Улану кезіндегі клиникалық көріністер
Ұйқының бұзылуы
Жоғары шаршаңдық
Әлсіздік
Ұйқышылдық
Бас айналу
Вялость.
Сонливость
Головокружение.
Құлақта шу мен дыбыс болуы;
Жоғары тершеңдік.
Естудің төмендеуі
Шөлдеу
Құсу
Іш өту
Гипервентиляция
Көмек
Дәріні бермеу
Асқазанды шаю
Энтеросорбенттер тағайындау.
Тұзды әлсіздеткіш беру.
Қышқылды-сілтілі үйлесімділікті қалпына келтіру
Парацетамол
Парацетамол (ацетаминофен, панадол, тайленол, эффералган), фенацетиннің белсенді метаболиті, медициналық практикада кеңінен қолданылады.
Парацетамол белсенді опиоидты емес (наркотикалық емес) анальгетик болып табылады. Оған ауыруды және қызуды басатын әсерлер тән.
Әсер ету механизмі оның ОЖЖ-де простагландиндер синтезінің төмендеуіне әкелетін циклооксигеназаны тежегіш қасиетіне байланысты. Бұл кезде шеткі тіндерде простагландиндердің синтезі мүлде бұзылмайды, осымен препараттың қабынуға қарсы әсерінің жоқтығы түсіндіріледі.
Тиімділігі жағынан парацетамол шамамен ацетилсалицил қышқылына (аспирин) тең. Асқазан-ішек жолдарынан жылдам және толығымен сіңеді. Қанның сары суында максималды концентрациясы 30-60 мин кейін анықталады. t1/2= 1-3 сағ. Қан сары суының белоктарымен аз деңгейде байланысады. Бауырда метаболизмге түседі. Құрылған конъюгаттар (глюкуронидтер және сульфаттар) және өзгермеген парацетамол бүйрек арқылы шығады.
Ацетилсалицил қышқылынан айырмашылығы ол асқазанның шырышты қабатына зақымдағыш әсер көрсетпейді және тромбоциттердің агрегациясын өзгертпейді.
Парацетамолдың негізгі кемшілігі - емдік кеңдігі аз. Уытты мөлшерлері максималды емдік мөлшерлерден бар болғаны 2-3 есе ғана артық.
Парацетамолмен жедел уланғанда бауыр мен бүйректің күрделі зақымдалуы мүмкін (уытты метаболит-N-ацетил-п-бензохинон-иминнің жиналуына байланысты).
Емдік мөлшерде қабылдағаңда бұл метаболит глютатион қатысындағы конъюгация аркылы ыдырап кетеді.
Уытты мөлшерлерде метаболиттің толық ыдырауы жүрмейді. Белсенді метаболиттердің қалған біраз бөлігі жасушалармен байланысып, олардың елімін шақырады. Бұл бауыр жасушалары мен бүйрек түтікшелерінің некрозына әкеледі (уланған соң 24-48 сағ кейін).
ҚОЛДАНЫЛУЫ
бастың ауыруында,
миалгияда,
невралгияда,
атралгияда,
операциядан кейінгі ауыруларда,
залалды ісіктермен шақырылатын ауыруларда,
қызба кезінде температураны төмендету
ЖАНАМА ӘСЕРІ
Терілік аллергиялық реакциялар
Парацетамолмен жедел улануды емдеу
асқазанды жуу,
белсендендірілген көмірді қолдану,
ацетилцистеин (конъюгация үрдісін ынталандырады) мен метионинді тағайындау Ацетилцистеин мен метионинді уланғаннан кейінгі алғашқы 12 сағ ішінде, жасушалардың қайтымсыз өзгеруі басталмай тұрып енгізген тиімді.
Ацетилсалицил қышқылы
Ақ кристалл ұнтақ, суда- нашар, спиртте жақсы ериді.
Қабынуға қарсы әсер
Ыстық түсіретін әсері
Анальгезиялық әсері
Қабынуға қарсы әсер Қабыну ошағында:
Капиллярлардың өткізгіштігінің төмендеуі
Гиалуронидаза белсенділігінің төмендеуі
АТФ түзілуінің тежелуі арқылы қабыну процесін энергиямен қамтамасыз етудің шектеулігі
Ыстық түсіретін әсері
Гипоталамустың жылу өндіретін орталығына ісер ету
Ацетилсалицил қышқылы тромбоциттердің циклогеназасын қайтымсыз ингибирлейді, нәтижесінде тромбациттерде тромбоцит агрегациясының индукторлары- G2 және H2 простагландиндері мен А2 (Тх А2) тромбоксанның синтезін азайтады немесе ьолықтай тежейді. Аспирин тормбоциттердің (босап шығу) реакциясын блоктайды және тромбоциттердің адгезиясына әсер етпейді. Қан ағымындағы t/2 -15-20мин. Осы уақыт ішінде ол толыктай циклогеназаны ингибирлеп үлгереді.
Әсерлерінің анальгетикалық компоненті бар әр түрлі фармакологиялық топтардың препараттары
Әр түрлі топтардың опиоидты емес заттары өкілдерінің жетерліктей айқын анальгетикалық белсенділігі бар. Осындай препараттардың бірі антигипертензивті зат ретінде қолданылатын препарат α-адреномиметик –клофелин.
Клонидин (Клофели́н, Clophelinum) артериалық қысымды төмендетеді , жүрек соғу жиілігін төмендетеді, ОЖЖ-не тыныштандырғыш әсер көрсетеді. Клофелиннің анальгетикалық белсенділігі оның сегментарлы және бір жағынан супрасегментарлы деңгейге әсер етуіне және негізінен α2-адренорецепторлардың қатысында жүруіне байланысты. Препарат ауыруға деген реакцияны гемодинамика жағынан басады. Тынысты тежемейді. Дәріге тәуелділік шақырмайды.
Клиникалық байқаулар клофелиннің ауыруды айқын басуда тиімділігін дәлелдеді (миокард инфарктында, операциядан кейінгі кезеңде, ісіктермен байланысты және т.б. ауыруларда). Клофелиннің қолданылуы оның тыныштандырғыш және гипотензивті әсерлерімен шектеледі. Әдетте жұлын қабатының астына енгізеді.
Димедрол (Dimedrolum) - Антигистаминдік, аллергияға қарсы, құсуға қарсы, ұйықтатқыш әсер көрсетеді.Дәрігердің нұсқауынсыз қолдануға болмайды!
