- •11.Аналық без кистасы аяқшасының бұратылуы. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.
- •2. Медикаментозды емес емі
- •3. Медикаментозды емі:
- •II кезең–декомпенсация немесе «үнсіз» өкпе кезеңі:
- •66. Гинекологиядағы Жедел іш. Ажырат.Диагн.
- •76.Көмей стенозы. Жіктелуі. Диагностикалық критерийлері. Шұғыл көмек.
- •77.Гипергликемиялы кома. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек.
- •78.Жыланның шағулары. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек.
- •80.Жұқпалы-токсикалық шок. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек.
- •81.Көмірқышқыл газымен улану. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.
- •79.Обструкциялық синдром. Клиникасы. Стенозбен ажыратпалы диагностикасы.
- •82.Жедел холецистит. Клинкасы. Диагностикасы. Ауруханаға дейінгі кезеңде науқастарды жүргізу тактикасы.
- •Ауырсыну синдромы
- •Диспепсиялық көріністер: Жүрек айну, ауамен кекіру, ауызда ашты дәм сезу, құсу, тәбет төмендеуі,кей тағамдарды көтере алмау(майлы , қуырылған, уксусы бар). Құсу жеңілдік әкелмейді.
- •85.Қосарланған жарақат. Клиникасы. Диагностикалық алгоритмі. Шұғыл көмек көрсету принциптері.
66. Гинекологиядағы Жедел іш. Ажырат.Диагн.
Бұзылған жатырдан тыс жүктілік – толғақ тәрізді іштің төменгі жағындағы ауырсыну. Ауырсыну мен бірге әлсіздік, бас айналу, терісінің бозаруы пайда болады. Құрақ қуысының алд қаб б/еттерінің керілуі жоқ. Қынаптан күңгірт қоңыр қанды бөліеістер, диагностикалау үшін УЗИ, артқы күмбездің пункциясы. Аналық без кистасының жарылуы ж/не аяқшасының бұралуы. Жарылу кезінде айқын «жедел іштің» клиникасы пайда болады: іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, арқаға, аралыққа иррадиацияланады, көпретті құсу, зәршығарумен дефекацияның жиілеуі. Науқас мазасыз, ішастардың тітіркену белгилері п.б. іш беттерінің керілуі, шұғыл хир көмекті қажет етеді. Кіші ретеционды кисталардың жарылуы мен бұралуында. Ауырсыну гипогастриде, ешқайда ирадиацияланбайды, іш пальпацияда жұмсақ, іштің төм бөлігінде ауырсынады, ішастар тітіркенуі жоқ.
Қысылған шап жарығы. Кенет физ жүктемеден, жарақаттан соң іштің төменгі бөлімінде, шап аймағында ауырсыну. Құрсақ қаб тітіркенуі болуы мүмкін. Жарық құрамының пальпациялануы. Жедел аппендицит. Ауырсынудың алғашқы локализациясынан кейін ауырсыну оң жақ мықын аймағында орналасады, құсу, лоқсу, лейкоцитоз. Соэ, интоксикация белгілері Воскресенский , Ровзинг ж/не басқа да симптомдар оң, кейін Щеткина-Блюмберг симптом ықосылуы мүмкін. Лапоротомия жаслу керек.
Шұғыл көмек: құрсақішілік қан кету кезінде қаналмастырғыш ерітінділер( декстран ер, гидроксиэтилкрахмал препараттары) кең спектрлі АБ (цефтриаксон 1—2 г в/в немесе в/м + метронидазол 500 мг - 100 мл в/в тамшылы несе амоксициллин 2,4 г в/в в + метронидазол 500 мг - 100 мл в/в тамшылы). Киста аяқшасының бұралуында догоспитальды көмек көрсетілмейді.
67.Алкогольная кома клиника диагн комек ұзақ уақыт алкогольді қолданғаннан ж/не алғаш рет қолданғанда дамуы мүмкін. Алкогольдік эксцессте кома ьіртіндеп дамиды, алкогольдік масаю, атаксия, кейде кенет тырысулармен басталуы мүмкін. Клиникасында гиперемия, бет цианозы кейін бозарумен алмасады, көз алмасының маятник тәрізді қозалысы, бронхорея, гипергидроз, гипотермия, тері тургорының төмендеуі, б/ет атониясы, артериалды гипотензия, тахикардия, алкоголь иісінің болуы. Шұғыл көмек:өмірге қажетті органдарды қалпына келтіру қажет тыныс алу мен гемодинамиканы. Ауыз қуысын тазалау, ауаөткізгішпен тілін фиксациялау, шырыш пен құсық массаларын сорып алу, дұрыс вентиляциямен қамтамасыз ету. Тыныс алудың орталықты бұзылысында трахея интубациясымен ивл жүргізу. Гиперсаливация мен бронхореяны кетіру үшін в/м 1-2 мл 0,1пр атропин ер.гемодинамиканы жақсарту үшін асқазанды зондарқылы таза суға дейін шаю. Шайынды судың алғшқы порциясын герметикалық ыдыста сақтау қажет. Алкогольді интоксикацияны лабораторлы растау үшін.Бас миыың ісінуін болдырмас үшін осмодиуретик маннитол беру қажет. Форсирленген диурез жүргізу қажет 3 – 4 сағ бойы. Аспирационды асқыныстар болса АБ тағайындау. Позицинды қысылуды болдырмас үшін науқасты жұмсақ беткейге жатқызып әр 30 – 40 мин сайын қалпын өзгерту қажет.
68.Менингококктық инфекция.Менингококктық инфекцияның (менингококкцемия, менингит) генерализденген формаларында бас ми ісінуінің дамуына байланысты ауруханаға дейінгі этапта шұғыл медициналық көмектң талап етеді.Менингококктық сепсис аурудың жедел дамуымен сипатталады. Дене қызуы 39-420С дейін 1тәулік көлемінде жоғарылайды, қалтыраумен қатар жүреді, әрі қарай субфебрилді температураға дейін төмендейді, ал шок кезінде — қалыпты немесе субнормальді көлемге дейін. Қалтыраумен қатар бас ауыруы, бұлшықет ауыруы, құсу, тахикардия болады. Қозу және тырысулар кезінде:- реланиум (0,5 % ерітінді) үлкендерге — 2-4 мл, 6 айға дейінгі балаларға — 0,3-0,5 мл, 7 айдан 2 жасқа дейін — 0,5-1 мл, 2жастан жоғары — 1-2 мл;- натрия оксибутират 20 % ерітінді үлкендерге — 20 мл т/і, балаларға (5 % р-р) — 100 мг/кг;- левомицетина сукцинат (25 мг/кг) т/і немесе б/і. Жоғарыда айтылған шаралар жасалған соң міндетті түрде инфекциялық аурухананың реанимацялық бөлімшесіне госпитализациялау. Менингеалды синдром. Критерилері: обьективті: шүйде б/ет құрысуы, Кернинг, Брудз, менингеалды поза ( бүйірде басы шалқайған, аяғы тізе буынында бүгіліп, ішіне әкелінген) оң. Менинг синдром көбіне жоғары қызбамен, айқын нейротоксикоз көріністерімен жүреді – интенсивті бас ауру, көбіне маңдай – төбе аймақта, сыртқы қоздырғыштарға жоғары сезімталдық (жанасу, жарық, дыбыс), церебральды құсу, тамақтануға байланыссыз. Обьективті қарауда науқаста шеміршек рефлекстерінің айқындалуы не тежелуі, ассимметриялығы, патол рефлекстердің п.б Бабинский, Гордон байқалады. Ауыр ағымында бас ми нервтерінің зақымдалуының ерте белгілері байқалады. Көбінесе 3,4,7,8 жұп. Гипертензивті синдром дамып, бас миының ісінуі байқалады.
Менингоэнцефалды синдром. Менингит пен энцефалиттің көріністерімен жүреді.Қабыну бас ми қабаттарынан бас ми затына өтіп бас ми қыртысы мен жұлының қозғалтқыш нейрондарын зақымдайды.Менингиалды синдром айқын емес, екінші кезекте. Клиникасында айқын бульбарлы бұзылыстар, қайталамалы эпилептеформалы тырысулар,бас ми нерфтерімен есінің бұзылысы.Психомоторлы бұзылыстар.
69.Электротравма. Клиника. Принципы оказания неотложной помощи. ДИАГНОСТИКА?
Электротравма – тоқтың зақымдалу дәрежесі денеден өткен тоқтың күшіне, әсер ету ұзақтығына және организмнің жағдайына байланысты. Тоқтың кернеуі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның денеден өту күші және жарақаттау дәрежесі жоғары. Клиникасы: басайналу, көру бұзылысы, шаршағыштық, кейде қозу, ретроградты амнезия. І дәрежесі: бұлшық еттерінің тартылуы, есін жоғалтпайды. ІІ дәрежесі: есін жоғалтады, бұлшық еттерінің тартылып, тырысуы; тыныс қан айналым қызметтері бұзылмайды. ІІІ дәрежесі: тыныс, қанайналым қызметтерінің бұзылыстары; IV дәрежесі: Клиникалық өлім. Диагностика тоқ соққан жердегі жергілікті өзгерістер. Лабораторлы зерттеу:лейкоциттердің фагоцитарлы белсеенділігінің төмендеуі, эритроцитопения, жасушалардың ыдырау жылдамдығының жоғарылауы нәтижесінде. Бх: қалдық азот, глюкоза, билирубин жоғ, альбумин – глобулинді коэффицент төм, қан ұю жүйесінде өзгерістер болуы мүмкін. Қажет болса қосымша диагностикалық шаралар.
Шұғыл көмек: ЭКГ, ырғақты мониторлы бақылау; экстрасистолия кезінде—лидокаин, б/і баяу 4 — 5 мл 2% ертіндісін егеміз. Лидокаин тез бұзылатындықтан сол дозада 20-30 мин кейін қайта енгізу. Қосымша зат ретінде MgSO4, 1 — 2 г, 100 мл 5% глюкоза ерітіндісі т\і енгізіледі. новокаинамид, 10% ерт 5 немесе 10 мл 40% глюкоза ерт. аралас тамыр ішіне. АҚ төмендеуіне байланысты новокаинамидті горизонтальды қалыпта енгізеді. — оксигенотерапия:—перифериялық венаны катетеризациялау;— аритмияға қарсы терапия: . қарыншаладың жыбыры кезінде дефибриляция мүмкін болмағанда :—прекардиалді соққы жасау;—әсері болмаса— жедел жүрек өкпелік вентиляция (ЖӨВ) бастау. 2. жүректің жабық массажы 1 мин 90 рет жиілікпен жасалады. компрессия-декомпрессия (екі адам болғанда тыныс 5 : 1, ал бір дәрігер болғанда 15 : 2), тыныс алу жолдарының өтімділігін қамтамассыз ету. (басты шалқайтып, төменгі жақты ашып, ауа енгізіп, тыныс жолдарын тазалау керек);—100 % оттегін қолдану;—трахеяны интубациялау (30 с көп емес);— жүрек массажын және ЖӨВ 30 мин жалғастыру.- орталық және перефириялық венаны катетеризациялау. 5. Адреналин 1%, 1 мг тамыр ішіне енгізу. 6. ерте— дефибрилляция 200 Дж;— әсер жоқ— дефибрилляция 300 Дж; — әсер жоқ— дефибрилляция 360 Дж;— әсер жоқ. Схема бойынша: препарат — жүрек массаж— лидокаин 1,5 мг/кг — дефибрилляция 360 Дж;— әсер жоқ— 3-5 мин кейін инъекцияны қайталау, сол дозада дефибрилляцию 360 Дж;— әсер жоқ— орнид 5 мг/кг — дефибрилляция 360 Дж;— әсер жоқ—5 мин кейін инъекция орнид доза 10 мг/кг қайталау — дефибрилляция 360 Дж;— әсер жоқ— новокаинамид 1 г (до 17 мг/кг) — дефибрилляция 360 Дж;— әр разряд арасында жүрек массажын және ӨЖЖ жүргізеді.
70.Жатырдан тыс жүктілік. КЛИНИКА ,ДИАГНОСТИКА ұрық жасушасының жатырдан тыс имплантациялануы. Көбінесе жүктіліктің 3 – 5 аптасында байқалады. Ауырсыну кеенеттен, жедел дамиды. Кейде бас айналып, естен тану мүмкін. Френикус симптомы байқалады. Іштің алд беттерінің керілуі. Іші аздап үрленген, қатайған. Ішастардың тітіркенуі байқалады. Қынаптың теексерулер ауырсыну тудырады. Терең пальпцияда ұрық орн жақтта ауырсыну. Жатырдың қозғалысы ауырсынусыз. Ж түтігі үлғайған консистенциясы қамыр тәріздес. Жатырдан аз мөлшерде қан кетулер. Артқы күмбез пункциясында қан анықталады. Қанда лейкоцитоз, соэ аздап жоғ, гемогл төм, Щетк Бл теріс. Лапороскопияда түтік кеңейген феолетовый. Диагностика жалобы, общий осмотр: қынап цианозданған, пальпацияда зақ жағ ауырсынады. Қынаптатан қанды бөліністер. лабор, анемия белгілері, Хгч анықтау, инструменталды артқы күмбезді пункциялау, УДЗ, лапороскопия
Көмек: гинекологиялық не хирургиялық бөлімшее тасымалдау. Жедел постгеморрагиялық анемия не гиповолемия болса, қан алмастырғыштармен ннфузия жасау, кортикостероидтар енгізу ( 500-750мг гидрокортизон несе 10-15мг/кг дене салмағына қан алмастырғыштармен бірге. Қажет болса ивл жүргізу. Транспортировка жатқан бүйір қалыпта аяғы шамалы көтерілген, ми гипоксиясын алдын алу үшін.
71.Кешенді жарақаттар. Анықтамасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері. Поли жарақат дегеніміз-бұл бір уақытта дененің жеті анатомиялық аймағының 2 немесе одан да көп зақымданулары: ( бас, мойын, кеуде, іш, жамбас, омыртқа )сүйектердің көптік сынықтары, құрсақ қуысының паренхиматозды және қуысты ағзаларының жарақаттары. Кешенді жарақаттардың 3 үлкен топтары бар: - қосарланған; - көптік; - біріктірілген. Қосарланған деп-әр түрлі анатомиялық аймақтардың екі не одан да көп ағзалардың бір мезетте зақымдануын айтамыз. Мыс: іш қуысының және кеуде ағзаларының тірек – қимыл аппаратымен, бас сүйегінің жарақаттары. Көптік- олар бір жүйеде орнығады. Біріккен – бір уақытта бірнеше факторлар әсер еткенде дамиды. Диагностикасы: міндетті қойылатын сұрақтар,есі болса: қатты ауырсынулар қай жерде байқалады, ауызын аша алама, бас айналуы барма, тыныс алуы қиын емеспе, аяқ-қолдардың сезімталдығы-қозғалысы сақталғанба, жарақат қай жерде орналасқан? Егер науқастың есі болмаса: алдымен тірі екендігіне көз жеткіземіз; ABCD алгоритмі бойынша диагностикалаймыз: тыныс жолдарының өткізгіштігі бұзылысында – науқастың беті көгерген, ол тыныс алуға ірекет жасайды, бірақ нәтижесіз. Ауыз қуысын ашып санациялаймыз. Аспирация кезінде – беті көгерген, құсық массаларымен былғанған, дем алуы нәтижесіз. Бұл кезде құсықты сорғышпен сорып алып тазалаймыз, ал кеңірдекпен бронхқа түскен болса интубация жасап, сорып алып тынысты реттейміз. Шок дәрежесін анықтаймыз. Шоктың III-VI дәрежесі АҚК азаюымен сипатталды. Науқастың терісі бозарған, суық термен жамылған, дене температурасы төмен, пульсы жиі,аз толымды, тек ұйқы және сан артерияларында анықталады, сист.АҚҚ 70 мм.сын.бағ төмен, тынысы басында жиі, сосын баяулайды. БМЖ бастың шашты бөлігіндегі жарақаттар, гематомалар, бас сүйектің деформациясы анықталады. Жақ-бет травмасында төменгі жақтың жабылмауы, тістеудің бұзылысы, сынуы тән, ал жоғарғы аймағына: беттің деформациясы, экзофтальм, мұрыннан қан кету-ликвормен тән. Кеуденің флотациялық жарақатында: бірнеше қабырғаның сынуынан тыныстың қиындауы, тыныс алғанда сынған жерлер кіріп, ал дем шығарғанда керісінше жоғары көтеріледі, кеуденің деформациясы болады. Егер науқастың есі бар немесе есеңгіреп тұрса: науқастың жалпы жағдайын- Глазко шкаласы бойынша, шок дәрежесін, ЖТЖ, БМ бұзылыстарды бағалаймыз; Іш және кеуде мүшелерінің жарақатын анқтау; Омыртқамен жамбастың зақымдануын анықтау; Ұзын түтікшелі сүйектердің, аяқ-қолдың жабық сынықтарын және терімен клетчатканың сыдырылуын анықтау қажет. Шұғыл көмек: ABCDE реті бойынша.алдымен тыныс алуды реттеп, қан кетуді тоқтату және шокка қарсы шаралар жүргіземіз. 1. Науқастың жалпы жағдайын бағалау. Бастың қалпын дұрыстау. Тыныс жолдарын тексеру: обструкция және бөгде заттар. Бет сүйегінің, жақтың сынығын тексеру. Тез арада мойынды тексеру. Көмек: Шанц жағасын қойып, жоғарғы жақтын сынығы болса фиксациялаймыз. Тыныс жолдарын бөгде заттардан тазалаймыз. Бас негізінің сынығы мен апноэ болмаса мұрын немесе ауыз-трахеялы ауа өткізгіш қоямыз. Тыныс алудың соңғы қорғанысын қамтамасыз етеміз: назо- немесе оротрахеальды интубация, крикотиреотомия, трахеостомия. Тыныс жолдарының күйігін жоққа шығару. 2. Ауырсынуды басу- 5% 2мл трамадол к/і. Бас және кеуде клеткасын босату-иммобилизацияланған. Вентиляцияның параметрлерін орнату. Мойын мен кеудені физ.тексеру. Кеуде клеткасының перкуссиясы, аускультациясы екі жақты. Көмек: бет маскасы арқылы немесе Амбу қапшығы арқылы вентиляция жүргізу. 100 % оттегі. Сынған жердің иммобилизациязы. Пневмоторакстың декомпрессиясы- үлкен диаметрлі түтікшемен. Массивті гемотораксты дренаждау. Кеуде клеткасының пат.қ қозғалысы кезінде вентиляциямен интубация. Назо- немесе орогастральды зонд орнату-асқазан декомпрессиясында. Капнографиямен пульсокметрияны орнату. 3. Сыртқы қан кетуді жққа шығару. Терінің түсін тексеру. Пульс: жиілігін, толымдылығын. АҚҚ. Жүрек тондарының аускультациясы. Шокты анықтау. Көмек: АҚ мониторингін орнату. 2 кең венозды катетер орнату: қан тобын, зезусын анықтау. Жоғалған сұйықтықтың көлемін толтыру: жылытылған Рингер ерт.лактатпен немесе физ.ерт. 20 мг/кг. Гемотрансфузия. ЭКГ мониторинг. ӨЖР. Бикарбонатнатрия- ацидоз кезінде. Зәрлік катетер. 4. Ес деңгейін анықтау. Қарашықтың көлемі мен жарыққа реакциясын анықтау. Ошақты милық белгілер. Көрсеткіш бойынша КТ. Көмек: гипервентиляция; маннитол 0.25 г/кг; ерте хирургиялық декомпрессия. 5. Науқасты жалпы қарау. Гипотермияны тоқтату. Зонд арқылы асқазан декомпрессясы. Фоллея катетері, ЖЗА мен диурез мониторингі ( ересектерде 50 мл/сағ кем емес, ал балаларда 0,75 мл/сағ ).
72.Пельвиоперитонит. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері. Пельвиоперитонит дегеніміз – кіші жамбас астауының жергілікті қабынуы болып табылады. Ауру, әдетте екіншілік инфекцияның жатыр қосалқыларынан жамбас іш пердесіне өтуінен пайда болады. Клиникасы: жалпы улану симптомдарымне, қалтырау, тұрақты жоғары қызбамен сипатталады. Тахикардия, артериялық гипотензия байқалады. Ауыру сезімі интенсивті іштің төменгі бөлігінде орналасып, сегізкөз, тік ішек, санға беріледі. Жатыр-тік ішек саңылауы абсцесі түзілгенде ауыру сезімі тік ішекке беріліп, ішекті қысқан сияқты сезім п.б. Пельвиоперитониттің бүйір орналасуында ауыру сезімі зақымдалған жағында айқын, қасағаға берілуі мүмкін. Жүрек айну, сирек құсу п.б. Нәжіс пен газ жүрмейді, метиоризм п.б. Ішті тексергенде, жергілікті іш перде тітіркену симптомы анықталады. Диагностикасы: Пельвиоперитонитті анықтау жиі қиындық туғызады. Процестің жергілікті болуы, пельвиоперитонит пен жатыр қосалқыларының іріңді түзілістері клиникаларының ұқсастығы ажыратуды қиындатады. Диагнозды дәлелдеуде арнайы гинекологиялық зерттеу көмектеседі. Бұл кезде жатыр-тік ішек саңылауында абсцесс болғанда, артқы күмбез төмен түсіп, ауыру сезімі айқын болады. Немесе бүйір қалталарда экссудат жиналған жағдайда қасаға астының зақымданған жағының жатыр түбінде ісік тәрізді түзілістің пайда болуы мен ауыру сезімі анықталады. Шұғыл көмек: тез арада госпитализациялау керек. Зеңбіл арқылы тасымалдау. Ауруханаға дейінгі кезде: 1-2 мл 5% аскорбин қышқылы ерт. 1 мл 3% В витамині ерт. 100-150 мг кокарбоксилаза б/і. Инфузионды терапия Na Cl 0.9% 200 мл ерт к/і, 5-10% глюкоза ерт.
73. Азықтық токсикоинфекция. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері. Балалардағы ерекшеліктері. Тағамдық токсикоинфекция - Proteus, Clostridium, Citrobacter, Serratia, Klebsiella, Salmonella, т.б қоздырғыштармен шықырылатын улану болып табылады. Ауру тамаққа бактериялармен олардың токсикалық өнімдері мен бүлінген тағамдарды пайдалануына байланысты дамиды. Инкуб.қ кезеңі қысқа 2 сағаттан бастап, 12-24 сағ дейін созылады, яғни ағзаға токсиндердің түскен мөлшеріне байланысты дамиды. Клиникасы: АІЖ қай бөлімінің зақымдануына байланысты жіті гастрит, гастроэнтерит, жіті энтерит түрінде өтеді. Жедел басталады: дене қызуы көтеріледі, жалпы әлсіздік, қалтырау, бас ауруы, жүрек айну, құсу, эпигастрий кіндік аймағындағы толғақ тәрізді ауыруы, нәжіс бұзылысы, 10-15 рет/тәу іш өту болады. Сосын сусыздану белгілері көріне бастайды: ауыз құрғауы, жиі пульс, АҚ төмендуі, дауыстың шықпай қалуы, тері мен шырышты қабаттардың құрғауы, тері тургорының төмендуі, зәрдің азаюы, тырысулар . Диагностикасы: ауру анамнезі мен шағымына байланысты ажыратылады. Анамнезінде тұрып қалған тамақты пайдалану, гигиена сақтамаушылық анықталады. Тамақ салынған ыдыстан, асқазан шайындысынан бактериологиялық тәсіл арқылы қоздырғышты анықтаймыз. Шұғыл көмек: асқазанды жылы сумен немесе сода ерт.шаю. Асқазан жуындысы тазарғанға дейін қайталау. Тұзды ішті босататын ерітінді тағайындалады. Қыжылды басу үшін пероральды түрде 0,25% 10-15 мл новокаин ерт.қолданылады. Инфузионды және дегидратациялық терапия жүргізіледі. Сорбенттер: белсендірілген көмір, смекта. Симптоматикалық ем. Балалардағы ерек: емшек жасындағы балаларда ересектерге қарағанда ағымы ауыр болып келеді.
74.Көкірек қуысына енген жара. Клин. Диагност. Шұғыл көмек. Көкірек қуысына енген жара дегеніміз – плевра қуысының сыртқы ортамен байланысы болып табылады. Ол оқ немесе өткір құрал арқылы болады. Ауаның плевра қуысына түсуі, қан тамырлардың жарақаттануы, іріңді асқыныс қаупімен сипатталады. Клиникасы: Жабық пневмоторакс: жеңіл ентігу, цианоз, зақымдалған аймақтың тыныс актісінен қалуы. Аускультацияда шулардың болмау немесе әлсіз болуы. Перкуссияда тимпаникалық дыбыс, рентгенде плевра қуысына ауа жиналу көрінеді. Емі: жара бетіне оклюзионды байлам салып, тез арада стационарға жеткізу, пункция жасау. Ашық пневмоторакс: науқастың жағдайы ауыр, жараланған жерден қанды көпіршіктердің шығуы, жараланған жақта тыныс алу байқалмайды, рентгенде-диафрагмамен көкірек аралықтың ауытқыған қозғалысы, өкпенің төмен түсуі, шок. Емі: тез арада жараның бетін жауып, яғни оклюзионды байлам салып, науқасты жартылай отырған қалыпта стационарға жеткізу.транспорттау кезінде: оттегі ингаляциясы, промедол, глюкоза. Қақпақтық күтемелі пневмоторакс: ауыр ентігу, цианоз, үрей сезіну, тахикардия, АҚҚ төмендеуі, жүрек жеткіліксіздігінің қосылуы, тыныстық шудың болмауы, зақымдалған жерде тимпаникалық дыбыс, көкірекаралықтың сау жаққа ығысуы, магистральды веналардаң қасылуы. Емі: плевра қуысындағы қысымды төмендету қажет. Ол үшін орт.бұғ.сыз. 2 қабырғаарлықтан жуан инемен тесіп ауаны шығару керек. Тез арада стационарға жеткізу қажет. Ауырсынуды басу үшін 1 мл 0.1% атропин ерт. Диагностикасы: Енген жараның белгісі болып-тыныс алу кезіндегі ішке тыртылған ауаның дыбысының шығуы болып табылады. Ентігу, цианоз, бозару, тахикардия, жиі пульс, сынықтардың крепитациясы, кеуде қабырғасынығ «сорушы» немесе ашық жарақаты.
75.Аналық бездің апоплексиясы. Жатырдан тыс жүктіліктің ажыратпалы диагностикасы. Ауруханаға дейінгі кезеңде науқастарды жүргізу. Аналық без апоплексиясы ( аналық без жарылуы, инфаркты, гематомасы) – аналық безіне қан құйылу мен оның бүтіндігінің жедел бұзылуы және құрсақ қуысына қан кету. Жиі бұл ауру етеккір циклынің ортасында дамиды. Клиникасы: жүктілікке ұқсас, зақымдалған жақтағы ауырсыну-жамбас, сегізкөз, тік ішекке беріледі. Айқын қан кетуде: тахикардия, артериялық гипотензия, тері бозаруы, суық тер болады. Іштің перкуссиясында қан жинаоу есебінен тұйықталу болады. Бұл патологияны жатырдан тыс жүктіліктен және жедел аппендициттен ажырату керек. Жатырдан тыс жүктіліктен аналық безі апоплексиясының анемиялық формасының айырмашылығы, етеккірдің кешігуі мен жүктіліктің басқа белгілерінің болмауы. Аура жиі етеккір циклінің 11-12 күнінде п.б. Кейде етеккір циклінің бұзылуы туралы анамнездік деректер болады. Жатырдан тыс жүктілікте физиологиялық аменорея, лайықты анамнез, жүктіліктің субьективті белгілері болады.Ауруханаға дей.кез.науқасты жүргізу: құрсақ ішілік қан кету мен ауырсыну синдромын анықтау. Құрсақ ішілік қан кету белгілері болмаса, жедел ауруханаға тасымалдау қажет. Құрсақ ішілік қан кетуде көк тамырға қан алмастырғыш ерт.і енгізу керек: 500 мл 5% глюкоза ерт және 3 мл 5% аскорбин қышқылы к/і, 400 мл реополиглюкин к/і. Негізгі емі – оперативті аналық без жарылуын тігу, резекциялау.
