- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті кәсіптік тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •« Терапия бөлімшесінде ем-шара мейірбикесінің көмекшісі»
- •Студенттің «Терапия бөлімшесіндегі ем-шара мейірбикесінің көмекшісі» оқу-өндірістік тәжірибесін өткенен кейін игеруі шарт тәжірибелік іскерлік пен дағдылардың үлгі ретіндегі тізімі
- •«Терапия бөлімшесінде ем – шара мейірбикесінің көмекшісі»
- •Дәстүрлі шкалаға ауыстырылған білім алушылардың оқу жетістіктері бағаларының балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
- •Күнделiктi жазу
- •«Жалпы медицина» факультеті 3 курс топ студенттері
- •Үлгі «ем-шара мейірбикесінің көмекшісі» оқу-өндірістік тәжірибенің қорытындысы «Жалпы медицина» факультеті 3 курс топ студенттері
« Терапия бөлімшесінде ем-шара мейірбикесінің көмекшісі»
оқу-өндірістік тәжірибенің күн тәртібі
№ |
Жұмыстың түрі |
Шамамен алынған уақыт |
1 |
Таңертеңгі мейірбикелік конференцияларға қатысу |
08.00-08.30 |
2 |
Емшара кабинеттерінде, сонымен қоса емханадағы емшара кабинеттерінде де жұмыс жасау |
08.30-14.00 14.00-20.00 |
Жұмыстың барлық кезеңінде студенттер тәжірибе жетекшісімен жұмыс орнымен, медицина қызметкерінің сыртқы келбетіне қойылатын талаптар туралы, бөлімнің медициналық қүжаттамамен жұмысы туралы, дәрі-дәрмектердің үйлесімділігі туралы, шұғыл жағдайларда дәрігерге қаралғанға дейін көмек көрсету туралы жеке мәселелерді талқылайды.
4. Тәжірибенің мазмұны:
Ем-шара кабинеті мейірбикесінің жұмысын ұйымдастыру
Ем-шара кабинетіндегі мейірбикенің функциональдық міндеттерімен танысу. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Үстелдің ыңғайлы жерде орналасуы. Медициналық құжаттаманың, қосалқы құрал-саймандардың, материалдардың тұрған орнын анықтау. Электр құралдарын (үстел үстіне қойылған шамдар, тоңазытқыш, ыстықпен құрғататын шкаф, сигнализация) дұрыс пайдалану. Еңбекті ұйымдастыруды жақсартуға арналған түзетуші әрекеттер. Еңбекті ұйымдастыруды жақсартуға арналған түзетуші шаралар. Құжаттаманы жүргізу. Журналды өз бетінше толтыру, ем тағайындау парағымен жұмыс жасау, дәрігерлік тағайындауларды сұрыптау. Сұрақ туындаған тағайындауларды нақтылау немесе анықтау, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектерді мөлшерлеу ерекшеліктері туралы жетекші мейірбикемен немесе емдеуші дәрігермен пікір алысу. Дәрі-дәрмектерді есепке алу және жұмсау туралы жазба жүргізу.
Ем-шара кабинетінде санитариялық-індетке қарсы режимді қамтамасыз ету
Ем-шара кабинеттерінің (СанЕмН) күтімі туралы қолданыстағы нұсқаулықтармен және нормалармен танысу. Тәжірибе жетекшісіне қауіпсіздік техникасы бойынша сынақ тапсыру. Мейірбикенің сыртқы бейнесі. Жұмыс орны мен оның сыртқы түріне қойылатын гигиеналық талаптар. Арнайы киімді кию тәртібі. Қолды тазарту: қолды тазарту деңгейлері (әлеуметтік, гигиеналық). Дезинфекциялау құралдарды қолданып ем-шара кабинетінің ғимаратын ылғалдап тазарту. Ем-шара кабинетіндегі жиһаздарды тазалау (кушеткалар, медициналық стол, медициналық шкаф, т.б.). Асептика және антисептика талаптарының орындалуын қамтамасыз ету. Ем-шара кезінде пайда болған қалдықтарды жою. Ем-шара кабинетіндегі құралдар мен ауаны дезинфекциялау үшін кварцты шамды қолдану. Кабинетке кіретін бөлімнің қызметкерлерінің дезинфекция режимін сақтауын қадағалау. Ем-шара кабинетінде жұмыс жасайтындардың формасы мен киімінің сапасына (мақта-матадан тоқылған) қойылатын талаптарды орындау. Жеке бас гигиенасы талаптарын орындау.
Парентералдық жолмен жіберуге арналған дәрі-дәрмектермен жұмыс жасау
Парентералдық жолмен жіберуге арналған дәрі-дәрмектермен жұмыс жасау тәртібі. Бөлімнің жетекші мейірбикесінен парентералдық жолмен жіберуге арналған дәрі-дәрмектерді алу. Дәрі-дәрмектерді ем-шара кабинетінде есепке алу мен сақтау (дәрі-дәрмектерге арналған медициналық шкаф, тоңазытқыш, сейф). Есеп беру құжаттамасы: дәрі-дәрмектерді есептен шығару тәртібі. Шокқа қарсы дәрі қобдишасын қалыптастыру, кабинетте болуын және жаңартылып отыруын бақылау. Дәрі-дәрмектердің жарамдылық мерзімін тексеру.
Венаға дәрі жіберу (егу).
Венаға дәрі жіберу үшін бір рет қолданылатын, түрлі өлшемді шприцтерді қолдану. Ем-шара кабинетінде, сондай-ақ ауыр халдегі науқастың палатасында инъекция кезінде асептика тәртібін қатаң сақтау. Пациентті ем-шара кабинетіне шақыру, пациенттің психологиялық дайындығы, оны ыңғайлы қалыпта жатқызу. Дәрі жіберу орнын таңдау. Бұрауды иыққа немесе білекке салу. Венаны пункциялау, иненің венада орналасуын бақылау. Бұрауды алу. Дәрілік заттекті енгізу. Пациенттің көңіл-күйін бақылау, дәрі енгізген орынды визуальды бақылау. Дәріні енгізуді аяқтау. Венадан инені суыру. Венадан қан кетуді тоқтату. Пациентті 5 минут қадағалау. Техникалық қателіктерге, асептика тәртібінің бұзылуына жол бермеу. Ине салу үшін қолданылған материалдарды алып тастау. Пациентті палатасына дейін жеткізіп салу.
Дәрі-дәрмектерді венаға жіберу (инфузия).
Венаға тамшылы инфузия жасау үшін жүйелерді құру. Дәріхана мен фармацевтикалық фабрикаларда жасалған флакондарды пайдалану. Флакондардың құрылғыларының айырмашылығын ажырату мен оларды тамызғыға жалғау дағдылары. Венаға инфузия жасау үшін жүйенің тораптарын ерітіндімен толтыру. Өткізгіштігін тексеру, ағын жылдамдығын реттеу мүмкіндігі, енгізуді тоқтату. Венаға пункция жасау үшін инелерді жалғау. Иненің өткізгіштігін тексеру (ерітіндіні кішкене «шашу»). Жүйені штативке орнату, палатадағы науқастың қасына алып бару. Пациентті ыңғайлы қалыпта жатқызу. Венаны пункциялау, иненің венаға түсуін қадағалау. Инфузияның басталуы, жіберілген дәрінің қантамыр арнасына түсуін қадағалау. Инелер мен тораптарды бекіту (пациенттің қолына бекіту). Инфузия өткізуді үнемі қадағалау, пациенттің жағдайы мен көңіл-күйін бақылау, иненің орналасуын қадағалау. Инфузияның аяқталуы, емдеуші дәрігердің инфузия аяқталғаннан кейінгі жоспарлы тағайындауын немесе бүйрықтарын орындау (мысалы, қосымша берілетін ерітінділерді болюсті енгізу). Венадан инені алу. Спиртке батырылған мақталы шарикті ине салынған жерге 10 минут қою. Науқастың инфузиядан кейін 30-40 минут жатып демалуын бақылау. Жүйені қайта өңдеу.
Қуықты жұмсақ катетермен катетерлеу
Катетеризациялаудың мақсаттары. Жұмсақ катетердің қүрылғысы. Жұмсақ катетерді дезинфекциялау. Науқас пен аспаптарды катетеризациялауға дайындау. Катетеризация ем-шарасы, әйелдер мен ерлердің қуығын катетерлеу ерекшеліктері.
