Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУНАЙ Материал.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
696 Кб
Скачать
☆

2.2 Цистерналардың сипаттамасы

Тасымалдайтын сұйық заттарының тегіне қарай (3-клас) цистерналар мынадай арнаулы түрлерге бөлінеді:

- «Бензин» деген жазуы бар жүктерді тасымалдайтын цистерналар;

-«Мұнай» деген жазуы бар жүктерді тасымалдайтын цистерналар;

-Мұнай мен бензин тасымалдайтын цистерналар. Мұнай мен бензин құйылатын цистерналарды беруде олар тазартылатын дайындық операциясынан өткізілуі тиіс, ал бұл ұзақ уақыт атқарылатын жұмыс.Осындай цистерналарда мұнай тасымалдау үшін арнайы дайындықтың қажеті жоқ;

-«Мазут» деген жазуы бар жүктерді тасымалдайтын цистерналар;

-битум тасымалдайтын арнайы шанақты ашық вагондар;

-химиялық жүктерді (қышқылдарды, сұйылтылған газдарды және т.с.с.) тасымалдайтын арнаулы цистерналар. Құйылатын өнімнің құрамы осы өнімді тасымалдаудың техникалық жағдайларына қойылатын талаптарға қатаң сәйкес болуы тиіс. Мысалы, «Қышқылдар» (5-сынып) деген жазуы бар жүктерді тасымалдайтын цистерналар қышқылдарды тасымалдаудың техникалық жағдайларына қойылатын талаптарға қатаң сәйкес болуы тиіс. 2-сыныпқа жататын, қысыммен сығылған, сұйылтылған және ерітілген газдарды тасымалдайтын цистерналар осы заттардың тегіне қарай жақсы жетілдірілген. Бұлар тасымалдауға өте қауіпті болатындықтан, аса сақтық шараларын қабылдауды керек етеді. 2-сынып заттарын тасымалдайтын цистерналарда «Пропан», «Бутан», «Сұйылтылған газ» және т.с.с. жазулар болады.

Қауіпсіз жүктерді – азық-түлік өнімдерін (спирт, шарап, сүт) тасымалдайтын арнаулы цистерналар. Сірне, өсімдік майы секілді тамақ өнімдерін әдеттегі құрылымды арнаулы цистерналармен тасымалдайды.

Құйылатын заттарды арнаулы контейнерлермен де тасымалдайды. Тасымалдайтын жүктерінің тегіне қарай оларды мынадай топтарға бөледі:

- құю және құйып алу алдында қыздыру үшін арнайы құрылғылар қолдануды керек етпейтін ағатын заттарды (қышқылдар, этил және метил спирті, органикалық еріткіштер және т.с.с.) тасымалдайтын контейнерлер;

-құю және құйып алу алдында қыздыру үшін арнайы құрылғылар қолдануды керек ететін орташа тұтқыр сұйықтықтарды (жарық беретін және минералдық майлар, кейбір мұнай өнімдері) тасымалдайтын контейнерлер;

-ыстық күйде құйылатын және тіпті 0оС-ден жоғары температурада қатып, монолитке айналатын аса тұтқыр сұйықтықтарды (парафин, синтетикалық фенол және т.с.с.) тасымалдайтын контейнерлер.

Мұндай арнаулы контейнерлер жүктерді жөнелтушілер мен қабылдаушыларға тиесілі болады, оларды теміржол құрамдарына тиеуді және одан түсіруді, әдетте, кәсіпорындардың кірме жолдарында атқарады.

Ашық вагондар мен жайдақ вагондарда контейнерлерді топтап тасымалдайды және жүкті жөнелтушілер бүкіл топқа бір жол қағазын толтырады.

Бұлайша тасымалдау әдісінің кемшілігі – вагондардың кері бағытта бос қайтуы.

2.3 Мұнай өнімдерін құю және құйып алу тұрғысынан қарағанда жылжымалы құрамның құрылысы мен конструкциясы

Цистернаның қазаны төрт немесе сегіз осьті арбашыққа орналасады (2.1-сурет).

2.1-сурет. Төрт немесе сегіз осьті арбашықтағы цистерналар: 1 – қазан; 2 – қақпақ; 3 – төменгі әмбебеп құйып алатын құрал

Ішіндегі сұйықтық толығымен құйылуы үшін сегіз осьті арбашықтың цистернасы шамалы еңкіш болып жасалады. Цистернаның қақпақтарында (2) резеңке нығыздағыштар болады. Жүк тиелген және бос цистерналардың қақпағына пломбыланған бекіту құрылғылары орнатылады. Тек жоғарғы тиеу люгі бар цистерналар бензин құюға ғана арналады.

Құйылатын заттарды тасымалдау үшін мынадай цистерналарды пайдаланады:

-профессор Л.А.Шадурдың, О.Г.Бойчевский мен Л.С.Сигиннің әмбебап төменгі құйып алу тетігімен жабдықталған цистерналары кез келген мұнай өнімін құйып алуға жарайды. Бұл құрылғының ерекшелігі клапан жоғарғы жағында дәл қақпақтың астында тұтқамен ашылады. Әмбебап тетікті ашатын тұтқа оның ашылып кетпеуі үшін, яғни оған адамдардың қолы жетпеуі үшін және өнімнің сақталуын қамтамасыз ету үшін жасалған. Тұтқырлығы төмен болатындықтан, бензинді осы тетік арқылы құйып алады. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған жаңа цистерналардың барлығы әмбебап тетіктермен жабдықталған,төменгі құйып алу тетігі жоқ цистерналар. Мұнай өнімдерін (ақшыл мұнай өнімдері – бензин, лигроин және т.с.с.) қақпақтың жоғарғы люгі арқылы насос қондырғыларымен құяды.