Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микроэл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆
  1. Тиристорлар

Үш не оданда көп р-п өтпесінен тұратын және өткізетін (ашық) һәм ток өткізбейтін (жабық) екі күйі бар шала өткізгішті аспапты тиристор деп атайды.

Тиристорлар басқарылмалы түзеткіштер мен инверторларда және қосып –ажыратып тұратын құрылғыларда қолданылады. Тиристорлар негізінен екі электродты немесе үш электродты болып келеді. Екі электродты тиристорды динистор немесе диодтық тиристор деп, ал үш электородты тринистор немесе триодтық тиристор деп атайды. Үш электродты тиристордың ашық не жабық күйлерін басқарып тұруға болатындықтан өнеркәсіптік электроникада осы тиристор көп тараған.

Сурет 6.1 - Тиристордың құрылымы (а) мен графикалық шартты белгісі (б):

1-динистор; 2-тринистор

Тиристор ашылғаннан кейінгі оның вольт –амперлік сипаттамасының ОВС бөлігі мен кері кернеу бергендегі ОД бөлігі р-n өтпесінің вольт-амперлік сипаттамасын қайталайды. Графиктен көрініп тұрғандай, тиристор ашылған кезде оның кернеуі азаяды да анодтық резистордың (R) кернеуі көбейеді. Осы себепті диодтық тиристорды кернеуді түгелдей алу (өшіру арқылы жабады.

Сурет 6.2 - Тиристордың вольт-амперлік сипаттамасы

Тиристордың негізгі параметрлері: рауалы орташа тура тогы, импульсті тура кернеуі және максимал кері тогы. Қазіргі кездегі тиристорлардың рауалы орташа тура тогы 1000…2000 А-ге жетеді де, ал импульсті тура кернеуі 100…4000 В аралығында болып келеді.

  1. Оптоэлектронды аспаптар.

Оптоэлектрондық құралдар инфрақызыл ультра кулгін және оптикалық жиелік аралындағы электромагниттік толқымдары өндіреалатын және қабылдайалатын құралдар.

Оптоэлектрондық құралдар когерентті емес электромагниттік толқымдарды когерентті электромагниттік толқындарға айналдыра алады.

Оптоэлектрондық құралдар арқылы ақпараттарды тасмалдауға болады.

Оптоэлектрондық құралдар арқылы  электр тезбегіндегі гальваникалық байланыстардан құтылуға болады.

Оптоэлектрондық құралдарға мысалы мыналарға жатқызу болады: 

  • фотодиодтар,

  • фототранзисторлар,

  • фототиристорлар,

  • оптоқосақтар.

  1. Динистордың және тринистордың құрылымы және жұмыс істеу ұстанымдары. Қосу сұлбасы.

Екі электродты тиристорды динистор немесе диодтық тиристор деп, ал үш электородты тринистор немесе триодтық тиристор деп атайды.

2 Деңгей

  1. Сәуле шашқыштар (жарық диодтары және лазерлер)

ЖАРЫҚ ДИОДЫ. Ток жүрген кезде р-n өтпесінен жарық шығаратын шала өткізгішті диод жарық диоды деп аталады. Жарық диодтары негізінен цифрлық индикаторларда қолданылады. р-n өтпесіне тура кернеу бергенде заряд тасымалдаушылардың пайда болуымен қатар, олардың рекомбинациясы да жүріп жатады. Рекомбинация кезінде бөлініп шығатын фотондардың энергиясы жарық сәулелерінің энергиясына тең болғанда ол сәулелер көзге көрінетін болады. Егер шала өткізгіште тыйым салынған аймақтың ені 1,7эВ-тен артық болса, онда электрондар өткізгіштік аймақтан валенттік аймаққа қайтып оралғанда шығаратын фотондары көзге көрінетін жарық тудырады. Жарық диодтары галий арсенидтері мен фосфидтерінен және силиций карбидтерінен жасалады.

Жарықтылықтың токтан тәуелділігі жарық диодының негізгі сипаттамасы болып саналады (сурет 7.5).

Сурет 7.5 – Жарық диодының жарықтылық сипаттамасы мен графикалық шартты белгісі

Токтың белгілі бір мәнінен бастап, ток өскен сайын жарықтылық та өсіп отырады, бірақ кейін ток одан әрі өскенде заряд тасымалдаушылардың рекомбинациясы көбеймей бір мөлшерде жүріп отыратындықтан жарықтылық та өзгермей қалады. Жарық диодының негізгі параметрлері: жұмысшы кернеуінің төменгі және жоғарғы шекті аралығы мен инерциялылығы. Жарық диодының жұмысшы кернеуінің төменгі шекті мәні оның жарық шығара бастағандағы кернеуімен анықталса, ал жоғарғы шекті мәні шашырата алатын ең үлкен қуатымен анықталады. Жарық диодының инерциялылығы оның жарықтылығы максимал мәнінің 0,1 және 0,9 бөлігіне тең болған кездегі жану және сөну уақыттарымен анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]