- •1.1 Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері
- •Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері
- •2.1 Отбасы – әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
- •2.2 Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесі
- •2.3 Қиын балалары бар отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
- •3.1 Жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттары
- •3.2 Отбасындағы бала тәрбиесін нығайту шаралары
3.1 Жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттары
Осы заманғы әлеуметтік саясат басты назарда адамдардың сұранысы мен қажеттіліктері және жұмыс орындарын жасақтау. Осыдан екі жыл бұрын біз дәйекті әлеуметтік жаңаруға қарай бетбұрдық . Көп нәрселерге қол жеткіздік.
Біз үшін ең бастысы – маңызды әрі көкейкесті өмірлік қағидаттарды іске асыру үшін қазақстандық жас отбасыларға:
отбасын әлеуметтік қамсыздандыру;
қол жетерлік тұрғын иелену;
денсаулықты нығайту;
мемлекеттік жәрдемақылармен қамссыздандыру.
Өзіміздің алдыңғы тәжирбиемізден және әлемнің басқа елдерінің тәжирбиесінен біз екі маңызды қорытынды шығара аламыз.
Бірінші: Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау ол нысаналы әрі атаулы сипат алған жағдайда ғана нәтижиелі болады. Мемлекет қоғамның осындай көмекке шынында зәру жас отбасыларын қолдауға міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр, олар, ең алдымен: балалар, көп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер.
Екінші: Ең пәрменді әлеуметтік саясат өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып келді, әрі солай болып қала береді. Біз, ең алдымен, қандайда бір себептермен жұмысынан айырылып қалған адамдардың еңбекке оралуына нақты мүмкіндіктер туғызуымыз, олардың жаңа мамандық алуына жағдай жасауымыз керек. Сонымен қатар жастар ортасында жұмысшы мамандықтарының, әсіресі өнеркәсіптегі мамандықтың беделін асырып, кеңінен насихаттауды қайтадан қолға алуымыз қажет.
Жас отбасылардың мемелекет тарапынан қолдауы: Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау аймақтық және салааралық бағдарламалармен айналысатын жерлердегі меморгандары арқылы жүзеге асады. Қолдаудың шаралары жас отбасылардың әлеуметтік мұқтаждықтарына сараптама жасау негізінде белгіленеді. Қазіргі кезде жас отбасыларының қолдауын қамтамасыз етуде, сонымен қатар жастардың арасында некелерін сақтау үшін қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында мемлекет тарапынан келесі іс-шараларды өткізу жоспарлануда:
Экономика Жас отбасыларына жеңілдік несиелерін беру;
Студент не оқушы болып табылатын ата-аналарға оқу орны әкімшілігінің келісімі бойынша жаттықпа сабақтарына еркін қатысуға, бала бір жарым жасқа толу мерзіміне дейін академиялық демалыс алуына құқық беру;
Отбасы өмірінің мәселелері бойынша, жас отбасылардың психологиялық, педагогикалық және құқықытық мәселелері бойынша тегін кеңес беру көмегінің тәжірибесі;
Жас отбасылардың мәселелерімен айналысатын және оларға әлеуметтік қызмет және қолдау көрсететін коммерциялық емес ұйымдар жүйесін жетілдіру (НПО);
Жастар мен балалардың сауығу мен ұйымдастырылған жазғы демалыс жүйесін дамыту және сақтау;
Әл – ауқаты төмен жас студенттік отбасыларына оқу орындарына қатысты жатақханалардан баспана беру;
Мектепке дейінгі ұйымдарды дамыту. [17]
Экономиканың шынайы секторының динамикалық дамуы құт-берекені шынайы көтеріп , жеткілікті деңгейімен төлем ақысын қамтамассыз ету, зейнетақы көлемі және әлеуметтік жәрдемақы, шаруамен қамтамассыз ету, кедейліктің және қылмыстардың көлемін қысқарту. 2008 жылғы 1 сәуірінде Риддер қаласы бойынша халықтық экономикалық белсенді жағдай 32833 мың адамды құрайды, немесе өңірде жалпы халық саны 55 пайыз. Жалпы бос емес халықтың саны 30834 мың адамды немесе жалпы турғындар санынан 51,6 пайызды құрайды. 2008 жылдың 1 сәуірінде Риддер қаласының қызметпен қамтамассыз ету және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің есебі бойынша 253 жұмыссыздық тіркелген. Жыл басынан 1899 адам жұмысқа орналасқан, жаңадан 920 жұмыс орыны құрылған, 438 жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық жұмыс ұйымдастырылған. Қала бойынша жұмысқа орналасудың деңгейі -83 пайызды құрды. 2008 жылы 1 қаңтар айында Риддер қаласы бойынша кедейшілік саны 346 отбасын / 1540 адамды құрайды. 2007 жылдың басында кедейшілік саны 100 отбасы / 542 адамға азайды немесе 35 пайызға төмендеді. 2008 жылдың желтоқсанында кедейшілік ерекшелігі 3728 теңгені құрады, ең аз 37,8 пайызды құрады (2008 жылдың 1 сәуірде - 9850 теңге) . 2007 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында бюджет қорларынан төленілгені:
мекен жай әлеуметтік көмек – 5478 мың теңге 371 адам алатындар;
тұрғын жәрдем ақысы – 4914,0 мың теңге 628 адам алатындар;
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдем ақысы – 2290,0 мың теңге 337 адам алатындар.
Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағарламасының аясында салынып жатқан бұл пәтерлерді тарату үшін қалалық әкімшіліктен комиссия құрылды. Алғашқы 50 отбасы тізімге алынып, жаңа пәтердің иегері болып отыр, дейді баспасөз қызметі. Жылдың аяғында облыстың орталығында 215 отбасына 4 жаңа ипотекалық тұрғын үй салу жоспарлауда. Алғашқы тізімдегілерден 347 отбасы жаңа зәулім үйлерге қоныстанды, бірақ 50 отбасының біреуіне де пәтер кілті тимеді дейді баспасөз қызметі. Комиссия мүшелерінің жиынында үлестіріп берудің жаңа жүйесі құрылды, ол пәтер алуға арыз берушілердің саны мен халықтың түрлі бөліктерінің санына шаққандағын проценттік арақатынасына негізделеді, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Петропавловск әкімі Владимир Никандров пәтер үлестіріп берудің бұл жаңа жүйесіне дұрыс деп бағалады. Бұл жаңа жүйемен жаңа пәтерге 8 жас отбасы, 12 әлеуметтік сала қызметкерлері , 30 мемлекеттік қызметкер отбасылары ие болады, деп хабарлайды әкімшіліктің баспасөз қызметі. Қазақстанның Тараз қаласындағы жаңа “Астана” ықшамауданына алғашқы қоныс иелері көшіп келді. Қазірдің өзінде бес тұрғын үй пайдалануға берілген. Тұрғын үй кешені мемлекеттік бағдарлама аясында салынуда. 150 жас отау иелері ипотекалық несие алып, баспанаға қол жеткізген. Тұрғын үйдің бір шаршы метрі – 350 доллар тұрады. Батыр мен Әйгерім Срайыловтар бұдан сегіз жыл бұрын шаңырақ құрған. Олар осы уақыт ішінде ата-аналарымен бірге тұрып келді. Жас отбасы өткен жылы әлеуметтік тұрғын үй алуға қаражатымыз болмады дейді. Жақында отау иесінің жалақысы көбейіп, ол жұмыс істейтін компания, пәтер алуға банкке салатын алғашқы жарнаны қайтарымсыз төлеп берді. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының ипотекасы біз үшін өте тиімді. Менің отбасыма 90 шаршы метрді құрайтын үш бөлмелі пәтер де жеткілікті. Жас шаңырақ иелері ай сайын банкке 130 доллар төлеп отырады. Ипотекалық несие жиырма жылға берілген. Батырдың сөзіне қарағанда несиені мерзімінен бұрын өтеуге болады, өйткені қалада тұрмыс деңгейі жақсарып келеді. Жаңа қонысқа балалар да мәз-мейрам. Жеті жастағы Қайрат биыл бірінші сыныпқа барады. Әзірге оған мектепке алысқа қатынауға тура келеді. Бірақ құрылысшылар келесі жылы осы ауданнан жаңа мектеп саламыз деп уәде беріп отыр. 2007-ші жылы “Астана” жаңа ықшамауданында 25 тұрғын үй салынады. Қаладағы тұрғындардың әлеуметтік бөлігін қолдай жақсы жолға қойылған. Осы мақстатқа бөлінген бюджет қаржысы да жыл сайын өсіп келеді. Биылғы жылы қалада осындай әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға 2,7 млд. теңге қарастырылған. Алматы әкімшілігінің іс – қимыл жоспарына, 2005 -2007 жылдарға раналған Алматы қаласы тұрғындарын жұмыспен қамту және 2006 – 2008 жылдарға бағытталған мүгедектерді қорғау бағлһдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Оған 6 аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Алматы және Әуезов аудандарындағы екі мүгедектерді сауықтыру және бейімдеу орталықтары, Ардагерлер үйі, Ақыл – ойы кем балаларға арналған мүгедектер мен жүйке ауруына ұшырағандарға арналған интернат үйлері, Тұрақты мекен жай жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталықтары, « Ардагер », пансионаты және әлеуметтік тұрғын үй қатысады.
Әсіресе, әлеуметтік қорғау мәселесінде атаулы әлеуметтік көмектің алатын орны рөлі қомақты. Ол кедейлік сызығынан төмен табыстарға өмір сүретін азаматтарға берілетін жәрдемақы түрі. Осы орайда әлеуметтік көмек 2008 жылы 2062 отбасыға ( 6559 ) адамға беріліп, оған 129,4 млн теңге жұмсалған. Бұл ретте отбасының бір мүшесіне берілген қосымша жәрдем 1794 теңгені құрады. Ал биыл әлеуметтік көмекті көрсетуге 148 млн. теңге қарастырылып отыр. Атап өтерлігі, аз қамтылған отбасылардың мәліметтер базасын және әлеуметтік крталарды жасау – жағдайды талдауды біршама күшейткен. Сол сияқты аз қамтылған отбасыларындағы 18 жасқа толмаған балаларға ранап бір реттік жәрдемақы енгізіліп, жыл бойында мұндай көмекті 5 мыңнан астам бала алған. Ал биыл жәрдемақыны төлеуге қалалық бюджеттен 35,0 млн. астам теңге қарастырылды. Мұнда да балалар көмегін алушылардың мәліметтер базасы жасалып, бұл балаларды үйде тәрбиелеуге және аз қамтылған отбасылар санын азайтуға мүмкіндік берген. [18]
Үкімет талдау жасап, тұрғын үй – коммуналдық саласы бағдарламасының: құрылыс индустриясын дамыту, қол жетерлік жалға берілетін тұрғын үй кешендерін салу, жер учаскелерін бөлу, ресімдерінің ашықтығын қамтамассыз ету, жеке тұрғын құрылыс үйінің дамуын ынталандыру сияқты бағыттарын іске асыруды мүмкіндігінші жеделдетуге тиіс. Халықаралық сапа стандарттарына көшу жолымен құрылыстың және құрылыс нысандарына қызмет көрсетудің сапасыне арттыру мәселесі шешімін таппай келеді.
Үкіметтің және тиісті министрліктердің алдында елімізде жылжымайтын мүліктің нақты, бәсекеге қабілетті әрі ашық нарығын құру жөнінде маңызды міндет тұр. Бұл нарық халықтың тұрғын үй алуына неғұрлым қолайлы жағдайлар туғызылуын, сатып алушыға мәміленің шарттары мен бағасы туралы толық ақпарат берілуі, қаржы ұйымдарына тиімді кредит құралдарын дамыту мүмкіндігін қамтамассыз етуге тиіс. Жылжымайтын мүлікпен сауда – саттық жасасу саласында әкімшілік және заңнамалық талаптардың қарапайым әрі түсінікті болғаны жөн. Сондай – ақ жер учаскелерін ресімдеу жөніндегі шаруаны оңайлату, сондай – ақ оларды беру тәртібінің ашықтығы туралы мәселені де шешкен дұрыс. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қолдану, сондай – ақ жылжымайтын мүлікті бағалаудың тиімді әдіснемесін әзірлеу қажет. Кең ауқымды тұрғын құрылысын жүргізу үшін қосымша көтермелеу көздерін жасау мүмкіндіктерін де бағалау керек. Үкімет жылжымайтын мүліктің халықаралық нарығындағы үрдістерді саралап, озық халықаралық тәжірбиенің негізәінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын одан әрі жүргізуді қаржыландыру мен жеке меншік тұрғын үй салуды ынталандырудың ұтымды құралдырын жасауға тиіс. Ипотекалық кредиттеунге қатысты қызмет көрсететін сақтандыру компанияларын ынталандырудың заңнамалық негізін жасақтауда қажет. [19]
