Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
психологиялық-педагогикалық.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66 Кб
Скачать
☆

3. Психологиялық - педагогикалық практикасын ұйымдастыру

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы студенттерінің Психологиялық - педагогикалық практикасы 2 аптаға созылады. Оқу жоспарымен анықталған практиканың өту мерзімі мен орны Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ректоры бұйрығымен бекітіледі.

Практика басталмастан 1 апта бұрын оқытушы–практика басшыларының міндетті түрде қатысуымен студенттердің жиналысы өткізіледі.

Практикані өткізу орындары – мектепке дейінгі мекемелер.

Студент-практиканттың практика кезіндегі игереуге тиісті біліктер мен шеберліктер:

  • Мектепке дейінгілердің жеке тұлғалық ерекшелігін білудің психологиялық

– педагогикалық зерттеу әдістерін қолдануға үйрену;

  • әдістемелік дағдыларды игеру

  • Тәрбиешінің еңбегінің өзіндік ерекшелігін түсіну;

  • әр түрлі кәсіби құжаттарды толтыра білуге, жүргізуге үйрету;

  • Сәбилік шақ, естиярлар және ересектер тобы балаларының ойын әрекеттерінің ерекшеліктерімен танысу;

  • Мектепке дейінгілердің жеке тұлғалық даму үрдісін, нәтижелерін талдауға үйрету;

  • Жеке балаға, ұжымға, әр жас тобына психологиялық – педагогикалық мінездеме жазуға үйрету.

4.Практикані басқару және бақылау әдістері

Студенттердің сәбилік шақ топтарындағы педагогикалық практикасын ұйымдастыру мен оқу-әдістемелік басқаруда университет жағынан кафедра жүзеге асырады.

Кафедра практиканың оқу-әдістемелік дайындығын жүзеге асырады, басқарушы-оқытушыларды тағайындайды, практиканың басталуы алдында студенттердің ұйымдастыру жиналысын өткізеді және қажетті құжаттармен (бағдарлама, күнделік, практикаға жолдама, т.б.) қамтамасыз етеді.

Практиканың қорытындысы бойынша өтетін аттестация бекітілген талаптарға сәйкес жазылған жазбаша түрдегі есеп пен практика басшының пікірі негізінде жүргізіледі. Практика қорытындысы бойынша баға (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық) қойылады.

Студенттің міндеттері:

-практика өтетін орынға практиканың басталуына байланысты бекітілген мерзімде келу;

- атқаратын жұмыстарға жауапкершілікпен қарау;

-бекітілген форма бойынша күнделікті әрдайым жүргізу және практикані өту туралы есептер жазып жүру;

- ішкі тәртіп ережесін бұзған студент-практиканттарға практика өткен жердегі бөлім бастықтары шара қолдана алады. Бұл жөнінде студенттің университетте әрі қарай білімін жалғастыру туралы мәселені шешу үшін кафедра мен университет ректорына хабарлау қажет.

Сәбилік шақ топтарындағы педагогикалық практикасының бағдарламасын орындамаған немесе есебін қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студент практикані қайтадан 2-рет өтуге жіберіледі немесе ЖОО-нан шығарылады. Қанағаттанарлықсыз баға алған немесе есепті тапсырмаған жағдайда студент өз есебінен практикаден қайта өтеді. Практикані қайтадан өту мерзімін деканат студенттік каникул кезінде өтеуге рұқсат береді.

5.Практиканың қорытындыларын рәсімдеу тәртібі және үлгілері

А. Күнделікті жүргізу және практика қорытындыларын рәсімдеу.

Әрбір студент бірінші күннен бастап, 1 күнгі істеген жұмыстарын жаза отырып, күнделік жүргізеді. Күнделікте студенттің қай күні, қай жерде болғаны көрсетілуі керек. Күнделіктен жұмыстың мазмұны, өз бетімен жұмыс жүргізілді ме және мүмкіндігінше, жұмыстың көлемі көрінуі қажет. Күнделік сиямен ұқыпты толтырылады. Практика басшысының басшылығымен өткен әрбір жұмыс күн сайын күнделікке жазылуы тиіс және ол басшының қолымен расталады. Жұмыс орнындағы жұмыс аяқталғасын тағайындаған практика басшысы студенттің практикалық дағдылары қаншалықты игергендігін тексеріп, күнделікке баға қойып, студент жұмысы бойынша өз ескертпелерін жазады.

Практика аяқталған соң күнделік практика басшысының практика есебіне тіркеледі. Кафедраға есеп күнделіксіз қабылданбайды.

Б.Практика бойынша есеп құру.

Студент-практикант практика нәтижелері бойынша есеп жазады. Бұл есеп практиканы өту барысында барлық бөлімдер бойынша дайындалады және Практиканың аяқталу мерзіміне қарай бәрі аяқталып, есеп жазылу керек.

Есеп кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен қосымшадан тұрады. Қажет болған жағдайда негізгі бөлім жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін.

В. Практика бойынша есепті қорғау және оның қорытындыларын бағалау.

Студент педагогикалық-кәсіби практикасын аяқтаған соң пікір алу мен қорғау үшін кафедраға есебін тапсырады. Барлық қосымша құжаттармен есеп кафедраға тапсырылады. Есеп қорғау кафедрада құрылған комиссия алдында қорғалады. Есеп пен оны қорғау 4 баллдық жүйемен бағаланады.