54. Социометрия
Әдістеме мақсаты - мектепке дейінгі балалар тобының тұлға аралық қарым – қатынасты зерттеу және бағалау. Бұл әдістеме социометриялық әдістеменің бір түрі.
Әдістеменің жүргізілуі: Зерттеліп жатқан топтағы әрбір балаға тартымды, қызықтырылатын заттар беріледі. Бұл затар ойыншықтар, суреттер, конфеттер болуы мүмкін және т.б.
Балаға келесідей нұсқау беріледі: «Мына үш затты тартымдылығына қарай бағала. 1 орынға балалар қтты қажет ететін , содан соң орташа, үшіншісіне қалғанын қой. Енді тобыңнан осы заттарды сыйлағың келетін 3 баланы таңда. Оларды атап және заттарды бере ғой.Ең тартымды затты өзің бәрінен ішінен ең жақсы көретін балаға бер, ал екінші затты сенде екінші орында тұрған балаға бер, соңғы затты сенде «сүйкімділігі» жағынан 3 орында тұрған бала бер»
Барлық балалар қолдарындағы затарды таратып болған соң , зерттеуші қай бала қанша және қандай зат алғанын анықтайды. Алған заттарына қатысты келесі формула арқылы баланың топтағы социометриялық статусы анықталады.
С = K / n-1 x 100 %
n-1 Мұнда С – топтағы құрдастарымен қарым – қатынас жүйесіндегі баланың статусы. К – баланың топтағы достарынан алған тартымды заттар саны. n – зерттеліп жатқан топтағы балалар саны.
Баланың алған жақсы, орташа және орташадан төмен тартымды заттардың көлемі туралы қосымша мәлемет, оның топтағы құрдастарының арасындағы қарым – қатынасқа жақындығы туралы білуге болады.
Зерттеу барысында әр бала қанша тартымда зат алды соған байланысты өз құрдастарымен қарым – қатынасының жақындығын көрсетеді. Қорытындыны бағалау
10 балл – баланың С көрсеткіші 100 %
8 – 9 балл – баланың С көрсеткіші 88 % - 90 % 6 – 7 балл – баланың С көрсеткіші 60 % - 79% 4 – 5 балл – баланың С көрсеткіші 40%-59% 2 – 3 балл – баланың С көрсеткіші 20%-39% 0 – 1 балл – баланың С көрсеткіші 0%-19%
Даму деңгейіне қорытындылау
10 балл - өте жоғары 8 – 9 балл – жоғары 4 – 7 балл – орташа 2 – 3 балл – төмен 0 – 1 балл - өте төмен
Тұлғааралық қарым – қатынас әдістемесі
Балаларға сыныптастарын үйшіктерге орналастыру ұсыеылады. Әрбір үйшіктің өзіне сай атауы және статусы болады.Үлкен сарай (1) , пәтер (2) , жер үй (3) , үйшік (4) . Барлық қатысушыларды әрбір бала өзінен басқасын үйшіктерге бөлу керек. Қорытындысын таблицаға қою арқылы шығарады.
Соңғы таблицадағы тор баланың социометриялық статусы болып табылады(С). Ол мына формула арқылы есептелінеді:
С= 4*в1+3*в2+2*в3+1*в4 / К - 1
В1 – алғашқы таңдауының саны (сарайға орналастырылған)
В2 – екінші таңдау саны (пәтерге орналастырылған)
В3 – үшінші таңдау саны (жер үйге орналастырылған)
В4 – төртінші таңдау саны (үйшікке орналастырылған)
Жиналған баллға байланысты
3 – 3,4 дейін – көшбасшы болуға претендент 2,5 – 2,9 – қалаулы 2 – 2,4 – қабылданған 1 – 1,9 – оқшауланған
55. Люшер түстерді таңдау әдісі.
М.Люшердің түстерді таңдау тесті – түсті субъективті түрде таңдауға негізделген проективті әдістеме.Түстер адмдар бойында физиологиялық немесе психологиялық дамудың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.Түстерге деген эмоциналды қатынас психодиагностикада қабылдаудың ерекшелігін көрсетеді.
Л. Тесті адамның түсті таңдау барысында оның іс-әрекет, көңіл-күй, жеке тұлғалық ерекшеліктерін айқындайды. Л. бойынша түстер сипаты негізгі 4 және қосымша 4 түстерге негізделген. Қазіргі таңда Люшер әдістемесінің 8,16,32, сонымен қатар компьютерлік бағыттары белгілі.
Негізгі түстер:
1) Көк – тыныштықты,сабырлықты білдіреді.
2) Жасыл – сенімділік сезмін, қайсарлықты, кейде қырсықтықты білдіреді.
3) Қызғылт сары, қызыл – ерік-күш,жігерлікті, агрессивтілікті,қызбвлықты білдіреді.
4) Ақшыл сары – белсенділікті, қарым – қатынасқа талпынысты, ашықжүзділікті білдіреді.
Қосымша түстер:
5) Күлгін 6) қоңыр 7) қара 8) сұр. Бұл түстер жағымсыз түсті : стресс, мазасыздық, қорқыныш, ренжуді білдіреді.Өзара бірегей орналасқан жағдайда олардың позициасы бойынша реттелуі жоғарғы деңгейде болады.
Зерттеуді жүргізіп отырған психолог барлық карточкаларды аралстырады да, зерттелушінің алдына қояды. Зерттелуші алдында түрған карточкалардың ішінен ең ұнамдысын таңдап алады.Зерттеуші зерттелушінің түстерді таңдау барысында бір затқа ұқсастырмауы керектігін ескертуі керек. Таңдалған карточканы аударып бөлек қою қажет. Осылайша карточкаларды таңдаған соң, психолог қойылған ретте карточка нөмерлерін жазып алады.
2-3 минуттан соң, зерттелуші әдәсті қайталайды, бірақ алғашқы таңдауын еске түсірмеуі қажет,түстерді таңдау барысы алғашқы рет жасалғандай болуы қажет.
Алғашқы таңдау ықылас, күй, ал екінші шынайлылықты сипаттайды. Зерттеу мақсатына сәйкес, тесттің нәтижесін келесігідей талдаулар жасаймыз.
Тестілеу нәтижесінде келесі позициялар алынады:
1 және 2 таңдау – (++ белгіленеді)
3 ж 4 таңд – (хх белгіл.)
5 ж 6 таңд – ( == белг.)
7 ж 8 таңд – ( -- белг.)
Л. зерттеулердің 36000 нәтижелеріне негізделіп, таңдалған позицияларға төмендегідей талдау жасады. Алғашқы позиция мақсатқа жету тәсілдерін білдіреді, екіншіден, байсалды, тапсырманы қиналмай орындайды. Екінші позиция, зерттелушінің бағытталған мақсаттылығын көрсетеді. Үшінші және төртінші позиция, түсті қабылдау мен шынайы жағдайды түйсінуді көрсетеді. Немесе жағдайда байланысты іс – әрекет бейнесін анықтайды. 5 және 6 позиция түске деген немқұрайлықты немесе нейтралды қатынасты көрсетеді.Таңдалған түс көңіл-күй мен мұқтаждықты, мотивті тежеуге талпынады.
Таңдалған түстерді жазу барысында олардың реттік номерімен таңдалған позициясы ескеріледі.
Таңдау барысында келесі аспектілер ескеріледі:
Алғашқы және 2-топтама түстерді таңдау реті.
Негізгі және қосымша түстердің өзара орналасуы.
Алғашқы және соңғы позицияда түстердің орналасу реті ескеріледі.
Негізгі түстердің орналасуын бағалау барысында, оларды бесінші позициядан кейн орналастыру,мұқтажықтың қанағаттанбауынан, яғни мазасыздық, жағымсыз көңіл – күйдің бар екендігін көрсетеді.
Сонымен қатар, негізгі түстердің өзара орналасуы қарастырылады.
Л бойынша негізгі түстер төмендегі псих.қ мұқтаждықтард білдіреді.
№1 (көк) – қанағаттануға деген мұқтаждық, тыныштық, тұрақты жағымды құштарлық.
№2 (жасыл) – өзін – өзі танытуға деген мұқтаждық.
№3 (қызыл) – жетістікке ұмтылу, іс – әрекетті белсенді орындауға деген мұқтаждық.
№4 (сары) – армандау, жақсылыққа сену.
Егер негізгі түстер бірінші – бесінші позициада орналасқан болса, зерттелінушінің мұқтаждығы қанағаттандырылған деуге болады, жақсы деп қабылданады, егер алтыншы – сегізінші позицияда орналасқан болса, жағымсыз жағдайлардың салдарынан қанағаттандырылмаған болып есептелінеді немесе мазасыздық, конфликтілік жағдайлар болуы мүмкін.
Шеттелген негізгі түстер стресс ретінде бағаланады. Л. түстердің таңдалуы төмендегідей жағдайда талданаданы.
Жасыл түсте күрделі іс-әрекет жағдайында зерттелушінің ерік жігердің икемділігі байқалады.
Қызыл түс мақсатқа жетуге деген ұмтылыс сезімі мен ерік күш көрсетеді.
Сары түс жетістікке деген үміт сезімін көрсетеді.
56. Леонгард мінез акцентуация» - түсінігін алғаш рет неміс психиатры және атақты психологы, Берлин университетінінің неврологиялық клиникасының профессоры Карл Леонгард енгізген болатын.Оның еңбектерінде «акцентуацияланған тұлға» және «мінез-құлықтың акцентуацияланған қырлары» деген тіркестер қолданады. К.Леонгард « психопат» терминін «акцентуацияланған тұлға» терминімен алмастырған. К.Леонгард бойынша мінез-құлық акцентуациясы психопатия мен норма арасындағы бір жағдай, оның пікірі бойынша «акцентуацияланған тұлға» ауру адамдар емес, бұл ӛздерінің жеке дара ерекшеліктері бар сау адамдар. Ендеше біріншіден «акцентуанттарды» психопаттардан, екіншеден акцентуанттарды елестерден айыру шекарасы қандай деген сұраққа К.Леонгард нақты жауап бере алмады. Акцентуацияланған мінез-құлықтар табиғи биологиялық қасиеттерге емес, белгілі бір адамның ӛмір салтына із қалдыратын сыртқы ортаның ықпалына байланысты. «Акцентуация» жалпы алғанда белгілі бір мінез қыры деңгейінің күшейуін білдіреді. Акцентуация – бұл сол бір индивидуалды патологиялық жағдайға ӛту тенденциясы бар қырлар. Айқын кӛрінген жағдайда олар тұлғаның құрылымын бұзып патологиялық апатқа ие болады.
1. Демонстративті (истероидты) (М) — бұл тип адамның зейін ортасында болғысы келгенде көрінеді, бұл кезде ол не істеп, қалай істеп отырғанын ұмытады. Демонстративті типке жоғары ығыстыру қабілеті және әлеуметтік ортаға тәуелділік, өзін-өзі сендірушілік тән.
2. Педантты (жоғары пунктуалды) (М) — өткенге көп уақыт бойы ренжу, түкке тұрмайтын жағдайларға маңызды көңіл аудару, белгілі бір мінез-құлық үлгілерін қстанушы, дәстүрді ұстанушы, тұйықталған, жоғары жауапкершіл тип.
3. Тұйықталған тип (М) – бір күйден екінші күйге ауысу ауырлығы, ал оның негізгі қыры – бұл жоғары бағалы идеялардың қалыптасуы, соған ерекше маңыз білдіреді және қызметке өзінің және басқа адамның өмірін қоюға дайын болады.
4. Қозғыш тип ( эпилептоидты ) (М) — өз әсерлерін, сөзін және мінез-құлқын күшпен басқарады. Аяқ асты бүлінгіш және әлсіз тітіркендіргіштерге күшті реакциямен жауап береді. Өткен өшпесіне қайта оралып, өш алуға бейім.
5. Гипертимді тип (Т) – үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүреді, іс-әрекетке деген құштарлық, айналасындағыларға әр дайын аса зейінді болмағандықтан, өзінің жеке күйін күшпен басқарады. Бала – болашақ гипертим, таңертең оянғанда күліп тұрады және жағымды әлемдік қатынас объективті жетістіктерге әрдайын шартталған емес.
6. Дистимді тип (Т) – керісінше, төмен көңіл-күймен, өмірдің қараңғы жақтарына көп көңіл бөледі. Бала оянғанда жылап тұрады, ал ересек жаста өмірдің жақсы жақтарын қабылдамайды, қоршағандардың неодекватты кінә сезімдерін тудырып, соған байланысты топта жоғары статусы болмайды.
7. Қауіпті – қорқақ тип (Т) — қоқақ, тіпті өмірдің қиын емес тапсырмаларымен байланысты болғанда да үнемі қауіпті сезінеді.
8. Циклотимді тип (Т) – жоғарыда көрсетілген екі типтің кемшіліктерін біріктіреді. Тұлғаның потологиялық дамуында моникалды-депрессивті психозға әкеледі.
9. Эмотивті тип (Т) – сезімдерімен өмір сүреді, барлық эмоционалды күйдің диапазонын қобалжиды, басқа адамдардың көңіл-күйін тез қабылдайды.
10. Аффективті – экзальтировты тип (Т) – нәзік және әсершіл адамдар, шындық өмірді иллюзорлы әлемге ауыстырады.
