Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломды жмыс 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
381 Кб
Скачать
☆

  1. Жинақ кітапшасы

  2. Жинақтың үзінді көшірмесі

  3. ЖЗҚ - дағы ерікті салымдар

  4. Жинақ сертификаттары

10-сурет. Қазақстандық депозит нарығының сегменті

ҚР депозит нарығы күрделі динамикалық жүйе бола отырып, ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен ұдайы сезінеді. Әрбіреуі өз мүддесін жүзеге асыруға ұмтылатын көптеген субьектілермен көрінсе де, ол Қазақстан экономикасында қалыптасқан негізгі ағымдардың арнасынан табылады.

2 Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау

2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттерi мен оның құрылымы талдау

Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі әрі себеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие болып табылады. Жинақтаулардың экономикалық категориялар ретіндегі мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады. Салымдардың кез келген түрлері жинақтаулар болып табылады. Депозиттік – бұл осы жинақтауларды сақтау формаларының бірі.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Қазақстанның бөлшек депозит нарығы

2013 жылғы депозит нарығының көрсеткіштері. Жалпы алғанда, 2011 жылдан бастап, банк секторының өсу қарқыны байқалды, осылайша 2011-2013 жж. Екінші деңгейдегі банктердің активтері 28,5% (+3430,2 млрд.теңге) шамасында 15,5 трлн. теңгеге дейін ұлғайды. Атап айтсақ, 2013 жылдың қорытындысы бойынша, банк секторының жиынтық активтері 1,6 трлн. теңгеге дейін (немесе 11,5%-ға) ұлғайды. Негізгі өсім көзі банктердің корпоративтік клиенттері мен халықтың депозиттері көлемінің артуы болып табылды. Бұл өсім халықтың банк секторына деген сенімін білдіретінін айта кету қажет. Дағдарыс және дағдарыстан кейінгі жылдардың барлығында депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерде жеке тұлғалардың депозиттік қорының тұрақты өсімі байқалды. 2013 жылы олар 15%- дан астам шамаға өсіп, жалпы сомасы 3,9 триллион теңгеге дейін жетті.

Депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттерінің жалпы көлемі 2013 жылғы қазанда 10242,5 млрд. теңгеге дейін 1,4%-ға өсті, ал, жыл басынан бері 13,9%-ға артты, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 6496,8 млрд. теңгеге дейін 1,7%-ға өссе, жеке тұлғалардың депозиттері 3745,7 млрд. теңгеге дейін 0,8% - ға ұлғайды. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 15,5%-ға және 11,1%-ға артқан. 

2013 жылғы қазанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 6277,1 млрд. теңгеге дейін 0,8%-ға төмендеді. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 0,8%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 0,9%-ға төмендеген.  Ал, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3965,4 млрд. теңгеге дейін 5,0%-ға ұлғайды. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 6,5%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 3,0%-ға артты. Теңгемен берілген депозиттердің үлес салмағы бір айда 62,6%-дан 61,3%-ға дейін кеміді.

Халықтың (резидент еместерді қоса есептегенде) банктердегі салымдары 2013 жылғы қазанда 3778,5 млрд. теңгеге дейін 0,8 %-ға ұлғайса, жыл басынан бері 10,8%-ға өсіпті. Халық салымдарының құрылымында теңгемен депозиттер 2082,7 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға төмендеді, шетел валютасымен депозиттер 1695,8 млрд. теңгеге дейін 2,9% - ға көтерілді.

Халық салымдарының құрамында теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 56,0%-дан 55,1%-ға дейін төмендеді.

2013 жылғы қазанда мерзімді депозиттер 7060,6 млрд. теңгеге дейін 1,8% - ға ұлғайды. Мерзімді депозиттердің құрамында теңгемен депозиттер 4225,3 млрд. теңгеге дейін 2,0% - ға артты, шетел валютасымен депозиттер 2835,3 млрд. теңгеге дейін 1,6%-ға өсті.

2013 жылғы қазанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 4,8% (2013 жылғы қыркүйекте – 4,4%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,3% (6,3%) болды.

Бірақ активтердің, соның ішінде несие қоржыны сапасының жалпы нашарлау қарқыны сақталып қала берді. Бір жыл бұрын жұмыс істемейтін несиелердің үлесі банктердің несие қоржынының 35,9% құраған болса, 2013 жылдың соңында оның үлесі 36,9% шамасына дейін ұлғайды. 2013 жылы стандартты несиелер екі есе немесе 1,7 трлн. теңгеге қысқарды, күмәнді несиелер 66%-ға, ал үмітсіз несиелер 1,8%-ға ұлғайды.

Шетел валютасындағы депозиттер 32 млрд. теңгеге көбейді

Ranking.kz сайты порталының мәліметіне сүйенсек, салымшыларда девальвация болуы мүмкін деген қорқыныш болды. Оның үстіне, 2013 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен ұсынылатын жеке тұлғалардың шетел валютасында жаңадан тартылған депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі 5,5% - дан 4,5% - ға дейін төмендетілді. 

Екінші деңгейлі банктерге салымшылар 3,6 трлн. теңгені сеніп тапсырған. Оның ішінде 43,8% немесе 1,6 трлн. теңгесі шетел валютасындағы депозиттер болып табылады. 

Айта кетерлік жайт, еліміздегі қаржы институттары депозиттің осы түрін ел арасында кеңінен қолдануда. Олардың ішінде долларлы депозиттер сұранысқа ие. Салымның бұл түрін 38 қаржы орталықтарынының ішінен 28 ұсынуда.

2013 жылы Ұлттық валютадағы жеке тұлғалардың мерзімді және шартты салымдары 1 714 413 теңгеден 1 699 772 теңгеге, яғни ұлттық валютадағы бөлшек депозиттер көлемі 1,7 триллион теңгеден төмен түсіп (0,9%-ға) азайғанын көрсетті.  Мегаполистеріміздегі ұлттық валютадағы мерзімді және шартты салымдардың шоғырлануы - 48,4% (822,2 миллиард теңге). (2.1- кесте).

2.1- кесте. ҚР ЕДБ ұлттық валютадағы жеке тұлғалардың мерзімді және шартты салымдары

Дерек көзі: Ranking.kz сайты

2.2 – кесте. Шетелдік валютадағы жеке тұлғалардың мерзімді және шартты салымдары.

Дерек көзі: Ranking.kz сайты

2013 жылдың тамыз айында шетел валютасындағы депозиттер 32 млрд. теңгеге көбейіп, ұлттық валютадағы депозиттер 27 млрд. теңгеге азайды. Қаржы нарығындағы күрт өзгерістер «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның шетел валютасындағы депозиттердің сыйақы мөлшерін төмендетуімен байланысты.

Екінші деңгейдегі банктерде жиынтық несие қоржыны 2014 ж. басына дейін 13,3 трлн. теңгені құрады, оның 13,2 трлн. теңгесі депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерге тиесілі. Қатысушы банктердің несие қоржынының өсімі 14,6% немесе 1,7 трлн. теңгені құрады.

2014 жылғы депозит нарығының көрсеткіштері. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы ахуал бойынша жиынтық депозиттердің үлесі ЕДБ жиынтық міндеттемелерінің 73,6% құрайтындықтан, депозиттер екінші деңгейдегі банктерді қорландырудың негізгі көзі болып табылады. Жалпы алғанда, 2011-2013 жж. бойынша жиынтық депозиттер көлемінің ұлғаю қарқыны, яғни банктерді жалпы қорландырудағы үлестері (67,7%-дан 73,6% дейін) байқалуда, бұл банк секторына қолдау көрсету бойынша жүзеге асырылған іс-шаралардың, соның ішінде бесмиллион теңге деңгейінде кепілдік берілген өтемнің ең жоғары сомасын тұрақты негізде сақтап қалу нәтижесінде халықтың банктерге деген сенімінің сақталып қалғанын білдіреді. Соңғы үш жыл ішінде халық салымдарының көлемі тұрақты түрде өсіп келе жатқандықтан, соңғы жылдағы өсім 15,6% немесе 534 млрд. теңгені құрап, 3,9 трлн. теңгеге жетті.

1- кесте. ЕДБ салымдарының қарқыны

қаңт. 2011

қаңт. 2012

қаңт. 2013

қаңт. 2014

ЕДБ-дегі салымдар (млрд. теңге), соның ішінде:

6 851

7 799

8533

9 845

Жеке тұлғалардың ЕДБ-дегі салымдары (млрд. теңге)

2 251

2 764

3415

3 949

Кезең ішіндегі %- дық өзгеріс

16,2%

22,8%

23,6%

15,6%

Заңды тұлғалардың ЕДБ-дегі салымдары (млрд. теңге)

4 600

5 035

5118

5 896

Кезең ішіндегі % -дық өзгеріс

-21,5%

9,5%

1,7%

15,2%

Деректер көзі: ҚРҰБ, ЕДБ қаржылық көрсеткіштері.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы ахуал бойынша қатысушы банктердің жеке тұлғаларының депозиттері туралы мәліметтерге сәйкес, тұрғындардың депозиттерінің құрамындағы ең үлкен үлесті (87%) жедел салымдар алған олардың жиынтық сомасы 3,4 трлн. теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 494,1 млрд. теңгеге немесе 16,7%-ға өсу көлемін көрсеткен. Әрі қарай, жылдық өсімі 42,4 млрд. теңгені құраған ағымдағы және карт-шоттардағы ақша қалдықтары жиынтық депозит қоржынындағы 12% үлеспен орналасады. Талап етуге дейінгі салымдар сомасы жалпы депозиттер көлемінің тек 1%-ын, жалпы 36,2 млрд. теңгені (-0,4 млрд. теңге) құрады. Халықтың депозиттік қорының өсіміне, негізінен ірі жедел салымдардың (15 млн. теңгеден астам) шетелдік валютада 272,6 млрд. теңгеге (+33,1%) артуы себеп болған. Оған қоса, ірі жедел салымдардың таза жылды өсімі (15 млн. теңгеден астам) аталған салымдардың 50,4 млрд. теңгеге азаюы есебінен 222,2 млрд. теңгені (14,9%) құрады. 5 млн. теңгеге дейінгі жедел салымдардың өсім 18,4% (189,9 млрд. теңгені) құраса, 5-тен 15 млн. теңгеге дейін – 19,3% (82,1 млрд. теңгені) құрады.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы ахуал бойынша ДКБЖ-не қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың бес миллион теңгеге дейін қоса алғанда шоттарының саны 99,6%, алаталған депозиттердің көлемі 43,6% жетті.

Қордың болжамдары бойынша, ДКБЖ-не қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың депозиттік қоры 2014-2016 жылдарда жыл сайын орташа есеппен 14%-ға артатын болады (1-қосымша).

№1 Қосымша

2014 – 2016 жылдардағы халықтың банк депозиттерінің және ЕДБ міндетті күнтізбелік жарналарының өсімі динамикасының болжамы (мың теңге)

ДЕРЕК

Болжам

01.01.2013

01.01.2014

01.01.2015

01.01.2016

01.01.2017

Жеке тұлғалардың

депозиттері

3 749 641 558

3 945 505 535

4 663 004 876

5 322 218 242

6 074 625 218

Бір жыл ішіндегі

міндетті күнтізбелік

жарналар

21 602 781

24 577 484

30 855 957

31 381 772

35 818 243

Дерек көзі: www.fortebank.com сайты

Бөлшек депозиттер нарығында шетелдік валютаның үлесі көбеюде. Қазан айында шетелдік валютадағы мерзімді және шартты салымдар көлемі 3%-ға өсіп, яғни 1 554 415 теңгеден 1 603 003 теңгеге 1,6 триллион теңгеге жетті.

Шетелдік валюталардағы салымдарға деген ең үлкен сұраныс Алматы және Астана қалаларында. Мегаполистерімізде, аталмыш нарықтың 75%-ы шоғырланған (1,2 триллион теңге). Бұл дегеніміз 2013 жылы Ұлттық валютаға қарағанда шет ел валютасына яғни АҚШ долларына сұраныстың артуын көрсетеді.

Депозиттік ұйымдардағы резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2014 жылғы мамырда 11522,2 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға (жылдың басынан бері өсу 14,2%-ға) көтерілді. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 7279,6 млрд. теңгеге дейін 0,7%-ға (жылдың басынан беру өсу 17,8%-ға) көтерілді, жеке тұлғалардың депозиттері 4242,5 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға (жылдың басынан беру өсу 8,6 %-ға) ұлғайды.

Ұлттық валютамен депозиттердің көлемі 2014 жылғы мамырда 0,8%-ға 6263,3 млрд. теңгеге дейін (заңды тұлғалардікі – 0,4%-ға төмендеу, жеке тұлғалардікі – 3,5%-ға өсу) ұлғайды, шетел валютасымен – 1,0%-ға 5258,9 млрд. теңгеге дейін (заңды тұлғалар – 2,4% өсу, жеке тұлғалардікі – 0,8% төмендеу) ұлғайды. Теңгемен депозиттердің үлес салмағы алдыңғы айдағы деңгейде сақталып, 54,4%-ды құрады.

Халықтың (резидент еместерді қоса есептегенде) банктердегі салымдары 2014 жылғы мамырда 4277,4 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға ұлғайды. Халық салымдарының құрылымында теңгемен депозиттер 2019,9 млрд. теңгеге дейін 3,4%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттер 2257,5 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға төмендеді. Халық 4 салымдарының құрамында теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 46,2%-дан 47,2%-ға дейін ұлғайды.

2014 жылғы мамырда мерзімді депозиттер 7791,6 млрд. теңгеге дейін 0,6%-ға төмендеді. Мерзімді депозиттердің құрамында теңгемен депозиттер 4077,9 млрд. теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды, шетел валютасымен депозиттер 3713,7 млрд. теңгеге дейін 2,9%-ға төмендеді.

2014 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 5,6% (2014 жылғы сәуірде – 5,8%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,9% (8,9%) болды.

Қазақстанның қаржы нарығындағы ахуал және 2014-2016 жылдардағы Республиканың депозит нарығының даму болашағы. Банк секторы, оның негізгі тәуекелдері Банк секторы басқа экономика секторларының негізгі қаржыландыру көзі болып табылғандықтан, ол Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады. Банк секторының негізгі тәуекелдері бұрынғыдай сапасы төмен несие қоржынының баяу өсу қарқыны болып табылады, соның нәтижесінде үмітсіз несиелер өте баяу түрде қайтадан берілген стандарты несиелермен алмастырылады, бұл банктерден баланстарды тазарту жұмыстарын белсендірек жүргізуді талап етеді. Қорландыру көзі ретінде тек ішкі депозиттерге сүйенуге болады, ол банктердің сыртқы соққыларға қарсы бекемділігін арттырса да, оларға ұзақ мерзімді жобаларды тиісті түрде қаржыландыру мүмкіндігін бермейді, ал бұл болса, экономиканың банкілік несиелендіру маңыздылығын төмендетеді. Негізінен қысқа мерзімге орналастырылған депозиттердің өсімі есебінен банктердің өтімділігінің жалпы деңгейі ұлғайды, бірақ банктердің капиталы мен активтерінің өтімділік көрсеткіштері төмен болып қалып отыр және көбінесе пайыздық емес табыстармен анықталады.

2015 жылғы депозит нарығының көрсеткіштері. Депозит нарығында басеке бар. Ranking.kz қызметі порталының ақпараттар қызметіне сүйене отырып Қазақстандағы депозит нарығына жақында талдау жасады. Сөйтіп, 2015 жылдың ақпанындағы қорытынды бойынша еліміздің банктеріндегі жалпы салым көлемі 10,9 триллионға жеткенін мәлімдеді. 

Салыстырмалы түрде қарасақ, былтырғы жылдың осы айындағы салымшылардың депозитке салған ақшасы 10,7 триллионды құраған болатын.  Осылайша, жиынтық портфель депозиті 115 миллиард теңгеге өсіп отыр.

Еліміздегі екінші деңгейлі 35 банк­­тің тек 18-інде ғана салым­шы­лардың саны артқан. Депозит көлемі бойынша, қазір Цеснабанктің са­лым­­­шылары көш бастап тұр. Банк­тің портфелі 198 миллиардтан бірден 967 мил­лиардқа өсіпті. Рас, Цес­на­банкте жеке тұлғалардың депозиттік база­сының тұрақты өсімі байқалады. Өйткені депозиттерді толық­тырушы салымшылар тарапынан банкке де­ген сенім жоғары. Соның арқа­сын­да, жаңа клиенттер де кө­беюде. Былтыр да Цеснабанктің же­ке тұлғалар де­позиттік базасы 5 млрд теңгеге өс­кен болатын. Сөйтіп, депозиттік база кө­лемі бойынша 8-орынға тұрақ­та­ған. Ал биыл айды ас­паннан шыға­рып, алғашқы орын­ға бір-ақ көте­ріл­ді. (2.3-кесте.)

2.3-кесте. ЕДБ -дің депозит нарығының жылдық өсу көрсеткіштері

Дерек көзі: Ranking.kz сайтының деректері негізінде құрастырылған

Kaspi bank-тің еншісінде – екін­ші орын. Бұл банктің салымы бір жыл­да 187 миллиардтан 700 мил­лиард­қа дейін көбейді. Kaspi bank-те де жеке тұлғаларға бар мүмкіндік қа­растырылған. Қаржы кеңесшілері салымшылармен жеке-дара жұмыс істейді. Депозит жайлы толық мә­лі­мет беріп, аз уақытта депозит ре­сім­деу уақытын белгілейді. Kaspi bank-те, тіпті шұғыл түрде депозиттен ақ­ша алу керек болған жағдайда қа­жетті соманы сыйақыны жоғалт­пастан алуға мүмкіндік берілген. Міне, осындай жеңілдіктердің бәрі де олардағы депозиттік көлемінің ұлғаюына жағдай жасап отыр.

Үшінші орынға жайғасқан RBK бан­кінің де салымшылары депозит деңгейін көтеріп тұр. Бұл банкте 185 мил­лиардтан 374 миллиардқа дейін­гі өсу байқалады. Сол сияқты Fortebank (+111 млрд теңге) пен ЦентрКредитБанкi (+84 млрд теңге) де ал­дыңғы ондыққа кірді. 

RBK банкінің салымшыларға ар­налған түрлі тиімді депозиттері бар. Жылдық сыйақы төлемі салған со­маның 10 пайызына тең. Ал шетелдік валюта түріндегі салым­дарға биылдан бастап 3 пайыздық ставка қойған. Бұл не деген сөз? Тең­ге мен өзге валюта арасында үш есе­лік айырмашылық бар. Осы­лайша, салымшыларды доллардан гөрі теңгеге мән бергізіп отыр. Бәл­кім, басқа банктерден артықшылығы да осында шығар. 

Қазір қарап отырсақ, әр банк бір-бірімен жарысып, өзіндік ар­тық­­шылығын, ерекшелігін ұсы­на­тын болып жүр. Әр банк депозиттер жүргізудің өзіндік саясатын ұста­нады. Бұл нені көрсетеді? Біздің елде депозит нарығындағы бәсе­ке­лестік қыза түсті деген сөз. Бәсе­ке­лестік болып еді, банктердің беделі де байқала бастады. 

Банктер ішкі нарыққа ақша тарту үшін, әртүрлі амалдарға барып жа­тыр. Әрине, олардың бәрі де Қа­зақстанның депозиттерге кепіл­дік беру қоры орнатқан бірдей сыйақы став­касын ұстанады. Бірақ клиент­терді өздеріне тартудың тәсілдері әр­түрлі.

2.4-кесте. Депозиттік ұйымдардағы депозиттердің көлемі

млн. теңге / кезеңнің соңына

12.14 

01.15 

02.15 

03.15 

Барлық депозиттер

11 693 998

11 367 374

11 266 376

11 284 994

оның iшiнде:

 

 

 

 

ұлттық валютада:

5 197 728

5 006 749

5 119 651

5 269 799

банктік емес заңды тұлғалардың

3 760 374

3 627 752

3 731 983

3 876 244

жеке тұлғалардың

1 437 354

1 378 997

1 387 668

1 393 555

шетел валютасында:

6 496 270

6 360 626

6 146 725

6 015 195

банктік емес заңды тұлғалардың

3 536 148

3 441 674

3 246 780

3 147 396

жеке тұлғалардың

2 960 122

2 918 952

2 899 946

2 867 798

 

 

 

 

 

Депозиттердiң жалпы сомасы iшiнде:

 

 

 

 

банктік емес заңды тұлғалардың

7 296 522

7 069 426

6 978 763

7 023 640

жеке тұлғалардың

4 397 476

4 297 949

4 287 614

4 261 354

 

 

 

 

 

Аудармалы депозиттер,

 

 

 

 

ұлттық валютада:

1 858 417

1 764 764

1 887 815

2 023 216

банктік емес заңды тұлғалардың

1 498 850

1 446 115

1 569 523

1 711 718

2.4-кестенің жалғасы

жеке тұлғалардың

359 567

318 649

318 292

311 498

Басқа депозиттер,

 

 

 

 

ұлттық валютада

3 339 311

3 241 985

3 231 836

3 246 583

банктік емес заңды тұлғалардың

2 261 524

2 181 637

2 162 461

2 164 526

жеке тұлғалардың

1 077 787

1 060 348

1 069 375

1 082 057

 

 

 

 

 

Аудармалы депозиттер,

 

 

 

 

шетел валютасында:

1 646 078

1 588 096

1 512 365

1 485 820

банктік емес заңды тұлғалардың

1 561 604

1 507 054

1 433 922

1 373 105

жеке тұлғалардың

84 474

81 041

78 443

112 715

Басқа депозиттер,

 

 

 

 

шетел валютасында:

4 850 192

4 772 530

4 634 360

4 529 374

банктік емес заңды тұлғалардың

1 974 544

1 934 619

1 812 858

1 774 291

жеке тұлғалардың

2 875 649

2 837 910

2 821 502

2 755 083

Дерек көзі: Ranking.kz сайтының деректері негізінде құрастырылған

2015 жылғы қаңтардың соңындағы жағдай бойынша депозит нарығында резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 11 367,4 млрд.теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері 7 069,4 млрд. теңге, жеке тұлғалардың депозиттері – 4 297,9 млрд. теңге құрады.

Шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 6 360,6 млрд. теңге, ұлттық валютада – 5 006,7 млрд. теңге болды. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 44,0% құрады.

Халықтың банктердегі салымдары (резидент еместерді қоса алғанда) 4 336,2 млрд. теңге болды. Халық салымдарының құрылымында теңгемен салынған депозиттер 1 382,2 млрд. теңге, шетел валютасындағы депозиттер – 2 954,0 млрд. теңге болды. Халық салымдарының құрылымында теңгемен салынған депозиттердің үлес салмағы 31,9% құрады.

Мерзімді депозиттер 8 014,5 млрд. теңге болды. Мерзімді депозиттердің құрамында теңгемен салынған депозиттер 3 242,0 млрд. теңге, шетел валютасындағы депозиттер – 4 772,5 құрады.

2015 жылғы қаңтарда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен салынған мерзімді депозиттерінің орташа алынған мөлшерлемесі 11,3% (2014 жылғы желтоқсанда – 8,8%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,6% (2014 жылғы желтоқсанда – 8,2%) болды.

Ұлттық Банк 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап активтердің төмен сапасы мәселесін әрі қарай шешу мақсатында, ЕДБ несие қоржынындағы жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі үшін 10% деңгейінде ең жоғарғы шегін енгізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]