Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015EKZ.suR.shP.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
267 Кб
Скачать
☆

15. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзіндік ерекшелігіне мысал келтіріңіз.

Мемлекеттік табиғи заказниктер республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болып табылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мақсатына, қорғалу ережелеріне және пайдалану ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлінеді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңның 12 бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мынадай түрлері бар: Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттік қорықтар; Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер; Табиғи резерваттар; Мемлекеттік табиғи парктер; Мемлекеттік табиғи ескерткіштері; Мемлекеттік қорық өңірлері; Мемлекеттік табиғи заказниктер; Мемлекеттік зоологиялық парктер; Мемлекеттік ботаникалық бақтар; Мемлекеттік дендрологиялық парктер; Мемлекеттік табиғи қорықтар.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің құндылықтарына қарай екіге яғни республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санаттарына бөлінеді. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесін шығарылатын объектілерді шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жүзеге асырылады. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесінен объектілерді шығаруға жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органдарының келісілген шешімі бойынша жол беріледі. Ерекше қорғалатын аумақтарды құру туралы шешімдерді табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерге мемлекеттік экологиялық сараптама мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның он қорытындылары болған жағдайда мүдделі орталық атқарушы органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық ережелері және оларды қорғау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін ерекше қорғау құқықтық режимі не шаруашылық қызметінің реттелетін режимі енгізіледі. Ерекше қорғау құқықтық режимі: 1) қорық режимі; 2) заказник режимі болып бөлінеді.

Қорық режимі ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе арнайы бөлінген учаскелерде кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ қоршаған ортаның табиғи жай-күйін бұзатын өзге де қызметке тиым салуды көздейді.

Заказник режимі ерекше қорғалатын табиғи қорғалатын табиғи аумақта немесе арнайы бөлінеген учаскелерде шаруашылық және өзге де қызметті белгілі бір маусымда, белгілі бір мерзімде ғана, мұның өзі мемлекеттік табиғи қорық қоры объектілерінің сақталуына қауіп төндірмейтіндей және олардың молығуын нашарлатпайтындай мөлшерде ғана жүргізуді көздейді.

3 – ДЕҢГЕЙ:

1. Табиғи ресурстарды пайдалану барысында алынатын алым салықтар тәртібін түсіндіріңіз.

Табиғи ресурстарға төлем төлеудің маңыздылығы мен қажеттілігінің халық-шаруашылығын әкімшілдік-әміршілдік әдіспен басқару кезінде, табиғи ресурстарды пайдалануды тегін, олардың құны жоқ, ол халықтың ортақ меншігі деп қабылдаған кездің өзінде де сезіле бастады және өмірге жолдама алды. Бірқатар жылдар барысында сұраныстың талаптарына сәйкес табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлем төлеудің белгілі бір жүйесі қалыптасты. Ресми түрде қабылданбаған және жетілдірілмеген әрі толықпаған ол, шамасы келгенше табиғатты пайдалану сферасында экономикалық қатынаста әлі де қолданылады. Бірақ табиғатты төлемді пайдалануда оны экономикалық тиімді механизм етіп айналдыру үшін әлі талай күш-жігер жұмсау қажет екендігі анық.

Алдымен табиғатты төлемді пайдалану түсініктерін тәртіпке келтіру қажет. Мысалы, әрбір экономикалық категорияны өз атымен атаған жөн: төлемді төлем деп атау керек және оны салықпен шатастыруға болмайды немесе минералды-шикізат ресурстарын жаңғырту мен қорғауға төлем аударуды осы күнге дейін қолданылып келген геологиялық-барлау жұмыстарына қаржы аудару деп айтуға болмайды және т.с.с.

Қазіргі кезде табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесі жоғарыда көрсетілгендей табиғи ресурстардың жекелеген түрлеріне байланысты бейберекет қалыптасуда. Қазақстан Республикасында төлем-салық алу Жер кодексінде, Жер салығы туралы заңда біршама жетілдірілген түрде белгіленген.