Бақылау сұрақтары:
Несиені қамтамыз етуді тексеру ненің көмегімен жүзеге асырылады.
Қамтамасыз етілмеген борыш кімнің есеп шотынан өндіріледі?.
Әдебиет: 1(с.204-214), 2(с.337-362), 3(с.174-198), 4(с.389-409), 7, 16
№10 дәріс. Банктік пайыз және пайыздық төлемдер
Қарыздық пайыз және оның экономикалық ролі.
Қарыздық пайызды анықтау әдістері
1.Қарыздық пайыз және оның экономикалық ролі.
Қарыздық пайыз – банк табысын құрайтын, несие үшін төлем. Төленген пайыз және алынған пайыз (маржа) арасындағы айырмашылық.
Несие бойынша мөлшерлемені анықтағанда келесі факторлар ескеріледі:
тартылған қаражаттар құны
сұраным және ұсыныс
борышқордың несиеқабілеттілігі
несиеленетін шараның тәуекел дәрежесі
рәсімдеу және бақылау бойынша шығындар.
Пайыздық мөлшерлеме түрлері:
Қарапайым (пайыздық мөлшерлемені есептеу үшін бастапқы база өзгермейді) және күрделі (бастапқы база өзгереді).
Белгіленген (несиелеудің бүкіл мерзімі бойында өзгермейді) және қалқымалы (экономикалық конъюнктураға байланысты өзгереді).
Базалық пайыздық мөлшерлемелер:
Прайм-рейт – қысқамерзімді несие бойынша неғұрлым несиеқабілетті клиенттер несиеленетін ең төмен пайыздық ставка;
«ЛИБОР»ставкасы (мөлшерлемесі) (Лондондық банкаралық ұсыныс ставкасы) сонымен қатар ФИБОР және т.б.
2. Қарыздық пайызды анықтау әдістері.
Пайыздық мөлшерлемені тағайындаудың әртүрлі амалдары. Оларға жатады:
1. Әдіс «құн плюс» моделі.
Моделді 2 вариантта қолдануға болады.
1 тәсіл:
% мөлшерлеме = тартылған қаражаттар құны + операциондық шығындар + тәуекелге сыйақы + ұзақмерзімділікке сыйақы + маржа
2 тәсіл:
% мөлшерлеме = Прайм-рейт + тәуекелге сыйақы + ұзақмерзімділікке сыйақы.
Тәуекелге және ұзақмерзімділікке сыйақы банкпен өзерікті тағайындалады.
Американдық қаржыгер Т.Казплэнд тәуекелге цифрлы кодтар беруді ұсынды.
-
Тәуекел категориялары
Тәуекелге сыйақы, %
Тәуекелдің болмауы
0,00
Минималды тәуекел
0,25
Стандартты тәуекел
0,5
Ерекше тәуекел
1,5
Стандарттылықтан жоғары тәуекел
2,5
Күмәнді несиемен байланысты тәуекел
5
Екінші әдіс.
Қарапайым % есептеу әдісі.
Берілген әдіс несиені фактілік қолдану мерзіміне түзетулерді қарастырады. Несиені жиі өтеген кезде төленетін пайыздар сомасы азаяды.
Мысалы: 2000 АҚШ $ сомасында бір жылға 12 % пайыздық мөлшерлемемен несие берілді.
Егер негізгі қарыздың сомасы несиелеу соңында өтелсе, онда пайыздық төлемдер (ПТ) мынадай болады:
ПТ = Негізгі қарыз * мөлшерлеме * мерзім
360 * 100
ПТ = 2000*0,12 *1 = 240
Егер негізгі қарыз 4 квартал сайынғы жарналармен әр қайсысы 500 $ бойынша төленсе, төлемдер мынадай болады:
1 квартал ПТ = 2000*0,12*1/4=60
2 квартал ПТ= 1500*0,12*1/4=45
3 квартал ПТ= 1000*0,12*1/4=30
4 квартал ПТ= 500*0,12*1/4=15
Жалпы пайыздық төлем 60+45+30+15=150 $
Төлемдердің жалпы сомасы
1 квартал 500+60=560
2 квартал 500+45=545
3 квартал 500+30=530
4 квартал 500+15=515
Барлығы: 2150 $
Үшінші әдіс.
Дисконттау әдісі пайыздың аванстық төлемін ұсынады, яғни пайыз бастапқыда шегеріледі және борышқор несиені шегерілген пайызбен алады.
Мысалы, 2000 $ сомасындағы несие бір жыл мерзімге 12% пайыздық мөлшерлемемен берілді. Пайыздық төлем (ПТ) бір жылға - 240.
Несие сомасы = 2000-240 = 1760
Мерзімі келгенде борышқор 2000 $ қайтарады, мұндайда нақты мөлшерлеме 13%.
Несие бойынша дисконттық ставка= тиесілі (причитающий) % / несиенің таза сомасы
240/1760=0,136=13%
Төртінші әдіс.
Үстеме (по методу накидки) әдісі бойынша –несиені өтейтін жарна мөлшері борышқорға хабарланғанға дейін % төлемдер негізгі қарыздың сомасына қосылып қояды. Мысалы: несие сомасы = 2000$, % мөлшерлеме 12%
Төленетін жалпы сома 2000+240=2240
Ай сайынғы жарна = 2240/12= 186,67
Егер несиелеу кезінде қалқымалы пайыздар қолданылса, онда Банктер есептеудің келесі әдістерін қолдана алады:
а) «прайм+2» әдісі
б) «прайм*1,2» әдісі
Мысалы:
Прайм-рейт = 10%
а) 10+2=12%
б) 10*1,2=12%
Прайм-рейт > 15%
а) 15+2=17%
б) 15*1,2=18%
Прайм-рейт < 8%
а) 8+2=10%
б) 8*1,2=9,6%
Пайыздық тәуекелді төмендету үшін банк «КЭП», «ФЛОР», «Пайыздық коридор» модельдерін қолдана алады.
Модель «КЭП» - бұл болашақ динамикадан тәуелсіз тыс несие бойынша жоғарғы шегін анықтау.
Модель «ФЛОР» - төменгі шегін анықтау.
Модель «Пайыздық коридор» - жоғарғы және төменгі шегін анықтау.
Мысалы: Ұзақмерзімді несиелеуде борышқорға «Прайм-рейт+2» қалқымалы мөлшерлемесі max 5% бастапқы мөлшерлеме үстінен ұсынылады.
Мысалы: 12% мөлшерлемеде уақыт өте келе «прайм-рейт» қалай өзгеретіндігіне қарамастан ол 17% көтеріледі.
№11 дәріс. Корпоративтік несиелеу процесін ұйымдастыру
Мақсаты: корпоративтік несиелеу процесін ұйымдастыру негізін білу
Есебі:
берілген тақырып терминін және негізгі мәнін білу;
корпоративтік несиелеу процесі жөнінде түсініктеме алу;
теоретикалық материалды практикада қолдана білу;
Сұрақтар:
Корпоративтік клиенттерді несиелеу
Нақты тұлғаны несиелеу
Банктік несиелеудің негізгі субъектілерін қарастыра отырып, корпоративтік клиенттерге жататын категорияны бөліп көрсетуге болады.
Корпоративтік клиенттер- бұл заңды тұлға.
Банкімен корпоративтік клиенттерді несиелеу ұйымының екі негізгі қызметі бар: макроэкономикалық және микроэкономикалық.
Корпоративтік қарыз алушыларды несиелеудің негізгі ерекшеліктері:
жоғарғы көлемі;
жоғарғы кірістілік;
жоғарғы қауіп - қатер.
Банктік несиені беру процесін бірнеше кезеңге бөлуге болады:
несиеге арыз және алдын – ала келіссөздер;
қарыз алуға қажетті құжаттар;
қарыз алушының несиеқабілеттілігіне баға беру;
несиені беру жөнінде шешім қабылдау;
несиелік келісім шарт жасасу.
Қарыз алушының комплестік қаржылық жағдайын талдау үшін келесі кезектілік қолданылады:
қарыз алушының актив және пассив құрылымын талдау;
қарыз алушының ақшалай тасқынын талдау;
қарыз алушының қаржылық тұрақтығын талдау
қарыз алушының тиімділік қызметін талдау;
Несиелік келісім шарт жасасқан соң ұйым үнемі бақылауда болуы керек.
Заңды тұлғаны несиелеудің ең кең таратылған түрлері: коммерциялықнесиелеу,ақшалай несиелеу, вексельдік несиелеу, факторинг, форфейтинг, лизинг.
Тұтыну несиесінің бірнеше түрлері бар:
жаңа үйлерді сатып алуға берілетін несиелер;
клиенттердің басқалай қызметін қаржыландыруға берілетін несиелер;
несиелік карточка бойынша несие;
Нақты тұлғаға берілетін несиелер келесі сындар бойынша бағаланады:
клиент мінездемесі;
клиенттің қаржылық мүмкіншілігі;
клиенттің салынбаған мүлігінің жеткіліктігі;
несиені қамтамасыз ету;
несиелеу жағдайы.
Бақылау сұрақтары:
Корпоративтік клиент дегеніміз не?
Банктің несиелік саясаты дегеніміз не?
Нақты тұлғаларға берілетін несиенің қандай түрлері анықталады?
Тікелей және жанама несие дегеніміз не?
Әдебиеттер: 1(с.184-298), 2(с.240-336), 3(с.77-173), 4(с.309-354),7,17,19
№12 дәріс. Бөлшек несиелеу процесін ұйымдастыру.
Мақсаты: банктің несиелік портфелімен танысу
Сұрақтар:
1. Бөлшек қарыздардың және несиелеу объектілерінің жіктелуі.
2. Халықтың тұтыну қажеттіліктерін тікелей және жанама банктік несиелеу.
3. Тұтыну несиесі келісім-шарттарының негізгі жағдайларына әсер ететін факторлар.
Есебі:
Берілген тақырып терминімен негізгі мәнін білу;
Теоретикалық материалдарды практикада қолдана білу;
Банк несиелiк қауiп-қатерге барады, яғни қаржылық инструментi бойынша бiр жақ өз мiндеттемесiн орындамаудан, екiншi жағы қаржылық зиян шегуiнен.
Өз компетенциясы шегiнде несиелiк қауiп-қатердi басқару және бақылауды несиелiк комитет жүзеге асырады.
Несиелiк комитетке несиелеу бойынша барлық ұсыныстарды жiбергенге дейiн қарастырылады және қауiп-қатердi басқару Департаментi немесе филиалдың қауiп-қатер – менеджерi қорытындысын алады.
Күнделiктi несиелiк қауiп-қатер мониторингiн бас банкiнiң несиелеу Департаментi өткiзедi.
Әр қарыз алушы бойынша қауiп-қатер, банк және брокердi бекiте, қосымша баланстық және баланстан тыс қауiп-қатердi қамтатын сублимитiмен шектеледi.
Қажеттiлiгi кезiнде банк кепiлдеме, ұйым кепiлгерiн алады. Бұндай қауiп-қатер мерзiмдiлiгiмен жылына бiр рет талданады.
Несиенi беру бойынша мiндеттеме қарыз, кепiлдеме және аккредитив формасында пайдаланылмаған несие бөлiгiн бiлдiредi.
Баланстан тыс қаржылық инструменттерi бойынша несиелiк қауiп-қатер келiсiм шарт жағдайын орындамаған жағына байланысты зиян ықтималдығы ретiнде анықталған.
Қауiп-қатердi басқару жүйесi стратегиялық басқару деңгейiнде жүзеге асырылатын нақты шараларымен ретке келтiрiледi.
Қауiп-қатердiң минимизациясына бағытталған банк қызметiнiң қауiп-қатерiн басқарудың бiрнеше тәсiлдерiн қарастырамыз.
Оларға жатады:
Банк қызметi жөнiнде статистикалық және динамикалық жеткiлiктi ақпараты бар талдаудың жобалық әдiстерi көмегiмен мүмкiншiлiк шығынына алдын-ала баға беру. Осы мақсат үшiн банкте қауiп-қатер деңгейiн талдаумен айналысатын және оларды маркетинг жүйесiнде басқару бойынша шараларды өңдеу бөлiмдерi құрылуы қажет;
қауiп-қатер дәрежесiн көбейту кезiнде пайыздық мөлшерлемесiнiң динамикасы да көбейедi, яғни еркiн инструменттерiмен айналасу бойынша мөлшерлеме шектелген айналым инструментi бойынша мөлшерлемеден төмен; пассивтiк операция және банкаралық нарықтағы операция бойынша мөлшерлеме активтiк операция және клиентурамен несиелiк операциясы бойынша мөлшерлемеден төмен; қысқамерзiмдi операция және қамтамасыз етумен несие бойынша мөлшерлеме, қысқамерзiмдi операция бойынша және қамтамасыз етiлмеген мөлшерлемеге қарағанда төмен;
қолайсыз жағдай кепiлдемесi ретiнде несиенi сақтандыру;
хеджирлеу;
үлкен қауiп-қатер кезiнде қарыз алушы ұсынысынан бас тарту;
қауiп-қатер диверсификациясы, ол әр түрiнде пайда болуы мүмкiн:
а) жалпы несиелеу көлемiн сақтау кезiнде клиенттердiң үлкен санына шағын соммада несие беру;
б) консорциональдық негiзде несие беру, несиенiң үлкен соммасын беру кезiнде, консорциум құра отырып, бiрнеше банктер бiрiгедi;
в) салымшылардың үлкен санынан шағын соммамен бағалы қағаздарды, салымшылар депозитiн жұмылдыру;
г) берiлген несие бойынша жеткiлiктi қамтамасыз етудi алу.
Соңғы талапты жүзеге асырудың маңызды жағдайы болып кепiлдiк құқығы табылады: қарыз алушының төлемқабiлеттiлiгiн дұрыс талдап, бағалай бiлуi; қарызды оперативтi iздестiруде дұрыс бейiмделуi; активтiк және пассивтiк операция бойынша нормативтер жүйесiн қолдану, олар Орталық банкiмен орнатылады және орындау үшiн мiндетте.
Лимиттi орнату. Бұл жiберiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға жатады, яғни банк жетекшесi өз стратегиясына сәйкес қабылдауға әзiр. Бұл лимиттер әдетте банкаралық жағдайында, әдiстемеде және нұсқауда көрсетiледi. Өз кезегiнде стратегиялық жоспар банк қызметiнiң жеке бағыты бойынша оперативтiк жоспар арқылы iске асуы керек.
Бұл құжат банк қызметкерлерi жұмысының әдiстемелiк негiзiн құрайды, олар нақты операцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi лимит пен жалпы бақылау жүйесiн құрайды. Мысалға, егер лимит өте қатты және консервативтi болса, онда банк жетекшiлерi қауiп-қатерi өткен операцияларды жүзеге асыруға талпынады.
Кейде, банкаралық құжаттарда бiрiккен лимиттердiң бар болуы да кездеседi.
Олар банктiң жеке операциялары бойынша қауiп-қатер деңгейiне жатқызуға негiзделген, яғни көрсеткiштерiмен, мысалы банктiк капитал немесе пайда ретiнде (несие бойынша пайыздық мөлшерлеменi анықтау әдiстемесi, қарыз алушының несиелiк рейтiнгiн анықтау).
Банк операциясына лимит жүйесiн өңдеу, оларды төмендетуге әкелетiн қауiп-қатердi басқарудың маңызды әдiсi болып табылады.
Қауiп-қатердi өлшеу және айқындау.
Маңызды процедура болып жеке операциялар үшiн жiберілетiн қауiп-қатер деңгейiн сандық анықтау табылады.
Бұл жердегi маңыздылығы, бар қауiп-қатердiң өлшеумен шектелу емес, жаңа нарықты игерудегi қауiп-қатердi бағалау.
Бұл есебi маркетингтiк зерттеумен тығыз байланысты. Қауiп-қатердi өлшеу жүйесi оның негiзгi үш компонентiн анықтауы қажет: мөлшерi, ықпал ету мерзiмiнiң ұзақтылығы, жағымсыз жағдайдың бар болу ықтималдығы.
Нақты несие бойынша қауiп-қатер деңгейiн бағалай отырып, банк жетекшісi қауiп-қатердi қабылдау компенсациясын алуға талаптануы керек.
Қарыз алушы жоспары – бұл қауiп-қатердi анықтауға жеке тәсiлi.
Несиелiк портфель шегiнде қауiп-қатердi анықтау әдiсi несиелеудiң әр түрлi бағытына рейтингтi беру жолымен жетiлуi керек.
Сұрақтар:
Коммерциялық банктің несиелік портфелі.
Несиелік қауіп – қатер түсінігі және оның минимизациялық тәсілі.
Әдебиеттер: 1(с.183-296), 2(с.269-319), 3(с.149-173), 4(с.399-402), 7, 18
№13 дәріс. Бағалы қағаздармен коммерциялық банк операциялары
Мақсаты: бағалы қағаздармен коммерциялық банк операцияларымен танысу
Есебі:
берілген тақырып терминімен негізгі түсінігін білу;
бағалы қағаздармен банк операциясы жөнінде түсініктеме
теоретикалық материалдарды практикада қолдана білу;
Сұрақ:
Бағалы қағаз нарығында банк қызметінің түрлері.
Банкімен жеке бағалы қағаздарды шығару.
Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы қағаздармен сауда-саттық операцияларды жүргізеді. Берілген операциялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық төлем-ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.
Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген құқықты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық (вексельдер, чектер).
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде коммерциялық банктерде мынадай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе басқарма, орташаларда мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктің инвестициялық саясатын банк есебінен немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомствалардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфеліне сәйкес ақыға сақтап, басқарады.
Банктердің бағалы қағаздармен операциялары қорлық, коммерциялық, эмиссиондық, саудалық, сенімділік, кепілдік, гарантиялық түрде болады.
Бағалы қағаздар қозғалысы – акцияларды сату немесе қарыз беру – бағалы қағаздар нарығын қалыптастырады. Соңғысының негізін құрайтын биржа – бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыратын ерекше экономикалық институт. Биржа – бұл екінші деңгейдегі нарық, бұнда бағалы қағаздармен сауда-саттық нәтижесінде халық шаруашылығы ауқымында қаржылық ресурстарды қайта бөлу, бағалы қағаздардың өтімділігінің өсуі жүзеге асады және бағалы қағазды қосымша шағару үшін жағдай жасалады. Бар акционерлік қоғамдардың, компаниялардың, банктердің бағалы қағазды қосымша эмиссиялауы алғашқы нарықты қалыптастырады. Бағалы қағаздар нарығы – бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздардың бағамдары төмендеуде, сол сияқты бағалы қағаздарға деген қызығушылықта төмендеп тұр. Банктердің үлкен қызығушылығы вексель айналысымен байланысты. Банктік вексель ақша сертификатының барлық қасиеттеріне ие. Оның артықшылығы – ол тауар мен көрсетілген қызметтер үшін төлем құралы ретінде пайдаланылады.
Коммерциялық банктердің комиссиондық операциялар бұл банктердің клиенттерге көрсетілген қолма-қолсыз есеп айырысу операциялары. Осы операцияның орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарда шаруашылықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражаттарын шоғырландыру және сақтаумен байланысты. Коммерциялық банктер әр түрлі шоттар ашады: есеп айырысу, ағымдық, дербес, депозиттік, конкоренттік және т.б. Бұндай шоттар жеке және заңды тұлғалар үшін ашылады. Клиенттер тапсырмасы бойынша банк қызметкерлері сәйкес төлем құжаттары негізінде клиент шотына төлем құжатында көрсетілген соманы есептейді немесе шегереді. Қолма-қолсыз есеп айырысу – бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының шот бойынша (олармен міндеттемелерін төлемдер бойынша орындау тәртібіне сәйкес) жазба түріндегі аударымдары.
Бақылау сұрақтары:
1. Бағалы қағаздар қозғалысы дегеніміз не?
2. Комиссиондық операциялар дегеніміз не?.
3. Бағалы қағаздар операцияларының қатысушылары кімдер?
4. КБ бағалы қағаздармен жасалатын операциялары үш топқа бөлінеді, қандай?
5. КБ эмитент ретінде шығаратын бағалы қағаздары?
6. Банктердің туынды бағалы қағаздармен операциялары: фьючерс және опцион?
7. ҚР ЕДБ БҚН-да жүзеге асыратын кәсіби қызмет түрлері?
8. Ипотекалық куәлік, депозиттік және жинақ сертификаттары?
Әдебиет: 1(365-390), 2(с.478-496), 3(с.261-285), 4(с.436-452), 7,9,23(с.68-71), 36(с.49-73), 46(с.35-38)
№14 дәріс. Коммерциялық банктердiң валюталық операциялары
Мақсаты: коммерциялық банктердiң валюталық операцияларымен танысу
Есебі:
берiлген тақырыптың негiзгi түсiнiктерiмен танысу
банктiң шетел валютадағы операциялары жайында түсiнiк алу
валюталық тәуекелдер түрлерiн және оларды реттеу әдiстерiн бiлу
теориялық материалды тәжiрибеде қолдана бiлу
Сұрақтар:
Коммерциялық банктердiң валюталық операцияларын реттеу.
Валюталық операциялардың экономикалық негiздемесi.
Валюталық операциялардың түсiнiгi мен классификациясы.
Валюталық тәуекелдер және оларды реттеу әдiстерi.
Қаржылық инструменттер валюталық тәуекелдердi сақтандыру әдiсi ретiнде.
“Валюталық операциялар” түсiнiгiнiң маңызы мен мазмұнын ашып көрсету үшiн аталмыш тақырыптың негiзгi, басты терминдерiне анықтама беру қажет. Ең алдымен, бұл шетел валютасы болып табылады. Шетел валютасы өзiне, айналымдағы және тиiстi мемлекеттегi заңды төлем құралы болып табылатын банкнот, қазынашылық билеттер, металдар түрiндегi ақша белгiлерiн, шет мемлекеттердiң ақша бiрлiктерiндегi және халықаралық немесе есеп-айырысу бiрлiктерiндегi қаржыларды енгiзедi.
Валюталық операциялар түрiнде менншiк құнының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға өтумен байланысты операцияларды оның iшiнде төлем құралы түрiнде шетел валюталары мен шет ет төлем құжаттарын пайдаланумен; халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асырумен байланысты операцияларды түсiну көзделедi.
Валюталық операциялар процесiнде арақатынасы банктiң валюталық позициясын айқындайтын шетел валютасына банктердiң белгiлi бiр талаптарын мен мiндеттемелерi пайда болады.
Қолма қол валюта операциялары, негiзiнен, “спот” жағдайында жүзеге асырылады. Бұл – келiсiм жасалғаннан кейiнгi екiншi жұмыс күнiне жүзеге асырылатын есеп айырсуларға валюталарды тез арада жеткiзу операциясы.
Келiсiм жасаған күнгi бағам бойынша болашақта жеткiзу және есеп-айрысу арқылы валюталарды сатып алу-сату жедел келiсiмдер деп аталады. Әдетте, олар бағамдардың өзгеруiнен сақтандыру үшiн немесе алыпсатарлықпен алынған пайданы болдырмау үшiн қолданылады. Валюталық операциялардың келесi түрлерi “форвард” , “фьючерстiк операциялар” , “опцион”, “своп”, “арбитраж” жедел операцияларға жатады.
Валюталық алып сатарлық (латынша “speculatio” – сырттай қарау, аңдау). Бұл операция валюталық тәуекелдi қабылдаумен байланысты әртүрлi нарықтарда немесе уақыт аралықтарындағы валюта бағамгдарының өзгеруiне пайда алу мақсатымен жүргiзiлетiн операция болып саналады.
Бақылау сұрақтары:
Коммерциялық банктердiң валюталық операциялары дегенiмiз не?
Валюталық нарықтың түсiнiгi, валюта түрлерi, валюталық курс түрлерi.
Валюталық операциялардың классификациясын атаңыз.
Валюталық тәуекел деген не? Оның түрлерiн атаңыз.
Валюталық тәуекелдердi реттеу әдiстерiн атаңыз.
Әдебиеттер: 1(с.298-344), 2(с.497-583), 3(с.342-418), 4(с.508-535), 7,8,20, 36(с.292-319), 46(с.39-40)
№15 дәріс. Ком. банктердің лизинг, траст, факторинг және форфейтинг қызметтері. Қазіргі кезеңдегі лизингтің пайда болуы және дамуы. Қазақстанда лизингтік операция лардың дамуы.
Мақсаты: коммерциялық банктердiң негiзгi қаржылық қызметтерiмен танысу
Есебi:
Берiлген тақырыптың негiзгi түсiнiктер мен терминдермен танысу;
Лизинг, трасталық операциялар, факторинг, форфейтинг туралы түсiнiк алу;
Осы операциялардың артықышылақтары мен кемшiлiктерiн және ерекшелiктерiн бiлу;
Теориялық материалдарды тәжiрибеде қолдана бiлу;
Сұрақтар:
1. Лизинг: лизингтiң және лизингтiк операциялардың негiзi, элементтерi, түрлерiнiң классификациясы, лизингтiк операциялардың ұйымдастырылуы мен техникасы, лизингтiк келiсiм-шарттың мазмұны мен лизингтiк мәмiлелердiң тәуекелдерi.
2. Траст: негiзi, түрлерi, траст бөлiмдерiн ұйымдастыру.
3. Факторинг: негiзi, принциптерi, факторингтiк операциялардың түрлерi мен типтерi, факторингтiк келiсiмдердiң типтерi.
4. Форфейтинг: негiзi, механизмi, артықшылықтары.
Коммерциялық банктер белгiлi бiр кiрiстер әкелетiн делдалдық (комиссиялық) сыйақылар, алымдар алатын әртүрлi қызметтер көрсетедi. Соңғы жылдары банк қызметiнiң көлемi мен түрлерi өсе түскендiгi байқалады және бұл банктiң алатын пайдасының маңызды көзiне айналуды. Коммерциялық банктердiң қызметi жалгерлiк немесе лизинг (ағылшынша – leasing –жал) операцияларын қаржыландыруда кең даму ала түсуде.
Банктер өнеркәсiп кәсiпорындарына ұзақ мерзiмге машиналарды, көлiк құралдарын, өндiрiстiк мақсаттағы құрылыстарды жалға бередi және олармен лизингтiк келiсiмдер жасайды. Сөйтiп, көрсетiлген құралдарды сатып алуға кәсiпорындарға ссудалар бергеннiң орнына банк меншiк құқығын өзiнде қалдыра отырып, оларды өзi сатып алып және жалға бередi. Осыған орай банк ссудалық пайыз емес, жалгерлiк ақы (лизингтiк төлемдер) алады. Кәсiпорындар үшiн лизинг инвестицияларды қаржыландырудың өзгеше формасы болып саналады.
Әлемдiк тәжiрибеде “лизинг” терминi ұзақ мерзiмге пайдаланылатын тауарларды жалға беруге негiзделген әртүрлi тектегi келiсiмдердi белгiлеу үшiн пайдаланылады. Жалға беру шартында жасалған мерзiмдерге қатысты жалгерлiк операциялардың үш түрiнiң ара жiгi ажыратылады:
қысқа мерзiмдiк жалға беру (рейтинг) – бiр күннен бiр жылға дейiн;
орта мерзiмдiк жалға беру (хайринг) – бiр жылдан үш жылға дейiн;
ұзақ мерзiмдiк жалға беру (лизинг) – үш жылдан 20 жылға дейiн және одан жоғары.
Лизингтiк операциялардың негiзгi элементтерi. Лизингтiк келiсiмдердiң негiзiн мыналар құрайды:
Келiсiм объектiсi;
Келiсiмдер субъектiсi (лизинг шартының тараптары);
Лизинг шартының мерзiмi (лизинг кезеңi));
Лизингтiк төлемдер;
Лизинг бойынша көрсетiлетiн қызметтер.
Лизинг объектiсi. Егер өндiрiстiк циклде жойылып кетпейтiн болса, кез келген материалдық құндылықтар лизингтiк келiсiмнiң объектiсi болуы мүмкiн. Жалға берiлетiн объектiнiң табиғаты бойынша лизинг қозғалатын және қозғалмайтын мүлiк болып ажыратылады.
Лизинг субъектiсi. Келiсiм объектiсiне қатынасы бар тараптар лизингтiк келiсiм субъектiсi болып саналады.
Лизинг мерзiмi. Лизинг мерзiмi ретiнде шартының қолданылатын (әрекет ететiн) мерзiмi түсiндiрiледi.
Лизинг құны. Лизингтiк операциялар жобасында лизинг берушiден есептелетiн лизинг төлемдердiң сомасын анықтау кезеңi неғұрлым күрделi. Кез келген лизингтiк төлемнiң құрамына мынадай негiзгi элементтер кiредi:
Амортизация;
Келiсiмдi жүзеге асыру үшiн лизинг берушi арқылы тартылатын ресурстарға жасалатын төлем;
Көрсетiлетiн қызметтер үшiн (1-3 пайыз) лизинг берушiнiң кiрiсi кiретiн лизингтiк марожа;
Лизинг берушi жауап беретiн, мөлшерi әртүрлi тәуекелдер деңгейiне қатысты тәуекел сыйақы.
Қаржылық лизингтiң келесiдей негiзгi белгiлерi болады:
Үшiншi тараптың қатысуы (өндiрушiлер немесе келiсiм объектiсiнiң жабдықтаушысы);
Жалға алудың негiзгi мерзiмi iшiнде, яғни жалға берушiнiң шығындарын өтеуге қажеттi мерзiмде шартты бұзудың мүмкiн еместiгi. Дегенмен келiсiмде лизинг туралы қосымша ескерiлетiн жағдайлар болады, құны маңызды түрде өседi;
Қаржылық лизинг кезiндегi келiсiм объектiлерi, негiзiнен, құнның жоғарылығымен ерекшеленедi.
Траст – сенiм бiлдiрген тұлғалар құқығына клиенттердiң тапсыруы бойынша әрекет ететiн және негiзiнен меншiктi басқарумен байланысты операцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ басқа да қызмет түрлерiн көрсетудi орындайтын коммерциялық банктердiң бөлiмдерi.
Өнеркәсiбi дамыған елдерде қаржы активтерiнiң көбеюiмен коммерциялық банктер сенiм операцияларын ұлғайта түседi. Банктердiң бұл қызмет көрсету түрлерi сенiм хат бойынша жасалатын қатынастармен байланысты болады.
Банктер және тұлғалар, кәсiпорындар мен фирмалар, қайырымдық компаниялары (қорлар) мен өзге де мекемелер үшiн сенiм операцияларын орындайды. Сенiм операцияларын үш түрге бөлуге болады: мұрагерлiк басқару; сенiм хат бойынша қорғаншылыққа байланысты операцияларды орындау; агенттiк қызметтерi.
Факторинг (factoring) ағылшын сөзiнiң factor — комиссионер, агент, делдал түсiнiгiн бередi. Клиенттiң айналым капиталына несие берумен үйлесетiн сауда-делдалдық (комиссиялық) операциялардың бiр түрi болып саналады. Факторинг кез келген өзiнiң формасында тауарлар мен қызметтердi өткiзу процесiнде, яғни клиенттiң дебиторлық берешегiне инкасса қою кезiндегi өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы туындайтын төленбеген есеп айырысу құжаттарымен (шот-фактуралармен) байланысты болады..
Банктiң жабдықтаушыдан тиеп жөнелтiлген есеп-құжаттарын (шот-фактурасын) сатып алуды және жабдықтаушының өнiмдердi сатып алушыдан төлемдердi талап ету құқығын банкке беруi факторингтiк (факторлық) операциялардың негiщiне жатады. Сондықтан да факторингтiк операцияларды сондай-ақ жабдықтаушылардың сатуына несие беру немесе жабдықтаушыға факторингтiк несие беру деп атайды.
Коммерциялық банктер факторлық несиенi дамыта отырып, өзiнiң операцияларын кеңейтуге, пайда көлемiн ұлғайтуға және клиенттермен байланысты күшейтуге қосымша мүмкiндiктер алады.
Факторингтiң екi түрi өмiр сүредi: конвенциялық (ашық) және конфиденциалдық (жабық).
и означает выкуп торговых задолженностей поставщика товаров (услуг) с принятием на себя обязанностей по их взысканию и риска неплатежа.
Бақылау сұрақтары:
Лизингдегенiмiз не?
Лизингтiң негiзгi элементтерiн атаңыз.
Лизингтiң және лизингтiк операциялардың түрлерiн атаңыз.
Лизингтiк процесске сипаттама берiңiз.
Лизингтiк келiсiм-шарттың мазмұнына не кiредi?
Лизингтiк мәмiлелердiң тәуекелдерiн атаңыз.
Траст дегенiмiз не?
Трасттың түрлерiн атаңыз.
Траст бөлiмдерiнiң қызметтерiн сипаттаңыз.
Факторингке анықтама берiңiз.
Факторингтiк қызмет көрсетудiң принциптерiн атаңыз.
Факторингтiк операциялардың түрлерiн және факторингтiк келiсiмдердiң типтерiн атаңыз.
Әдебиет: 1(с.258-278,384-390), 2(с.455-477, 586-590,632-634), 3(с.228-260), 4(с.456-482), 7, 12,46(с.41-49)
№16 дәріс. Халықаралық банктік операциялар. Банктердің экспорттық және импорттық операцияларды жүргізу ерекшеліктері
Мақсаты: банктердiң халықаралық операцияларымен танысу
Есебі:
Берiлген тақырып бойынша негiзгi түсiнiктер мен терминдермен таынсу;
Халықаралық төлем жүйесi туралы түсiнiк алу.
Сұрақтар:
Халықаралық төлем жүйесi.
Сыртқы экономикалық қызметтi несиелендiру.
Халықаралық ұзақ мерзiмдi несие.
Банктердiң корреспонденттiк қарым-қатынастар негiзi.
Банктiк аударымдар.
Чектермен операциялар.
Құжаттық инкассо және аккредитивтер арқылы есеп-айырысу.
Пластикалық карточкалар.
Коммерциялық банктердiң халықаралық оперцияларына мыналар кiредi: халықаралық саудаға қатысушы клиенттер тарапынан сұраныс бар алуан қызмет түрлерiн көрсету, ссудалық капиталдардың халықаралық нарығындағы инвестициялық қызмет; шетел бағалы қағаздары, шетел валюталарын сатып алу және сату; инкассо қою үшiн чектердi, вексельдердi, банк акцептерiн қабылдау.
Банктердiң халықаралық оперциялардан алатын табыстарының басым бөлiгi несие беруден түседi. Банк несиесiн берудiң халықаралық саудасы тауарларға, тауар құжаттарына кепiлдiкке ссудалар беру, векселдiк және акцептiк несиелер, банк ссудалары формасында қатысады. Лизинг, факторинг, форфейтинг сауданы несиелендiрудегi өзгеше жаңа формалары болып саналады. Орта және ұзақ мерзiмдi халықаралық банк несиелерi сондай-ақ еуронесиелер формасында берiледi.
Банктердiң халықаралық операциялары бiр валютаны екiншi валютаға айырбастаумен байланысты. Мұндай операциялдар валюта операциялар деп аталады. Оларды жүргiзудiң қажеттiлiгi, халықаралық несие беру мен сыртқы сауда және қызметтер көрсету бойынша есеп-айырысу кездерiнде халықаралық айналым құралы түрiнде пайдалануға болатындай бiртұтас төлем құралдарының болмауынан туындайды,
әртүрлi валюталық операциялардың жиынтығы ссудалық капиталдардың әлемдiк нарығының бөлiгi болып саналатын валюта нарығын құрайды. Валюта нарығында шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс шоғырландырылады. Ұсыныс ең алдымен, сатылған сауарлар мен қызметтер үшiн валюталық түсiм алған экспорттаушылардан болады, ал сұранысты сатып алған тауарлар мен қызметтердi, капиталдар мен несиелердi төлеу үшiн шетел валютасын қажетсiнетiн импорттаушылар туғызады.
Валюта нарығындағы операцияларды банктер, жекелеген компаниялар мен жеке тұлғалар жүзеге асырады. Биржалық және биржадан тыс валюталық нарықтарға ажыратылады. Бүкiл валюталық операциялардың басым көпшiлiгi биржадан тыс коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылады.
Банктер валюталық операцияларды (тiкелей немесе делдалдар арқылы) банкаралық валюта нарығында бiр-бiрiмен, өздерiнiң клиенттерiмен жүргiзедi, сондай-ақ биржаларда да операциялар жасайды. Валюталық келiсiмдердiң негiзгi бөлiгiн банкаралық валюта нарығында коммерциялық банктер бiр-бiрiмен жүргiзедi.
Валюталармен операцияларды банктер өз есебiнен, сондай-ақ өз клиенттерiнiң (делдалдық бастаулар негiзiнде) есебiнен жүзеге асырады. Шетел валютасымен көрсетiлген аударымдар арқылы жасалатын төлем құралдары: банк депозиттерi, чектер, вексель мен аударымдар, негiзiнен, валюталық келiсiм құралдары болып саналады. Қолма-қол шетел валюталармен (банкноттар, монеталар) жасалатын келiсiмдер көлемi соншалықты көп емес.
Студенттер төмендегi сұрақтардың жауаптарын конспектiлеуi жөн:
1.Төлем жүйесiнiң негiзгi элементтерiн атаңыз.
2.Халықаралық төлем жүйесiне сипаттама берiңiз.
3.Сыртқы экономикалық қызметiн несиелендiру түсiнiгiн берiңiз.
4.Халықаралық ұзақ мерзiмдi несие дегенiмiз не?
5.Банктердiң корреспонденттiк қарым-қатынастардың негiзi не болып табылады?
6.Банктiк аударымдар дегенiмiз не?
7.Құжаттық инкассо мен аккредитивтер бойынша есеп-айырысулар ненi бiлдiредi?
8.Жол чектерi дегенiмiз не?
9.Пластикалық карталарға сипаттама берiңiз?
10.Пластикалық карточкаларды бiздiң елiмiзде және шетелде тәжiрибеде қолдану ерекшелiктерiн атаңыз.
Әдебиеттер: 1(с.297-364), 2(с.363-454), 3(с.286-341), 4(с.485-503), 5(с.320-347),
7,13,31(с.65-80)
№17 дәріс. Төлем жүйесін ұйымдастыру.
Мақсаты: Мемлекеттік төлем жүйесінің формалары және принциптерімен танысу. Төлем жүйесін ұйымдастыру негіздерін қарастыру.
Сұрақтар:
Төлем жүйесінің түсінігі және оның негізгі критерийі
Төлем жүйесіндегі Орталық банктің ролі
Төлем жүйесінің негізгі құрамды бөліктері
Төлемдерді жүргізу әдістері
Қазақстан Республикасының төлем жүйесiнiң дамуы 1994 жылдан басталды. Бұл кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төлем жүйесiнiң модернизациясын бастады. Оның жүзеге асуының бiрiншi қадамы болып, нормативтi базаны дайындау табылады.
1995 жылы Ұлттық Банк базасында Қазақстандағы алғашқы Алматы клирингтiк палата ұйымдасты. Ол көп жақты өз ара сынақ әдiсi бойынша жұмыс iстедi. Соңғы есеп айрысулар, әр қатысушының таза позициясы бойынша, операциондық күннiң соңында бiр рет жүзеге асырылады. Осы жүйенiң кемшiлiгi болып, қатысушы – банктердiң күннiң соңында, төлем тапсырмасын айырбастау қағаз арқылы жүзеге асыруы табылады.
1996 жылы Қазақстанның Банкаралық Есеп айырысу Орталығына өзгердi, бұнда жаңартылған құрал жабдықтар енгiзiлiп, электронды төлем тапсырмасы мен жұмыс iстеуге мүмкiндiк бердi. Осы жылы Қазақстанның Банкаралық есеп айрысу орталығының базасында қазiргi уақыт режимiнде жалпы есеп айрысу жүйесiнiң негiзгi мiнездемесiн құрайтын жалпы негiзде есеп айрысуды жүзеге асыратын, электронды төлем тапсырмасын өңдейтiн iрi төлем жүйесi құрылады.
Бөлшек төлемдер нарығының дамуының мақсатымен және осы сферадағы Ұлттық Банктiң қызыметiмен ұсынылатын ұсыныстардың сапасының жоғарлауы 1999 жылдың 1- тамызында Ұлттық Банк обылыстық аймақтарындағы клирингтiк палаталар жабылды. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының территориясындағы банкаралық клерингтi Қазақстанның Банкаралық Есеп айрысу Орталығы “Тимей қаржы-өнеркәсiптiк компания” Жеке Шаруашылық Серiктестiгi жүзеге асырады. Тиімдi және қорғанысты төлем жүйесiнде банктiк және қаржылық секторлардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында Ұлттық Банкпен iрi төлем жүйесiнiң жүзеге асуына байланысты жұмыстар өткiзiлдi және оның шетелдерде қозғалатын жалпы есеп айрысу жүйесiне жақындауына әсер етедi.
Төлем жүйесiн басқарудың негiзгi мiндеттерi болып табылады :
Банк бөлiмшелерi арасында, аударым жүйелерi мен сыртқы төлем жүйелерi арасында төлем апараттарының айырбасын жүзеге асыру;
Банктер мен клиенттер үшiн төлемдердiң оптималды қозғалысы;
“Настро”сәйкестiк шотындағы ақшаның позиционирленуiнiң шындылығы;
Корреспондет – банктердiң есептi қызымет көрсетуiнiң сапалығы;
Банк клиенттерiнiң сұрақтары бойынша сыртқы институттармен контакт жасау;
Клиенттерден Экспорт-импорт есептiк модулiне валюталық бақылаудың әкiмшiлiк бөлiмшелерiне ұйымдастырылуы;
Процестердiң оптилизациясы;
Банк бөлiмшелерi мен басқарушылық қызыметкерлердiң басқару компетенция сұрақтары бойынша квалификацияларын көтеру.
Төлем жүйесiн басқарудың негiзгi функциялары:
филиалдан бас офистiң, клиенттерден филиалдардаың төлем ақпаратын қабылдау туралы уақытша регламенттердi анықтау;
төлемдер мен аударымдардың тарификациясы;
банктiң бөлiмшелерiмен құрылатын төлем форматтарын стандарттарын қадағалау бойынша қадағалау;
төлем аппаратына шолу жасау үшiн барлық ақпараттық қамтудың қызметiн iске асыру;
банк бөлiмшелерi мен сыртқы төлем жүйесiнен төлем ақпаратының қабылдауы мен өңделуi;
қаржылық мағлұматтарды криптография жүйесiн пароль мен телеграфтық кiлттер қолдану арқылы қорғанысты жүзеге асыру;
төлем ақпаратын сыртқы төлем жүйесiне жiберу;
корреспондент – банкпен төлем нұсқаларды қабылдау және орындау және т.б.
Ақша айналысы – бұл қолма – қол формадағы ақша қохғалысы, ол тауарды жүзеге асырады, қызмет көресетеді және олардың қолдан қолға өтуін алдын ала болжайды. Оның объективті негізі болып, тауарлық өндірісі табылады. Ақша арқылы тауар тауар айналымы процесі, биржалық нарық пен ссудалық капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады. Ақша нарығындағы, ссудалық нарықта және бағалы қағаздар нарығындағы барлық операциялар ақшамен қорланады.
Ақша айналымы – үздіксіз айналыста болатын қолма – қол және қолма қолсыз формада болатын барлық төлемдердің жиынтығын көрсетеді.
Төлем айналымы – белгеленген елде болатын, төлем қорларының қозғалысының үздіксіз процесі.
Қолма–қолсыз ақша айналымы – бұл ұйымдардың өзара талаптарының сынақтарында немесе банк шоттарында жазуды жазу жолымен қолма–қолсыз есеп айырысуды қолдану арқылы ақша айналымының жиынтық бөлігі.
Қолма–қол ақша айналысы - айналыс құралы рөлінде қолма-қол ақша қолданылатын ақша айналымының жиынтық бөлігі.
Қазақстан Республикасының территориясында төлем қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу түрiнде жүзеге асырылады. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен байланысты тұрғындардың есеп айырысуы, заңды тұлғалардың арасында есеп айырысу қолма-қолсыз түрiнде жүзеге асырылады.
Формаларды таңдау есеп жүргiзгендегi белгiлердiң ережеге сәйкес банктермен қадағаланады. Банк клиентке контрагенттер арасында қаражат қарызда қайта бөлудi болдырмауды, құжат айналымын жеңiлдетудi, оларды максималды жылдамдату қажеттiлiгiн есеп айырысу формаларын белгiлеуде, басшылық етуде кеңес бередi.
Қолма-қолсыз есеп айырысу келесi негiзгi жағдайларды сақтау кезiнде жүзеге асырылады:
төлеушi заңында немесе келiсiм шартта қарастырылатын толық немесе iшiнара жағдайларда төлем құжатында төлеуге бас тарту құқығы бар;
төлеушi келiсiмiнсiз оның шотынан қаражаттарды алып тастау рұқсат етiлмейдi;
төлеушiнiң жеке қаражаттары жүзеге асырылады, есеп құжаттары оның есеп шотында бар қосынды көлемiнен тәуелсiз орындала қабылданады;
сатып алушы есеп шотына қаражат төлеушiнiң шотынан қаражаттарды алып тасталынғаннан кейiн тiркеледi;
қолма-қолсыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн ақшалай құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң стандарттарына сәйкес келуi қажет;
төлеушi мен сатып алушы арасындағы есеп бойынша өзара шағын сот арқылы банкiнiң қатысуынсыз қарастырлады.
Қазақстан Республикасында төлем жүргiзу мен ақша аударымын жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды 1998 жылдың 29 маусымынан “Төлем және ақша аударымы туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.
ҚР территориясында төлем жүргiзу мен ақша аударымын жүзеге асырудың бiрнеше әдiстерi бар:
қолма-қол ақшаны жiберу;
төлем тапсырмасын ұсыну;
чектердi беру;
вексельдердi беру немесе оларды индоссамент арқылы жiберу;
төлем карточкаларын қолдану;
банктiк шотының тiкелей дебеттелiнуi;
төлем талап-тапсырмасын ұсыну;
инкассалық бұйрықты ұсыну;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген басқа да әдiстер.
Ақша аударымы бенефициардың пайдасына қарай банк алушыға ақша аударымы туралы бұйрықты ұсыну негiзнде жүргiзiледi. Қарастырылған заңнамалық актiлерде немесе сәйкес келiсiм шартта көрсетiлген болса, талап қою бұйрық банк алушының клиентi болып табылмайтын үшiншi тұлғамен ұсынылады.
Ақша аударымы келесiдей негiзгi әдiстермен жүргiзiледi:
ақша аударымы клиринг нәтижесiмен және жiберушiнiң әрбiр бұйрығының жеке орындалу жолы арқылы жүзеге асырылады;
клиринг нәтижесi бойынша ақша аударымы клирингқа қатысушылардың қарсы талаптарының сынақ процесiнiң аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. Алайда клиринг нәтижесi бойынша аударылым клирингке қатысушының өзiнiң қызмет көрсететiн банктен ақшаны алуын мiндет етпейдi. Керi сомадан пайда болған клиринг қатысушы оны жабу үшiн төлемдi жүзеге асырады.
жiберушiнiң әр бұйрығын жеке орындау жолы арқылы ақша аударымы басқа бұйрықтан туындайтын оның құқығы мен мiндеттемелерiнен тәуелсiз орындалады.
Бұйрықты электронды түрде ұсыну тек Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен талаптарын ескере отырып жасалынған уақытта ғана жiберiледi.
Ұлттық валютада қолма-қолсыз аударулар бойынша қолданушыларға қызмет ететiн ҚРҰлттық Банкiнiң банкаралық есеп айырысу Қазақстан Орталығы болып табылады.
Банктер әр түрлi шоттар ашады: есеп айырысу, ағымдық, дербес, депозиттiк, контокоррентiк және т.б. Бұндай шоттар жеке және заңды тұлғалар үшiн ашылады. Клиенттер тапсырмасы бойынша банк қызметкерлерi сейкес төлем құжаттары негiзiнде клиент шотына төлем құжатында көрсетiлген соманы есептейдi немесе шегередi.
Қолданушылардың ақшаларының аударылуы бұл орталықпен электронды төлем құжаттарды өңдеу арқылы жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүйенiң қолданушыларының позициялары бойынша операциялардың мәлiметтерiнiң бақылауы және мониторинг арқылы жүргiзiледi.
Қолданушылар мен Орталық арасындағы келiсiм шарттарда келесi мiндеттi шарттар болуы қажет:
қолданушы мен Орталықтың құқықтары мен мiндеттерi;
банк құпиясын сақтау және ақпараттық қауiпсiздiктiң режимiн орындау;
төлемнiң шарттары мен тәртiбi;
келiсiм шарттағы орындалмаған шарттар үшiн қолданушылардың және Орталықтың жауапкершiлiгi;
келiсiм шартты бұзу тәртiбi;
келiсiм шарттағы шарттардың өзгеру тәртiбi.
Негiзгi шарттардың бiрi ол Ұлттық Банкпен бекiткен пруденциалдық нормативтердiң орындалмағанына байланысты Ұлттық Банктiң бiр жақты құқығы.
Келiсiм шарттағы кейбiр шарттардың уақытша тоқтатылуының бiрi болып қолданушының инкассалық бұйрықтарының орындалуына ақшаның жеткiлiксiздiгi, оның жоқтығы.
Банкаралық есеп айырысу орталығы ақша аудару бойынша қолданушыларға қызметтерiн Ұлттық Банк өкiлеттiлiгi негiзiнде қызмет жүргiзiледi. Ұлттық Банк жүйенiң дұрыс жұмыс iстеуiн бақылайды.
Қолданушы мен Орталықтың арасындағы келiсiм шарт негiзiнде жүйе арқылы ақша аудару бойынша олардың мiндеттерi мен құқықтары төлем құжаттың Орталықпен акцептелген кезден ғана орындалады.
Банктер Орталықпен келiсiм шарт жасасқаннан кейiн ғана қолданушы статусына ие болады. Қолданушы мен Орталық арасындағы келiсiм шарттың жойылуымен банк қолданушы статусынан айырылады.
Банк қызмет көрсету туралы келiсiм шартқа отыру үшiн Орталыққа мынадай құжаттарды ұсынады:
жүйеге қосылу туралы арыз;
банктiк операцияларды орындау лицензиясы мен нотариалды куәландырылған қолданушы Жарғысының көшiрмесi;
банкке жүйе арқылы ақша аударуға қатысуы үшiн берiлген Ұлттық Банктiң оң шешiмi.
Банкке жүйе арқылы ақша аударуға қатыстыру туралы Ұлттық Банктiң оң шешiмi берiледi, егер:
банктiң Ұлттық Банкпен орнатылған пруденциалдық нормативтерiн орындаса;
ақша аудару бойынша клиенттер алдындағы келiсiлген мiндеттемелерiн уақытылы орындалса;
банктегi санкцияланбаған негiзулерден ақпараттарды технологиялық-бағдарламалық ұйымдастырушылық қорғауда қолданылатын шарттардың Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сай болса.
Қызмет көрсету туралы жасасқан шарт негiзiнде Орталық қолданушыға жүйе арқылы ақша аудару операцияларының есебi үшiн қызмет ететiн позициясын жеткiзедi. Орталықпен жасасқан жүйенi қолданушыларға қызмет көрсету туралы шарт негiзiнде Ұлттық Банк жүйенi қолданушы статусына ие болады.
Жүйе арқылы кредиттiк және дебеттiк ақша аударулар жүзеге асырылады.
Орталық жүйеде ақшаның қалуының есебiнен кезекте тұрған қолданушы төлем құжатының өзара есеп айрысуын орындайды және жүйенi қолданушылардың арасындағы ақша аударуды жүзеге асырады.
Орталық сәйкесiнше толтырылған, жазбаша түрдегi қолданушы - төлеушiнiң тек қана алдын – ала келiсiмi бойынша дебеттiк ақша аударуды жүзеге асырады. Осы келiсiмнiң көшiрмесi Орталық пен қолданушы жасасқан келiсiм шартқа тiркелуi тиiс.
Қатысушыларға байланысты есеп айырысу операциялары екi топқа бөлiнедi:
клиенттiк есеп айырысу операциялары (қатысушы клиенттер мен банктер).
Банкаралық есеп айырысу (қатысушы тек банктер).
Банкаралық ақша аударудың жүйесінің бағытталуы (МСР) соңғы және кері қайтарылмайтын ҚР ұлттық валютадағы төлемдерді жүргізуден тұрады. ҚР Ұлттық банксіндегі айналымда жүрген ақша қаражаттарының шегіндегі теңге есебінде. Ақша аударудың банкаралық жүйесінің төлемі тек қана электронды түрде жүзеге асады.
Ақша аударудың банкаралық жүйесі осы уақытта есеп айырысудың жалпы жүйесі болып табылады: Банкаралық есеп айырысу бойынша есеп айырысу қатысушылардың шоттары бойынша жалғыз ғана түрде жүзеге асырлады. Жүйедегі бір төлемнің сомасы шектелмеген. Осы Ақша аударудың банкаралық жүйесі арқылы кредиттік және дебеттік аударымдар да жүргізіледі. Дебиттік аударымдар төлеуші-банктің өз шоттарын дебиттеу алдын ала келісім бойынша жүзеге асырылады.
Ақша аударудағы банкаралық жүйесінің ағымдағы төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті қаражаттың болмауы жағдайында қолданушылардың Халық банкінен овердрафт алу мүмкіндігі қарастырылған.
Ақша аударудың банкаралық жүйесінің ҚР-ң Халық банкімен басқарылады. Ақша аударудың банкаралық жүйе операторы, яғни оның қызмет етуін қамсыздандыру болып, банкаралық есептің Қазақстан орталығы болып табылады.
Ақша аударудың банкаралық жүйесі қызмет етуі банктің заңды актілерімен анықталады. Ақша аударудың банкаралық жүйесі төлемін жүзеге асырудағы заңды негізін Қазақстанның Орталық банкаралық есеп айырысуы мен жүйені қолданушы арасындағы жасалған келісім-шарт жүзеге асырылады.
ҚР-ң Халық банкінде коррепонденттік шот ашқан банк операцияларының бөлек түрін жүргізу үшін лицензиясы бар кез келген ақша аудару банкаралық жүйені қолданатын банк немесе ұйым бола алады. Халық банкі ақша аудару банкаралық жүйесін қолданушы болып табылады.
2004 жылдың 1 қаңтарында ААБЖ-да 69 қолданушы тіркелген, соның ішінде 36 банк, қаржы министрінің қазыналық комитеті және 16 облыстық басқарушысы, 13 ұйым, банктік операцияларды жүзеге асырудағы бөлек түрлері, яғни мемлекетаралық банк халық банкі және кастадион банкі. Ақша аудару банк жүйесіне қатысу үшін әр қолданушыда жүйеге кіру бағдарламалық жабдық орнатылады.(терминал) Жүйеде ақша аударуы Ұлттық банктің жүйесіндегі шотында бар ақша сомасының көлемінде ған жүргізіледі.
Бүгінгі таңда банкаралық төлемдер мен ақша аударуды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының төлем жүйесі бұрынғы КСРО елдерінің арсында ең дамыған болып табылады. Бұл баға Халықаралық қаржылық ұйымдармен берілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі одан әрі қызмет ететін жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар өткізеді.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бөлшек төлемдер жүйесі клирингтік жүйемен сипатталады. Клирингтік жүйе бүкіл Қазақстан бойынша банкаралық төлемдерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Клирингті жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нормативті құқықтық актілермен анықталады. Бірақ клиринг жүргізу кезінде клирингтік ұйымдардың қызмет етуіне және ұйымдасуына қойылатын талаптар заңнамамен орнатылмайды. Осыған орай, клирингтік ұйымдар клирингтік жүйеде қызмет ету тәртібін өздері орнатуға құқылы.
Бөлшек төлемдер жүйесі әр түрлі қызмет көрсету салалары үшін төлінетін төлемдердің жиынтығы болып табылады. Оған салықтар мен басқалай міндетті төлемдер, тауар және материалды емес активтер үшін төлемдер, міндетті зейнетақы төлемдер және т.б. жатады. Бұл жүйеге қатысушылардың арасында коммерциялық банктер, Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық, «Казпочта» АҚ, Қазыналық комитетінің бөлімшелері бар.
ҚБЕО-ның (Қазақстандық банкаралық есеп-айырысу орталығы) клиринг жүйесі көпжақты нетто есеп-айырысу принципі бойынша қызмет етеді, яғни үлкен емес соммалы электронды төлемдерді жүргізуге арналған жүйе. Клирингтік жүйеде төлемдер тек қана тенгеде жүргізіледі.
Клирингтік жүйеде кредиттік аударымдар қолданылады. Жүйеге түскен барлық құжаттар жіберушімен операционды күн барысында қайта алынуы мүмкін. Жүйеде бір төлемнің максималды сомасына шек орнатылған. Ол үш миллион тенгеге тең.
Клирингтік жүйе тәулік бойы төлемдерді қабылдайды. Жүйеде төлемдерді жүргізудің тарифтері ҚР Ұлттық банктің келісуімен орнатылады.
Қазіргі нарықтық экономика тиімді және сенімді төлем жүйесіне тіренуі тиіс. Сондай жүйені құру Орталық банктердің негізгі мақсаты болуы тиіс.
Банкаралық нарықтардың қызметін қамтамасыз ететін нақты уақытта жалпы есеп-айырысу жүйесі ұлттық төлем жүйесінің негізгі нысаны болып табылады. Бұл жүйенің қауіпсіз және тиімді жүргізілуі қызмет көрсететін нарықтарға ғана емес, елдің қаржылық жүйесіне де әсерін тигізеді.
Жалпы алғанда төлем жүйесін дамыту үшін Ұлттық банкпен жүргізілетін шаралар операционды тиімділігін арттыруға, сенімділікке, төлем операцияларының уақытында және тез жүргізуіне бағытталған.
Электронды құжатайналымының жүйесі – электронды құжаттармен айырбастау жүйесі. Жүйеге қатысушылардың арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілермен реттеледі.
Электронда құжатайналымының жүйесіне қатысушылар электронды құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу және тарату процесіне қатысатын мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға, жеке немесе заңды тұлға болып табылады.
Электронды құжат – ақпарат электронды-сандық түрде көрсетілетін және электронды сандық қолмен куәләндырылған құжат.
Электронды құжатайналымы мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде келесі принциптерге сүйеніп жүргізіледі:
электронды құжатайналымының әртүрлі жүйелердің қызмет етуі;
мәліметтерді құру, өңдеу, сақтау және тарату үшін ақпараттық технологиялар қолданылатын әр түрлі қызмет салаларында электронды құжаттарды пайдалану;
әр түрлі ақпараттық жүйелер арқылы электрондық құжаттарды тарату.
Электронды қол—электронды сандар символының жиынтығы. Ол электронды сандық қол құрамымен электронды құжаттардың барын дәлелдейтiн, оның өзгермейтiн мазмұны.
Электрондық түрдегi сандық қойылған қолдардың жабық кiлттерi жеке тұлғалардың заңды және жеке меншiгi болып табылады. Тұлғаның электрондық түрдегi сандық бiрнеше кiлттерi болуына рұқсат етiледi. Ол кiлттер иелерiнiң рұқсатынсыз бөтен адамдарға берiлмейдi.
Қол қоюшы тұлға электронды түрдегi сандық қолды пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сүйенiп, өзiнiң өкiлеттi тұлғасына бере алады.
Мемлекеттiк ұйымның лауазымды тұлғалары электрондық құжаттарды куәландырған кезде электрондық түрдегi сандық қолды олардың қызметтерi шегiнде пайдалана алады.
Мемлекеттiк емес және корпоративтi электронды құжаттар жүйесiнде электронды сандық қолдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңы бекiткен тәртiпке сай қолданылады. Шетелдiк электронды түрдегi сандық қолдар Қазақстан Республикасының территориясында Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiм—шартымен қарастырылған тәртiп бойынша немесе тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiне енгiзгеннен соң қолданылады.
Тiркеу куәлiктерiн тапсыру тәртiбiн өкiлеттi орган бақылайды және куәландырушы орталық пен электронды құжаттармен жұмыс iстейтiн жүйелерiнiң қатысушылары үшiн мiндеттi болып табылады.
Тiркеу куәлiктерiнде мынадай мағлұматтар болуы керек:
тiркеу куәлiгiнiң нөмiрi және әрекет ету мерзiмi;
электронды түрдегi сандық қолдың иесiне толық мағлұмат беретiн мәлiметтер;
электрондық түрдегi сандық қолдың ашық кiлтi;
сол сияқты электронды түрдiң сандық қолдың жабық кiлтiн құруға қолданылатын құралдар туралы мәлiметтер;
электронды сандық қолды пайдалану саласы мен қолдану шегi туралы мағлұматтар;
сәйкес куәландырушы орталықтың реквизиттерi.
Тiркеу куәлiгiнiң көшiрмесi өкiлеттi орган бекiткен тәртiп негiзiнде куәландырушы орталықтарда 5 жылдан кем емес уақыт сақталады. Белгiленген мерзiм өткеннен кейiн тiркеу куәлiктерi Қазақстан Республикасының заң тәртiбi бойынша архивке өтедi.
Сұрақтар:
Банк операцияларының электронды жүйелерінің негізгі түрлері. Электронды құжатайналымының принциптері
Электрондық төлемдік құжат түсінігі. Электронды санды қол қою.
Қауіпсіздік процедуралары.
SWIFT электрондық төлемдер жүйесі сипаттамасы
Клиринг түсінігі
Клиринг операцияларының сыныптамасы. Клирингті жүргізу механизмі
Ірі төлемдерді аудару жүйесінің түсінігі. Ірі төлемдер жүйесінің қызмет ету принциптері
Жүйені қолданушылар. ҚР-да ірі төлемдер жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері
№18 дәріс. Банктік маркетинг: қағидалары, әдістері және стратегиялары
Мақсаты: банктiк маркетинг жайында түсiнiк алу
Есебі:
банктiк маркетингтің негiзгi түсiнiктерiн оқу;
банктiк сферасындағы маркетинг пен менеджмент туралы түсiнiк алу;
банктiк маркетингтiң принциптерiн, мақсаттарын және есептерiн, банктiң құрылымындағы маркетингтiң негiзгi қызметтердi, маркетингтiк кешенiнiң әдiстерi мен тетiктерiн, банктегi маркетингтiк стратегияларды бiлу, сонымен қатар банкттiк менеджменттiң сферасын, мазмұнын және ерекшелiгiн бiлу;
теориялық материалды тәжiрибеде қолдана бiлу.
Сұрақтар:
1. Банктiк маркетинг: негiзi, қағидалары, әдiстерi және стратегиялары.
2. Банктiк менеджмент: мазмұны, сферасы, банктi ұйымдастыру принциптерi, банктiк менеджменттiң спецификасы.
Маркетинг – бұл экономика, социология және басқару арасындағы ғылым. Нарықтық экономикада кез-келген кәсiпкерлiк нарыққа шығумен, барлық процестердi бiлумен және өнiмдердi алға жылжытумен аяқталады. Егер дамыған елдерде маркетинг жарты ғасырдан аса бұрын өнеркәсiпте тарау алса, оның соңын ала, 40 жылдай бұрын маркетинг iрi банктер аясында қолдауға ие болады. Қазақстандағы нарықтық экономиканың дамуы мен прогресi жағдайында банк маркетингi мен оның ерекшелiктерiн үйрену – бұл қажеттiлiк және банктiк менеджменттiң ажырағысыз бөлiгi болып саналады.
Банктiк маркетинг толығымен маркетингтiң жалпы қағидаларына негiзделедi, алуан түрлi қызметтердi орындайды. Маркетинг – бұл өндiрiспен және бәсекелестiктi ескере отырып тауарларды тұтынушыға жеткiзумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтiң түрi, кәсiпорындар қызметiн ұйымдастыру мен басқару жүйесi.
Банктiк маркетингтi маркетингтi маркетингтiң ерекше саласы, клиенттердiң нақты қажеттiлiктерiн ескере отырып, банк өнiмдерiнiң неғұрлым пайдалы нарықтарын iздеу және пайдалануға бағытталған коммерциялық, сол сияқты барлық басқа банктердiң қызмет түрлерi ретiнде қарау керек.
Банктiк маркетингтiң жалпы қағидалары келесiдей түрде болады:
нақты мақсаттарға жетудегi барлық банк қызметкерлерi әрекетiнiң бағдарланушылығы;
жоспарлауды, талдауды, реттеудi, бақылауды қамтитын банк қызметi процесiнiң кешендiлiгi;
маркетингтi болашақ және ағымдағы жоспарлаудың бiртұтастығы;
қабылданатын шешiмдерге бақылау жасау;
жұмыскерлердiң шығармашылық белсендiлiгiн ынталандыру, олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
ұжымды табысқа жету үшiн қызығушылықты арттыру.
Банктiк маркетинг “банк өнiмдерiн” көбейтуге бағытталған қызметтердiң нақты түрлерiн жүзеге асыру арқылы өз қызметiн жүргiзедi:
маркетингтiк зерттеулердi жүргiзу, ақпараттарды жинау, талдау;
банк өнiмiн жасау. Банктiң өз қызметiнiң сатушысы болуы.
Көрсетiлетiн қызметтер мен операцияларға баға белгiлеу.
Банк өнiмдерiн таратуды ұйымдастыру.
Маркетинг қызметiнiң нарықтағы табысы көп дәрежеде ахуалды жүйелi түрде ой елегiнен өткiзуге, банктiң күш жұмылдырушылығын үйлестiруге, мақсаттар мен мiндеттердi алдыға дәл қоя бiлуге мүмкiндiк беретiн стратегиялық жоспарлау сапасымен айқындалады.
Банктiк менеджменттiң жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестiру, ынталандыру және бақылау сияқты қызметтерi бөлiп көрсетiледi.
Банктiк менеджмент – клиенттердiң қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мен операциялар жасау және жаңа нарықтар қалыптастыру үшiн банктiң, жекелеген орындаушылардың мүдделерiне әсер ету процесi болып табылады.
Банктiк менеджмент сандық, сапалық және әлеуметтiк көрсеткiштердi орындауға бағдарланған.
Банктiк менеджменттi екi көзқарас тұрғысынан үйрену көзделедi: 1. Банк қызметi тарапынан; 2. Ұжымды басқару тарапынан.
Бақылау сұрақтары:
Банктiк маркетингке анықтама берiңiз.
Банктiк маркетингтiң принциптерiн, мақсаттарын, есептерiн атаңыз.
Банктегi маркетингтiң қандай негiзгi қызметтерi сiзге белгiлi?
Маркетингтiк кешенiнiң әдiстерiн және құралдарын атаңыз.
Банктiң маркетингтiк стратегиясын сипаттап берiңiз.
Әдебиеттер: 1(с.435-442), 3(с.489-538), 4(с.656-686,727-746), 7,22,35,39,40,41
№19 дәріс. Банктік тәуекелдер
Мақсаты: Банктік тәуекелдердің маңызын ашу.
Сұрақтар:
1. Банктік тәуекелдер деңгейіне әсер етуші факторлар.
2. Банк тәуекелдер жіктемесі.
3.Тәуекелдерді басқару қағидалары.
Банк тәуекелдігі дегеніміз банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.
Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.
Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді заладар тәуекелдігі нашар несиелік портфелмен, конъюктураның толық есептелінбеуінен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға ұшырауына қаупін төндіреді. Жалпы кез келген қызмет түрі міндетті түрде белгілі бір тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез келегн кәсіпорын сияқты банк те жоғалтулар мен банк тәуекелдігіне ұшырауы мүмкін.
Шыныда да, банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып, шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды.
Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, оған банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелдікке баруға дайын болса, ал екіншілері үшін, банкке сеніп тапсырылған қаржаттардың сақталуы ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындағы ықшамды қатынасты ұстап отыру, банкті басқарудың біршама қатынасты ұстап отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.
Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфелімен байланысты болып, яғни банктің қаражатына жұмсалынған қаржылық активтермен байланысты.
Тәжәрибеде төрт басты портфелдік тәукелдік түрлері белгілі: несиелік, өтімділік, пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, валюталық тәуекелдік.
Несиелік тәуекелдік - қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындамауымен байланысты банктік қарыз бойныша төлем төлемеу тәуекелдігі.
Несиелік тәуекелдікті төмендетудің бірнеше тәсілдері бар:
1.Банктік қарыздар портфелін диверсификациялау, яғни бір қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшерін белгілеу арқылы азайту. Бұл тәсіл банк клиентінің несиелік қабілеттігінің жеткіліктігіне сенімсіз болған кезде қолданылады. Қысқартылған несие мөлшері, оны қайтармаған жағдайда зиян шегу шамасының қысқаруына мүмккіндік жасайды.
2.Несиелік қабілетін талдау, яғни қарыз алушының несиені өтеу мүмкіндігін талдау. Көптеген банк осы әдісті қалайды, себебі ол несиенің қайтарлымауына байланысты мүмкін болар барлық зиянның алдын алады.
Несиелік қабілетті бағалау қарыз алушының қаржылық жағдайының тәуекелдігін және олардың талдауын сипаттайтын көрсеткіштер есебін білдіреді. Ондай көрсеткіштерге келесілер жатады:
абсолюттік өтімділік коэффициенті - бұл ақшалай қаражаттар + бағалы қағаздардың қысқа мерзімді міндеттемелерге қатысады;
аралық өтеу коэффициенті – бұл ақшалай қаражаттар + бағалы қағаздар + есеп айырысудағы қаражаттадың қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасы.
Соңғы уақытта шетелдік банктік тәжірибеде қарыз алушыны баллдық баға беру арқылы негізделген әдіс кеңірек қолдануда. Ол клиенттің рейтингін жасауды ұсынады.
Несиелерді сақтандыру, несиенің қайтарылмай қалу тәуекелі оны сақтандырумен айналысатын ұйымдарға толық өтеуін сипаттайды. Несиелерді сақтандырудың бірнеше жолдары бар, бірақ оларды іске асырумен байланысты шығындардың барлығы қарыз алушыға тиісті болып келеді. Біздің республикамызда несиелерді сақтандырумен сақтандыру компаниялары айналысады.
Өтімділік тәуекелі. Ең жақсысы оны балансталмаған өтімділік тәуекелдігі деп атау керек. Ол қаржылық активтерді тез арада шығынсыз төлем қаражаттарына айналдыру мүмкінсіздігімен байланысты. Банктерде өтімділікті қамтамасыз етудің екі түрі болады: ішкі және сыртқы.
Ішкі өтімділік – инвестордың көзінше ақшаны орналастырудың сенімді объектісі болып табылатын, тұрақты нарығы бар тез іске асырылатын активтер. Бұған мемлекеттің бағалы қағаздары – 1,3,6,9 ай ішіндегі қазыналық вексельдер жатады.
Сыртқы өтімділік – оның өтімді қаражаттар қорын ұлғайтатын кейбір міндеттемелерді банктің нарықтан сатып алу жолымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Бұл тәуекелді Ұлттық банктің белгіленген міндетті өтімділік нормасын сақтау жолымен, сол сияқты орналастырылған активтер мен банк пассивтерінің қайтарлыу мерзімдерін көлбеу жолымен басқарады.
Өтімділік деңгейін қамтамасыз ету тәсіліне төмендегілер жатады:
пайыз мөлшерлемесінөзгерту жолымен жаңа депозиттер тарту;
айналыста жүретін депозиттік сертификаттар, облигациялар, т.б. Шығару;
қарыздар және бағалы қағаздар портфелінің бір бөлігін сату;
пассивтерді диверсификациялау, яғни қарыздарды ұсақ мөлшері бойынша жинақтау;
несиелерді қайтарып алу;
Ұлттық банктен, т.б. несиелер алу.
Қажетті өтімділік деңгейін ұстап отыру үшін, банк пассивтің төмендеуі және несиеге деген сұраныстың ұлғаюы, яғни конъюктуралық өзгеру мүмкіндігін болжауға тиіс.
Пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелдігі – бұл пайыз мөлшерлемелерінің ауытқуы салдарынан мүмкін болатын зияндар. Пайыз мөлшерлемесінің артуы, тұрақты пайыз әкелетін бағалы қағаздар бағасының түсуіне жол беріп, нәтижесіне банктің портфелінің құнсыздануына және бағамдық зияндардың болуына әкеледі. Әр түрлі нарық сенменттеріндегі пайыз мөлшнрлемелерінің секірмелі өзгерісі бакнтің операцияларының пайымдылығына қатты әсер етеді.
Пайыз тәуекелді, қарыздар мен тартылған қаражаттардың қайтару мерзімдері сәйкес келмесе немесе активтік және пассивтік операциялар бойынша мөлшерлемелер әр түрлі тәсілдермен белгіленген жағдайда пайда болады. Соңғысын мысал ретінде, Ұлттық банк ресурстары жоғары пайыздық жеңілдікпен несиеге берген жағдайдан көруге болады.
Пайыз тәуекелдігін келесідей тәсілдер көмегімен төмендетуге болады.
пайыз тәуекелдігін сақтандыру -несиелік тәуекелдіктен сақтану сияқты тәуекелділікті толығымен сақтандыру ұйымына беруді білдіреді;
өзгермелі пайыз мөлшерлемесінен несиені беру – банкте шарт өзгерген жағдайда, соған сәйкес пайыз мөлшерлемесін өзгертуге мүмкіндік береді;
мерзімді келісімдер- банк пен қарыз алушының арнайы форвард келісімін жасау, яғни қарызды келісілген мерзімде белгілі мерзімге белгілі бір сомадан және белгіленген мерзімге беру туралы келісім жасаумен байланысты тәуекелден қорғану әдісі;
пайыздық фьючерстік контрактілер. Олар пайыз мөлшерлемесіндегі ойындар үшін пайдаланылатын мерзімді контрактілерді білдіреді. Шарт бойынша құжатты белгілі бір мерзім өткеннен кейін, келісілген уақытта болашақтағы тұрақты бағада сатып алады;
Валюталық тәуекел – ұлттық валютаға қатысты шетел валюталарының бағамдарының өзгерісімен байланысты валюталық зиян шегу қаупі. Валюталық тәуекел бір валюта бағамдарының әр түрлі валюта нарықтарында сәйкес келмеуінен немесе әр түрлі уақыт кезеңінде валюта бағамдарының айырмашылығынан түзілетін алып-сатарлық табыс алуға тырысатын банктерде өте жоғары келеді.
Валюталық тәуекелдікті төмендету мақсатында көбіне пайызық тәуекелдік қолданылатын әдістер пайдаланылады. Сонымен қатар несиелік келісім шарт тағы ақшалай міндеттемелердің валюта бағамдарының өзгеруіне байланысты өзгерісінің алдын алу үшін төлем құралы ретінде тұрақты валютаны таңдау әдісі қолданылады.
Банктік қызметпен байланысты емес сыртқы тәуекелдердің деңгейіне өте ірі санды себепкер шарттар ықпал етеді – саяси, экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, жағрафиялық. Ал, ішкі тәуекелдер банктің өзінің қызметімен, оның клиенттерімен немесе нақты контрагенттерімен шартталған, олардың деңгейіне банктің өзінің басқарушылық іскерлі белсендігі, қолайлы маркетингті бағдарламаны, саясатты, әдіс-тәсілді таңдауы және де басқа себепкер шарттар ықпал етеді. Сыртқы тәуекелдерге елді, валюталық тәуекелдер жатады.
Елдік тәуекелдер банктердің қызметімен және банктік мекемелерін интернационализациялауымен, жаханды тәуекелдердің болуымен тікелей байланысты, ел-клиенттерінің және ел-контрагенттерінің, импортерлардың немесе экспортерлардың саяси-экономикалық тұрақтылықтан байланысты болады.
Тәуекелдер деңгейінің талдауы кезінде әдетте мынадай әдістерді қолданылады: осы елді зерттейтін сарапшылар мен мамандарды тартады; тікелей елде тәжірибені оқып біледі; көп нұсқалы статистикалық және математикалық есептеулер қолданылады; елдің дамуын анықтайтын жинақталған жиынтығын және себепкер шарттардың салмағын қолданылады.
Қаржыландыру бойынша міндеттемелерді жүзеге асыруына дейін: жоғары тәуекелі бар елдерді инвестициялауынан тартыну, салмағына қарай елдің сараптамасы және елдік тәуекелдің әртүрлі түрлерінің деңгейі; қаржы нарықтарын сегменттеу, несиелерді диверсификациялау, яғни қаржыландыруда бірнеше банкттердің немесе мемлекеттердің бірлескен қатысуы, сонымен қатар банктің шетелдік активтер портфелінің бөліп орналастыру. Халықаралық несие келісім-шарты бойынша міндеттемелерді орындау кезінде: сарапшылардың ақпараты мен қорытындысын қолдану негізінде елдік тәуекелдің әртүрлі түрлерінің пайда болу мүмкіндігіне стратегиялық, ағымды және жедел бақылауларын тұрақты жүзеге асыру; қаржылық жағдайы нашарланып жатқан елде активтерді қысқарту, тәуекелді құнды қағаздарға диверсификациялау; акционерлік емес меншік нысандарын қолдану негізіндегі тәуекелді трансформациялау: басқарушылық келісім-шарттар, франчайзинг, өтемақылық мәмілелер және сол сияқтылар.
Валюталық тәуекел - банктік операциялар нарығын интернационализациялауымен, трансұлттық кәсіпорындардың, банктік мекемелерінің құрылуымен, олардың қызметтерінің диверсификациялауымен байланысты және де валюталық бағамдарының толқуы нәтижесіндегі ақша жоғалтымдарының мүмкіндігін көрсетеді.
Банктердің валюталық тәуекелдері валюталық ұстанымның ашылуы кезінде пайда болады. Сонымен қатар несие ұсыну валютасы мен төлем валютасы түйіспесе, валюталық тәуекел де орын алады. Бір банктің бірнеше филиалдарының бірлескен төлемдерін жүргізуі кезінде валюталық тәуекел пайда болуы ықтимал.
хеджілеу, яғни әр тәуекел мәміле үшін өтеулі валюталық ұстанымды құру. Басқа сөзбен айтқанда, бір валюталық тәуекелдің – табыс не шығыстың өтемі – басқа сәйкес тәукелемен пайда болады;
екі түріне ие болатын валюталық своп. Біріншісі, параллельді несиелерді ресімдеуді көрсетеді, екі тарап екі түрлі елде теңшамалы несиелерді өтеудің бірдей мерзімі мен әдісі, бірақ түрлі валюталардағы көрінісімен. Екінші нұсқа – «своп» ставкасы бойынша валютаны сатып-алу немесе сату екі банктің арасындағы қарапайым келісімі. Параллельді несиелерден айырмашылығы своптар проценттік төлемін қоспайды;
активтер мен пассивтер бойынша өзара есеп, валютаның қайту шамасынан түсу валютасын шегеру жолымен банк басқармасының олардың мөлшеріне ықпал ету мүмкіндігі болады.
Банк операцияларының сипатымен байланысты тәуекелдер. Банк операцияларының сипатынан байланысты тәуекелдер балансты және забалансты операцияларының ерекшелегімен байланысты болуы мүмкін; біріншісі де, екіншісі де активті және пассивті операцияларынының тәуекелдеріне бөлінеді.
Дәл пассивті операциялар көмегімен банк активті банк операцияларын жүзеге асыру үшін өзінің ресурстарын реттейді. Коммерциялық банктердің пассивті операцияларына жатады: жарғылық капиталды қалыптастыруына табыстан сом аудару; түрлі заң тұлғаларынан алынған несиелер шамасы; депозиттік операциялар.
Пассивті операцияларының тәуекелдері – активті және ресурстарды қамтамасыз етудегі қиыншылықтардың мүмкіндігімен байланысты. Әдетте бұл тәуекел, салымшыны анықтайтын үнемді қызметпен байланысты.
Депозиттерді қалыптастыру бойынша тәуекелді алдын-алу үшін пассивті және активті депозитті операциялар арасындағы қолайлы қатынасты сақтай керек, яғни кәсіпорындардың банкке салымдары және бір банктің басқа банкке салымдарды орналастыру.
Активтерді басқару – банктің өзінің ликвидтік деңгейінен және құнды қағаздарынан оның клиенттерінің портфелінен, сонымен қатар нақты бар бәсекенің деңгейінен тәуелді болады, ал пассивтерді басқару – ссуда ұсыну үшін қаражаттардың қол жетімділігінен байланысты. Номиналды және нақтылы проценттік ставкілер айырылады.
Номиналды және нақтылы проценттік ставка тең болады: күтілетін, нақты, тәуекелсіз проценттік ставка + күтілетін инфляция деңгейі + тәуекел – түзу (уақытты сақтамау тәуекелі, өтемеу тәуекелі).
Реалды проценттік ставка – тұтынушыны мүдделендіру, оның табыс бөлігін қорғау үшін қажетті проценттік ставкасының деңгейі.
Проценттік тәуекелді басқару үшін оның минимизациялаудың мынадай әдістері қолданылады: проценттік ставкілерінің деңгейін болжау; қайтару мерзімі бойынша және үлестік ставкілерді бекіту әдісімен активтер мен пассивтерді келістіру: проценттік своптарды жүргізу; резервтер мен провизияларды құру; фьючерстер мен опциондар арқылы хеджерлеу және т.б.
Жылжымалы проценттік ставкасындағы несие борышкер адамды проценттік ставкасының көтермелеуінен жоғалтымдар тәуекеліне ұшыратады. Проценттік ставкілерінің деңгейін болжамы макроэкономикалық жағдайының дамуы сапалы талдауы мен болжауында негізделу қажет және де несие ресурстары нарығының қатысушылардың күтімінде осы өзгерістердің ықпалын ескеру. Қазақстандағы инфляцияның қарқынының болжамы соңғы жылдары көп жағдайжа проценттік ставкілер динамикасының анықтауыш себепкер шарт болды.
Хеджерлеу дегеніміз тәуекелге ұшырау мүмкіндігін төмендету немесе өтеу бойынша әрекеттер. Хеджерлеудің негізгі міндеті болып – проценттік ставкілерінің жағымсыз өзгерістерден қорғау табылады. Тәуекелді хеджерлеу туралы шешім Басқару деңгейінде қабылданады.
№20 дәріс. Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлемқабілеттілігін басқару
Мақсаты: коммерциялық банктің өтімділігі мен төлемқабілеттілігін басқару түсінігін ашу
Есебі:
Берілген тақырып терминімен түсінігін аша білу;
Коммерциялық банк өтімділігі мен төлемқабілеттілігін талдау жөнінде түсініктеме;
Коммерциялық банк өтімділігі мен төлемқабілеттілін анықтайтын факторларды білу;
Сұрақтар:
1.Банк өтімділігі жөніндегі түсінік
2.Төлемқабілеттілік түсінігі.
3.Банк өтімділігі мен төлемқабілеттілігінң негізгі көрсеткіштері.
4. Банктің өтімділігі және оны анықтайтын факторлар.
5 Өтімділіктің функциялары.
6 Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаты.
Халықаралық банк терминологиясынан өзгешелiгi, отандық экономикалық әдебиеттерде екi ұғым – банк балансының өтiмдiлiгi мен соңғының төлемқабiлеттiлiгi жиi түрде араласып кетедi. Егер алғашқыны үлкен дәрежедегi банктiң өз iсi деп санайтын болсақ, онда банк белгiленген қалыптар деңгейiнде өзiнiң өтiмдiлiгiн ұстап тұру тәсiлдерiн өзi таңдайды, ал екiншiсi, негiзiнен, Ұлттық банкi атынан мемлекет орындайтын қызметке жатады.
Сөзбе сөз алғанда “өтiмдiлiк” терминi өткiзудiң, сатудың, материялдық құндылықтардың ақшаға айналуынын жеңiлдiгiн бiлдiредi. Банк активтерi олардың ақша формасына жеңiл айналушылығына қатысты өтiмдi немесе өтiмдi емес қаржы ретiнде анықталады. Банк активтерiн олардың өтiмдiлiк дәрежесi бойынша үш топқа бөлуге болады: 1. Тез арада дайын болатын өтiмдi қаржылар немесе бiрiншi сыныпты өтiмдi қаржылар. Оларға жататындар касса, қор, есеп шоттағы қаржылар, бiрiншi сыныпты векселдер және мемлекеттiк бағалы қағаздар. 2. Ақшаға айналуы мұмкiн банктiң иелiгiндегi өтiмдi қаржылар. Биржада тiркелген, бағалы қағаздар түрiнде шартты түрде өткiзiлетiн, банктiң пайдасына таяудағы 30 күн iшiнде орындалуы тиiс. Несиелер мен өзге құндылықтар мен төлемдер. 3. Өтiмдi емес активтер – бұл кешiктiрiлген активтер мен қайтарылуы белгiсiз қарыздар, негiзгi қорларға жататын банктiң иелiгiндегi ғимараттар мен құрылыстар.
Баланс өтiмдiлiгi. Егер оның жағдайы актив бойынша қаржыларды тез өткiзу есебiнен пассив бойынша шұғыл мiндеттемелердi жабуға мүмкiндiк беретiн болса, баланс өтiмдi деп саналады. Өзiнiң мiндеттемелерiн орындау ұшiн банк активтерiнiң ақша формасына тез айналу мүмкiндiгi, бiрқатар факторлар арқылы алдын ала анықталады. Олардың iшiнде қаржыларды орналастыру мерзiмiнiң ресурстарды тарту мерзiмiне сәйкес келушiлiгi шешушi фактор болып саналады.
Баланстың өтiмдiлiгiне оның активтерiнiң құрылымы әсерiн тигiзедi: активтердiң жалпы сомасындағы бiрiншi сыныпты өтiмдi қаржылардың үлесi неғұрлым көп болса, банктiң өтiмдiлiгi соғұрлым жоғары болады. Халықаралық банк тәжiрибесiндеi кассадағы ақша ғана емес, сонымен бiрге аталмыш несие институтының банктегi ағымдық есеп шотында болатын ақша қаражаттары да кассадағы қол ақша болып саналады. Банк ұлттық банкте мемлекет кепiлдiк берген бағалы қағаздарды қайта есепке алуы мүмкiн бiрiншi сыныпты қысқа мерзiмдi коммерциялық векселдер нарықтық экономикалы елдерде өтiмдi баптар болып саналады. Ұзақ мерзiмдi бағалы қағаздар түрiндегi банк инвестицияларының өтiмдiгi неғұрлым аздау, оның себебi қысқа мерзiм аралығында оларды өткiзу әрқашанда мүмкiн бола бермейдi. Ұзақ мерзiмдi ссудалар мен қозғалмайтын мүлiк салымдары өткiзуi қиын активтер ретiнде қарастырылады.
Одан басқа, банк өтiмдiлiгi жекелеген активтi операциялардың тәуекел дәрежесiне де байланысты болады: банк балансында тәуекелдi активтердiң үлесi неғұрлым жоғары болса, оның өтiмдiдiгi соғұрлым төмен болады. Мәселен, қалыптасқан тәжiрибеде сенiмдi активтерге қолма-қол ақша қаражаттарын жатқызу қабылданған, ал жоғары тәуекелге – банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары жатқызылады.
Сонымен, өзiнiң ақша қаражаттарының сомасы банкке өзге көздерден тез жұмылдыру арқылы пассив бойынша мiндеттемелердi уақыттылы орындауға мүмкiндiк беретiн болса, онда банк өтiмдi болып саналады. Мынаны атап өту көзделедi: өзiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында банк ақша нарығының, клиеттiң, әрiптес банктiң қаржылық жағдайының өзгеруiмен байланысты туындауы мүмкiн алдын ала болжап бiлмеген жағдайларды түзеуi үшiн белгiлi өтiмдi резервке ие болуы қажет.
Банк балансының өтiмдiлiгi активтер мен пассивтердiң арақатынасынан, активтердiң құрылымын көрсететiн арнайы көрсеткiштердi есептеу арқылы бағаланады. Халықаралық банк тәжiрибесiнде бұл мақсаттар үшiн жиi түрде өтiмдiлiк коэффициенттерi пайдаланылады. Өтiмдiлiк коэффициенттерi пассивтердiң белгiлi баптарымен немесе керiсiнше пассивтердiң активтермен несие беру мекемесi балансы активiнiң әртүрлi баптарымен арақатынасын бiлдiредi. Негiзiнен өтiмдiктi бағалау үшiн қысқа мерзiмдiк және орта мерзiмдiк өтiмдiк коэффициенттерi қолданылады, олар қысқа мерзiмдi өтiмдi активтердiң немесе пассив мерзiмдерi бойынша тиәстi орта мерзiмдi активтердiң қатынасы ретiнде есептеледi. Нарықтық экономикалы бiрқатар елдерде банктер өтiмдiк коэффициенттерiн өтiмдiк қалпының белгiлi деңгейiнен төмен түсiрмей ұстап тұруға мiндеттi болып саналады.
Бұл елдердегi өтiмдiк қалыптарын банк пен валюталық бақылау органдары белгiлесе, екiншi бiр елдерде банк заңдылықтарымен белгiленедi, олардың мөлшерi жинақталған тәжiрибе мен нақты жергiлiктi жағдайларды ескере отырып анықталады.
Төлемқабiлеттiлiк банк өтiмдiгiнiң негiзi болып қызмет етедi. Төлемқабiлеттiлiк өзiнiң мiндеттемелерi бойынша қажеттi мерзiмде және толық сомада жауап бере алатын банктiң қабiлеттiлiгi ретiнде түсiндiрiледi. Дегенмен, ол баланстың өтiмдiгiне ғана емес, сонымен бiрге бiрқатар өзге факторларға да тәуелдi болады. Олардың қатарына жататындар: елдегi немесе аймақтағы саяси және экономикалық хал-ахуал, ақша нарығындағы жағдай, ұлттық банктiң қайта қаржыландыру мүмкiндiгi, бағалы қағаздар нарығының дамуы, кепiлдiк және банк заңдылықтарының болуы мен жетiлдiру,банктiң меншiктi капиталмен қамтамасыз етушiлiгi, клиенттердiң және әрiптес банктердiң сенiмдiлiгi, банктегi менеджмент деңгейi, аталмыш несие мекемесiнiң мамандануы мен көрсетiлетiн банк қызметiнiң алуан түрлiлiгi және өзге де факторлар.
Қазiргi жағдайдағы банктердiң коммерциялық қызметi елдегi ресiмделген ақша нарығының жоқтығынан, клиенттер мен мамандардың несие мекемелерi жұмысының жаңа мазмұнына дайын еместiгiнен қиындықтарға кезiгуде.
Баланстардың өтiмдiгiн коммерциялық банктердiң ұстап тұруы мақсатында мынадай көрсеткiштер белгiленген: банктердiң (К1) мiндеттемелерiн шектеу, азаматтардың салымдарын (К2) шектеу, банк балансының ағымдағы өтiмдiк коэффициентi (К3).
Банктiң меншiктi қаржысы мен оның мiндеттемелерiнiң (К1) арақатынасы өзiнiң экономикалық мазмұны бойынша банктердiң өзiне қабылдайтын мiндеттемелерiнiң көлемi мен оның капитал сомасы арасындағы тәуелдiлiктi белгiлеуiн бiлдiредi: соңғының мөлшерi неғұрлым көп болса, мiндеттемелер сомасы соғұрлым көп болады.
Банктердiң қаралған өтiмдiк көрсеткiштерi талаптарының сақталуы ҚР Ұлттық банкiнiң, сол сияқты коммерциялық банктердiң өздерi қабылдайтын әртүрлi әдiстерi мен тәсiлдерi қамтамасыз етiледi.
Бақылау сұрақтары:
Банк өтімділігі дегеніміз не?
Банктің өтімділік көрсеткіштерін атаңдар
Банк төлемқабілеттілігі дегеніміз не?
Әдебиет: 1(с.413-434), 2(с.140-168), 3(с.419-440), 4(с.212-242), 7,25(с.89-95), 31(с.113-125), 38(с.98-115), 46(с.50-56)
№21 дәріс. Коммерциялық банк қызметінің қаржылық нәтижесін талдау
Мақсаты: Коммерциялық банк қызметінің қаржылық нәтижесін талдаудың маңызын ашу
Есебі:
Берілген тақырып терминімен мәнін білу;
Коммерциялық банк қызметінің қаржылай нәтижесін талдау жөнінде түсініктеме;
Теоретикалық материалды практикада қолдана білу;
Сұрақтар:
1.Коммерциялық банк балансы жөнінде мәлімет.
2.Банк балансын құрудағы принциптері
3.Балансың активтік және пассивтік шоты.
Коммерциялық банк балансы – бұл бухгалтерлік баланс, онда банктің жеке және жұмылдыру қаражатының жағдайы қарастырылады.
Баланс мәліметі бойынша ақшалай ресурстарды қалыптастыру және орналастыруға бақылау жүргізіледі.
Коммерциялық банк балансы олардың есеп және есептемесінің басты бөлігі болып табылады.
Оларды талдау банк өтімділігін бақылауға, банк қызметін басқаруды жетілдіруге мүмкіншілік береді. Басқалай банк есебін қолдана отырып, банк жетекшілігі несие беруде, корреспонденттік қатынастарды орнату кезінде олардың жұмыс жағдайымен танысады.
Банк балансы коммерциялық ақпарат құралына жатады, олар негізгі талабына жауап береді: оперативтік, нақтылық.
Банк балансын құру кезінде экономикалық біркелкі белгісі бойынша операцияны топтастыру принципі қолданылады.
Банк балансы номенклатурасының шоты баланстық және баланстан тыс болып бөлінеді.
Баланстық шот активтік, пассивтік және активтік – пассивтік болады.
Пассивтік шотындағы қаражат басқалай банктік операцияларды өткізу және несиелеу үшін банк ресурсы болып табылады.
Активтік шотындағы берешек осы ресурстарды пайдалануды көрсетеді.
Пассивтік шотында банк қоры, кәсіпорын мен ұйымның қаражаты, депозиттер, банк пайдасы, кредиторлық берешек, басқалай пассивтер және жұмылдыру қаражаты көрсетіледі.
Активтік шотында банк кассасындағы қолма-қол ақша, қысқамерзімді және ұзақмерзімді несиелер, мемлекеттік бюджет шығыстары, капитал жұмсауға шығыстар, дебиторлық берешек, басқалай активтер есептелінеді.
Баланстан тыс шотында құндылықтар мен құжаттар қозғалысы көрсетіледі.
Оған мемлекеттік баж салығын төлеу белгілері, акция бланкілері, тапсырма бойынша акциялар, аккредитив бойынша құжаттар жатады.
Банк қызметін талдауға сәйкес келетін тәсілдер көбінесе оның түрлері және әдістерімен анықталады. Несиелеу сұрағын шешу мен басқалай корреспонденттік қатынастарды орнату кезінде жалпы өтімділік пен пайдалылық жағдайын шешу қажет.
Талдаудың үлгісі негізінде модифицирленген баланстық теңдеу жатыр;
Активтер = Пассивтер, банктің айналым қаражатын пайдалану тиімділігін талдау үшін баланс теңдеуі.
Талдау үлгісінің басты мақсаты банктің өтімділік деңгейі мен пайдалылық көлемін айқындаудан емес, пайдалылық пен өтімділік арасындағы баланстау позициясынан банкінің қаржылық жағдайын жан-жақты айқындаудан аяқталады.
Талдау үлгісі пайдалылық пен өтімділік үйлесімді ара-қатынасын айқындауға мүмкіншілік береді.
Топтастыру әдісі баланс мәліметін жүйелендіру жолымен талданатын құбылыс пен процесс маңызын ажыратуға жағдай туғызады.
Детализация дәрежесі, сонымен бірге баланс активі мен пассиві баптарын топтастыру ерекшеліктері өткізілетін аналитикалық жұмыс жолымен анықталады.
Бақылау сұрақтары:
Банк пайдасына анықтама беріңдер.
пайданың қайнар көзі болып не табылады?
Банк шығынына анықтама беріңдер.
Әдебиет: 2(с.115-139), 3(с.539-555), 4(с.568-571,670-672), 7,25(с.86-93), 38(с.96-125), 46(87-96)
№22 дәріс. Банк ашу және банктік операцияларды лицензиялау тәртібі. Қайтақұрылымдау. қайтаұйымдастыру.
Мақсаты: банктік ашу және банк атқаратын операцияларды лицензиялау тәртібін ашу
Есебі:
берілген тақырып терминінімен негізгі түсінігін білу;
банктік сферада аудит және қадағалау жөнінде түсініктеме;
банктік қадағалау есебін, формасын білу;
Сұрақтар:
Мемлекеттік тіркеу және банкті заңды тұлға ретінде рәсімдеу.
Банктік операция лар жүргізуге рұқсат беруден бас тарту, лицензия берілмеу себептері.
Банк филиалдарын, есеп-кассалық бөлімшелерін ашу тәртібі.
Банктерді еркін және мәжбүрлеп тарату.
Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiк алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз керек.
Қазақстанда банктік қызметтің дамуы нәтижесінде оның клиенттерінің және сыртқы ортаның сұранымдары өсе бастады. Осыған байланысты банктердің алдында инновациялық банктік қызметтерді құруға қатысты көптеген тапсырмалар тұр. Сол тапсырмалардың ішінде кейбір маңызды мәселелеріне тоқталып өтейік.
Қазіргі кезде елдің ең маңызды мәселесі - экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарды ұзақ мерзімді инвестициямен қамтамасыз ету. Ол Қазақстанның 2015 жылғы инновациондық - индустриялдық дамуының бағдарламасында толық қарастырылған. Осыған байланысты Қазақстанның банктерінің инновациялық жобаны қаржыландыруының жаңа әдісі, яғни жобаны несиелендіру болып қарастырылады. Қазақстанның банктерінің қызметтерін қадағалағанда, жобаны несиелендірудің дамуы қажетті көрсеткішті көрсетпеді. Тағы бір мәселе, ол банктердің өздеріне байланысты болып тұр, өйткені олар кейін алған ақшаларын қайтара алады ма, жоқ па, белгісіз. Егер де банктердің несие алушылыры несиені толық қайтара алмаса, сәйкесінше банктер де алған қаржысын қайтара алмайды.
Қазақстан Республикасының банктік жүйесінің тұрақты болуының ең басты мәселелері, олар:
- қатаң құқықтық фундамент;
- қадағалаудың тиімді жүйесі
- ұтымды менеджмент;
Жалпы қаржылық жағдайды анықтауда банктің негізгі көрсеткіштерін және капиталдың сәйкестілігін, активтердің сапасын басқаруды (менеджмент), табыстылығы мен өтімділігін бағалайтын САMЕL жүйесін қолданған дұрыс болады.
САМЕL рейтинг жүйесі – қаржылық есеп беру мәліметтері мен инспекциялық тексерулердің нәтижесі бойынша банктің жағдайында баға беруге болатын банктіік қаржылық талдау әдісі.
Рейтинг жүйесінің САМЕL атауы талданатын компонентердің алғашқы әріптерінен құралған:
С – (capital adequacy) – капиталдың жеткіліктілігі, мұнда банктің міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін капталдың жеткіліктілігі, яғни меншікті капиталың көлемі бағаланады.
А – (asset quality) – активтердің сапасы, мұнда активтердің сапасы анықталады, сонымен бірге, несиені қайтаруды қамтамасыз етуге және проблемалы несиенің жалпы банктің қаржылық жағдайына әсер етуіне баға беріледі.
М – ( management) менеджмент – банк қызметінің тиімділігіне, қалыптасқын жұмыс тәртібі мен заңды және нормативтік актілердің талаптарының орындалуына бақылау әдістерін ескере отырып, банкті басқару әдістері бағаланады.
Е – (Earnings) – табыстылығы (пайдалылығы) – банктің қызметтерді кеңейту перспективалары үшін, оның табысының жеткіліктілігі тұрғысынан банктің рентабелділігі бағаланады.
L – (Liquidity) - өтімділік, банктің ағымдағы және болашақтағы міндеттемелерін орындау үшін өтімді активтердің жеткіліктілігі, яғни өтімділік деңгейі анықталады.
САМЕL жүйесінің компонентерін бағалау Ұлттық банкке берілетін қаржылық есеп берулердің мәліметтері бойынша жүргізіледі. Бірақ та оларды нақтырақ бағалау үшін инспекциялық тексерулерді жүргізу қажет. Бұл жүйе бойынша банкті бағалау үздіксіз үрдіс болып табылады. Дегенмен де бағалауды инспекциялық тексерудің соңында жүргізгенді дұрыс санайды.
Қазақстан банктерінің тәуекелділігін бағалаудың «Базель» жүйесіне өтуі туралы айтып өтейік. Қазақстанның банктері «Базель» жүйесінің бес негізгі қағидаларына толық сәйкес келіп тұр. Осы бестіктің ішіндегі ең негізгісі: заңнамалар, қызмет көрсетудің түрлері, қадағалау жаңалықтарын тәуелсіз бағалау. Тағы да 16 қағидаға сәйкес келеді. Ол топқа – лицензия және инвестиция критериялары, несие саясаты, ссудалық портфельді бағалау, екіжақтық несиелендіру, тәуекел, ішкі бақылау және аудит, бухгалтерлік стандарттар кіреді.
