- •Мемлекеттің қаржы және ақша-несие жүйесі. Әлеуметтік саясат
- •10.1 Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы
- •10.2 Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, элементтері. Лаффер қисығы
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
- •Сурет 10.1 Лаффер қисығы
- •10.3 Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары
- •10.4 Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк жүйесі
- •5. Халықаралық несие.
- •4. Тұтынушылық несие.
- •10.5 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Лоренц қисығы
- •Сурет 10.2 Лоренц қисығы
- •Сурет 10.3 Салықтар мен трансферттердің табыстардың теңсіздігіне әсері
10.2 Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, элементтері. Лаффер қисығы
Қазақстан Республикасы Салық Кодексі бойынша салықтарға мынадай анықтама беріледі. Салықтар – бұл мемлекеттің заңдық тәртіппен бекіткен, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта бюджетке төленетін бір жақты міндетті ақшалай төлемдер.
Салық жүйесі белгілі бір уақыт аралығында қандай да бір мемлекеттің территориясында салынатын салықтардың, алынатын алымдардың, төленетін төлемдердің жиынтығын білдіреді. Салық жүйесін құру бірқатар жалпы принциптерге негізделеді.
Салық жүйесінің принциптері:
1. Салық салудың әділеттілігі (тепе-теңдігі).
2. Салықтардың анықтылығы және нақтылылығы (салықтың мөлшері, мерзімі, тәсілі мен төлеу тәртібі салық төлеушілерге нақты анықталған және түсінікті болуы қажет).
3. Салық төлеу мерзімдері мен тәсілдерінің ыңғайлылығы.
4. Салықтарды жинаудың үнемділігі немесе тиімділігі (салықтарды жинау және салықтарға қызмет көрсет көрсету шығындары бюджетке түсетін салықтық түсімдерден әлдеқайда төмен болуы тиіс).
5. Салық заңдылығының тұрақтылығы.
6. Салық салудың бір реттілігі.
7. Салық төлеушілердің барлығына бірдей дерлік салық салу талаптарының ұсынылуы.
8. Салықтық жеңілдіктер жүйесінің дәлелді болуы.
9. Салық қызметтерінің оңтайлы үйлесімділігі.
Салықтардың экономикалық категория ретіндегі мәнін толық түсіну үшін оның атқаратын негізгі қызметтеріне назар аудару қажет:
1. Фискалдық қызметі – мемлекеттік бюджеттің табыстарын қамтама-сыз ету, бұл мемлекеттің ерекше бақылауы мен ықпалында болады.
2. Реттеушілік қызметі – макроэкономикалық үдерістерді, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты, экономикалық өсудің қарқыны мен жұмысбастылықты реттеу.
3. Бөлу қызметі – ұлттық табысты, жеке және заңды тұлғалардың табыстарын, капиталды және инвестициялық ресурстарды бөлу және қайта бөлу.
4. Әлеуметтік қызметі – салықтар, салықтық жеңілдіктер және салық мөлшерлемелері арқылы мемлекеттің халық алдында әртүрлі әлеуметтік міндеттемелерді дәстүрлі түрде орындауы.
5. Ынталандыру қызметі – жеке және заңды тұлғалардың экономикалық мүдделеріне сай жеңілдіктер мен сыйақылар, тиым салушы және шектеуші мөлшерлемелер түрінде көрінетін салық механизмінің әртүрлі құралдарын қолдану.
6. Бақылау қызметі – құқықтық механизмдерге жүгіне отырып мемлекеттік билік пен заң күшіне бағыну негізінде мемлекет пен бизнес, мемлекет пен халық арасындағы салық қатынастарының дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету және оны қорғау.
Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес келетін заңдылық актілеріне негізделеді. Осыған байланысты салық элементтерін анықтауға болады. Салық элементтері:
1. Cалық субъектісі, немесе салық төлеуші – заң арқылы салық төлеу міндеті жүктелген адам.
2. Салық объектісі – салық салынатын және есептелетін табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік, т.б.)
3. Салық көзі – есебінен салық төленетін табыс.
4. Салық мөлшерлемесі – салық салу бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).
Салық мөлшерлемесінің келесідей түрлері бар:
1. Тұрақты салық мөлшерлемелері табыстар көлеміне байланысты емес салым бірлігіне абсолюттік сомамен белгіленетін мөлшерлемелерді білдіреді.
2. Үдемелі салық мөлшерлемелері табыстың өсуіне байланысты артып отыратын салықтың орташа мөлшерлемесін білдіреді.
3. Кемімелі салық мөлшерлемелері табыстың өсуіне байланысты төмен-дей беретін салықтың орташа мөлшерлемесін білдіреді.
Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексінде салықтардың, алымдардың және төлемдердің келесідей түрлері бекітілген:
