- •Сұраныс пен ұсыныс теорияСы
- •3.1 Сұраныс пен ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары, қисықтары
- •Сурет 3.1 Сұраныс қисығы
- •Сурет 3.2 Сұраныс қисығының өзгеруі
- •3.2 Ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары, қисықтары
- •Сурет 3.3 Ұсыныс қисығы
- •Сурет 3.4 Ұсыныс қисығының өзгеруі
- •3.3 Нарықтық тепе-теңдік. Артықшылық және тапшылық
- •Сурет 3.5 Нарықтық тепе-теңдік
- •Сурет 3.5 Нарықтық тепе-теңдік
- •3.4 Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Сурет 3.1 Сұраныс қисығы
Сұранысқа әсер ететін факторларға байланысты сұраныс қисығы өзгеріске ұшырайды. Баға факторы әсер еткенде сұраныс көлемі өзгеріп қисықтың бойында өзгеріс орын алады. Мысалы, игіліктің бағасы өскенде сұраныс көлемі қысқарады немесе баға төмендегенде сұраныс көлемі артады. Бірақ, біз баға өзгергенде бағалық емес факторларды тұрақты деп болжаймыз. Ал бағадан тыс факторлар әсер еткенде сұраныстың өзі өзгеріп, қисық оңға немесе солға жылжиды. Мысалы, тұтынушылардың табысы өссе, онда сұраныс кеңейіп қисық оңға жылжиды немесе табыс қысқарса, онда сұраныс төмендеп қисық солға жылжиды. Бірақ, біз бағалық емес факторлар өзгергенде бағалық факторды тұрақты деп болжаймыз. Осыларды төмендегі суреттерден көруге болады.
P а) P ә)
Q
Q
Сурет 3.2 Сұраныс қисығының өзгеруі
Сонымен, сұранысқа бағалық фактор әсер еткенде сұраныс көлемі өзгереді, бағалық емес факторлар әсер еткенде сұраныстың өзі өзгереді. Сондықтанда, сұраныс көлемінің өзгеруі мен сұраныстың өзгеруін шатастырмау қажет.
3.2 Ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары, қисықтары
Ұсыныс – сатушылардың белгілі бір уақытта игіліктердің берілген көлемін белгілі бір баға бойынша нарықта сатуға деген даярлығы немесе сата алу қабілеті.
Ұсыныстың мәнін толық түсіну үшін төмендегідей ұғымдарды енгіземіз:
1. Ұсыныс заңы – игіліктің бағасы мен сол игілікті сату көлемі арасындағы тура байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным. Нарықта баға жоғары болғанда, сатушылар игіліктерді сату көлемін арттырады. Және керісінше, нарықта баға төмендегенде, сатушылар игіліктерді сату көлемін қысқартады.
2. Ұсыныс бағасы - сатушының нарық жағдайында берілген игіліктің көлемін сатуға дайын минималды бағасы.
3. Ұсыныс көлемі – нарықтағы барлық сатушылардың берілген уақыт мезетінде сатқысы келетін немесе сатуға дайын игіліктерінің жалпы саны.
4. Ұсыныс функциясы – ұсынысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен сол ұсыныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік. Өндірушілердің берілген игіліктерді сатуға дайындығы ұсыныс детерминанттарымен сипатталады. Ұсыныс детерминанттары деп нарық жағдайында ұсынысқа немесе сатушылардың сату қабілетіне әсер ететін бағалық және бағалық емес факторларды айтамыз. Ол факторлар мыналар: а) сол тауардың берілген уақыт мезетіндегі бағасы; ә) өндіріс факторларының (ресурстардың) бағалары; б) өндірісте қолданылатын технологияның сипаты; в) болашақ бағаны және тапшылықты күту; г) салықтар мен субсидиялардың көлемі; д) сатушылардың саны; т.б. Ұсыныс көлемі барлық осы факторлардың функциясы болып табылады:
Qs = f (P, Pr, К, Т, N, В),
мұндағы, Pr - ресурстардың бағалары; К - технология; Т - салықтар мен субсидиялар; N - сатушылардың саны; В - басқа да факторлар.
5. Ұсыныс қисығы – ұсыныс заңының графикалық көрінісі. Ол сатушылардың әртүрлі бағаларда сата алатын игіліктерінің көлемін көрсетеді. Ұсыныс қисығы әдетте, оң көлбеулі болып табылады.
Р S
Q
