Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методика 3курс.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119 Кб
Скачать
☆

2. Бастапқы химиялық ұғымдарды оқыту әдістемесі.Тақырыпты оқып үйренудің міндеттері. Алғашқы ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру.

3. Химияны оқытудағы көрнекілік. Көрнекілік түрлері және оларды жіктеу. КӨРНЕКІЛІГІ: Ертеден келе жатқан принцип. Оқушылар білімді заттар мен химиялық әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Егерде бұл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекула құрылысының моделін, суреттерін, сызбанұсқаны, баспадан шыққан оқу құралдарын пайдаланады. Осының бәрінде оқушылар жан-жақты бақылау жасауға әр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нәтижесін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренуі керек.Мектепте сабақ мазмұнына қарай әр түрлі көрнекіліктер қолданылады. Оларды былай топтастыруға болады: а/ табиғи көрнекіліктер: Минералдар, қазба байлықтары, әр түрлі тәжірибелік реактивтер, т.б. құбылыстарды көрсететін аспаптар т.б. б/ Дыбыстық көрнекіліктер: Аудио-визуалдық құралдар арқылы берілетін бейнелер, дыбысты кинолар, грампластинкамен дыбыс жазу т.б. в/ Рәміздік және сызбалық көрнекіліктер: Сызбанұсқалар, диаграммалар, химиялық элементтің таңбасы бар әр түрлі көрнекіліктер. Көрнекі құралдарды оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданады /Жаңа білімді хабарлаған кезде, үйге тапсырма бергенде, қайталаған кезде, білімді қорытындылап, жинақтау кезінде, т.б. зертханалық, сарамандық жұмыстарды орындау барысында пайдалынады.Теорияның тәжірибемен байланысы – бұл оқушылардың ғылым негізінен алған білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандылығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, бұл политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. /Өндіріс негіздерімен, халық шаруашылығымен байланысы.Оқыту сапасын жетілдіре отырып, оқушылар күнделікті тұрмыста, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада химиядан алған білімінің қолдану салаларын көреді. Бұл арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, кәсіптік бағдар алады.

6 Билет

1).Химияны «оқыту әдістері» ұғымы, оларды жіктеудегі дидактикалық көзқарас. . Химияны оқытудағы индуктивтік және дедуктивті әдістер.Мысалдар келтіп дәлелде. Оқыту әдістері дегеніміз – «белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-рекетінің үйлесу түрлері, тәсілі». Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері «мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдердің жиынтығы».Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады. Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер, әдістер тобы және жеке әдістер болып үшке жіктеледі. Жалпы әдіс оқушының таным-әрекетінің сипаты бойынша:1 түсіндірме – иллюстративті 2 іздестіру (эвристикалық) 3 зерттеу әдістеріне тарамдалады. Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына (қайнар көзіне), басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз – көрнекі әдістер тобы және сөз - көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды, заңдарды түсіндіріп, оны оқушы меңгереді. Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс.Эвклидтің элементарлық геометриясы дедуктивтік әдіспен оқытылады. Бірақ оқушылардың дайындығын қатаң түрде ескеру керек. Егер олар кейбір ұғымдарды, теорияларды білсе, онда мұғалім оларды жеке зат және құбылыстарды меңгерту үшін қолданады. Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады. Мысалы, теңіз кемелерінің қанша тонна жүк көтеретінін білу үшін Архимед заңы қолданылады. Жазбаша жаттығу жазғанда белгілі грамматикалық ережелер қолданылады. Индуктивтік әдіс. Индукция - латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция әдісі дедукциямен бірге қолданылады.Осы екі әдіс арқылы ой-тұжырымдарын жасау - оқытудың логикалық негізі болып табылады. Оқу пәнінің мазмұны, логикасы бағдарламасы индукция әдісін қолдануды талап етеді. Индукция әдісі бастауыш сыныптарда жиі қолданылады. Себебі Бұл жастағы балалар нақты жеке құбылыстарға қызығады. Олардың кейбір белгілерін анықтап, талдап, қорытындылар жасайды. Осылайша жасалған ұғымдарын сөз арқылы айтады. Осы кезден бастап дедукция әдісі қолданыла бастайды.

2)Периодтық заң және периодтық жүйе орта мектептегі химия курсының теориялық негізі. Химия курсындағы периодтық заңның орны мен маңызы. Оқушыларды периодтық заңды оқып үйренуге дайындау. Периодтық заңды қорыту. Алғашқы сабақтарда ғылыми жіктелудің маңызы, оның химияда қалай жүзеге асқаны, элементтерді металдар және бейметалдар деп жіктеудің жеткіліксіздігі, олардың арасында айқын шекара жоғын көрсететін амфотерлі элементтер бар екені жөнінде түсінік беріледі. Металдар және бейметалдар түзетін жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері кесте түрінде жазылады. Онда сыныптан басқа металдардың қатты, металдық жылтыры болатыны, жылуды және электр тогын жақсы өткізетіні, тапталғыштығы, созылғыштығы, негіздік оксидтер және негіздер түзетіні, ұшқыш сутекті қосылыстары болмайтыны көрсетіледі. Бейметалдар сұйық, газ және қатты, бірақ жылтыры болмайтын, көпшілігі жылуды және электр тогын нашар өткізетін, қышқылдық оксидтер, қышқылдар және ұшқыш сутектік қосылыстар түзетін заттар ретінде сипатталады. Оксидтер мен гидроксидтердің сипаты талданады. Талдау кезінде нағыз металдар түзетін қосылыстардың негіздік, нағыз бейметалдар түзетін қосылыстардың қышқылдық сипаты барына назар аударылады. Бұдан соң мырыш гидроксидінің қышқылдар және сілтілер ерітінділерімен әрекетесуінің зертханалық жұмысы ұйымдастырылады. Жұмыстың нәтижесі мырыш гидроксидін: а) қышқылдарға, ә) негіздерге жатқызуға болама? деген сұрақ бойынша қорытындыланады. Оқушылар мырыш гидроксиді қышқылмен әрекетттесіп негіздік, сілтімен әрекетесіп, қышқылдық қасиет көрсететіні жөнінде пікірге келеді, реакциялардың теңдеуін жазады. Мырыш оксидін алып тәжірибелер қайталанады, реакция теңдеулері жазылады. Бұл тәжірибелерден оқушылар қорытынды жасайды. Химиялық элемент қосылыстарының амфотерлі қасиет білдіруі оның металдар мен бейметалдар арасынан орын алатынын білдіреді, металдардан біртіндеп бейметалға ауысу байқалады.

Химиялық элементтер түзетін жай заттар және химиялық қосылыстар туралы ұғым элементтердің табиғи топтарын өткенде дамытылады. Элементтер табиғи топтарға қасиеттерінің ұқсастығы және түзетін заттарының сипаты бойынша біріктірілген. Периодтық заңды қорытып шығару үшін атомдық массалары 1- ден 40- қа дейінгі химиялық элементтердің карточкаларымен өздігінен жұмыс ұйымдастырылады. Элементтерді атомдық массаларының өсуі бойынша қасиеттері ұқсас элементтер бірінің астына екіншісі келетіндей етіп орналастыруға тапсырма беріледі. Карточкалармен жұмыс істегенде оқушылар литийден неонға, натрийдан аргонға дейінгі элементтердің атомдық массаларының артуына қарай: а) оттегі бойынша валенттіліктерінің өсуін; ә) сутегі бойынша валенттіліктерінің кемуін; б) жай заттар қасиеттерінің өзгеруін; в) оксидері сипатының өзгеруін; г) гидроксидтері сипатының өзгеруін салыстырады. Жай заттарды көрнекі көрсету арқылы металдық және бейметалдық қасиеттерін салыстырғанда агрегаттық күйіне, түсіне, металдық жылтырына, электр және жылу өткізгіштігіне назар аударылады. Соның нәтижесінде жай заттар физикалық қасиеттерінің өзгеруі атомдық массалардың шамасына периодты тәуелділікте болады деген қорытындыға келеді. Элементтердің оттегі және сутегімен әрекеттесуін көрсететін химиялық қасиеттерін салыстыру да дәл осындай тұжырымға әкелді.

3. Дәстүрлі емес сабақтар. Дәріс сабақтары, оны ұйымдастыру, өткізу әдістемесі. Дәстүрлі емес сабақтар. Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады. Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады. Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары. Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі. Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.

Билет № 7

1. Химияны оқытудың сөздік әдістері, Әңгіме және оның құрылымы. Әңгіме өткізудің әдістемелік ережесі мен амалдары. Әңгімелесу,оған қойылатын талаптар. Сөз әдістері тобына мына жеке әдістер жатады: а) баяндау (дәріс, әңгіме); ә) әңгімелесу; б) текспен өздігінен жұмыс. «Сөз әдістері» - тарихи қалыптасқан термин, оны «ғылыми тілге негізделген әдістер» десе жөн болар еді, өйткені білім жеке сөзбен емес тұтасынан алынған тіл арқылы беріледі. Сөз – көрнекі әдістер тобына жататын жеке әдістер: а) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып баяндау; ә) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып әңгімелесу;б) текст және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс;Сөз – көрнекі – сарамандық әдістер тобына:а) оқушылардың үлестіріліп берілген материалдармен жұмысы;ә) химиялық тәжірибелер орындау;б) құралдар құрастыру, модельдер жасау;в) жазбаша және графикалық жұмыстар орындау жатады; Оқу материалының мазмұнына қарай суреттеу, түсіндіру немесе мәселе тұрғысынан сипатты болуы мүмкін. Оның құрылымы үш бөліктен тұрады: кіріспе, баяндау және қорытынды.Кіріспе бөлімге кіретіндер: мәселе қою, баяндаудың мақсатын және маңызың түсіндіру арқылы оқушылардың ынтасын және ықыласың тудыру.Мәселенің жеке бөліктерің және бояндау жоспарын хабарлау.Баяндау бөлімі: жоспарға сәйкес ретімен баяндау. Мұғалім алдымен әр мәселені сұрақ түрінде қойып, оқушылардың назарын аударады, содан соң баяндайды, оқушылардың қалай қабылдағанын, түсінгенін бақылайды және бекітеді. Әр мәселе айтылған ретпен баяндалған соң ғылыми мәліметтердің өмірдегі, өндірістегі, социалистік құрылыстағы маңызы көрсетіледі.Қорытынды бөлімде баяндалған материал қорытылады және жүйеге келтіріледі.Суреттеу, түсіндіру және мәселеге негізделген әңгіме кезінде оқушылардың таным әрекеті әр түрлі жүзеге асады. Мәселеге негізделген әңгіме іздестіру әдісіне жақындайды, оқушылар білімнің алыну тәсілімен мына сызба нұсқа бойынша танысады: қайшылық жағдай туатын мәселе – шешу жолдарын қарастыру я гипотеза – оны дәлелдеу жолы – шешу – қорытынды. Мәселен, метанның электрондық құрылысымен таныстыратын мәселе негізінде әңгіме ек қайшылықты шешу арқылы жүзеге асырылады. Бірінші қайшылық көміртегі атомының құрылысы туралы оқушылардың білетіні мен метан молекуласының сандық құрылымы арасында туады. Көміртегі атомының электрондық құрылысына қарағанда сутегімен қарапайым қосылысының формуласы СН2 болуы керек, бірақ ол – СН4. Демек, көміртегі атомының сыртқы қабатындағы жұптасқан электрондар ковалентті байланыс түзуге қалайша қатысады? Бұл мәселені шешу үшін көміртегі атомының қалыпты және қозған күйі деген ұғымдар енгізіледі, олардың әрқайсысы символикалық сызбанұсқалар, электрон-толқындық модельдер арқылы көрсетіледі.

Әңгімелесу. Диалогтық (екі жақты) баяндауға жатады. Әдістің мәні – мұғалім сұрақтар қояды да, оқушылар жауап қайтарады, сондықтан кейде сұрақ-жауап әдісі деп те аталады. Баяндалғалы отырғалы отырған материалдың кейбір мәселелері оқушыларға бұрынғы кластардан, басқа пәндерден, өмірден және т.б. таныс болғанда қолданылады. Мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің сипаты және мақсатына қарай бұл әдіс хабарлама, эвристикалық және бақылау, қорытынды әңгімелесу әдістері деп жіктеледі. Әңгімелесу мұғалімнің шеберлігін және сезімталдығын қажет ететін күрделі әдіс, оған қойылатын талаптар:1.Әңгімелесудің мақсатын, негізгі міндетін оқушыларға жеткізу, белсенді қатысуға ынталандыру;2.Әңгімелесудің мазмұнын анықтайтын сұрақтарды белгілеу және жіктеу, қойылу ретін және тұжырымдалуын ойластыру;3.Негізгі және қосымша сұрақтардың ара қатынасын анықтау;4.Жоспарланған сұрақтар бойынша әңгімелесу, кластағы оқушыларды жаңа білім алуға ұмтылдыру, үнемдеу;5.Әңгімелесудің мақсатынынан ауытқымау, уақытты үнемдеу;6.Әңгімелесудің нәтижесін жинақтап, қорытынды жасау.

2. Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын Д.И.Менделеевтің периодтық заң және периодтық жүйесіне дейін және кейін оқыту әдістемесі. Д.И. Менделеев ашқан периодтық заң – табиғат дамуының жалпы заңдарының бірі. Ол химиялық элементтер және олардың қосылыстары туралы білімді бір жүйеге түсіруге, түсіндіруге және батыл болжамдар жасауға мүмкіндік берді. Атомның құрылысын анықтауға, жаңа элементерді ашуға және синтездеуге жол-жоба көрсетті. Периодтық заңның негізінде атомдық физика, геохимия және басқа да жаратылыстану ғылымы жедел дамыды.Периодтық заң және периодтық жүйе – орта мектептегі химия курсының теориялық негізі. Бұлардың негізінде құрылған химияның мазмұны ғылыми жағынан шынайы, жүйелі және түсінікті болып келеді. Сондықтан белгілі методист Д.М. Кирюшкин химияны оқытудағы периодтық заңның маңызын биологиядан сабақ берудегі эволюциялық ілімнің маңызымен қатар қойды.Периодтық заң және атом құрылысы өтілген соң химия курсының теориялық деңгейі артады. Оқушылардың түсінуінше химия суреттеме ғылымнан теориялық ғылымға айналады. Химияны оқып- үйренуде дедукцияның маңызы күшейеді. Ғылыми болжамның құдіретіне оқушылардың сенімі артады. Ашылмаған химиялық элементтер және олардың қосылыстарының қасиеттері туралы Д.И. Менделеевтің батыл болжамдарының тәжірибеде расталуы оқушыларда мақтаныш сезімін тудырады. Периодтық заң және атом құрылысы туралы оқу материалын қарастырудың үш тәсілі қалыптасты.Бірінші тәсіл химия ғылымының даму қисынына негізделеді. Ғылымда алдымен периодтық заң ашылып, периодтық жүйе жасалды, соңынан периодтық жүйедегі заңдылықтарды түсіндіретін атом құрылысы туралы мәліметтер анықталды. Д. И. Менделеев периодтық заңды тәжірибелік білімге сүйеніп қорытты, ішкі мәнісін түсіндіре алмады. Бірақ оның болашақта дамитынына, жаңа көзқараспен толасатынына кәміл сенді. Сондықтан Д. И. Менделеевтің данышпандығын, жалпы заңды ашудағы ғылыми ерлігін көрсету үшін алдымен периодтық заң және периодтық жүйе толық өтілді. Содан соң атом құрылысы қарастырылып, периодтық заң және периодтық жүйе электрондық теория тұрғысынан қайтадан оқытылды.Екінші тәсіл- біріншіге керісіншіге жүзеге асырылды. Алдымен атом құрылысы туралы оқу сатериалы өтіледі. Соның тұрғысынан периодтық заңдылықтар қорытылып шығарылады.Үшінші тәсіл бойынша периодтық заң мен атом құрылысы бір мезгілде өтіледі. Жаңа бағдарлама бойынша оқыту осы тәсілге негізделген. Периодтық заң және атом құрылысы туралы негізгі мәліметтер 8- класта қарастырылады да 11- кластағы жалпы химия курсында кеңейтіледі.

3.« Су. Ерітінділер.» тақырыбындағы есептер. Ерітінділер тақырыбына есептер шығару әдістемесі. Химия курсында берілетін есептерді дені-ерітінділерге құрылады. Сондықтан, күрделі де, негізгі тақырыптардың бірі – «Ерітінділерге сан есептерін дегейлеп беру арқылы оқушылырдың білім дейгейін шығырмашылықпен жұмыс істей алатын жағдайға дейін көтеруге болады.«Ерітінділер» тақырыбында шығарылатын есептердің түрлері:

  • еріген заттың массасын анықтау;

  • еріген заттың массалық үлесін анықтау;

  • ерітінділерді әзірлеу есептері;

  • ерітінділер қатысатын химиялық реакциялардың теңдеулер бойынша есептеу,

  • ерігіштік коэффициенттері бойынша есептеулер;

  • мольдік концентрация бойынша есептеулер;

  • берілген концентрациялы ерітінділерді араластырып, жаңа ерітінді даярлау есептері..

Жалпы бұл есептерді шығарудағы негізгі шарт: есептегі шамалар арасындағы пропорциялық тәуелділікті анықтау. мысалы, заттың массасы, көлемі, тығыздығы, моль, мольдік массасы, мольдік көлемі арасындағы тәуелділік. Есептер төрт нұсқаға топтастырылады. Мұнда жеңілден сатылап қиынға көшу ұстанымын қолданады. А1→A2→A3→B1→B2→C1+C2. Мұндағы А нұсқасы 1балл, В нұсқасы – 2-3балл, С нұсқасы – 3-4 балл. Нұсқада берілген есептердің бәрі мектеп бағдарламасына сәйкес келеді. Осындай жүйелендірілген сан есептерін деңгейлеп оқыту арқылы сан есептерінің арасындағы тәуелділікті меңгертіп, оқушыларды есеп шығаруға машықтандыруға болады. Сонда ғана өз бетімен жұмыс істей алатын оқушылар даярлауға болады.

Билет № 9

1. Химиядан топсеруен. Химиядан топсеруен түрлері. Топсеруенді жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. Химиядан топсеруен түрлері. Кешенді топсеруен. Химиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың маңызды түрлерінің бірі-топсеруен. Химиялық топсеруендер оқытудың өмірімен,өндіріспен және қоғамдық құрылыстың сарамандылығымен байланысын жүзеге асырылады. Оқушыларға политехникалық білім,еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беруге жәрдемдеседі. Топсеруен өткізетін обьектілер химия бағдарламасының талабына сай,жергілікті ерекшеліктерге лайықты іріктеп алынады.Химия өндірістері кездеспейтін жерлерде топсеруен негізіне химиялық бағдарда немесе химия өнімдері кеңінен қолданылатын өнеркәсіп мекемелеріне ұйымдастырылады. Оларды мөлшермен алынған тізбесі мынадай болуы мүмкін. VIII класс. Оттегі алатын қондырғы.Тұз қышқылының өндірісі.Су тазалайтын станциялар. Дәріхана. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық мекемелерінің химия зертханалары. Минералдар және өлкетану музейлері. Қазба байлықтар алатын жерлер. Жылу электростанциялары.IX класс. Күкірт қышқылының өндірісі. Минералды тыңайтқыштар өндіретіндер заводтар. Минералды тыңайтқыштардың қоймасы. Шегендеме,кірпіш және шыны өндіретін заводтар. Әк сөндіретін завод. Суыту мекемелері. Шойын,болат және алюминий өндіретін заводтар. Электрохимия өндірістері. Өрт депосы. Аналитикалық химия зертханасы. X класс. Мұнай және табиғи газ өңдейтін мекемелер. Кокс химия өндірісі. Синтетикалық және гидролиздік спирт өндірісі. Сірке қышқылын өндіретін цех. Май комбинаты. Сабын қайнататын завод. Қант заводы.Целлюлоза өндірісі. XI класс. Пластмасса,синтездік және жасанды талшықтар өндіретін заводтар. Тоқыма фабрикасының бояу цехы. Мал фермалары. Мектептің мүмкіндігіне қарай осы обьектілердің қайсысына топсеруен ұйымдастырылатыны тақырыптық жоспарда көрсетіледі,бір топсеруеннің мерзімі екі сагаттан аспауы керек. Топсеруеннің жоспарында даярлау,өткізу және қорытындысын шығару барысында жүзеге асырылатынын ұйымдастыру және танымдық жұмыстардың барлық түрлері,орындалу мерзімі,тапсырылатын адамдары нақтылы көрсетіледі. Ол үшін мұғалім топсеруен обьектісімен жан-жақты танысып,оқу тәрбиелік маңызы бар заттар мен құбылыстарды,технологиялық әрекеттерді,қондырғыларды дәл анықтап,олармен таныстырылудың методикасын анықтайды. Оқушыларға берілетін тапсырмалардың мазмұнын сұрыптайды.Топсеруен тақырып бойынша немесе кешенді түрде өткізіледі. Кешанді топсеруен бірнеше пәннен – химия,физика,география,биология,тарих,т.б. ұйымдастырылады.Мұнда бір обьект әр жағынан қарастырылып,оқушылар өндіріс туралы жан-жақты мағлұмат алады және уақыт үнемделеді.Тақырыптық топсеруендер оқу материалын өтпестен бұрын өту кезінде немесе өткеннен кейін ұйымдастырылады. Топсеруенге байланысты оқу материалы алдымен арнайы сабақта қарастырылады. Мәселен,оттегі өндірілетін цехқа топсеруен жасау үшін арнайы сабақта оттегін зертханаларда және өнеркәсіпте алу тәсілдері қарастырылады.Оттегі көп мөлшерде ауадан алынатыны,ол үшін ауаның құрамына кіретін газдардың физикалық қасиеттеріндегі айырмашылықтарды пайдалану қажеттігі айтылады.Дайындау сабағынан кейін жоспарға сәйкес топсеруен өткізіледі: 1) оттегі алатын шикізат және оны дайындау;2) оттегін алудың өндірістік барысы; 3)оттегінің қолданылуы; 4)өндірістік бақылау.Оттегін өндіретін цех машина залынан,газгольдер және газ толтыратын бөлмелерден,слесарьлық шеберханадан тұрады. Бұлардың құрылысы және жұмыс істеу негіздерімен танстырғанда топсеруен жүргізуші оқушылардың білімін,жас ерекшеліктерін ескереді. Ол үшін мұғалім топсеруеннің жетекшісімен алдын-ала кездесіп,түсіндіру деңгейін нақтылы келісіп алу қажет,бұл маңызды шарттардың бірі.Әдетте өндіріс маманы техниканың ұсақ мәселелеріне мұқият тоқталып айтады да,оқушылар жалығып,топсеруен мақсатына жетпей қалады. Сондықтан топсеруеннің обьектісін мұғалімнің өзі түсіндіргені жөн. Топсеруеннің алғашқы нәтижесі келесі сабақта шығарылады.Мұғалім топсеруен обьектісі бойынша оқушылардың көоген білгендерін нақтылайтын сұрақтар әзірлеп келеді.Оқушылар өздерінің жазып алғандары бойынша жауап қайтарады.Мұғалім оқушылардың жауабын толықтырады,қосымша мағлұматтар береді.Бұдан соң мұғалім топсеруен бойынша қорытынды сабақ,конференция сабақ немесе сабақтан тыс конференция өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізеді.Оқушылар жазбаша рефераттар,баяндамалар,өндіріс сызбанұсқасын,макеттер,модельдер және басқа безендіру материалдарын әзірлейді,қабырға газетін шығарып,көрме ұйымдастырылады.

2. Эксперимент есептерінің оқу-тәрбиелік маңызы және типтері.Эксперимент есептерінің орны және шығарту әдістемесі. Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге бөлінеді. Сапа есептерін эксперимент есептері деп те атайды, өйткені оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Химиядан білім мен білік қалыптастыруда, оқушылардың алған білімін бақылап, бағалауда эксперимент есептерінің маңызы зор. Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде қолдана білуге үйретеді. Олар химиялық құрал-жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып, жетілдіре түседі. Эксперимент есептерін үзбей шешіп, машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзімен қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасы мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде айқын білінеді. Сондықтан химиядан мектеп бітіру емтихан билеттерінің бір сұрағы экспермент есебі түрінде беріледі. Эксперимент есептері оқушылардың таным әрекетінің сипатына қарай бірнеше типтерге бөлінеді. Солардың мектепте іс жүзінде жиі қолданылатындары: химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру; заттың сапалық құрамын анықтау; затты тани білу; заттарды алу; заттарды жіктелу белгілерін табу; қоспаның құрамын анықтау және бөлу; құралдар құрастыру. Эксперимент есептерін шешу үшін сынау және қателесу, есте қалғаны бойынша шығару, жорамал жасау, анализ және синтез тәсілдері қолданылады. Сынау және қателесу тәсілі оқушының білімі жеткіліксіз болғанда пайдаланылады. Тиісті нәтиже алғанға дейін тәжірибені қайталап жасай береді. Есептер берілген мәліметтер оқушыға бұрыннан таныс болса, есте сақталғаны бойынша шығарылады. Берілген мәліметтер толық болмаса, оқушы алдымен жорамал жасайды, содан соң тәжірибе арқылы оның дұрыс-бұрыстығын тексереді. Эксперимент есептерін шығарудың ең тиімді кең тараған тәсілі – анализ және синтез. Оқушы есептің шартын нақтылы талду арқылы шешу жоспарын жасайды да, соған сәйкес іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Эксперимент есептерінің орны және шығарту әдістемесі.Эксперимент есептері химияны оқыту сарамандығына ХХ ғасырдың отызыншы жылдары енгізілді. Эксперимент есептерін шығарудың алдымен көрнекі көрсету, содан соң зертханалық, ақырында сарамандық әдістері қалыптасты.Әдістеменің бұл реті қазіргі кезде де қолданылады. Алғашқы кезеңде берілген есеп теория жүзінде талқыланады. Мұғалім оқушылармен әңгімелесе отырып, жоспар құрады, қажетті тәжірибелерді анықтайды да бір оқушы немесе мұғалімнің өзі көрнекі көрсетеді. Екінші кезеңде есепті шығару жоспары көпшілік оқушылармен бірлесіп талқылау арқылы жүзеге асырылады да, тәжірибелер зертханалық түрде жасалады. Үшінші кезеңде арнайы сарамандық сабақтарда оқушылар эксперимент есептерін өздігінен шығарады.Химия ның бағдарламасы мен оқулықтарында эксперимент есептерінің типерін енгізу реті көрсетілмеген. Оны мұғалімнің өзі анықтайды. Озат мұғалімдердің тәжірибесінде эксперимент есептерін енгізу оттегі тақырыбынан басталады. Алғашқыда оттегін алу, оттегін жинайтын құрал құрастыру, оттегін анықтауға байланысты қарапайым есептер шығарылады. Сутегі тақырыбын өткенде есептердің мазмұны кеңейіп, жаңадан затқа тән реакцияны жасау, тұз алу, қоспаның құрамын анықтау және бөлу есептері қосылады.Есептің қиындығы біртіндеп арттырылады. Мәселен, оқушылар алдымен оттегіні анықтауды, содан соң берілген екі газдың ішінен оттегін ажыратып тануды үйретеді. Есепті шешудің тәсілін нақтылы үйрену үшін оқушы жүзеге асыратын қимылдардың алгоритмін (ретін) бастапқыда дайын күйінде беру керек. Оттегін ажыратып тану есебін шешу ретіне мысал келтірейік.1-есеп. Аузы бекітулі екі пробиркада оттегі және көмірқышқыл газы берілген. Әр пробирканың ішіндегісін анықтаңдар.Шешуі: Оқушыларға жұмыс реті көрсетілген нұсқау беріледі. 1) есептің шартын талдаңдар; 2) табиғаттану мен химиядан оттегі және көмірқышқыл газы туралы білетіндеріңді еске түсіріңдер; 3) физикалық қасиеттері бойынша берілген газдарды табуға бола ма? 4) қандай тәжірибе жасау керектігін ойластырыңдар; 5) тәжірибе жасаңдар; 6) жазбаша есеп беріңдер. Онда не істегеніңді, не бақылағаныңды, бақылаудан шыққан қорытындыны кесте түрінде жазыңдар.