Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_okonchatelnye_otvety.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161 Кб
Скачать
☆

7.Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы –магия, оккультизм, алхимия мен астрологияны түсіндіріңіз.

Магия ( лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық) — алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке дара немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялықілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды

Қазіргі кезде зерттеушілер магияны контактілі (магиялық күші бар объектімен тікелей әрекеттесу), инициалды (Магиялық іс-әрекет субъектісі үшін қол жетпейтін объектіге магиялық әрекеттің бағытталуы), парциалды (шаш немесе тырнақ, тамақ қалдықтары арқылы жанама ықпал ету), имитативті (магиялық объектіге ұқсас затқа ықпал ету) деп бөледі. Ежелгі дін формаларын зерттеуші Б.Малиновский магияны жемісті, сақтандырушы және деструктивтік деп жіктейді. Дж.Фрезер бойынша магиялық әрекеттер ұқсас немесе бірінен кейін бірі келетін шектес құбылыстарды жалған себеп-салдарлық қиыстыруға негізделген. Осыдан магияның гомеопатиялық (ұқсастық бойынша, еліктеушілік) және контагиозды (шектесуі бойынша, жұқтыру) деген екі түрі көрінеді. Әлемдік діни жүйелерде магиялық салт-жоралар елеулі рөл атқарады. Леви-Стростың пікірінше, магия мен дін бірін-бірі толықтырады. Магия белгілі бір әрекетке және сөздерге “кереметтік” қасиет беріп, дәріптейтін күш ретінде адамның объектіге тікелей әсер етуі және мақсатына жету жолында өз мүмкіндігіне деген сенімге негізделген. Магиялық әдет-ғұрыптар дүниеге, табиғат құбылыстарына, адамдарға, рухтарға табиғаттан тыс жолмен ықпал етуге бағытталады.

Оккультизм (лат. occultus – жасырын, құпиялы) – ғылыми зерттеуге келмейтін ғажайыптар мен тылсым күштердің бар екенін мойындайтын және олармен өзара іс-қимылдың ерекше әдістерін жасайтын ілім.[1] 19-ғасырда мистик. ағым ретінде пайда болған оккультизм барлық заттар тұтастықты, жиынтықты құрайды, олардың арасында мақсатты қатынастар болады деген теорияға негізделеді. Оған ‘’магия, теософия, спиритизм’’ секілді әр түрлі ілімдердің мистик. бағыттары жатады. Оккультизм тәжірибелік мақсаттар үшін пайдалану мүмкін деп есептейтін жасырын табиғи күштерді зерттеумен шұғылданады.

Алхимия (лат. alchemіa) — химия дәуірлерінің алғашқысы, ерте дүние мен орта ғасырлардағы (1,5 мың жыл бұрын) ғылыми және мәдени дәстүр; оның негізі табиғатта кездеспейтін «философиялық тас» жай металдарды алтынға айналдырады деген сенімнен туған.[1] Алхимия жер бетіндегі және космостағыпроцестерді, жанды және жансыз табиғатты, табиғат пен қоғамды, адам әрекеттері мен зат әрекеттерін тұтас алып қарауды білдіреді.

Астрология (көне грекше: ἄστρον — жұлдыз, көне грекше: λόγος — ғылым) — аспан шырақтары мен адамдар арасында байланыс бар деп есептейтін ілім; орта ғасырларда таралған, қазір де келешекті болжап айту үшін (гороскоп құрастыру үшін) астрологтар пайдаланады. Табиғат құбылыстарның шын мәнісін түсінбеген ертедегі адамдар аспан шырақтарын да құдай деп қастерлеп, оларға табынатын болған. Міне , сондықтан да абыздар планеталарды өздері табынатын құдайларының атымен Юпитер, Марс, Венера т.т деп атайтын болған. Осыдан барып аспан денелері жер бетіндегі уақиғаларға, адамның тағдырына әсерін тигізеді деген сенім туды. Аспан шырақтарының аспандағы орнына қарап жердегі уақиғаларды жеке адамдардың тағдырын күні бұрын болжайтын жалған ғылым – астрология- әсіресе орта ғасырларда Еуропада күшті өркендеді. Патшалар , корольдер, князьдар , т.т Күннің ,Айдың, планеталардың орнына қарап келешекті болжап отыратын қолдарына арнаулы адамдарды ұстады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]