- •3.3.5 Иерархическая конструкция сетей
- •3.3.6 Логическая адресация
- •Презентация передача информации в компьютерных сетях.
- •Виды компьютерных сетей
- •Локальная вычислительная сеть
- •Базовая модель Open System Interconnection
- •Протокол передачи данных
- •Методы передачи данных в компьютерных сетях
- •Топология типа «звезда»
- •Топология типа «кольцо»
- •Шинная топология
- •Топологии вычислительных сетей
- •Древовидная структура сети
- •Технологии передачи информации
- •Сетевые устройства и средства коммуникаций
- •Кабельные среды передачи данных
- •Беспроводные среды передачи данных
- •Устройства приема/передачи данных
- •Программное обеспечение связи
- •Адресация компьютеров в сети
- •Диагностика tcp/ip
- •Задания
- •5.3.3 Конфигурирование dhcp на мультифункциональном устройстве
- •3.2 Принципы связи
- •3.3 Обмен данными в локальной сети
- •3.3 Важность протоколов
- •Маска подсети
- •Содержание
- •Маски при бесклассовой маршрутизации (cidr)[править | править вики-текст]
- •Назначение маски подсети[править | править вики-текст]
- •3 Лекция Желілік қызметтердің және таратылған қосымша моделдері
- •Үшбуындық схема
- •Сетевой шлюз
- •Описание[править | править вики-текст]
- •Служба dns
- •Как назначаются доменные имена
- •3.3.5 Иерархическая конструкция сетей
- •3.3.6 Логическая адресация
- •Icmp ошибки о недоступности хоста и сети
- •Icmp ошибки перенаправления
- •Icmp сообщения поиска маршрутизатора (icmp Router Discovery Messages)
3 Лекция Желілік қызметтердің және таратылған қосымша моделдері
Компьютерлерді біріктіру нәтижесінде бөлек компьютерлерде жұмыс істейтін программалар тез арада қатынасуға, қолданушы есептерін бірлесіп шешуге мүмкіндік алды. Кейбір программалар арасындағы байланыс өте тығыз болғандықтан оларды бір қосымшаның бөлігі ретінде қарастыру ыңғайлы, оны таратылған немесе желілік қосымша деп атайды.
Желідегі компьютерлерде жұмыс істейтін қосымшаның үлкен бөлігі желілік болады. Көп желілік қосымшалар екі бөліктен тұрады. Мысалы, қосымшаның бір бөлігі үлкен көлемдегі мәліметтер қорынан тұратын компьютерде жұмыс істейді, ал бір бөлігі мәліметтер қорының кейбіпр мәліметтерін көргісі келетін қолданушы компьютерінде істейді. Қосымшаның бір бөлігі мәліметтер қорындағы шарттарды қанағаттандыратын мәліметтерді іздейді, ал екінші бөлігі осы мәліметтерді статистикалық өңдеуден өткізеді, оларды графикалық формада көрсетеді, қолданушымен диалог жүргізеді, одан статистикалық есептерді шешуге деген сұраныстарды қабылдайды. Қосымша көп компьютер арасында бөлінуі мүмкін. Желіде тек қолданбалы программадан басқа жүйелік программа да таратылған болуы мүмкін. Локалдық қызмет көрсету программалары сияқты. Олар таратылған жүйедегі кейбір ортақ және жиі кездесетін қызметтерді орындайды, олар әдетте ОЖ бөлігіне айналады және желілік қызмет деп аталады.
Қосымшаның желідегі жұмысын ұйымдастырудың негізгі үш көрсеткіші бар:
Қосымшаның әртүрлі компьютерлерде орындалатын бөліктеріне бөлу әдістері.
Барлық қосымшалардың Ортақ қызметтерін орындауға қажетті желідегі арнайы серверлерді ерекшелеу.
Қосымшаның әртүрлі компьютерлерде орындалатын бөліктерінің өзара қатынасу әдістері.
Қосымшаны бөліктерге бөлу әдістері.
Қосымшаны бөліктерге бөлудің әртүрлі схемалары болады, және де әрбір қосымша үшін өзінің схемасын ұсынуға болады. Типтік моделдері бар. Модельдерді келесі алты бөлікке бөлуге болады:
Мәліметтерді экранда көрсету құралдары, мысалы, қолданушының графикалық интерфейсінің құралдары.
Мәліметтерді экранда көрсету логикасы, қолданушының қосымшамен қатынасуының мүмкін болатын сценариилерін және ережелерін сипаттайды: меню жүйелерінен таңдау, тізімнен элементті таңдау және т.б.
Қолданбалы логика – шешім қабылдауға қажетті ережелер жиыны, есептеу процедуралары және операциялары.
Мәліметтер логикасы – қандай да бір мәліметтер қорында орналасқан, қолданбалы логиканы орындауға керек мәліметтерге қолданатын операциялар.
Мәліметтерқоының ішкі операциялары – мәліметтер логикасының сұраныстарын орындауға жауап ретіндегі МҚБЖ(СУБД)-нің әрекеттері, мысалы, нақты бір көрсеткіштері бойынша мәліметтерді іздеу.
Файлдық операциялар – файлдарға және файлдық жүйеге қатысты орындалатын стандартты операциялар, ОЖ-нің қызметі.
Бұлардың негізінде қосымшаның әртүрлі компьютерлерде орындалатын бөліктеріне бөлу сұлбаларын құруға болады.
Екі буындық сұлбалар
Қосымшаны көп компьютерлерге тарату оның орындалу сапасын көтеруі мүмкін: жылдамдығы, біруақытта қолдаушыға қызмет көрсету саны.т Бірақ қосымшаны ұйымдастыру күрделі болады да, қолданушы таратып өңдеу қызметін қолданбайтын болады. Сондықтан, практикада оны екі немес үш бөлікке бөледі.
Ең көп тарағаны – екі буындық, мұнда көбінесе бір буынға немесе орталық компьютерге немесе клиент машинасына ған жүк түседі. Орталықтандырылған схемада (9.1.а-сурет) қолданушы компьютері терминал ретінде, тек мәліметтерді көрсету үшін жұмыс істейді, ал қалған қызметтері орталық процессорға беріледі. Қолданушы компьютерінің ресурстары елеусіз көлемде ғана қолданылады. Жүк түсетіні – тек экранда диалог терезелерін көрсететін ОЖ-нің енгізу-шығару жүйесінің графикалық құралдары, және де орталық компьютердің командаларын қабылдайтын және клавишалардың, мышканың координатасы жайлы ақпаратты қайтаратын ОЖ-нің желіден желілік құралдары. Қолданушы компьютерінде істейтін программаны – терминал эмуляторы деп атайды.Бұл схема терминалдың мейнфрейм негізіндегі жұмысын қайталайды. Ерекшелігі тек терминалдың орнына компьютерлер қолданылады, қосылу локалдық интерфейс емес, желі арқылы болады.
Орталытандырылған схеманың басты кемшілігі – ол жеткілікті түрде масшабталмайды, отказоустойчивый (істен шығуға төзімді) емес. Орталық компьютердің өнімділігі (производительность) осы қосымшамен жұмыс істейтін қолданушы санын шектейді. Ал орталық компьютердің істен шығуы барлық қолданушы жұмысын тоқтатады.
«Файлдық сервер» схемасында (9.1б) клиент машинасында қосымшаның файлдық операциялардан басқасының барлық бөліктері орындалады. Желіде өте қуатты компьютер болады, қолданушыға қажетті файлдар сақталатын үлкен көлемдегі дискілік жүйесі бар. Бұл компьютер фйалдық сервер ролін атқарады – бөлінетін доступтағы мәліметтерді сақтайды. Бұл схемада локалдық қосымшаларды қолдану үшін желілік ОЖ-ге редиректор сияқты желілік файлдық қызмет компонентін енгізді. Ол желілік аттарға арналған арнайы атау арқылы қашықтықта орналасқан файлға баруды (обращение к файлу) ұстап қалады. Мысалы, //server1/doc/filt1.txt, сұраныстарды желіге жібереді де, қосымшаны желілік жүйелік қызметтерден босатады.
Мұндай схема жақсы масшабталады, өйткені қосымша қолданушылар және қосымшалар орталық түйінге – файлдық серверге елеусіз ғана жүк түсіреді. Бірақ бұл схеманың да кемшіліктері бар.
Көп жағдайларда желілік жүк күрт өседі, мысалы, міліметтер қорына келетін көптеген сұраныстар бүкіл міліметтер қорын клиент машинасына жүктеуге әкеледі (локалды түрде қажетті жазбаларды алу үшін), бұл қосымшаның реакция уақытының үлкеюіне әкеледі.
Мәліметтерді көрсету, қосымша логикасын, мәліметтер логикасын орындау үшін, мәліметтер қорының операцияларын қолдау үшін клиент компьютерінің есептеу қуаты үлкен болуы керек.
