Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос жауаптары 13-18.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39 Кб
Скачать
☆

14. Лексикалық мағынаның түрлері

Қандай сөз болса да, ол мағынасымен есепке алынып, белгілі кәдеге, қатынас құралы болуға жарайды. Бірақ сөздің барлығы мағына жағынан міндетін бірдей өтей алмайды. Мысалы, дербес лексикалық мағанасы бар зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш сөздердің қызметі бірдей емес. Есімдіктердің аңғартатын ұғымы мәтіннен аңғарылады. Мысалы сен деген сөзден нақтылы кім екенін біле алмаймыз.

Сөздің лексикалық мағыналарын жақсы түсіну үшін академик В.В.Виноградов үлгісімен сөздің тура немесе номинативті мағынасы мен фразеологиялық байлаулы мағынасын, синтаксистік шартты мағынасын білу қажет. Сөздің тура мағынасы деп тікелей шындыққа қатысты лексикалық мағынаны айтамыз. Тура мағыналы сөз басқа сөздермен еркін байланыса береді. Бірақ шексіз емес. Мысалы, жол үлен, ұзақ, жақын, қызық боуы мүмкін, сондықтан үлкен жол, ұзақ жол, алыс жол, ескі жол, қызық жол, жаңа жол деп айта береміз. Алайда, қалың жол, жұқа жол, қомағай жол деуге болмайды. Тура мағыналы сөздердңғ басқа сөзбен еркін байланысы фразеологиялық оралыммен салыстырылып айтылған. Ал, фразеологиялық оралымдарда тура мағына емес, байлаулы мағына болады.

Фразеологиялық байлаулы мағына деп тұрақты сөз тіркестерінде қолданылатын лексикалық мағынаны айтамыз. Мысалы, ашық сөзі тура мығнасында шақы есік, ашық терезе, ашық кеуде болып бірнеше сөзбен тіркессе, ашық ауыз дегенде фразеологиялық мағынаға ие болып, сыр жасыра алмайтын мінезді аңғартады.

Синтаксистік шартты мағына. Сөздің қай мағынада қолданылып тұрғандығы тек сөйлем ішінде анық болады. Жеке тұрғанда кей сөз басқа ұғым берсе, сөйлемде қолданылуына, синтаксистік қызметіне қарай басқа мағынаға ие болуы мүмкін. Мысалы, Асанның басы бар бала. Мұнда басы ақыл мағынасын аңғартып тұр.

Сөз шеберлері сөзді синтаксистік шартты мағынады қолдану арқылы көркемдік бояуы мол да әсерлі, сезімге әсер ететін сөйлемдер құрайды.

Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаевтың оқулығының үшінші басылымында осы академик В.В.Виноградовтың классификациясын қолдай отырып, қазақ тіліндегі сөздердің лексикалық мағынасының типтік топтарын негізгі төрт белгіге байланысты анықтайды. Олар:

Сөздердің шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы атауыш мағына, ауыс мағына, меңзеу мағына, абстракті мағына);

Сөздердің тарихи шығу тегі (түпкі мағына, туынды мағына, синонимдік мағына, омонимдік мағына, антонимдік мағына);

Сөздердің тіркесімділігі (еркін мағына, фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына);

Сөздердің стилистикалық қызметі (бейтарап мағына, бейнелі мағына, кәсіби – терминдік мағына).

Тура осылай саралау К.Ахановта да бар: тарихи тұрғыдан алып қарағанда-негізгі мағына, туынды мағына; тілдің қазіргі қалып тұрғысынан алып қарағанда-тура мағына, келтірінді мағына; стилистикалық тұрғыдан алып қарағанда – битарап мағына, стилистикалық бояма мағына ()

15. Табу. Эвфемизммен дисфемизм

Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталынады.Қазақтың ескі әдеп ғұрпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туған туыстарын өз атымен атамайтын болған. Солардың әоқайсысына арнап лайықтап өз тұсынан басқадай ат қоюға мәжбүр болған. Мәселен, қызға –қарагөз,бикещ, шырайлым, еркежан десе, ұлға-кекілдім,

Эвфемизм (грек. eu – жақсы, phemі – айтамын) – мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Эвфемизм қоғамдағы моральдық, этикалық норманегізінде қалыптасып, сыпайыгершілік пен әдептілікке байланысты туған. Эвфемизм – тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі. Эвфемистік мағына тудырудыңтәсілдеріне метафора, метонимия, синекдоха, символ, ирония, парафраза, эпитет сияқты топтармен қатар фразалық тіркес пенмақал-мәтелдер, сондай-ақ есімдік пен эллипс те жатады. Мысалы, “өлді” деудің орнына қайтыс болды, дүние салды, жан тәсілім етті, т. б. сөз орамдары айтылады. Сондай-ақ адамның дене мүшесіндегі кем-кетікті (саңырау – құлағының мүкісі бар), ауруды (қылтамақ – жаман ауру) басқа сөздермен ауыстырып қолданады. Тіліміздегі фразеологизмдердіңкөпшілігі Эвфемизмдер негізінде пайда болған. Мысалы, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты, тіл тигізді, сөзге келді, жүз шайысты сияқты тіркестер ұрысты, ренжісті, ауыр сөздер айтты деген мағынаны білдіреді.[1]

Дисфемизм (лат. dis, гр. dus - қарама-қарсылық не болымсыздық мағына тудыратын қосымша, гр. рһemi - айтамын), какофемизм — ауыс мағынаның бір түрі. Қалыпты қолданылатын зат, құбылыс атауларын неғұрлым дөрекі, тұрпайы сөздермен ауыстырып айту. Дисфемизм - мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс. Дисфемизм кеміту,қорлау,жаратпау ұғымын тудырады. Мысалы:боқ мұрын бала,боқтан өзгені сөз қылу,боғымен жасты баламен ойнады,боғын пышақтады,қолынан боқ келмейді,боққа татымайды,боғы ботқа,т.б. Қазақ тілінде бәр сөзге қатысты осыншама дисфемизмдер бар.Дисфемизмдер - әдеби тілдің үлгісіне жатпайды.Бұлар көбінесе көркем шығармада ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі ретінде кейіпкерлердің тілінде ұшарасады.Сол арқылы әр жазушы өзінің қаһарманының мінез-құлқын,іс-әрекетін,ой-өрісін бейнелеп,нақтылы шынайы бейнесін жасайды.Мысалы: бала деудін орнына жүгірмек, сөйлеме деудін орнына былжырама деу.[