Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аймак шпор гос 100.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137 Кб
Скачать
☆

16. Экономикалық өсу және оның түрлері.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады.

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

  1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

  2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

Экономикалық өсудің типтері

Интенсивті

Экстенсивті

Аралас

  1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

  • қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

  • ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

  1. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:

  • жұмыс күшінің санының өсуі;

  • капиталдың көлемі өсуі.

  1. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

  1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

  2. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

  3. адам капиталына инвестицияны өсіру;

  4. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  5. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

  6. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар:

Жанама факторлар:

-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

  • Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

  • Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.

  • Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

  • Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.

  • Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

  • Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.

  • Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).

Қазақстан экономикасының өсу динамикасы. Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде. Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.

  1. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері: түрлері, қысқаша мінездеме.

Аймақтардың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне мыналар жатады: - Халық; - Жұмыссыздық деңгейі; - Орташа айлық жалақы; - Инфляция; - Шаруашылық субъектілерінің кірістері мен шығыстары; (халық, материалды емес қызмет көрсетулер саласының тауар өндірушілері, аймақтық бюджет және бюджеттен тыс қорлар, федералды бюджет) т.б. Оңтүстік Қазақстан Облысында халық саны 2 110 800 адамды құрап отыр, соның ішінде қалада – 911,3 мың адам, (37,6%), ауылдық жерде – 1 515,0 мың адам (62,4%). Аймақ тағы экономикалық белсенді халық саны 1133,3 мың адамды құрады, жұмыссыздар саны 73,0 мың.адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 6,4%.. Шығыс Қазақстан облысына келсек, ондағы халық саны 1 396,6 мың.адам.ол халық саныының 8,8 процентке азайғанын айта кету керек, қала тұрғындарының саны а 801,5 адамды құрады, ауылда – 595,1 мың.адам. қала тұр,ындарының үлесі 57,4%, ауылды – 42,6%. Жұмыссыздық деңгейі 6,6 % құрады. ШҚО тіркелген жұмыссыздар 9,1 мың адамды құраған. Әйелдердің жалақысы еркетермен салыстырғанда орташа есеппен 1,3 есе төмен. Ортаа айлық жалақы 54 мың. Тенгені құрап отыр, ШҚОда инфляция деігейі ең жоғары боп есептеледі. Солтүстік Қазақстан облысына тоқталсақ, халық саны 596 535 адам. Жұмыссыздық деңгейінің үлесі 1,6%. Аймақтағы инфляция деңгейі 7,5 пайызды құрап отыр. Батыс Қазақстанда халық саны 624 280 адамды құрады,соның ішінде: қалалықтар – 282 911 және ауылдағылар – 341 369 адамды құрап отыр. Жұмыссыздар саны 19,8 мың.адам, жұмыссыздық деңгейі 5,9%. Қазіргі таңда орташа айлық жалақы 50780 тенгені құрап отыр. Барлығынан да көп айлық алатын мұнай газ саласының ұйымдары мен кәсіпорындарындағы мамандар алады олардың орташа жалақы 187 мың. тенгеге тең. Жұмыссыздар саны 474,7 мың адам, жұмыссыздық денгейі 5,5 %. Инфляция деңгейі 2,9 % тең. Аймақтарды салыстыра келе, халық ең тығыз орналасқан халық ОҚО (2 110 800) болып табылады, алайда аймақтардың ішінде ең кедей аймақ болып келеді. Халық ең аз қоныстанған аймақ СҚО (596 535 адам). Мұнда халық аз қоныстанғаннан соң да жұмыссыздық деңгейі төмен болып келеді. Орташа айлық жалақыға тоқталсақ, ең азын ОҚО құрап отыр, ол 48 048 тең. Ең көбі Шығыс Қаз. 54 мыңға тең.Инфляция деңгейі бойынша да осы ШҚО бірінші орында, сондай ақ СҚО да жоғары болып есептеледі. Ал инфляция деңгейі төмен аймақ ол Батыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]