Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
адебиет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144 Кб
Скачать
☆

50. Мәнерлеп оқу.

Қазақ тілі - әуезді тіл. Оның әуенге жақындығын ғалымдар мойындағаны қашан. Бұл әсіресе оның поэзиясында қатты байқалады. Тыңдаушыға әсер ететін фактор тек өлең емес, оны оқитын адам екенін ұмыипайық. Біреулер өлеңді судыратып оқып шығады, біреулер эмоцианалды оқиды, біреулер әр сөзден соң кідіріп оқыды, біреулер...... мәнерлеп оқиды.

Мәнерлеп оқу дегеніміз-дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу. Оқушылар шығарманың көркемдігін және әсерлігін мәнерлеп оқу арқылы байқайды.

Мәнерлеп оқуды үйрету үшін әр мұғалім оқу сабағына немқұрайлы қарамай, жан-жақты дайындалуы керек. Ол үшін мұғалім қандай мәселені жете білуі тиіс. Мәнерлеп оқуды дұрыс ұйымдастыру үшін,оқушы шығарманы оқығанда, қалай демала білу керек, дауыс қалай шығуға тиіс, дикциян қандай болуы қажет-осының барлығын мұғалімнің өзі айқын білгені жөн.Өйткені,мәнерлеп оқу үшін кеуде қуысына толған ауаны орынды пайдаланып,дұрыс дем ала білудің мәні зор.Өкпедегі ауаны сарықпай,оқу үрдісіндеүнемі дер кезінде дем алып,ауаны керегінше жұтып отырған оқушы мәнерлеп,дұрыс оқи алуына жағдайы бар.

Мәнерлеп оқуда зор рөл атқаратын –интонация. Интонация дегеніміз-сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін, дауыстың бірде жоғарылап,бірде төмен деуін білдіреді.

Сөз екпіні және ой екпіні. Сөз екпіні-фразалық екпін, ал ой екпіні-логикалық екпін.

Біз тармақ ішіндегі бунаққа мүлдем көңіл бөлмейміз. Ал бунаққа дұрыс бөлініп, әр бунақта кідіріс жасасақ, өлеңге мүлдем өзге шырай енеді. Біздің ойымызша, мәнерлеп оқу пунктуациялық белгілердің тек қағазда ғана емес, сөйлеуде де өз қызметін атқаруы, дауыс ырғағының өз орнымен көтерілуі не түсуі, қарқынның жылдамдауы не баяулауы, фонетикалық заңдылықтардың, орфоэпиялық нормалардың және тағы да сол секілді біршама задардың сақталуы.

Шартты белгілердің түсіндірмесі мынадай болып келеді:

Көркем шығарманы мәнерлеп оқу үшін,онымен алдын-ала танысып,сонан соң оқығанда ғана автордың идеясын жеткізе оқып шығуға болады. Әсіресе, поэзиялық шығармаларды жеткізуде мәнерлеп оқудың маңызы зор. Поэзияны құлақпен емес,жүрекпен,сезіммен қабылдау керек десек,ол шығармаларды бала қалай меңгереді,нені сезді,неге тебіренеді,қандай көңіл күйде болады?..Оны тексеру де мұғалімге оңай соқпайтын мәселелер.Сондықтан мұғаләм көқркем шығарманы алдымен өзі оқып шығуы тиіс.Мәнерлеп оқуға тһселдірудің мақсаты-оқушыларды поэзияны сүюге бау лу,оның кестелі тілін сезіне білуге баулу,эстетикалық ләззат ал білуге,әдемі,көркем сөйлей білуге баулу болып табылады.

51. М.Әуезов шығармаларын оқыту жолдары.

Әлемнің жазушылары мен ғалымдары жоғары баға берген адамзаттың Әуезовінің шығармашылық мұрасын бүгінгі және болашақтағы ұрпаққа таныту - әдебиеттегі маңызды мәселелердің бірі. Себебі әдебиеттегі кесек тұлға Әуезов шығармашылығын мектепте оқыту мәселесі өте күрделі сала болғандықтан, терең білімпаздық пен аса ізденімпаздықты қажет етеді. Әр шығармасын оқыту үшін үлкен дайындық, терең эрудиция, үлкен жүрек пен сезім қажет. М.Әуезов шығармашылығын зерттеуші жазушы-ғалым Т.Жұртбайдың сөзімен айтсақ: «Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолының өзі қазақ мәдениетінің рухани тарихындағы құбылыс. Ол сан-салалы және жинақтай зерттеуді қажет етеді», - деп ескертеді.

Жазушының шығармашылығына арналған зерттеулер негізінен жекелеген ғылыми тақырып пен жанрлық, теориялық, танымдық тұрғыда дара-дара қарастырылды. Алайда М.Әуезов шығармашылығын мектепте тұтас оқыту, жасөспірімдерге таныту, рухани жан дүниесіне бойлату мәселесі әйгілі ұстаз әдіскер Қ.Бітібаеваның еңбектеріне дейін арнайы жазылмаған. Тек М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқытудың жолдары мен талдаудың түрлері белгілі әдіскер-ғалым Т.Ақшолақовтың, Қ.Тасболатұлының еңбектерінде ғана кездесетін. Осы тұрғыдан алғанда, Қ.Бітібаеваның еңбектері әдіскер ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері, мектеп мұғалімдері үшін ғылыми әрі әдістемелік жағынан сонылығымен, құндылықтарымен ерекшеленетін аса қажетті еңбектің қатарынан саналады.

Адамзаттың ақыл-ойының ғұлама жазушысы Әуезов шығармашылығын қалай оқыту керек, оны жастардың бойына қалай сіңіру керек, осы мәселе әрбір әдебиетші ұстазды ойландырып келгені рас. Себебі, М.Әуезов шығармашылығын оқыту дегеніміз - үлкен мұхитқа сапар шеккенмен тең деген сөз. Қай кезеңде, қай туындысын алсақ та, Әуезов туындыларының тақырыбы мәңгілік мәселені қозғайды. Қазақ халқының өткен тарихын баяндап, толғағы жеткен мәселелерді көтеріп, ел тұрмысының шынайы болмысын көрсетіп, адамдар тағдырының шындығын суреттейді. Осыған байланысты М.Әуезов шығармашылығын оқытуды алға тартқан Қ.Бітібаева өз сөзінде былай дейді: «Ұстаздар қауымы Әуезов тағлымын оқу мен тәрбие беруде тиімді пайдалануы, қажетке айналдырудың көзін тауып, қонымды жолын ізденуі керек. М.Әуезов шығармашылығын оқытудың тиімді жолдарын іздеу бүгінгі оқыту үрдісінің талап деңгейінен туындайды», - дейді

Мектепте М.Әуезов шығармашылығын оқытуды тұтастай қарастырып, іргелі еңбек жазған Қ.Бітібаева «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары» атты оқу құралында: «... әдебиет пәні жас жеткіншектерге жай ғана білім беріп қоймайды, ол өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын – адам бойындағы асқақ арман, берік сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. ...Бұл пән жас қауымды мақсатты өмір сүруге үндейді, оны туған анасын сүюден Отанын сүюге, бүкіл адамзатты сүюге дейін жетелейді. Әдебиет пәнінің алдында тұрған осындай қасиетті мақсат ең алдымен сабақ процесінде, оның әр тақырыбында жүзеге асырылуға тиіс. Сондықтан әр сабақты, яғни әр сабаққа бөлінген 45 минутты тиімді етіп ұйымдастыра білу ісі мұғалімнен ерекше творчестволық жұмысты, ойлы да зерделі еңбекті талап етеді», - дейді

Осы аталмыш еңбекте ұстаз 11-сыныпта жазушының өмірбаянынан бастап, әңгімелері, драмалық туындылары, «Абай жолы» эпопеясын оқытудың инновациялық технологиясын тұтас қарастырады. Сабақ типтері мен түрлері, проблемалық, ұжымдық, дамыта оқыту, даралап, саралап оқыту технологиясына сүйене отырып, ұлы жазушы шығармашылығын оқытудың өзекті мәселесін көтереді. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Мысалы, М.Әуезов өмірін өтудегі сыр – толғау, ой – толғау, жыр – толғаулар, Абай, М.Әуезов атына жазылған өсиет-хаттар, сөзбен жазылған ескерткіштер, сауалнамалар, хабарламалар, т.б. Сөз жоқ, бұл шығармашылық жұмыстар бүгінгі технология талаптарының мақсатынан шыға білген. Яғни білімді тұлғаға қарай бағыттай беру, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру мәселелері еңбекте қамтылған. Ал ұстаз М.Әуезов әңгімелерін «Қорғансыздар проблемасы» деп проблемалы талдауға негізделген ізденіс сабағы ретінде өтеді.

Абай бейнесін мына проблемалар арқылы түсіндіреді:

Абай – гуманист

Абай – философ, терең ойшыл

Абай – ақын, өнер шашушы

Абай – күрескер ...

«Абай жолы» эпопеясын образдар жүйесіне қарай сұрыптап оқытуда әдіскер ұстаз бүкіл шығармадағы кейіпкерлерді топтарға бөліп жинақтап талдаудың үлгісін береді. Оқытудың тиімді жағы ретінде жұптық жұмысты ұсынады. «Абай жолы» роман-эпопеясын зерттей қарастырғанымызда, 627 ірілі-ұсақты кейіпкерлерге ұшырасамыз. Осыншама кейіпкердің барлығына жеке-жеке тоқталып, талдау жасау мүмкін емес. Ал Қ.Бітібаеваның еңбегіне назар аударсақ, осынша кейіпкерлерді топтастырып, әр топтауына жеке ат қояды. Мысалы, эпопеядағы әйелдер бейнесінің өзін бірнеше топтарға бөледі. «Қарашығым, қоңыр қозым, Абай жаным» - аналар бейнесі; «Көзімнің қарасы» - Әйгерім, Тоғжан, яғни Абай ғашықтары; «Күндестің аты күндес» - Күңке, Айғыз, Мәнікелер; «Ер мінезді еркелер» - Салтанат, Нұрғаным, Еркежандар; «Сенсіз маған өмір жоқ» - Мәкен, Мағрипалар деп әйелдер галереясын топтап ыңғайлы етіп береді. Бұндай классификацияны «Абай жолы» роман-эпопеясын зерттеген бірде-бір еңбектерден кездестірмейтініміз рас. Романды оқытқан кезде, образдар жүйесін талдағанда бұл әдісті студенттер үшін де пайдаланамыз. Себебі, Қ.Бітібаеваның классификациясы романдағы образдарға талдау жасау барысында жүйелілігімен әрі нақтылығымен дараланады. Осы жағынан алғанда, бұл әдістің ғылыми маңызы зор.

Эпопеяны оқытудағы Қ.Бітібаеваның ең сәтті де қонымды әдісі - проблемалық оқыту. Мұғалімнің проблемалық сұрақ қоюы арқылы оқушыларға ой салу және ойлану тәсілі әр оқытушыға үлгі болары анық. Әр жасөспірімнің өзіндік көзқарасының нығаюы мен жеке тұлға қалыптастыруда өзіндік пікірінің жетілуіне көп көмегін тигізері сөзсіз. Автор «Абай жолы» эпопеясын оқытудың тиімді жолдарына мәтінмен жұмыс, диалогтық әңгіме, әдеби пікірталас сияқты әдістерді алады. Жазушы шеберлігіне, оның көркем тіліне, тақырып пен идеяға, сюжет пен композицияға, портреттер мен характерлерге әдеби-теориялық тұрғыдан талдау жасатады. Әдіскер ұстаз оқушыларға мәтіннің мазмұнын ғана білдіріп қоймай, әдеби-теориялық ұғымдардан жан-жақты білім алуын көздейді.

М.Әуезовтің әңгімелерін, драмалық шығармаларын 5 – 8 сыныптарда оқытудың тиімді жолдары ұстаз еңбегіндегі негізгі тақырып болып табылады. 20-шы жылдары қазақ прозасын әлемдік деңгейге көтерген Әуезов әңгімелері туралы айтқан ұстаз ойлары ғылыми пайымдылықпен, пәлсапалық тұжырымдылықпен байқалады. Автор оқу құралында Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің өзіндік ерекшелігі мен жазушы шеберлігінің қырларына талдау жасайды да, әңгімелерін оқытудың әдістемелік үлгісін береді. 5-сыныпта «Жетім» әңгімесін, 6-сыныпта «Қыр суреттері», 7-сыныпта «Қорғансыздың күні», 8-сыныпта «Еңлік-Кебек» трагедиясын оқыту барысында оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керектігін ескертеді. Оқушылардың зейіні, есте ұстау, қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалімнің мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғанын тиімді деп табады. Мәтінге жуық мазмұндауды, одан кейін ұжымдық жұмыс әдісін ұсынады. Әр әңгімедегі кейіпкер мен мен табиғат арасындағы байланыстарды, қаһарман психологизмін басты нысанаға ала отырып, оқушыларға түсіндірмелі оқу, әрі әңгімелеу тәсілдерімен мұғалімнің жеткізуін қалайды. Шығарма талдауда жазушының стилі, көркем тәсілі мен мұғалімнің әдіс-тәсілі қатар беріліп отырады. Мұғалімнің проблемалық сипаттағы сұрақтары оқушылардың әңгімені терең түсініп, үңіле қарап талдауына әкеп соқтырады. Кесте арқылы қорытынды түсінігі, талдауды жинақтауы, пысықтауы Әуезов әңгімелерін оқытуда өте тиімді жолдардың бірінен саналады.

Сонымен, қорыта келгенде, әйгілі ұстаз өзінің көп жылғы тәжірибесінде «Абай жолы» эпопеясын оқытудың қия-қалтарыстарын түгел зерделейді. Соның ішінде М.Әуезов шығармашылығын оқытуда оқулық пен оқу бағдарламасында кездесетін кемшіліктерге білгірлікпен сын айтады. Әуезовтің ұлылығын таныту мақсатында автор ғұлама жазушының публицистикалық шығармаларын, прозалық шығармаларын, «Абай жолы» роман-эпопеясын, драматургиясын, ғылыми еңбектерін тұтастай оқыту керектігін баса айтады. Осыған қоса, жазушы шығармашылығын оқытудың алдына бірнеше мәселелер де қояды. Бұл жағынан алғанда, Қ.Бітібаеваның М.Әуезов туындыларын мектепте оқыту мәселесі терең зерттеуге бағытталған еңбек болса, екіншіден теориялық білімді ұштаудың әдістемелік негізгі көзі болып табылмақ.

Ұстаздың әдебиетті оқыту пәлсапасы ой, ойлау, ойланту мәселелерінен тұрады. Әр сабақта оқушыға ой салу, ойланту ұстаздың әдістемесінің биік жемісі. Ол әдебиетті - ғылым, өнер пәні ретінде қарастырады. Байырғы әдістемемен оқытылып келе жатқан әдебиет пәніне жаңа бетбұрыс әкеліп, инновациялық технологиямен оқыту мәселесін қазіргі педагогика ғылымының күн тәртібіне қойды. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін мүлде тың арнаға бұрды деуге болады.