2. Аутосомды-рецессивті аурулар
•Жұлын (спинальная) амиотрофиясы бұл ауру жиілігі жағынан аутосомды-рецессивті аурулардың ішінде муковисцидоздан кейін, екінші орын алатын ауру.
Бұл ауру нейроналдық апоптоз ингибиторы-геминнің бұзылуы салдарынан дамиды және бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет ариотрофиясы т.б. нейромоторлық бұзылыстармен сипатталады.
Бұл аурудың 3 формасы белгілі: І тип-Вердинг-Горман ауруы, ІІ тип-созылмалы жұлын амиотрофиясы, ІІІ тип-Кугельберг-Веландер ауруы.
І тип-Вердинг-Горман ауруы-нәрестелерде алғашқы 6 айлығында дамиды және өте қатал, зілді болуымен сипатталады. Ауру белгілері құрсақ ішілік даму кезінде-құрсақ ішіндегі баланың өте баяу қимылдауы арқылы байқалады. Туылғаннан кейін бұлшықет гипотониясы, сіңір рефлекстерінің семуі байқалады. Нәрестелер басын ұстай алмайды және аударыла алмайды. Алғаш аяқтарының төменгі бұлшықеттері зақымданып, әрі қарай дененің жоғары бөлімдеріне таралады. Аурудың туа біткен формаларында нәрестелер жүрек және тыныс алу мүшелерінің қызметінің жетімсіздігі және инфекция салдарынан бір жасқа дейін дүние салады.
ІІ тип-созылмалы жұлын амиотрофиясы- 6-18 айдан кейін дамиды және аса бір ауыр болмайды. Нәрестелер алғашқы кездері қалыпты дамиды-басын ұстай алады, отырады, бірақ өз бетінше жүре алмайды. Бұл формаға-қол басы, тіл, иық және жамбас белдеулері бұлшықеттерінің дірілдеп тартылуы, омыртқа жотасының деформациялануы т.б. белгілері тән. Сырқаттың тіршілік ұзақтығы 10-12 жыл.
ІІІ тип-Кугельберг-Веландер ауруы- 18 айдан 20 жас аралығында дамиды. Жамбас белдеуінің шеткі бұлшықеттері ең алғаш зақымданады. 2-7 жастағы балалар жүрген ,жүгірген, баспалдақпен көтерілген кездерде қиналады. Қолдың және иық белдеуінің шеткі бұлшықеттерінің зақымдануы ауру белгілері байқалғаннан кейін бірнеше жылдан соң зақымданады.
3.Иондық арналар аурулары соңғы 10 жылда натрий,калий,кальций және хлор иондарының арналарының ақуыз субъединицалары гендерінің мутациясына байланысты адамдардың бір топ аурулары сипатталған. Бұл ауруларды - иондық арналар аурулары (ИАА) деп атайды.Олардың көпшілігі бұлшықет және нейрон жасушаларының мембраналарының өткізгіштік және қозу тетіктерінің (механизм) бұзылуы салдарынан дамитын нерв жүйесінің аутосомды -доминатты аурулар болып табылады.
Бұлшықет мембранасындағы иондық арналардың қызметінің бұзылуы- әлсін- әлсін тырысу және метоний сияқты клиникалық симптомдардың байқалуына,ал нерв жасушаларындағы осы арналар патологиясы- тұқым қуалайтын эпилепсия (қояншық) және атаксиялардың дамуына алып келеді.
Иондық арналардың бәрінің құрылысы ұқсас.Олар экстрацеллюлярлық және интрацеллюлярлық 6 трансмембраналық сегменттерден құрылған домендерден тұрады. Әрбір доменнің 4-ші сегменттің менбрана потенциялының градиентіне сезімтал оң зарядталған біршама аминқышқылдардан құрылған.Доменнің екінші сындарлы аймағы - 5 және 6 сегменттер арасында мембранаға батып орналасқан экстрацеллюлярлық имек болып табылады.
Бұлшықет талшығындағы Na ионы арнасының құрлысы.
Натрий арнасы 2α және 2β субьединицалардан тұрады. α-Субьединицада қайталанатын 4 домен, әрбір доменде-6 сегмент болады. Әрбір доменнің 4-ші сегменті бұлшықет талшығының мембранасының потенциалы градиентіне сезімтал оң зарядталған бірнеше аминқышқылдардан тұрады. Натрий арнасының келесі сындарды аймағы 5 және 6 сегмент арасында орналасқан, иондар арнасының порасын қалыптастыратын, экстрацеллюларық учаске болып саналады
Иондық арналардың қызметінің бұзылуы тұқым қуалайтын аурулардың дамуының себебі болуы мүмкін.Оны алғаш дәлелдеген 1990 жылы Фонтейн болатын.Натрий арнасының қызметінің бұзылуы әлсін-әлсін болатын гиперкалиемиялық салдану(паралич) ,Эйленбергтің туа біткен митониясы ,ацетазол - тәуелді метония және туа біткен миастения т.б. ауруларға алып келеді.
Ауру патогенезінің кезеңдері мынадай болуы мүмкін: жасуша сыртында калий концентрациясының көбеюі бұлшықет талшығының мембранасының деполяризаниялануы натрий арналарының ашылуы натрийдің жасуша ішіне ,калийдің жасуша сыртына шығарылуының ұзақ уақыт сақталуы бұлшықет мембранасының деполяризациялануының ұзақ уақыт сақталуы бұлшықет мембранасының электрлік қозғыш тоғының төмендеуі.
Аурудың алғашқы белгілері 5-20 жаста байқала бастайды және анық байқалатын бұлшықет әлсіздігі мен аденомия ұстамаларының болуымен сипатталады.
4. Коллагенопатиялар - дәнекер ұлпалардың маңызды құрылым дық бөлімдері - коллагендердің синтезделуін және ыдырауын бұзатын мутацияларға байланысты дамитын тұқым қуалайтын аурулардың үлкен бір тобы.Коллагендер- адам ағзасының ақуыздар массасының үштен бір бөлігін құрайды. Коллагендердің 40 % -ы теріде ,50 %-ы қаңқа құрылымдарында және 10 %-ы ішкі мүшелер стромасында кездеседі.
Коллагендік ақуыздар 1000 аминқышқылдарынан құрылған ширатылған 3 полипетидтік а- тізбектерден тұрады.
Аминқышқылдар құрамымен ерекшеленетін бірнеше α-тізбектер белгілі. Коллагендердің әртүрлі типтері біркелкі не әртүрлі α-тізбектерден құрылған гомо не гетеромерлі болуы мүмкін. Қазіргі кезде коллагендердің 19 типі анықталған. Олардың гендері14 хромосомада орналасқан, 30-дан астам ақуыздарды қалыптастырады.
1,2,3,5,9-шы типті коллагендер дәнекер құрылымдарда кең таралған фибриллалық коллагендерде, көз бұршағының және көздің торлы қабатының құрылымдарын, 11,12,14-ші типті коллагендер әртүрлі ұлпалардың үлкен коллагендік фибриллаларының құрылымдарын қалыптастырады. 6 типті коллаген жұмсақ ұлпалар мен сіңірлердің микрофибрилдерін пайда етеді, 7-ші типті коллаген тері дермасымен эпидермис құрылымдарының өзара байланысуында бекіндіруші рөл атқарады, 13,17-ші типті коллагендер-трансмембраналық болып табылады, ал 15,18-эндотелий құрамына кіреді.
Коллагендердің α-тізбегінің әрбір үшінші аминқышқылы-глицин. Сондықтан оның молекуласының формуласын (X-Y-глицин)n күйінде бейнелеуге болады. X-Y-глициннен басқа кез-келген аминқышқылдары.
Коллагендік аурулар-транскрипция,трансляция, процессинг, тасымалдау үдерістерін бақылайтын гендер және әртүрлі типті коллагендердің қалыптасуына қатынасатын гендер мутациясы негізінде дамуы мүмкін.
Коллагенопатиялардың симптомдары түрліше болады, олардың кейбіреулерінің молекулалық-генетикалық сипаттамасы мына кестеде берілген:
Аминқышқылдар құрамынан ерекшеленетін бірнеше а-тізбектер белгілі.Қазіргі кезде коолагендердің 19 типі анықталған.Олардың гендері 14 хромосомада орналасқан, 30-дан астам ақуыздарды қалыптастырады.Коллагендердің а-тізбегінің әрбір үшінші аминқышқылы - глицин.
Коллагендік аурулар - транскрипция ,трансляция , процессинг , тасымалдау үдерістерін бақылайтын гендер және әртүрлі типті коллагендердің қалыптасуына қатынасатын гендер мутациясы негізінде дамуы мүмкін.
5.Зат алмасудың тұқым қуалайтын аурулары-адамдардың ең жиі кездесетін және жақсы зерттелген моногендік аурулар тобы болып табылады. Көптеген аурулардың клиникалык көрінісі субстраттарды (заттарды) ыдыратуға және тасымалдауға қатынасатын не жасуша рецепторлары қызметтерін атқаратын ферменттердің қатализдеуші қызметтерінің жойылуына негізделеді. Бұл топ ауруларының патогенезі аралық заттардың жинақталуына не ақырғы өнімдерінің жетімсіздігіне (дефицит) алып келетін белгілі бір биохимиялық үдерістердің бұзылыстары болуы мүмкін.
Заталмасудың тұқымқуалайтын ауруларының жіктелуі әлі күнге дейін толық қалыптаспаған дегенмен оларды төмендегідей топтарға топтастырады:
• аминқышқылдарының алмасуының тұқым қуалайтын аурулары аминоациодонатиялар (альбинизм, фенилкетонурия, терозинимия т.б.) .
• көмірсулардың алмасуының тұқым қулайтын аурулары глюкозуриялар (галактуземия, глюкогеноздар) .
•липидтер алмасуының тұқым қуалайтын аурулары - липидоздар (жанұялық гиперхолистеролемия, сфинголипидоздар, лейкотистрофиялар)
•стероидтық гормондардың алмасуның тұқым қуалайтын аурулары(ареногенитальдық синдром).
•эритрондардың алмасуның тұқым қуалайтын аурулары (гемолитикалық анимиялар- қаназдылық)
•металлдардың алмасуның тұқым қуалайтын аурулары (Вильсон - Коновалов ауруы)
•лизосомалық аурулар (мукополисахаридоздар)
•пероксисомалық аурулар (цельвегер синдромы )
•митохондриялық ауралар .
Аминқышқылдарының алмасуының бұзылуы нәтижесінде дамитын көптеген тұқым қуалайтын аурулар белгілі.Ең жиі кездесетін және жақсы зерттелген аминоацидопатиялар - фениялаланин және тирозин аминқышқылдарының алмасуның бұзылуына байланысты.
Фенилаланин - ағзада синтезделмейтін , тек ас құрамында ағзаға жеткізілетін , алмастыруға болмайтын аминқышқылы.Бауыр жасушаларында экспрессияланатын фенилгидрооксилаза көмегімен ол тирозинге айналады.Тирозиннің әрі қарай алмасулары бірнеше жолдармен жүзеге асады.Біріншісін - тирозингитроксилаза бақылайды.
Гемоглобионопатиялар - глобин ақуыздарының полипептидтік тізбектерін кодтайтын гендердің мутациясы нәтижесінде дамитын тұқым қуалайтын аурулар тобы болып табылады.Гемоглобионопатиялардың әртүрлі нұсқаларында не гемоглобин формасы өзгереді,не глобиг тізбектерінің құрамының арақатынасы өзгереді.
Альфа (а) және бетта (β) глобин тізбектерінің синтезделуінің бұзылуларына қарай аурулары нұсқаларын ажыратады. Бұл аурулар гемоглобинопатиялар тобының басым бөлігін құрайды және глобин тізбектері гендерінде пайда болған нүктелі мутациялар нәтижесінде туындайтын көпшілікті аллеллизм күйінде кездеседі.Қазіргі кезде мұнда мутациялардың 300-ге жуығы сипатталған. Талассимиялардан басқа гемоглобинопатиялардың кең таралған нұсқаларына орақ пішінді қаназдылық ауруын метгемоглобинемия және эритроцитоздарда жатқызуға болады.
