- •1. Жер құқығының түсінігін айтыңыз
- •2. Жер құқығының қағидаларын айтыңыз
- •3. Жер құқығы қатынастарының түсінігін айтыңыз
- •4. Жер құқығы қатынастары субъектілерінің түсінігін айтыңыз
- •5. Жер құқығы қатынастары объектілерінің түсінігін айтыңыз
- •6. Жерге меншік құқығының түсінігін айтыңыз.
- •7.Жерді тұрақты пайдалану құқығы түсінігін айтыңыз
- •8. Уақытша жер пайдалану құқығы түсінігін айтыңыз
- •9.Жерге деген заттық құқық түсінігін айтыңыз
- •10.Жерді құқықтық қорғаутың түсінігін айтыңыз
- •11.Жер құқығы әдістерінің түсінігін айтыңыз
- •12.Сервитут түсінігін айтыңыз
- •13.Жерді аймақтарға бөлу түсінігін айтыңыз
- •14. Жер үшін төленетін төлемдер
- •15. Жер құқығын бұзушылық түсінігін айтыңыз
- •16. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің түсінігі
- •17.Жерге меншік құқығының түрлерін жіктеңіз
- •19.Жер құқығының жүйесін жіктеп беріңіз
- •20.Жер құқығының басқа құқық салаларымен байланысын айтыңыз
- •21.Жер құқығының құқық саласы, заң ғылымының саласы және оқу пәні ретіндегі ерекшелігіне тоқталыңыз
- •22. Жер құқығы нормаларын жүзеге асырудың механізміне тоқталыңыз
- •23.Жер құқық қатынастарының пайда болуы және өзгеруі негіздеріне тоқталыңыз
- •24.Жер құқығының қайнар көздерін жіктеп беріңіз
- •25.Жер заңдарының міндеттерін жіктеңіз
- •26.Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелеріне меншік құқығы ашып беріңіз
- •27.Жер пайдалану құқығының субъектілерін жіктеңіз
- •28.Жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негіздеріне тоқталыңыз
- •29.Жер учаскесін сот шешімі бойынша сатып алу негіздеріне тоқталыңыз
- •30.Мемлекеттік қажеттіктер үшін мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесін алып қою негіздеріне тоқталыңыз
- •31.Бөлінетін және бөлінбейтін жер учаскелерінің айырмашылыган ашыңыз
- •32.Жер қатынастары саласындағы жергілікті өкілді органдарының құзыреттерін ашып беріңіз
- •33.Жер учаскесіне ортақ меншік немесе ортақтасып жер пайдалану құқығын талдаңыз
- •34.Ортақ меншіктегі немесе ортақ жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін пайдалану тәртібіне тоқталыңыз
- •35.Жер үлесіне ерлі-зайыптардың ортақ меншігінің мәнін ашыңыз
- •36.Жер учаскесіне құқық ауысқан кезде серуітуттың сақталу негіздеріне тоқталыңыз
- •38.Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіне тоқталыңыз
- •39. Жер учаскесi мен жер пайдалану құқығын кепiлге салу негіздеріне тоқталыңыз
- •40.Жер құқық қатынастарынан туындайтын дауларды қарау тәртібіне тоқталыңыз
- •41.Жер заңдары нормаларының бұзылғаны үшін қарастырылатын жауапталақтың негіздерін ашыңыз
- •42.Шаруа (Фермер) қожалығын жүргізуге арналған жер учаскелерінің мәнін ашыңыз
- •43.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құқықтық режіміне тоқталыңыз
- •44.Орман қоры жерлерін мемлекеттік қорғау саясатының құқықтық негіздеріне тоқтылыңыз
- •45.Тарихы-мәдені мақсаттағы жерлердің қорғауға алыну ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •46. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің мемлекеттік-құқықтық қорғалу негіздеріне тоқталыңыз
- •47.Босалқы жерлерді құқықтық қорғау негіздеріне тоқталыңыз
- •48.Өнеркәсіп жерлерін құқықтық пайдалану негіздеріне тоқталыңыз
- •18.Жер құқығының қалыптасу кезеңдерін жіктеңіз
- •37.Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға тоқталыңыз
4. Жер құқығы қатынастары субъектілерінің түсінігін айтыңыз
Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Респуликасында жерге мемлекеттік меншік танылады. Осы заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелері жеке меншікте болуы мүмкін. Жерге, жер учаскелеріне Қазақстан Республикасында басқа меншік иелері жоқ. Мемлекетіміздің аумағында жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан Республикасы. Ал жеке меншік жер учаскелерініњ субъектілері - жеке тұлѓалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын Қазаќстан Республикасыныњ жер заңдарында белгіленген өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Ал республика азаматтарының жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер мен олардың кешендерін салуға берілген немесе салынған жер учаскелері болуы мүмкін.
5. Жер құқығы қатынастары объектілерінің түсінігін айтыңыз
Жер қатынастарының объектісі - Қазақстан Республикасы аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда не орналасқанына және олардың жекеленген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан жекеленген жер учаскелері, сондай- ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар бола отырып, олар мемлекеттік және жеке меншіктегі жер ретінде жерге деген меншік құқығының объектісін құрайды. Яғни жер дегеніміз - Қазаќстан Республикасыныњ егеменді белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез-келген еңбек процесінің аумақтық негізі. Осылай келе, жер құқық қатынастарының реттелу объектісін саралап көрсетуге болады. а) жер - табиғи ресурс ретінде құқықтық реттеу объектісі; б) жер - оған мемлекет және жеке меншік құқығын реттеу объектісі; в) жер - оны пайдалану мен меншіктену объектісі; г) жер - мемлекеттік басқару органдарының құзыреттерін реттеу объектісі; д) жер - оны пайдаланушылар мен меншік иелерінің құқықтары мен міндеттерін құқықтық реттеу объектісі; е) жер - жер құқық ќатынасында нарық қатынастарының объектісі; ж) жер - құқық қатынастарында заңдылықты сақтауды реттеу объектісі.
6. Жерге меншік құқығының түсінігін айтыңыз.
Жерді өмір бойына мұраға қалдырып иелену құқығының енгізілуі Қазаќстан Республикасы Президентінің 1994 жылы 24 қаңтарда “Жер қатынастарының кейбір мәселелерін реттеу туралы”, сол жылы 5 сәуірде “Жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы” заң күші бар Жарлықтармен өмірге келді. Осы аталған маңызды құжатты орындау мақсатында қабылданған “Қазаќстан Республикасыныњ азаматтары мен заңды тұлғалардың жер учаскелерін өмір бойы мұраға қалдырып иелену құқығын, пайдалану құқығын немесе жалпы жалға алу құқығын, сатып алу-сату тәртібін бекіту туралы” Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 маусымдағы №625 қаулысы мемлекет өмірінде жерге заттық құқыѓын бекітті. Яѓни, сол кезден бастап жерге деген заттыќ ќұќыќ мазмұнын - меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, жеке меншіктегі жер учаскесін уаќытша пайдалану ќұќыѓы, міндеттілік (сервитут) және µзге де заттыќ ќұќыќтар ќұрады. Алайда жердіњ зат немесе мүлік емес екендігіне барѓан сайын, зањ нормаларымен бекітілген әртүрлі жерге қатысты заттық құқықтар көз жеткізеді. Әйтсе де осы мәселеге қатысты шамада меншікті конститутциялық норма тұрғысынан қарастырып көрсек, “Меншік міндет жүктейтінін, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиістігін” көреміз.
