уақытқа дейін ережені пайдалана отырып, саналы жұмыс жасайды да, жаттығуды орындаудың амалдары мен тәсілдерін жетілдіре түседі. Олардың ең тиімділерін талдап қолданады. Осы арқылы практикалық әрекетке негізделген пайымдау қасиеті қалыптасады. Интеллектуалды дағды осылайша жасалады.74. Лексиканы оқытудың маңызы, міндеттері, орны, ұстанымдары. Әдіскер А.Айғабылов лексиканы оқытудың маңызын былайша дәйектейді: «Ана тілінді сөйлей білген адамның барлығы да сол тілдің заңдылықтарын, қыр-сырын, сыр-сипатын толық біле береді деуге бголмайды. Сондықтан лексиканы оқытудың практикалық маңызы зор. Оқушы сөз жүйесін түсіну арқылы оның айтылу(орфоэпиялық), жазылу(орфогорафиялық) нормасын саналы түсінуге, әр сөздің орынды қолданылуы арқылы ойды толық және дәл жеткізуе, қызмет ететін сан алуан мағыналы сөздерді түсініп, талдап, таңдап қолдана білуге, мәнерлі сөйлеуге, көркем әдеби тілдің бейнелі әуезділігін, әсерлігін түсінуге дағды алады. Л. оқытудағы мұндай талаптар жастарды дұрыс сөйлеу, ойын жеткізіп айта білуге тәрбиелеу мақсатын қояды. Өйткені тіл заңдылықтарын, ережелер мен анықтамаларды үйрете отырып, тілдік фактіні меңгерту бар. Сондай-ақ оның күнделікті қатынас құралы ретінде қажет болатын қыр-сырын түсіндіру керек.
Мектепте Л. оқыту, негізінен 4 принципке(ұстаным) сүйенеді. Олар: сөз мағынасын шындықпен(зат, сын-сапа, сан, қимыл т.б.) салыстыру; Лекс мағына мен грамматикалық мағ салыстыру, семантикалық-мағыналық принцип, диахрониялық принцип.
1)жас бөбектің сөз үйреніп, тілінің шығуы – өзіне таныс заттар мен ұғымдарды танып білумен қатар жүретіні сияқты, Л. оқытқанда да сөз мағынасын өмірмен тікелей ұштастырылуы талап етіледі. Л. оқытуды заттың суретіне қарап атау, не атын естіп, оның суретін табу әдісінің үлкен мәні бар. Л. өткен кезде сөздің тура және ауыспалы мағынасына ерекше мән беріледі. Мынадай мысал келтіре отырып, салыстыру әдісін пайдалана отырып түсіндіруге болады: 1) ол ата-анасын құрмет тұтады(тура мағына). 2) Отан ананы қорғайық! (ауыспалы мағына). Сөз біткеннің бәрі мағына бере бермейтіндігін де айтып түсіндіру қажет.
2)Лекс.мағ. мен гр. мағ. Салыстыру принципі арқылы лексикалық құбылысты нақтылап, анықтап дәлелдеп тануға, сөйлеу, жазу кезінде лексикалық қателерді болдырмауға көмектеседі. Л.оқыту кезінде мұғалім оқушылардың сөздікпен жұмыс істей білуге үйретуі керек. Сөдердің шығу тарихын, сөз мағыналарын сөздіктерді қолдана отырып меңгерткізу оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Әдебиет сабағында өткен тақырыптардың ішінен түсініксіз сөздерді тапқызып, сол сөдердің мағынасын сөздіктен таптырып отырса пән аралық байланыс жүзеге асып, оқушылардың белсенділігі артады.
3)Семантикалық принцип сөздердің әр түрлі сөздермен мағыналық байланысына қарай лексикалық парадигма жасау қабілетімен байланысты. Лексикалық парадигма дегеніміз айналадағы заттар мен құбылыстардың бір-біріне қатысы қандай болса, оларды білдіретін сөздердің де бір-біріне қатысы сондай болады. Мысалы:өзара қатыстылығы арқылы (бір тақырып бойынша) бір атауға топталатын сөздер болады. Айталық таңертен,түс, екінді, ымырт сөздері бір күн ішінде болатын мезгіл атаулары; тал, терек,өрік, қарағаш т.б ағаш сөзінің мағынасына енед. Сондай-ақ синоним, антоним, көп мағыналы сөздер де өз ішінде белгілі мағыналық қатысқа ие.
4)Диахрониялық принцип-гоқушыларға сөздің тарихын, шығу тегін, не пайда болу себебін ашып түсіндіру жолымен Л. мағынаны анықтау. Мыс: орыс т енген машина, трактор, комбайн, колхоз сияқты сөздердің тілімізге енуінің себебі қазақ халқының тарихымен байланысты. Немесе көнерген сөздерді, неологизмдерді де халық тарихымен салыстырып, би, хан, уәзір сияқты сөздерді қазір халық неге қолданбайды, не үшін спутник, ұшқыш сияқты сөздер пайда болды деген сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі. Оқушы осылай салыстыра түсіндіру арқылы басқа тілден сөз ену, кей сөздің көнеріп, кей сөздердің тілімізде жаңадан пайдат болып жатуы қазақ халқының тарихындағы өзгерістерге, даму жолына байланысты екенін аңғарады. 75. Морфологияны оқыту әдістемесі. Мектепте морфологиядан берілетін білім мазмұны, көлемі. Морфологияны өткен кезде ең бірінші сөз құрамы,сонымен байланысты түбір, түбірлес сөздерге ерекше назар аударылады. Сөз құрамын схема арқылы меңгерткен ыңғайлы. «Сөз құрамындағы бөлшектерін: негізін, түбірін, жалғауын, жұрнағын ажыратып үйренбейінше оқушылар сөз таптарын, орфографиялық ережелерді, көп сөздердің мағыналарын түсіне алмайды. Онсыз М. оқыту да мүмкін емес. Оқушыларға сөздердің құрамындағы негізгі түбір, туынды түбір, жұрнақ және жалғауларын тапқызып, дағдыландыру үшін, мұғалім арнайы сөйлемдер дайындап келіп, тапс беріп отырады».
Сөз таптарын түсіндірмес бұрын мұғалім қ.т лексикологоиясындағы сөздердің негізгі, көмекші және одағай сөздер болып бөлінетінінен мағлұмат береді. Сөз табының лекс-грам бергілерін дұрыс аңғарту үшін мұғалім тілдің семантикалық, морф, синт принциптерін бірдей қамтып отыруы керек. Сонда ғана әр сөз табындағы мағына мен форма нақты ашылып, сөз табының бөліну принципі дұрыс аңғарылады. Бірақ мұғалім бұл 3 принциптің барлық сөз таптарына ортақ еместігін де ескергені дұрыс.
Жіктік жалғауын өткенде кім деген сұраққа жауап беретін зат есімдердің ғана жіктелетініне ескеру, тәуелдік жалғ өткенде оңаша, ортақ тәуелдеуді салыстыра түсіндірген тиімді.
Морфологоия бөлімін оқыту негізінен мынадай екі салаға бөлінеді. 1)Сөз құрамын оқыту; 2)сөз таптарын оқыту.
Д.Әлімжанов жалпы морфологияны, оның ішінде үстеуді оқыту кезінде мұғалім мынандай жұмыстар жүгізуі керек деп есептейді. а)үй тапсырмасын тексеру, оған байланысты өткен тақырыпты қайталау. Ә)жаңа тақырыпты мысалдан бастап түсіндіру. Б) Ү-дің мағыналық, тұлғалық ерекшеліктеріне қарай бөлінетіндігін және олардың сұрауларын түсіндіру. В)түсіндіруге байланысты алынған тақтадағы кейбір мысалдарды оқушыладың дәптерлеріне жазғызып қою. Г) оқушылардың меңгере алмай қалған жерлері болса, қайталап түсіндіру. Ғ)тақтаға не дәптерлеріне жазғызып, талдау арқылы оқушылардың ұғымын байқау және сұрақтар қойып, оқушыларға ауызша айтқызу. Д)карточкамен жұмыстар жүргізу. Е) дұрыс оқуға үйрететін текстермен жұмыстар жүргізу. ж)өздеріне мысалдар ойлату з)шағын диктант ұйымдастыру. И)түрліше талдау жұмыстарын жүргізу. Й)сөздікпен жұмыс жүргізу. К)кітаппен жұмыс жүргізу. Қ)өтілген тақырыпты қорыту. 76.Морфологияны оқыту кезінде оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру әдістері. Мектеп программасында морфология материалдарын оқытудың өзіндік мақсаты бар. Морфологиялық заңдылықтарды оқыту дидактикалық принцип негізінде іске асырылады.
М.оқытуды мұғалімдерден қазақ сөздерінің қандай топқа бөлінетінін, ол топтардың әрқайсысының өзіне тән қандай гр сыр-сипатының барлығын және контексте қандай қызмет атқаратынын оқушыларға білдіру талап етіледі. Тілдің заңдылықтарын практикада дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру, баулу жұмыстары әр сабақ үстінде ескеріліп, іске асырылып отырылатын негізгі өзек болады. Сондықтан тіл фактілерінің сапалы да тиянақты меңгертілуі мұғалімдердің теориялық біліміне тікелей қатысты. Мұғалім тілдің ішкі заңдылығын жан-жақты терең білсе, оқушыға берілетін білім де, тілдің жүйесі де, тараулары да өзара байланысып, дұрыс оқытылады. Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытатын ұстаздарға ортақ гр бір тұлғаны екінші бір ұқсас категориялармен шатастырып алушылық жиі ұшырасады.
Мұғалім морфологияның өзіне тән ғылыми жүйесін оқушыларға толық және тиянақты меңгерту үшін, оны жеке тақырыптар мен сабақтарға бөліп жоспарлап алады да, оның әрқайсысының методикалық оқыту жолдарын көрсетіп қояды. Ол әдістер озат мектептер мен алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесінен алынады.
77.Зат есімнің жұрнақтарын оқыту әдістемесі. З.е оқытуға ғылыми-практикалық мән бере отырып, оны жан-жақты үйретіп, талдап білгізу – барлық сөз табын оқытуға негіз және соған жол ашу болып табылады, соның нәтижесінде ол басқа сөз таптарына ұйытқы, негіз болады. Оқушылар з.е жақсы білу арқылы өмірдегі ақиқатты, заттық ұғымның алуан түрлерін жақсы білетін болады. Тіліміздегі басқа сөз таптары сол з.е ұғымындағы материалдық болмыстың өзіндік белгілері мен ерекшеліктерін ғана білдіреді. Сондықтан да көпшілік сөз таптарына берілетін анықтама да з.е байланысты болады.
Зат есімдер морфологиялық жақтарынан тіліміздегі 4 түрлі жалғауда түрленіп, сөйлемдегі басқа сөздермен еркін қарым-қатынасқа түседі. Зат есімнің морфологоиялық құрылысы жағынан жаңа сөз тудыратын арнаулы үш топқа бөлінетін жұранғы бар. З.е. синтаксистік қызметі жағынан сөйлемнің барлық мүшесі ретінде жұмсала беретіні сөйлем талдау тәсілі арқылы оқытылады. 78.Зат есім, оның лексика-семантикалық топтарын және жалқы есімді оқыту әдістемесі.
З.е морфологиялық жақтарынан тіліміздегі 4түрлі жалғауда түрленіп, сөйлемдегі басқа сөздермен еркін қарым-қатынасқа түседі. З.е морф құрылысы жағынан жаңа сөз тудыратын арнаулы 3 топқа бөлінетін жұрнағы бар. З.е. синтаксистік қызметі жағынан сөйлемнің барлық мүшесі ретінде жұмсала беретіні сөйлем талдау тәсілі арқылы оқытылады.
З.е заттық ұғым атауларын білдіретін болғандықтан, олар сырт қарағанда біркелкі, бірыңғай сияқты болып көрінеді. Бірақ оларды іштей саралай келетін болсақ, З.е нақтылы, абстрактылы, жалқылық пен жалпылық, даралық пен жинақтылық, жекелік пен топтық тәрізді мағыналық категорияларға ие болатыны нақты мысалдардың мағынасын ашу процесінде түсіндіріледі. Сол сияқты жинақтау, топтау, даралау, бөлшектеу ұғымын білдіретін з.е ажыратып түсіндіру керек.
З.е семантикалық жақтарынан өз ішінде: мал атаулары, адамның есімдері, құрт-құмырсқа атаулары, қора-қопсы, үй-жиһаз; қоғамдық тұрмыс атаулар; саяси-әлеум, техника; сауда-саттық, табиғат құбылыс атаулары болып сараланады.
З.ес. жалпы және жалқы есім болып бөліну ерекшелігі әрқилы деректі, дерексіз ұғымдарды білдіретін з.е-дерден мысал келтіру арқылы түсіндіріледі. Ал жалпы есімдер мағына жағынан нақты бір ұғымды білдірмейді, тек жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі – зат ретінде жұмсалатын есімдер екені ескеріледі. Сол сбептен де жалқы есімдердің ерекшелігі бұлардың үнемі бас әріппен жазылатынында екені з.е. орфографиясымен ұштастырыла сөз болуға тиіс.жалпы есім жалқы есімдердің де контексте болсын, жеке бір жаңа сөз жасауда болсын, жалпы з.е жалқы з.е немесе керісінше айнала беретінін мысалдар талдау төңірегінде аңғарту қажет. Мысалы: Семей-семейлік, Берсиев-берсиевші,күн, уақыт Күн, Ай планеталарының мағыналары түсіндірілуі керек.
Жалқы есімдерге кісі аттары мен жер-су аттары енетіні ескеріледі. Осыған орай, жалпы з.е. құрамы мен жасалуы жағынан дара, күрделі болып келетіні айтылады. Жалпы, жалқы з.е. өздері алуан түрлі мағынада жұмсалатыны ескеріледі. Айталық, жалпы есімдердің кейбір топтары сыйлау, еркелету, кішірейту, қомсыну тәрізді мағыналарда жүұмсалатыны мысалдар, гуманитарлық талдау үстінде аңғартылу қажет. М: құлынщақ, құлынтай, ботақан, үйшік, көрпеше, әкей, апай деген сөздердің алуан түрлі жұрнақ арқылы реңк мағынада қолданылуы салыстыру әдіс-тәсілдері арқылы түсіндіріледі.
З.е.сөздерінің кейбір тобы лексика-семантикалық жақтарынан үнемі жалпылық мағынада қолданылып, оларға көптік жалғауы жалғанбайтыны да ескерілуі керек. Көптік жалғауда қолданбайтын з.е :1) сұйықтыұ ұғымды білдіретін з.е.атаулары: көптік жалғауда қолданбайды: су, қымыз, 2)газ тектес ес:бу, тұман 3)уақ, ұнтақ, майда: ұн, шаш, шөп 4)дерексіз з.е : алғыс, қайғы 5)табиғат байлығы-кен ат: алтын, болат 6)табиғат құбылыстары 7)Жұптық ұғымды білдіретін атаулар: қол, аяқ, етік
