Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экогенетика.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119 Кб
Скачать
☆

Экогенетика концепциясы

1971 жылы Брюэр дәрілік препаратарға сезімталдықтың түрлі мысалдарын анықтай отырып реакциялардың ұқсастығын, дәріден басқа орта факторларының ұқсастығын анықтады. Осылай бір терминде тұқым-қуалаушылық пен экологияның экогенетика байланысы анықталды.

Экогенетиканың жұмысшы гипотезасы биохимиялық ерекшеліктер (биохимиялық даралық) организмның кез-келген сыртқы әсерлерге реакциясының сипатын анықтайтынын тұжырымдаған.

50 жылдарда спецификалық ферменттердің белсенділігінен өзгерген патологиялық реакция факторлары жиналған.

Соғыс кезінде Кореяда (1950-1952) барлық Америка солдаттары малярияға қарсы примахин препаратымен алдын алу шара ретінде емдік курс қабылдаған. 10% қара нәсілді солдаттар және 1-2% ақ нәсілді солдаттарда 1000 ішінде тамырлы гемолитикалық реакция дамыған. Ертерек ұқсас реакциялар қара нәсілді науқастарды сульфаниламидтермен емдеген кезде байқалған.

Сонымен қатар Сардини тұрғындарының бұршаққа (конские бобы) реакция байқалған. Басында бұл айғақты иммунды механизм әсері деп түсіндірмек болды. Бірақ нәтижесінде лимитті фактор Г-6-ФДГ жетіспеушілігі және осы ферменттің жетіспеушілігімен байланысты гемолиз болып табылады.

Кейін осы дәрілер тобына реакцияның тағы бір ерекшелігі табылды. Гемолиз көбінесе еркектерде көп кездеседі, әйелдерге қарағанда. Қосымша зерттеулер қажет болды. Басында эритроциттегі глутанион деңгейін қисық бөлінуін зерттеді.

Афроамерикандықтарда айқын байқалатын бимодалды сипаты бар қисық бөлімділері табылды, бірақ популяцияның маңызды бөлігінде глутанион деңгейін төмен болды. Афроамериканды әйелдердің тобында қисық солға қарай ығысқан, ал глутанион деңгейі аз науқастарда, еркектерге қарағанда аздау. Осыдан қорытынды шығарылдыз, бұл белгі V хромасомамен байланысқан. Келесі жұмыстар туыстарының анализімен, гениологиялық берілгендермен байланысты болды. Зерттеген кезде адам популяциясында бірнеше сирек кездесетін Г-6-ФДГ типтері табылған, олар бір-бірінен ферменттің белсенділігімен, электрофоретикалық қозғалғыштығымен әртүрлі буфермен жүйеде, белсенді ферменттердің рН тәуелділігімен, термотұрақтылығымен, т.б. ерекшеленеді. Қазіргі уақытта Г-6-ФДГ-ның 300 вариантын бөледі. Генетикалық анализді ДНҚ деңгейіне ауыстырғанда Г-6-ФДГ генінде мутацияның үлкен көлемі байқалды (Х хромасомасында орналасқан). Бұл мутациялар үзілмейтін фенотиптер топтарын түзеді.

Берілген мысалдың көрінісі экогенетиканың концептуалды жағдайымен түсіндіріледі.

Олардың бастысы: полиморфизм (ДНҚ деңгейіндегі биохимиялық) генетикалық субстрат болып табылады. Онда ауруға сезімталдық пен тұрақтылық, дәрілік терапияның әффектілігінен құрылады. Тек мутациялық бір бөлігі жеке локуста аурудың дамуына келесі ауру сезіледі реакциясына әкеледі.

Осыған дейін сыртқы орта реакциясына біркелкі емес реакцияның моногенді сипаты ретінде айтылады.

Осы топқа экопатологиялық реакцияның туыстарда кездесетін жағдайларға болжам бола алады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта адам хромасомасының генетикалық картасында гендердің локусы белгіленген.

Патологиялық реакцияның моногенді сипаты экогенетикалық жауапты қадағалайтын полигенді деңгейлермен бірге болады. Бұл жағдайларда экологиялық факторларға реакциясында көптеген гендердің қатысуын дәлелдеуі сәйкестендіруде құрылады.

Экогенетика мәселесін 3 аспектіде қарастырайық: фармакогенетика, табиғи-климатты тұрмыстың факторға патологиялық реакциялар, кәсіби зияндар, мутогенездің экогенетикалық аспектісі.